Елорда тұрғындары аз қамтылған отбасыларға көмек беруде

Астана жаңалықтары: Елорда тұрғындары аз қамтылған отбасыларға көмек беруде

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Сарыарқа» ауданының әкімдігі «Рахмет – Спасибо» қайырымдылық дүкенімен бірлесіп қайырымдылық акциясын жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Акция аясында қаланың ОӘД, «Рахмет» СОО, «Астықжан» СО сияқты ірі сауда орталықтарында киімдерді қабылдайтын арнайы бокстар орнатылды.

Көмекке мұқтаж отбасыларға демеу болуды қалаған кез келген адам киімдерді, аяқ киімдерді, пайдалы да қызықты кітаптарды, түрлі аксесуарларды осы бокстарға сала алады. Жиналған киімдер мен заттар белгілі бір уақыт ішінде қаладағы тұрмысы төмен отбасыларға таратылатын болады.

«Қоғамның әлеуметтік проблемаларына бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз», — деп жазылған таратылған хабарламада.

Атап өту керек, жеке тұтыну заттарын, ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы, ойыншықтарды, азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмектерді бокстарға салу тыйым салынады.
Әрі қарай

«Хоккей Жұлдыздары 2018 Аптасына» билеттер сатыла бастады

Астана жаңалықтары: «Хоккей Жұлдыздары 2018 Аптасына» билеттер сатыла бастады

Бүгіннен бастап 23 қарашаға дейін көптен күткен билеттерін алғаш сатып алу үшін Mastercard картасының иелері үшін Аптаның барлық іс-шараларына билеттерді арнайы алдын ала сатып алу ашылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

24 қарашадан бастап www.allstarweek.com және www.kassir.com сайттарда барлық қалаушылар үшін билеттерді онлайн-сату, ал 1 желтоқсаннан бастап – «Барыс-Арена» кассаларында билеттерді сату басталады.

«Хоккей Жұлдыздары Аптасы аясындағы барлық оқиғалар туралы нақты ақпараттармен және билеттерді сатып алудың толық талаптармен іс-шаралар сайтында танысуға болады. Жуық арада ЖХЛ және КХЛ жұлдызды матчтарына қатысуға кандидаттарды таңдау бойынша жанкүйерлер дауыс беруінің басталуы туралы хабарланатын болады», делінген хабарламада.
Әрі қарай

Азаматтық секторға «Атамекен» бағдарламасы таныстырылды

Астана жаңалықтары: Азаматтық секторға «Атамекен» бағдарламасы таныстырылды

Астанада «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар жұмылдырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы мен Астана қаласының ішкі саясат басқармасымен бірлесе үкіметтік емес ұйымдарға арнап «Рухани жаңғыру» аясындағы «Атамекен» шағын бағдарламасының таныстырылымын өткізді.

«Атамекен» шағын бағдарламасын жүзеге асыру үшін үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғамның басқа да институттарының әлеуетін тарту жоспарланып отыр. Шағын бағдарлама негізгі екі бағыт бойынша жұмыс істейтін болады. Біріншісі — әлеуметтік бастамалар картасы, ал екіншісі жомарт жүрек деп аталады», — делінген ұйымдастырушылар таратқан хабарламада.
Әрі қарай

Өткен аптада қалалық 109 қызметіне 5 мыңға жуық өтінім түсті

Астана жаңалықтары: Өткен аптада қалалық 109 қызметіне 5 мыңға жуық өтінім түсті

Өткен аптада астаналықтардың 109 кезекші қызметіне түскен өтінімінен кейін қалада 82 жоспарлы және апаттық жұмыстар жүргізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қала тұрғындары аула ішіндегі тазалық пен санитарлық ахуалға қатысты шағым көп түсті. Қарашаның 6 мен 13 аралығында 109 қызметіне 4871 өтінім түсті. Бұл туралы қалалық әкімдікте өткен аппарат жиналысында белгілі болды.

