«Алтын Тобылғы» әдебиет жүлдесін алуға өтінім қабылданып жатыр

Сыйақы қорының жиынтық мөлшері 5,5 миллион теңгені құрайды. Өтінімдер 2018 жылғы 1 шілдеден бастап 1 қарашаға дейін қабылданады. Жеңімпаздар (жүлденің лауреаттары) 2018 жылғы желтоқсанның бірінші онкүндігінде жарияланады. Толығырақ www.fpp.kz сайтында.

Конкурстың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті — Елбасының Қоры. Конкурстың әріптестері: Қазақстан Жазушылар Одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Конкурсқа қатысу үшін 18 бен 35 жас аралығындағы жас қазақстандық авторлар шақырылады. Бұрын еш жерде жарияланбаған еңбектер ғана қаралады.

«Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Балаларға арналған үздік шығарма». Осы төрт номинация бойынша әрбір жеңімпазға 1,5 миллион теңге беріледі. «Астананың 20 жылдығына арналған үздік шығарма» арнайы тақырыптық номинация биылғы жылғы конкурстың ерекшелігі болып табылады.

Конкурстың қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері, қазақстандық әдебиетшілер және журналистер кірді.

Конкурстық жұмыстар келесі өлшемдер бойынша бағаланады: жанрға сәйкестігі, өзіндік ойлау қабілеті, авторлық ұстанымы, баяндау бірізділігі және көзқарасы, идеяның сонылығы, әдеби-көркемдік құндылығы, қиялы мен шығармашылық әдісі, эмоциялық және эстетикалық әсерінің тереңдігі. Конкурсқа түскен шығарманы объективті бағалау анонимдік принциппен қамтамасыз етіледі, еңбекті оқып отырып және ол туралы өзінің кәсіби пікірін қалыптастыра келе қазылар алқасының мүшелері автордың есімін танып білмейді.

«Алтын Тобылғы» жүлдесі жыл сайын қазақстан әдебиетіндегі жаңа есімдерді ашады, жастар мен қауымдастыққа жас қаламгерлердің өмірлік философиясын бейнелейтін қазіргі заманғы әдебиетті дамытуға көмектеседі. Осындай бірегей іс-шара Президенттің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарламасын іске асыруға ықпал етеді.

Астанада автобус жүргізушілері 400 мың теңге айлық ала алады

Астана жаңалықтары: Астанада автобус жүргізушілері 400 мың теңге айлық ала алады

Астанада қоғамдық көлікті жақсарту, ыңғайлы ету бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Жол картасын енгізу арқылы жол ақысын төлеудегі көлеңкелі қаражатты шығаруға мүмкіндік берді.

Қазіргі күні қалалық қоғамдық көлікті қолданатындардың 90 пайызы электронды картамен төлеуге көшті. Жуық арада «Astana LRT» бұл көрсеткішті 95-98% жеткізуді көздеуде. Мысалы, электронды жол жүру ақысын еңгізген алғашқы аптада көлеңкелі айналымнан шамамен 15% кіріс шығарылды. Тасымалдаушылар осының арқасында қоғамдық көлік санын да арттыруды көздеуде.

«Егер қазіргі кездегідей субсидия бөлінетін болса және қазіргі кездегідей пайда тауып жататын болсақ жыл аяғына дейін жаңа автобустар аламыз деген ойдамыз, шамамен 20-25 автобус. Жоспар бойынша «Ивеко» автобустарын және жаңартылған «Урбан вейв» автобустарын алуды ойластырудамын», деді № 3 автопарк басшысы Бауржан Тілеубергенов.

Сонымен қатар, жолдағы жағдайды жақсартудың тағы бір амалы жүргізушілердің тәртібін қолға алу. Және де бұл жұмыста шешуші күш -пассажирлер. Егер жүргізуші уақытымен жүрсе және жол көлік оқиғасына түспесе, пассажирлерден шағым болмаса, онда еңбегі екі есе өсетін болады.

