Футбол синдромы...

Басталды менің ауруым тағы да… Бүгін футбол. Менің «Ақтөбем» Еуропа лигасында Венгрияның «Кечкемет» командасымен ойнайды. Әрине, біздің ТВ ол ойынды көрсетпейді, ақша жоқ, техника жоқ сгин. www.livetv.ru сайты аман болсын, интернет арқылы көремін ойынды.
Менде осындай маңызды футбол болатын күндері ауруым басталады. Күні бойы барлық жұмыстар жайына қалады. Тек осы футболды ойлаумен боламын. Ойын басталады ауру асқына бастайды, айналаңдағы бәріне жының келеді, ешкіммен сөйлескің келмейді. Ойын бітеді, ұтасың немесе ұтыласың. Қуанасың немесе боқтайсың. Сосын бір темекі, сок, ұйқы. Ертеңіне түк болмағандай өмір қайтадан жалғасады…


Залтан Дени, Югославия мен NATO соғысының кейіпкері, полковник. Енесстің атағы – «F 117 Stealth» «көрінбейтін» ұшағын атып түсірумен шықты! Оны қалай жүзеге асырды? Қазақтар құсап, өз сұхбатымызда өзіміз сөйлеп қана қоймай, Залтанның өзіне де сөз берсек:
Mozilla Firefox браузерінің шексіз мүмкіндіктерімен танысуды жалғастырамыз.