Азаматтардан түскен шағым негізінде елордалық ұйымдармен 82 жоспарлы және апатты жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Астана Теплотранзит» АҚ –мен жылу трассасын жөндеу, бітеуіш орнату мен шарлы кранды алмастыру бойынша 4 жөндеу, «Астана су арнасы» тарапынан су құбырларын алмастыру бойынша 10 жөндеу жұмысы жүргізілді. «Астана РЭК» мекемесімен 59, «Астанателеком» қызметкерлерімен 7, «Астана қалалық жарық» — 1және «Астаналық дистанциялық электрмен қамтамасыз ету» мекемесімен 1 жөндеу жұмысы жүргізілді.

Айта кетейік, елордалық 109 қызметі «Астана Innovations» компаниясымен әзірленген «Смарт Астана» мобильді қосымшасы арқылы қолжетімді. Әрбір тұрғын аталған қосымшаны смартфонға жүктеп, кез келген сұрағын қоя алады. 6-12 қараша аралығында қосымшаға 20 өтінім түсті.

Бұған қоса 109 қызметінің «Фейсбук», «Твиттер» және «Инстаграм» әлеуметтік желілерінде ресми парақшасы және электронды адресі бар. Ресми мәліметке сәйкес өткен аптада әлеуметтік желілер арқылы 2 өтініш пен 5 мессенджер түсті. Сондай-ақ 164 өтінім бірыңғай электронды жүйеге(қала әкіміне жүгіну) түсті.

Осылайша өткен аптада 109 кезекші қызметіне азаматтардан 4871 өтінім түсті.

Ескертейік, тұрғындар 109 қызметіне әлеуметтік желілер арқылы жүгінгенде нақты мекен-жайы мен өтініш берушінің мәліметтері және байланыс телефонын міндетті түрде көрсету керек.
Әрі қарай

Астана агломерациясын дамыту жөніндегі бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қойылды

Астана жаңалықтары: Астана агломерациясын дамыту жөніндегі бірлескен қызмет туралы меморандумға қол қойылды

Қол қойылған құжат Астана қаласын және жақын аумақтарды дамытуға арналған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Жобаны іске асырудың алғашқы кезеңінде қолданыстағы заңды жетілдіруге байланысты мәселелер шешіледі. Осыған байланысты Астана қаласы мен Ақмола облысы әкімдіктерінің арасында Астана агломерациясын дамыту жөніндегі бірлескен қызмет туралы меморандум бекітілді.

«Астана қаласы агломерациясына өзінің аумағынан басқа Ақмола облысына қарасты 123 ауылдық елді-мекен енген, олардың жалпы аумағы 21 770 км квадрат және осы жоба миллионнан астам адамның өмірінде өте маңызды тетік атқарады. Біз Астана тұрғындарын да және жақын маңдағы аудан тұрғындарын да алаңдатып отырған мәселелерді шешуде іс-әрекетті үйлестіруіміз керек. Бұл аумақтық жоспарлау, жер, көлік қатынасына байланысты т.б. сұрақтар. Сол себепті, қала және облыстың жауапты қызметтері жол картасын әзірлеуі керек, оған барлық сұрақтарды саралап, топтастырып, оған жауапты мекемелерді белгілеп, нақты мерзімін анықтап іске асыруға кірісуіміз керек», — деп атап өтті меморандумға қол қою барысында Астана әкімі Әсет Исекешев.

«Бүгінгі меморандумның Астана қаласы мен Ақмола облысының тұрғындарына қажет екенінде күмән жоқ. Ең бастысы біз екі аймақ арасында туындап отырған мәселелерді құқықтық база аясында шешуге және болашақта осы проблемалар қайта туындамау үшін әрекет етудеміз», — деді Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин.

