Үмітсіз шайтан
Баланы туу және оны күтуге байланысты берілетін төлемақыны қысқартуға қарсы петицияның нәтижесі болмады, мүмкін қазақстандық болған соң болар. Енді халықаралық деңгейде Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайтуға қарсы петиция елбасымызға жетсе, қандай да болса нәтиже болар деп үміттенемін. Бәріңіздің де әлі зейнетке шықпаған апаларыңыз, сіңлілеріңіз, әйелдеріңіз, жақсы таныстарыңыз, құрбы-құрдастарыңыз бар ғой, соларды қолдаңыздар. www.avaaz.org/ru/petition/Otmena_zakona_o_povyshenii_pensionnogo_vozrasta_zhenshchin_Kazahstana/?cZuTzebЖалпы зейнеткерлік бәрімізге де қатысты ғой, түсініксіз өзгерістер енгізіп жатыр, ертең сол жинаған ақшамыз қолымызға тисе, соған шүкір деп отыратын шығармыз.

Бүгін адамзаттың ғарышқа табан тіреген күні десем артық кететін шығармын. Ол жақта табаның жерге тимейді деседі білетіндер. Адамның ғарыш кеңістігіне көтерілген күні.
Орал — Ақтөбе трассасы бойында, қаладан 200 шақырым жерде орналасқан Бұлдырты ауылы – Батыс Қазақстан Облысы Сырым ауданындағы ауылдық әкімшілік округінің орталығы. Аудан орталығы —Жымпиты ауылының оңтүстік-шығысына қарай 55 шақырым жерде, Тамды өзенінің жағалауында орналасқан. Тұрғындар саны 3000 адам. Ауыл құрғақ қоңыржай агроклиматтық белдемде жатыр. Жері шөлейтті, сұр, бозғылт-сұр топырақты. Жусан, бетеге, селеу, көде, ши өседі. Шаруа қожалықтары мен өндірістік шаруашылықтар жұмыс істейді. Орта мектеп, дәрігерлік-амбулаториялық пункт, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары басқа елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады. 
