"Малай әйелдің әңгімесі" сериалын көруге 5 себеп

«Малай әйелдің әңгімесі», немесе «The Handmaid’s Tale» — канадалық жазушы Маргарет Этвудтың аттас романына негізделген америкалық сериал. Премьерасы 2017 жылы болды, ал қазір екінші маусымы көрсетіліп жатыр.

Теледрама көрермендер мен сыншылардың жүрегін бірден жаулап алды. Алғашқы маусымы талай беделді сыйлықтарға ие болды, соның ішінде екі «Алтын глобус» пен төрт «Эмми» бар.

Сериалды көрерменге ұсынушы Hulu сервисі оны үшінші маусымға ұзартты.

Сюжеті болашақта, қазіргі АҚШ аумағында құрылған Галаад деген тоталитар мемлекетте өрбиді. Елде діни теократия негізінде басқарылатын режим орнайды, бізге үйреншікті болып қалған көп нәрсеге тыйым салынады. Қысқасы қазіргі Америка қоғамына қарама-қайшы заман болады. Сонымен қатар тоталитаризм Галаадтың жалғыз проблемасы емес. Қиын экологиялық жағдайға байланысты офицерлер мен шенділердің әйелдері бедеуге айналады. Қоғамда еш статусы жоқ қарапайым әйелдер еркінен тыс малай ретінде чиновниктердің үйлеріне қабылданып, соларға бала туып беруі тиіс. Негізгі оқиғалар осындай бір малай әйелдің атынан баяндалады.

Бұндай қызықты сериал көрермен назарынан тыс қалмауы керек деп есептейміз. Сондықтан «Малай әйелдің әңгімесін» көруге бес себепті атап өтпекпіз. Сонымен кеттік:
Әрі қарай

«Астананың 20 қыры» атты мультижанрлық конкурс басталды

Астана жаңалықтары: «Астананың 20 қыры» атты мультижанрлық конкурс басталды
Астананың 20 жылдығы қарсаңында «Астананың 20 қыры» мультижанрындағы конкурс өткізілгелі отыр, онда 25 бағыт пен 100-ден астам жүлделі орын болады.

20 жыл – бұл астана үшін ерекше шеп, мұнда нақты нәтижелер мен жетістіктер, перспективалар туралы айтуға болады. Дамушы мегаполис ретінде Астана айрықша ритм мен қарқынды өмірге қол жеткізді.

Астана әкімдігі барлық ұсыныстар үшін барынша ашық.

Мүмкін сіз баяғыдан астананың сүйікті орындары туралы өзіңіздің туристік маршрутыңызды ұсынғыңыз келген болар, қала туралы аңызды баяндап беру немесе қаланың туған күнінде өз құттықтауыңызды жариялы түрде жеткізгіңіз келетін шығар?

Қала бойынша ауқымды фотожобаға қатысуыңызды ұсынамыз, киноиндустриядағы кәсіпқойлардың қолдауымен фильм түсіріп, картина жазып, арт-объект эскизін, тақпақ немесе сурет ұсыныңыз. Ал журналистер мен блогерлер үшін конкурс бөлек өткізіледі.

Қорытынды бойынша қала үшін дайын «идеялар банкі» құрылып, солардан қазірден бастап абаттандыру бойынша, мәдениет және спорт саласындағы жобалар арқылы заманауи қоғамдық және мәдени кеңістікте және өзге де салаларға кез келген ұсынысты енгізуге болады.

Конкурста киелі орындарға арналған еліктірерлік квестке басымдық беріледі.

Жұмыстар 25 маусымға дейін қабылданады.

Толығырақ astana20.kz/ сайтында.
Әрі қарай

Астана әкімінің жетекшілігімен қатты желдің салдарын жою бойынша жедел штаб отырысы өткізілді

Астана жаңалықтары: Астана әкімінің жетекшілігімен қатты желдің салдарын жою бойынша жедел штаб отырысы өткізілді

Астана әкімі дауыл салдарын жою жұмыстарын бақылауда ұстап отыр. Астана әкімінің жетекшілігімен қатты желдің салдарын жою бойынша жедел штаб отырысы өткізілді. Әсет Исекешев аурухана, мектеп, балабақша, тұрғын үй сияқты әлеуметтік нысандарды ерекше бақылауда ұстап отыр.