Сондай-ақ, меморандум индустриалды аймақтарды дамытуды, жобалау бойынша ұсыныстар құруды және іске асыруға мүмкіндік береді. Ол өз кезегінде Ақмола облысының территориясына жататын бірақ Астана қаласына жақын орналасқан (Шортанды, Жайнақ, Аршалы) аудандардың дамуына серпін беруі тиіс және де осы аудандарда көптеп жұмыс орындарын, әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымдар ашу. Аудандар бәсекеге қабілетті және тұрғындардың өмір сүру сапасы жоғары көпфункционалды аумақ құруға бағытталған, өмір сүру үшін тартымды және көші-қон ағындарын Астанадан өздеріне тартатын болады. Сөйтіп аудандар Астана маңайында ауылдардың ретсіз етек жаюына тосқауыл болуы тиіс. Сонымен қатар, екі жақ Астана маңындағы ауылдарды дамытуда инфраструктураны, қоғамдық көлік қатынасын және т.б. сұрақтарды шешуде нақты жоспар құруға келісті.
Әрі қарай

Елордада апатты жағдайдағы үйлерден 1863 отбасы көшіріледі

Астана жаңалықтары: Елордада апатты жағдайдағы үйлерден 1863 отбасы көшіріледі

Апатты үйлерді күреу бойынша қанатқақты жоба «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ағымдағы жылға елордада 111 апатты жағдайдағы үйлерде тұратын 1863 отбасыны жаңа баспанаға көшіру жоспарланған, деді медиа орталықтың тілшісіне Тұрғын үй басқармасының басшысы Руслан Ахметов.

Қазіргі таңда 98 төтенше жағдайдағы үйде тұрып жатқан 1425 отбасы көшіріліп жатыр.

«Елорада апатты үйлерді күреу бойынша қанатқақты жоба «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Аталған жоба зор әлеуметтік маңызға ие және тұрғындардың тұрғынжайын жақсартуға бағытталған», — деді Р.Ахметов.

Бағдарламаның бірінші кезеңінде кешенді тексеру нәтижесінде қаладағы 228 нысан апатты болып танылды. Осы жылдың басында 117 апатты үй күрелді. Қазіргі күні98 үйде тұратын шамамен 1,5 мың отбасыны көшіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Ал қалған тозығы жеткен 13 үйдің тұрғындары нысандардың тапсырылуына қарай жыл соңына дейін көшіріледі.

Қанатқақты жобаның шартына сәйкес Астана әкімдігі апатты үйлерді күреп, оның орнына баспананың ауданына сәйкес жаңа тұрғынжай береді. Көшіру кезінде пәтердің ауданымен бірдей баспана ұсынылады.

«Бұл жағдайда апатты үйлердің тұрғындары жаңа баспанаға көшіру кезінде отбасы мүшелерінің саны мен төтеншежағдайдағы үйдегі бөлме саны есепке алынбайтынын ескеруі керек», — деді Р.Ахметов.

Күреуге инжинерлік желілері мен құрылыс конструкторлары тозған, негізінен 1940-1980 жылдар аралығында салынған үйлер жатады.

Елорданың бас жоспары мен Астана әкімі Әсет Исекешевтің тапсырмасына сәйкес күрелген үйлердің орнына саябақ, гүлзар мен бульварлар құрылысын жүргізу көзделіп отыр.

2013-2016 жылдар аралығында 117 апатты үй күреліп, 1570 отбасы жаңа әрі жайлы баспанаға көшірілді.
Әрі қарай

Астанада 12 жаңа лифт пайдалануға берілді

Астана жаңалықтары: Астанада 12 жаңа лифт пайдалануға берілді

Елордада көтергіштерді жаппай ауыстыру жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Жаңа лифтер төмендегі мекен-жайлар бойынша орналасқан тұрғын үйлерде пайда болды: Дүкенұлы көшесі 38 («Шаңырақ» ТК, 8 лифт), Б. Момышұлы көшесі 16 (4 лифт). Ал мына мекен-жайлар бойынша орналасқан көпқабатты үйлерде лифтерді орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр: Сарыарқа көшесі 41 («Махаббат 1» ТК, «Махаббат 2» ТК, 10 лифт), Кеңесары көшесі 65 («Эдем Палас» ТК, 1 лифт). Жұмыстар қараша айының соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Бұл 10, көп дегенде 15 жыл бұрын тұрғызылған үйлер.