«Қазір жүргізушілер белгіленген 200 мың тг еңбекақы алады. Егер ол 15-18 күн толық еңбек етсе, ол зейнетақы мен салықты шегеріп қалғанда осы ақыны алады. Және егер бәрі дұрыс болып, оның атына шағым түспесе, жол оқиғасына түспесе, жұмыс ережесін бұзбаса қосымша 200 мың теңге қосылады. Сонымен қатар, ұзын автобустарда жүретін жүргізушілерге 50% үстеме қарастырылған. Бәрін қосқанда белгіленген еңбекақымен санағанда 400 мың теңге алуға мүмкіндік бар», деді Б. Тілеубергенов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елорда автобустарында сараланған тариф бекітілді.

Осылайша, қалалық бағдарларда жүргені үшін төлемді картамен жүзеге асыру кезінде жол ақысы өзгеріссіз 90 теңге көлемінде қалды. Бұдан бөлек, көлік картасын пайдаланушыларына арналған басымдық – бірнеше көлікке ауысып отырып, тегін жүру құқығы сақталды. Ақшалай төлем кезінде қалалық автобуста жүру құны 180 теңге.
Әрі қарай

Астаналықтар жол ақысын SMS арқылы төлеуге мүмкіндік алады

Астана жаңалықтары: Астаналықтар жол ақысын SMS арқылы төлеуге мүмкіндік алады

Таяу арада автобуста жол ақысын SMS арқылы төлеуге болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана тұрғындары мен қонақтарына қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатында тұрақты түрде қоғамдық тыңдау өткізіледі. Шараның өткізілу мақсаты – өзекті проблемаларды анықтау және оны айтылған шағымдар мен ұсыныстарды қабылдау арқылы шешу жолдарын қарастыру.

Қазіргі таңда ең өзекті мәселе қоғамдық транспорттың жұмысы.

Осыған байланысты 20 тамыз 2018 жылы қалалықтарды қоғамдық тыңдауға белсенді қатысуға шақыруда. Тақырып – жол ақысын SMS арқылы қосымша төлеудің тәсілдерін енгізу мәселесі.

Тыңдалымның өтетін уақыты мен орны: 20 тамыз, 16:00, Астана қалалық мәслихат отырысының залы, Бейбітшілік к, 11, 2-ші қабат.

БАҚ өкілдері тіркелуі үшін өзі туралы ақпаратты «Астана LRT» ЖШС-нің қоғаммен байланыс департаментіне 20 тамыз 2018 жылы сағат 10-ға дейін жолдауы тиіс.
Әрі қарай

Бүгінде 290 мыңға жуық астаналық тұрақты түрде спортпен шұғылдануда

Астана жаңалықтары: Бүгінде 290 мыңға жуық астаналық тұрақты түрде спортпен шұғылдануда

Бүгін Астана қаласының әкімдігінде Спорт күні мерекесі қарсаңында салтанатты құттықтау рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Шараға ірі халықаралық жарыстарда Астана атынан еліміздің намысын қорғаған спортшылар, еңбек сіңірген жаттықтырушылар мен қаламыздағы спорт мектептерінің жетекшілері, спорт саласының дамуына елеулі үлес қосқан және спорт саласында жетістікке жеткен спортшылар қатысты.

Іс-шара Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Спортшыларды Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен мәдениет және спорт басқармасының басшысы Болат Мажағұлов құттықтады.

«Сіздерді кәсіби Спорт күні мерекесімен құттықтаймын. Жылдан жылға Астанада спортпен шұғылданып, саламатты өмір салтын ұстанатындар саны артып келеді. Бүгінде 288 мыңға жуық астаналық тұрақты түрде спортпен шұғылдануда. Баршаңызға алғыс айтамын! Сіздер қоғамның игілігі үшін еңбек етіп жүрсіздер, мықты, дені сау жастарды тәрбиелеп жүрсіздер!», деді Ермек Аманшаев.