Аудан әкімдіктерінің мәліметінше жалпы қала бойынша ірі қираулар жоқ, 24 тұрғын үйдің қасбетіне зиян келген, 7 әлеуметтік нысанның шатыры (мектеп, аурухана және балабақша) жұлынып, желге ұшып кеткен, 8 ағаш пен 2335 метр қоршау құлады.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, аяқ астынан құбылған ауа райынан 10 адам медициналық көмекке жүгінген. Дәрігерлер зардап шеккендерге тексеру жүргізді, бір пациент № 1 қалалық аурухананың жарақат бөліміне жатқызылды. Астаналық медиктердің айтуынша, пациенттің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Дүлей жел басталысымен барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне ауысты. Барлығы 2000 жұмысшы мен 500 техника жұмылдырылды.

Сағат 20.30 уақыт бойынша ТЖ салдарын жою жұмыстары жедел жүргізілуде, шалшық суды сорып алу, жолдар мен тротуарларда сынған ағаштарды жинап шығу т.б.

Штаб отырысының қорытындысы бойынша және қаланы аралау барысында әкім қысқа мерзімде тосыннан тыс мінез танытқан табиғаттың барлық салдарын жойып шығуды тапсырды. Сондай-ақ, алдын ала ертеңгі дауылды ескертуге дайындық пен ахуалды бақылап отыру керектігін пысықтады.
Әрі қарай

1 мамырда Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай өтетін велошеру өтеді



1 мамырда Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай өтетін велошеруге байланысты Достық, Қабанбай батыр, Қонаев және Түркістан көшелерінде жол қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Спорттық іс-шара Астананың 20 жылдығын тойлау қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жыл толу құрметіне арналады.

Мұның алдын, 1 мамырда Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығына арналған «Достық шеруі» атты велошеру өткізілетіні хабарланған болатын. Жарыс «Бәйтерек» монументінің алдында сағат 13:00 басталатыны, ал қатысушыларды тіркеу таңғы сағат 11-де өтетіні жоспарланған. Веложарысқа қатысатындардың жолы елорданың басты символы – «Бәйтерек» монументінен басталып, сол жағалау бойынша өтеді.

Велошеруге танымал, әлемдік деңгейде елдің атын танытып жүрген велошабандоздар, атақты спортшылар, Қазақстан халықтары ассамблеясының жастар қанатының өкілдері және де Астана қаласының 12 жастан асқан тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Велошеруге өзге қатысушылармен бірге «Astana Pro Team» кәсіби командасының танымал велошабандозы Дмитрий Груздев те қатысады. Спортшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы және жеке жарыста Азияның екі дүркін жеңімпазы.

Жаппай велошеруді Астана қалалық Мәдениет және спорт басқармасы Қазақстан халықтары ассамблеясы хатшылығымен бірлесіп өткізуде. Велошеруді қалалықтардың өмірін белсенді саламатты өмір салтына топтастырып, велосипедті күнделікті өмірде пайдаланудың пайдасын танымал ету мақсатында ұйымдастырды.

Астана жаңалықтары: 1 мамырда Қазақстан халықтары бірлігі күніне орай өтетін велошеру өтеді
Әрі қарай

Астана әкімі тұрғындарды сенбілікке шақырды

Астана жаңалықтары: Астана әкімі тұрғындарды сенбілікке шақырды

Әсет Исекешев Facebook әлеуметтік желісі арқылы қала тұрғындарын елорданы абаттандыру науқанына қатысуға шақырды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

«Қаламызда «Астана — таза және қауіпсіз қала» акциясы аясында тазалық айлығы басталды. Барлық қалалық қызметтер белсенді түрде көшелерді тазалап, өзіне қарасты төңіректі көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде. Әр адам елордамыздың ажарын ашуға бағытталған акцияға қатыса отырып, қаламыздың әр тұрғыны өз үйінің ауласын, саяқбақтарды одан да көркейте алады. Жаппай сенбіліктер 21 сәуір және 12 мамыр аралығында өтетін болады.

Бұл игі шараға барлық қала тұрғындарын да қатысуға шақырамыз.

Тазалық жұмыстарына қатысты керек-жарақтар сол жерде беріледі.

Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, іске кірісейік!», — деп жазды өз парақшасында Әсет Исекешев.
Әрі қарай

Астанада практикалық журналистика курстары ашылды

Астанада КАЗГЮУ Университетінде MediaNet Халықаралық Журналистика Орталығының Медиа-Мектебі ашылды. Бұл жас мөлшері, мамандығы, дайындалу деңгейі алуан адамдарға арналған тәуелсіз журналистика курстарын қамтитын жоба.

MediaNet Халықаралық журналистика Орталығы 2004 жылдан бастап қызмет етіп келеді, бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. 13 жыл ішінде Медиа-Мектептен 1000 жуық адам тәлім алды. Медиа-Мектептің көптеген түлектері редактор, радио тележүргізушісі, продюсер ретінде журналистика саласында жұмыс істеуде.

Білім және ғылым: Астанада практикалық журналистика курстары ашылды

Медиа-мектеп — бұл 3 ай бойы журналист мамандығының қыр-сырын үйреніп, беделді БАҚ-тарда тәжірибеден өту арқылы кәсіби тұрғыда шыңдалу. Медиа-Мектеп ұстаздары — БАҚ-тың түрлі салаларында қызмет ететін кәсіби деңгейі жоғары мамандар. Өз саласының қас шеберлері кез келген деңгейлі шәкірттерді қазақ және орыс тілдерінде оқытады.

Астанадағы Медиа-Мектеп Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауымен ашылды. Жоба әріптесі — КАЗГЮУ Университеті.

Медиа-Мектеп түлектері майталман журналистер мен білікті редакторлардан негізгі білім алып, кәсіби машықтарды үйренеді. Курс бағдарламасында: фактчекинг, медиа құқық, инфографика, мультимедиалық журналистика және басқа да көкейтесті тақырыптар бар.

— Медиа-Мектеп бүгінгі таңда өте өзекті жоба, ол біздің заңгер студенттерімізге практикалық журналистиканың машықтарын үйренуге мүмкіндік береді. Ақпаратты сауатты пайдалану, фактчекинг — бұл юриспруденция ғана емес, журналистикада да кәсіби іскерлік негізі. Сондықтан да осы жобаның Астанадағы алғашқы серіктесті болу біз үшін қуаныш, – деді КАЗГЮУ Университетінің Жоғары құқық мектебінің Директоры Сергей Пен.

Дүниежүзінде демократияның, құқықтық мемлекеттің және әлеуметтік нарықтық экономиканың дамуына өз үлесін қосуды мұрат ететін Конрад Аденауэр атындағы Қордың Қазақстандағы Өкілдігінің қолдауының арқасында Астанадағы Медиа-Мектепте білім алу тегін.
Әрі қарай

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы қорытындыланды

Астана жаңалықтары: «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бір жылдығы қорытындыланды

Бүгін Астана қаласы әкімдігі мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университеті бірлесіп Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты еңбегінің бір жылдығына арналған «Рухани жаңғыру: ұлттық бірегейлік – сананы қалыптастыру негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияда «Рухани жаңғыру» бардарламасы аясында атқарылған жұмыстар мен игі бастамалар зерделеніп және бағдарламаны алдағы уақытта тиімді жүргізу жөнінде ұсыныстар мен пікірлер ортаға салынып, талқыланды.

Ғылыми жиынға Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қатысып, өткен бір жылда атқарылған іс-шараларды қорытындылап болашақта атқарылар жұмыстар жайлы айтып берді.

«Бұл бағдарламаның қазақ өркениетінің дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз. Бұған тек зиялы қауым өкілдері ғана емес, экономикалық, әлеуметтік кластер әсіресе жастар қызу араласып бағдарламаның мән-мағынасын теренңдете түсті және қалыптасқан, анықталған, белгіленген әртүрлі бағдарларда ұсынылды. Астана қаласының әкімдігі осы бағдарламаның жүзеге асуына екі жүзден астам шара өткізді. Оның ішінде тәрбие-білім, «Қасиетті Астана» бағытында көптеген шаралар өтті. Елордамыздың тарихын тануға, танытуға арналған, біздің белгілі ғалымдар қатысқан конференциялар, ашық сабақтар, студенттермен кездесулер өтті» деді Е.Аманшаев.

