Қазақша КВН ойындарының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында түлектер бас қосты

Қазақша КВН Ойындарының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында «Түлектер кездесуі-2019» ойыны өтті. Жайдарманның ардагер ойыншыларына айналып, бүгінде әртүрлі салаларда қызмет етіп жүрген жайдарманшы түлектер Алматы қаласында бас қосып, Алатау дәстүрлі өнер театры сахнасында көпшілік көңілінен шығатын өнер көрсетті. «Түлектер кездесуі» Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранты аясында ұйымдастырылды.

Еліміздің әртүрлі өңірлерінен жиналып, ойынға бас-аяғы 9 команда қатысты:
1)"Өзіміздің жігіттер" Шымкент
2) «АЭСА» Шымкент
3) "Ұлттық құрама" Алматы
4) «Бауырсақтар» Тараз
5)«Альянс» Семей
6)«Арыс құрамасы» Түркістан облысы
7)«Жаснар» Алматы
8)«Аягөз құрамасы» ШҚО
9)«Номад» Алматы

Өнер көрсеткен командалардың әзіліне баға берген әділ қазылар алқасының құрамында Айқын Төлепберген, Жанатбек Байтеков, Ақылбек Досжанов, Абунасыр Серік, Ринат Заитовтар болды. Көрермен мен қазылар алқасының көңілінен шыққан шымкенттік «Өзіміздің жігіттер» командасы бірінші орынды қанжығалады. «Аягөз» командасы жүлделі екінші, «Жаснар» командасы» жүлделі үшінші орынды иеленді.

Ойын Қазақстан ұлттық арнасының эфирінен көпшілікке жол тартты.

Более 200 борцов примут участие в чемпионате мира по Qazaq kuresi в Актобе


Более 200-сот спортсменов из 40-ка стран будут бороться за звание чемпиона мира по қазақ күресі.
Первенство пройдёт в Актобе 15 и 16 декабря, сообщает корреспондент «Хабар 24.kz».


В схватке за золото сойдутся представители Австрии, Норвегии, Франции, Германии, Великобритании, Словении, Ирана, Пакистана и других государств. Оценивать выступления борцов будут 20 спортивных судей, 8 из которых пригласили из-за рубежа. Кстати, международная федерация по қазақша күрес впервые включила в состав арбитров женщину. Соревнования пройдут по восьми весовым категориям.
Оскар Рене, главный тренер сборной Кубы по Qazaq kuresi:
— Мы сейчас запускаем этот вид спорта в разных провинциях Кубы. Пока что самое тяжёлое — это работа с документацией. Но я думаю, что если всё будет хорошо, то уже в следующем году мы проведём чемпионат Кубы на официальном уровне.
Ли Вон Хи, главный тренер сборной Кореи по Qazaq kuresi:
— Я узнал о қазақша күрес от моего друга-дзюдоиста. Я заинтересовался этой темой и начал изучать историю возникновения этого вида борьбы. Это произвело на меня большое впечатление, и я захотел развивать это направление со своими учениками.

Мен тек жеңіс үшін бара жатырмын – Роман Бобиков


«Әлем Барысы 2019» чемпионы Роман Бобиков Qazaq Kuresi Әлем Чемпионатындағы жеңісіне сенімді.

Жуырда «Әлем Барысы-2019» жеңімпазы атанып, екі дүркін чемпион Айбек Нұғымаровты жеңіп алған ресейлік Роман Бобиков Ақтөбеде 15-16 желтоқсанда өтетін Qazaq Kuresi Әлем Чемпионатына қатысатындығын растады.

«Биыл мен қазақ күресіне өте мұқият дайындалдым. Маусым айынан бастап жаттығуларға белсенді кірістім, қарсыластарымды зерттедім, олардың жекпе-жегін бақылап, әр спортшының өзіндік техникасын білдім де, соған сәйкес өзімнің тактикамды жасадым. Бұл маған «Әлем Барысы-2019» финалында жеңімпаз атануға көмектесті. Ендігі Qazaq Kuresi Әлем Чемпионатында да көмектеседі деп сенемін», – дейді чемпионы Роман Бобиков.

Ресейлік спортшы +100 салмақта және абсолютті салмақта белдесетін болады. Романның айтуынша: «Қазақша күрес — бұл өте ыңғайлы спорт түрі, мұнда сіз өзіңіздің бар мүмкіндіңіңізді — физикалық күшіңізді қолдана аласыз. Сонымен қатар, оның жарақат алу қаупі жағынан аз болғаны маған ұнайды».

Qazaq Kuresi бүкіл әлемде дамып келеді. Бүгінгі таңда Федерация құрамында 29 ел бар. Әлем чемпионатына алғаш рет Корея, Франция, Ауғанстан және Испания сияқты елдер қатысады. Осылайша, Халықаралық Qazaq Kuresi Федерациясы өзінің географиясын кеңейтуде.

«Ресейде көптеген спортшылар осы спорт түріне қызығушылық танытуда. Әлем чемпионатына әр салмақ категориясында тек бір ғана балуанның келуі өкінішті. Біздің құрамада дзюдо және самбо чемпиондары бар. Қазір біз күнделікті таңертеңнен кешке дейін қарқынды жаттығу жүргізіп жатырмыз. Мен, тіпті, "Әлем барысы" ұтысын жұмсап үлгермедім», – дейді чемпион.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе қаласында өтетін Qazaq Kuresi Әлем Чемпионатына 40-тан астам елдің спортшылары қатысады. Чемпионатта 8 шетелдік және өз еліміздің 12 төрешісі төрелік ететін болады.
Анықтама үшін:
Qazaq Kuresi Халықаралық федерациясы — бұл халықаралық деңгейге ие қазақ Qazaq Kuresi турнирлерінің белсенді ұйымдастырушысы болып табылатын Қазақстандағы жалғыз қоғамдық ұйым.

Федерация жыл сайын халықаралық турнирлер мен іс-шаралар өткізеді. Екі жылдан астам уақыт ішінде: Qazaq Kuresi 2017 Әлем Чемпионаты (Астана, Қазақстан), 2018 Халықаралық бапкерлер мен төрешілерге арналған семинар (Тбилиси, Грузия), Qazaq kuresi Еуропа чемпионаты (Грузия және Польша), 2018 оқу-жаттығу жиыны (Алматы, Қазақстан), Азия чемпионаттары (Қазақстан және Моңғолия) Федерацияның қолдауымен «Әлем Барысы» секілді турнирлер өткізілді.