Қазір қаламыздағы 10 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде жеті мыңнан астам бала білім алуда, оның ішінде алты мыңнан астамы олимпиадалық спорт түрінен, сегіз жүзден астамы олимпиадалық емес спорт түрінен. Спорт мектептерінде спорттың 50 түрінен спортшыларды дайындайды, атап айтқанда 39 олимпиадалық, 11 олимпиадалық емес спорт түрі.

«Осы жылдың бірінші жартыжылдығында республикалық және халықаралық додаларда елордалық спортшылар екі мыңнан аса медаль олжалады. Сонымен қатар, 91 спортшы «Спорт шебері», 331 «Спорт шеберіне кандидат» атағын иеленді, 235-і «1 разряд» алған. Ал қаламыздың спортшылары мыңнан астам жарысқа қатысқан», деді Е.Аманшаев.

Жыл басынан бері қаламызда 300-ге жуық спорттық-бұқаралық шара өткізілген, оның ішінде 43-і халықралық, 47-і республикалық және 200-ден астамы қалалық шара.

Ермек Аманшаев Олимпиадалық резерв дайындау орталығы директорының орынбасары Николай Дрютовты «Астана – 20 жыл» төс белгісімен, сонымен қатар, Президенттік дайындық деңгейінің нормативтерін орындаған спортшыларды «Сергектік пен денсаулық», «Шынығуды жетілдіру» төс белгілерімен марапаттады.

Өз кезегінде Николай Дрютов Астана қаласы әкімдігіне алғысын бідіріп, спорт саласында, қоғамдық спорт саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға алғыс айтып, еңбектеріне мол табыс тілеп, Олимпиада чемпиондарын дайындауға тілектестігін білдірді.

Салтанатты шарада спорттың дамуына үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар мен гүл шоқтары табыс етілді.
Әрі қарай

«Мектепке жол» акциясы аясында 18-19, 25-26 тамызда және 1-2 қыркүйекте Астанада мектепке керек-жарақтардың жәрмеңкесі өтеді

Астана жаңалықтары: «Мектепке жол» акциясы аясында 18-19, 25-26 тамызда және 1-2 қыркүйекте Астанада мектепке керек-жарақтардың жәрмеңкесі өтеді

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 18-19, 25-26 тамызда және 1-2 қыркүйекте Астанада нарықтағыдан төмен бағалар бойынша мектепке керек-жарақтардың жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Мектепке жол» республикалық акциясы аясындағы жәрмеңкеде мектеп формасы мен керек-жарақтардың нарықтағыдан төмен бағалармен мамандандырылған сатылымы ұйымдастырылады. Шараға отандық өндірушілер, кеңсе тауарларын, мектеп формасын, шұлық-нәски бұйымдарынкөтерме баға бойынша сатушылар қатысады.

Қосымша ақпаратты Бейбітшілік к-сі 11 мекен-жайы бойынша орналасқан Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасынан(113 кабинет) немесе 557403 тел. арқылы алуға болады.
Әрі қарай

Қоянды су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулаудан жарыс өтеді

Астана жаңалықтары: Қоянды су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулаудан жарыс өтеді

Жарыс 25 тамызда өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Астана қаласы әкімдігінің «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны Конституция күніне орай, Қоянды су қоймасында спорттық-әуесқойлық балық аулау жарысын ұйымдастырады.

Жарысқа қатысушылардың өтініштері жұмыс күндері 24 тамызға дейін Қабанбай батыр даңғылы, 33 мекен-жайы бойынша және zhasnur.tabigat@mail.ru электрондық почта арқылы қабылданады.

Анықтама телефондары: 55-67-04, 55-75-22,8-701-852-33-34, 8-707-665-31-6.