Мердігерлердің проблемаларын, көптеген шағымдарды, тұрғындарға төнген қауіпті, көтергіштердің апаттық жағдайын ескере отырып, Астана әкімдігі лифтерді ауыстыру ісіне қолдау көрсетті.

Сондай-ақ, елордада өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша да лифтерді ауыстыру жұмыстары жалғасуда. Елордадағы барлық тұрғын үй кешендерінің тұрғындары өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша көмекақы ала алады.

Құжаттарды «Өркен қала» бағдарламасының операторы болып табылатын компанияға жолдау қажет. Бұдан кейін келісім жасалып, мердігер таңдалады. Үрдіс толығымен тұрғындардың бақылауында жүзеге асады. Көмек қарыз 15 жылға алынса, орташа есеппен әр пәтер (ауданына байланысты) 2 мың теңгеден төлейді.

Жыл соңына дейін аталмыш бағдарлама бойынша Астанада 63 лифт ауыстырылатын болады.
Әрі қарай

6 мың бала елордалық аквапаркке тегін барып қайтады

Астана жаңалықтары: 6 мың бала елордалық аквапаркке тегін барып қайтады

Астанада аз қамтылған отбасыларда тәрбиеленіп жатқан 1500 бала жабулы аквапаркте болып қайтты деп мәлімдеді білім басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин аппараттық кеңес барысында. Бұл туралы елорда әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.

Астана қаласы әкімдігі мен «Ailand» отбасылық демалыс орталығы арасындағы келісімге сәйкес аквапаркке барлығы 6 мың бала тегін барып қайтады.

Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы да 4,5 мың бала аквапаркте болып қайтады. Бұл – оқу озаттары, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар.

Естеріңізге салайық, балалар мен ересектерге арналған жасанды су қоймасы ағымдағы жылдың жазында пайдалануға берілген болатын. Ғимараттың жалпы ауданы 8,5 мың шаршы метрді құрайды.

Ойын-сауық кешенінде аттракциондар, шешінетін бөлмелер, моншалар, демалыс және тамақтану орындары бар.
Әрі қарай

«Көктал» тұрғын массивіне жаңа автобус қатынайтын болады

Астана жаңалықтары: «Көктал» тұрғын массивіне жаңа автобус қатынайтын болады

16 қарашадан бастап № 71 автобус бағдарының қозғалыс сызбасы өзгереді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Көктал-2» ТА – «METRO» гипермаркеті бағыты бойынша жүретін № 71 бағдарында жаңа ыңғайлы «Iveco» маркалы автобустар қызмет көрсететін болады.

Сондай-ақ, № 71 бағдары үлкен көлемді автобустармен қызмет көрсетілуіне байланысты, бағдардың жүру сызбасы өзгереді.

«Көктал-2» ТА бастапқы нүктесінен Жұмабаев пен Обаған көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз, ары қарай Жұмабаев көшесімен тура — солға Балқантау көшесіне, одан ары ағымдағы сызбаға сәйкес.

Кері бағытта ағымдағы ұқсас қозғалыс үлгісі бойынша.

Сондай-ақ, 16 қарашадан бастап «Достык» ОДО – стела «Звезда Астаны» бағытындағы № 18 бағдары бойынша автобустар саны 16-дан 20-ға көбейеді, қатынау жиілігі 11 минуттан 9 минутқа дейін қысқарады.
Әрі қарай

Астанада қылмыстар мен жол көлік оқиғаларының саны 35%-ға азайды



Мұндай оң көрсеткіштерге қол жеткізуге «Сергек» фото және бейне тіркеу жүйесін енгізудің (Қазақстанда алғаш рет) нәтижесінде мүмкін болды. Астана ең қауіпсіз қалалардың біріне айналады. Енді зиянкестер қылмыс жасаудың алдында тәуекелге бара алмаса, даңғойлар жолда жүру ережелерін бұзбауға тырысатын болады.

Елорда әкімдігінің медиа орталығы сіздің назарыңызға «Сергек» жүйесінің жұмысы жайлы деректі фильмді ұсынады.
Әрі қарай