Осы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Елорда тарихының әртүрлі кезеңіне жататын мәдени, тарихи, археологиялық ескерткіштерді таңдап «Қасиетті Астана» атты айдарымен кітап және электронды қосымшалар етіп шығару жоспарланған.
Әрі қарай

ҰБТ-ға психологиялық кеңестер

Білім және ғылым: ҰБТ-ға  психологиялық  кеңестер

БОЙЫМЫЗҒА СЕНІМДІЛІКТІ ҚАЙТАРАЙЫҚ!

Өзімізге деген сенімді жоғалту арқылы көп қиыншылыққа тап болуымыз мүмкін. Бұл қиыншылықтар сабақтан, жұмыстан, тіпті достармен бірге өткізген қызықты сәттерден ләззат алуға кедергі жасайды. Осындай жағдайға тап болмас үшін, өзіңізге сенімділікті қайтарудың жолдарын іздеңіз.
Әрі қарай

Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен Астананың одан әрі дамуы тақырыбына арналған кеңес өтті

Астана жаңалықтары: Елордада Мемлекет басшысының қатысуымен Астананың одан әрі дамуы тақырыбына арналған кеңес өтті

Мәжіліс барысында Елорданың болашақ дамуына байланысты және қаланың 20 жылдығын атап өтуге байланысты мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Біз осы жолы Астанамыздың 20 жылдығын атап өту алдында жиылып отырмыз. Елордамыз қысқа мерзімде еліміздің ірі қалаларының қатарына еніп отыр. Қаламыз қазіргі кездетиісті инфрақұрылымы бар, әлемде танымал қала, осында өтіп жатқан маңызды әлемдік оқиғалар бүкіл әлем назарын өзіне аударуда. Маған белгілі американдық журналист Ларри Кингтің Астанада болғанда айтқан сөзі ұнады «Тарихта барлық ел қалаларды жаулап алуда, ал Қазақстан өзі салуда». Осы сөзінде ол барлығын айтты. Біз жасалған жұмыс нәтижесінен көріп отырмыз, бұл бар қазақстандықтардың еңбегі. Бірақ, біз бұл жетістікпен тоқтамаймыз, әрі қарай жалғастырамыз». — деді Н.Назарбаев.
Әрі қарай

Астананың 20 жылдығына 600 астам іс-шара жоспарланған

Астана жаңалықтары: Астананың 20 жылдығына 600 астам іс-шара жоспарланған

Қаламыздың 20 жылдығына ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен және басқа да мемлекеттік органдармен қоса алғанда 645 іс-шара жоспарланған. 2018 жылы бас қаламыздың 20 жылдық мерейтойы болған себепті салтанатты іс-шалалар жыл жойы жалғасатын болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Мысалы G-Global хатшылығымен бірлесіп 3 шілде де «Жаһандық Жібек жолы» атты халықаралық конференция, 4 шілде де Дүниежүзілік экономикалық ислам форумын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Осының аясында Жібек жолы бойында орналасқан қалалар мэрлерінің форумын өткізуді жоспарлаудамыз», деді әкім.

Сонымен қатар, маңызды іс-шараның бірі 5 шілде күні «Астана» халықаралық қаржы орталығын ресми тұсаукесері. Тағы бір маңызды жоба «Астаналар шеруі: Астанының 20 жылдығы – әлемнің 20 астанасы» Басқада мәдени және шығармашылық іс-шаралар, бизнес-форумдар және іскерлік кеңестер өткізу жоспарланған.

Сондай-ақ, мерекеге орай Астанаға бауырлас қалаларды шақырамыз. Қазіргі күнде Анкара мен Бейжің Мәдениет күндерін өткізуді растады. Басқа да елдердің елшіліктері бірлескен шаралар өткізуге ұсыныс жасауда.

«Мерейтойлық шаралардың маңызды бір парасы ел аймақтарында Астана күнін өткізу болмақ. Бұл шара мамырда бастау алып қыркүйек айына дейін жалғаспақ. Шығармашылық топтардың және Елорданың инвестициялық жобалары таныстыратын болады. Сонымен қатар, 15 сәуір күні абаттандыру, көгалдандыру айлығы акциясы және «Үздік сурет», «Астана туралы үзік сыр», «Үздік ән» байқауын бастаймыз», деді Ә.Исекешев.
Әрі қарай