Спорттық балық аулау жарысының бағдарламасы:

Қатысушылардың жиналуы және тіркелудің басталу уақыты – 08:00 – 08:30

Тіркелу және қатысушылар жеребесі – 08:30 – 09:00

Жарыстың ашылу салтанаты – 09:00 – 09:20

Алаңға шығу және дайындық уақыты – 09:20 – 09:30

Жарыс уақыты – 09:30 – 12:00

Ауланған балықты өлшеу, нәтижесін қорытындылау – 12:00 – 13:30

Құрметті қонаққа сөз беру, Фестивальдің ашылуы – 12:00 – 13:00

Спорттық балық аулау қатысушыларын марапаттау рәсімі – 13:00 – 13:30

Спорттың экстремальді түрлері фестивалінің бағдарламасы:

Жарысқа қатысушылар жеребесі

(гидроскутер, рафтинг, кайтсерфинг),

төрешілер, дайындық – 14:00 – 15:00

Жарысқа қатысушылардың салтанатты түскі ас уақыты – 14:00 – 15:00

Жарыс қатысушалырының бастауы – 15:00 – 17:00

Нәтижесін есептеу, жеңімпаздарды марапаттау – 17:00 – 18:00

Кешкі бағдарламаның басталуы – 18:00 – 00:30

Иллюзианисттердің өнер көрсетуі – 18:00 – 19:00

Астана және басқа қалалардың рок топтарының концерті – 18:30 – 00:00

От шашу – 00:00 – 00:30

«Елорданың үздік ди-джейлерінен» Open Air – 00:30 – 04:00
Әрі қарай

Астанада балаларды спорт мектептеріне қабылдау бойынша ашық есік күні өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада балаларды спорт мектептеріне қабылдау бойынша ашық есік күні өтеді

Сенбі күні, яғни 18 тамызда, сағат 10:00-17:00 аралығында «Барыс» спорт кешенінде(Мұңайтпасов к-сі, 9, «Қазақстан» СК жанында) ашық есік күні өтеді. Шараға келушілер Астана қаласының спорт мектептеріне балаларды қабылдау туралы ақпарат ала алады. Аталған шара Қазақстанда тамыз айының үшінші жексенбісінде аталып өтілетін Спорт күні қарсаңында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәдениет және спорт басқармасына сілтеме жасап.

Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы барлық елорда тұрғындарын Ашық есік күні шарасына шақырады. Мұнда Астананың спорт мектептеріне балаларды қабылдау шарттары, қажетті құжаттар тізімі туралы ақпараттар беріледі.

Астана қаласы әкімдігінің балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің және спорт түрлерінің толық тізімі тіркелген.

Елорданың олимпиадалық резервтегі мектептеріндегі мемлекеттік спорттық секцияларға қабылдау жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында жүргізіледі. Қазіргі кезде Астанада кішкентай астаналықтар үшін 12 мекеме жұмыс істейді, онда 60-тан аса спорт түрінен спортшылар дайындалады. Сонымен қатар, 17 спорт түрінен мүмкіндігі шектеулі балалар білім алуда. Аталған мектептерде балалар ақысыз негізде оқытылатынын хабарлаймыз.
Әрі қарай

Астанада құрбандық шалу орындары анықталды

Астана жаңалықтары: Астанада құрбандық шалу орындары анықталды

Құрбан айт — Рамазан айынан соң 70 күннен кейін атап өтілетін, қажылық сапарының аяқталу мейрамы. Әлемнің барша мұсылмандары «Құрбан айт» мейрамын жыл сайын атап өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Құрбан айт мейрамын атап өту осы жылдың 21 тамызы күні елорданың барлық 9 мешітінде мерекелік «Айт намазынан» (басталуы сағат 7-00) бастау алады. 23 тамызға дейін елордада құрбандық шалу ұйымдастырылады. Қазіргі таңда Астана қаласында негізгі құрбандық шалу орындары бекітілді:

Алматы ауданы: «Метро» СҮ (Астана-Қарағанды т/ж)

Байқоңыр ауданы: «Нұрбереке-555» ЖШС, Алаш шоссесі, 30 («Көк Базар» базарының арты), «Есжанова А» ЖК, «Жайлау», Алаш шоссесі, Ц 313 көшесі, «Шаушен» ШҚ, «Астана-Павлодар» т/ж, 9 км, «Темеш» ШҚ, Астана – Софиевка т/ж 7 км

Есіл ауданы: «Алтын-Таға» базары, Қосшы кентінің маңы

Сарыарқа ауданы: «Ұлжан» әмбебап базары, (бұрынғы «Саянұр» базары)

Сонымен қатар, «Құрбан айт» мерекесін атап өту күндері халыққа құрбандық шалу және тағы басқа өзекті мәселелер бойынша ақпараттандыру үшін тәулік бойы «2288» Call-center жұмыс жасайды.

Осы жылы кезекте тұрғандарға 677 жаңа пәтер беріледі

Астана жаңалықтары: Осы жылы кезекте тұрғандарға 677 жаңа пәтер беріледі
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін пәтерді ҰОС мүгедек қатысушылары, жетім балалар, мемлекеттік қызметкерлер мен халықтың әлеуметтік осал топтары алады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі жүргізген құрылымдау шеңберінде коммуналдық тұрғын үй қорынан берілетін үйдің функциясы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына берілді.

Аталмыш ведомствоның міндетін атқарушы Артем Әбілдиновтың айтуынша, қаладағы тұрғын үй ахуалының мониторингін жақсарту мақсатында коммуналдық мемлекеттік мекеме – астана әкімдігінің тұрғын үй қоры құрылды.

«Қор шаруашылық тұрғын үй ғимараты бар-жоғын анықтаумен айналысады, жалға берушілердің міндетін атқарғанына мониторинг жасайды. Бұл жалға алудың төлемін салу және тұрғын үй бүтіндей пайдалану, дайын пәтерлерге азаматтарды қоныстандыруды тексеріп, баспанаға мұқтаждар есебінде тұратындар мен азаматтардың интериорлық тізімін жасау», — деп түсіндірді А. Әбілдинов.

Жылдың соңына дейін мыңнан астам пәтер пайдалануға беріледі деп жоспарланды.

«Тұрғынүйқұрылысжинақ банкінің салымшылары үшін жалпы алаңы 22,58 мың шаршы метр 364 пәтер, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» АҚ баспанасы» бағдарламасы бойынша 80 пәтер және кезектегілер үшін жалпы алаңы 38 мың шаршы метр 677 пәтер беріледі», — деп мәлімдеді А. Әбілдинов.

Айта кетейік, пәтерлерді ұсыну — кезегі келген әдістеме бойынша қаланың коммуналдық жекеменшігіне түскен пәтерлердің мөлшеріне байланысты жүзеге асырылады.
Әрі қарай

16-19 тамыз аралығында Қазақстандағы спорт күніне орай елордамыздың спорт алаңдарында 19 спорт түрінен жарыстар өткізіледі

Астана жаңалықтары: 16-19 тамыз аралығында Қазақстандағы спорт күніне орай елордамыздың спорт алаңдарында 19 спорт түрінен жарыстар өткізіледі

Алдағы демалыс күндері елімізде Спорт күні аталып өтіледі. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, дене шынықтыру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі тамыз айының әрбір үшінші жексенбісінде тойланады. Астанада мерекелік шаралар барлық спорт мекемелерінде ұйымдастырылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

16-19 тамыз аралығында Қазақстандағы спорт күніне орай елордамыздың барлық спорт алаңдарында біруақытта 19 спорт түрінен жарыстар өткізіледі. Бағдарламаға қазақ күресi, гір көтеру, армрестлинг, асық ату, бүркітшілер жарысы, көкпар, тоғызкұмалақ, грэпплинг, шаңғыроллер, теннис, веложарыс, жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, академиялық есу, бокс, киокушинкай-кан каратэ, таэквондо, қоян-қолтық ұрыс, шайбалы хоккей енгізілді. Осы күндері спорт сарайлары, кешендері және қалалық спорт клубтарында өтетін жарыстарға 3 мыңға жуық спортшы қатысады. Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы саламатты және белсенді өмір салтын ұстанатын әуесқойлар мен кәсіпқойларды, қала тұрғындары мен қонақтарын жоспарланған шараларға қатысуға шақырады.
Әрі қарай