Ұстаз болу оңай ма? Әсима Темкеқызымен сұхбат

Әсима Темкеқызы Бимендина -«Кәсіпқор» Холдингі басқарма төрағасының орынбасары. Астанадағы Білім басқармасын басқарудағы жұмысы, ҚР Парламенті Мәжіліс депутаты ретінде білім саласына қосқан үлесі, және техникалық мамандықтарды оқыту мен мамандардың кәсіби мәртебесін арттыру жұмыстары туралы.

Мұз қалашықтары мен сырғанақ алаңдары қайда ашылады?



«Жаңа дәуір — жарқын болашақ» атты концерт өтеді. Ал, елорданы ауыстыру құрметіне орай, «Астана арманы» концерті халыққа көтеріңкі көңіл күй сыйламақ.

Астанада биіктігі 16 метрді құрайтын сырғанақ ашылады. Тәуелсіздік күніне орай ел игілігіне берілетін аумақ, президент саябағында орналасады. Мұнан өзге коньки мен шана тебуді ұнататындар үшін тағы 11 сырғанақ жасалады. Биыл, мұз қалашықтар Хан шатыр, қалалық алаң, Ботаникалық бақта орналасады.

Аудандар мереке аясында білім ордаларында хоккей кордтарын ашып, қысқы спорт түрлерінен жарыстар өткізеді. Алтын, күміс алқа иелерін марапаттап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырмақ.

2019 — Жастар жылы деп белгіленуіне орай, Астанада дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Серік Ибрагимовтың ән кеші 25-ші қараша күні өтеді.

Тұңғыш президент күні қандай іс-шаралар болады?

Ұлы даланың 7 қыры



"Ұлы даланың 7 қыры" идеясы еліміздің әр өңірінде кеңінен насихатталып,
атқарылар жұмыс та айқындалды. Бас қала әкімі, Астана жас болса да,
Ұлы Жібек жолының жарқын жалғасы екенін айтты. Өйткені, шаhарда «бұрынғы, қазіргі және болашақты байланыстырып тұрған тарихи территорияның» негізі қаланғанын, осы жерде орта ғасырда Бозоқтың орналасқан.
Жиында Бозоқ археологиялық қазбалар сериясынан 3D-үлгісін жасау бойынша жоба іске асырылатыны айтылды. Осы арқылы орта ғасырдағы орталық Қазақстан халқының мәдениеті ұсынылады. Осылайша, орта ғасыр кезеңіндегі тарихи жәдігерлермен жақын танысқысы келетіндерге зор мүмкіндік беріледі.
Қаперге салайын, қала әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігі бірлескен тарихи-мәдени кешен құру бойынша жұмыстары 2020 жылға дейін аяқталу жоспарланды.

KFWASTANA сән апталығы басталды



Талғаммен таңдалған киім – адамның сымбатын арттырары хақ. Әсіресе, маусым сайын құбылатын сән индустриясымен үйлессе. Бүгін, бас қаланың көріктілері мен бөріктілері 2019 жылы трендте болатын киім үлгілері, түстермен таныс болады. Яғни, назарға ұсынылар 14 дизайнердің топтамалары арқылы. Бізде қалыс қалмайық.
Сәнге үйір жандар, жарық, подиум. Көптен күткен Қазақстан фэшн уик Астана сән апталығы басталды. Шымылдығын Динара Сәтжанның топтамасы ашты. Дизайнер сән сүйер қауымға 3 түрлі стильдегі образды ұсынды. Ұлттық нақыштағы, спорттық, торлы көз киімдер сән сүйер қауымның көңілінен шықты. Үлгілер көктем-жаз мезгілдерінде сәнде болады.
Сән мерекесін, Құрақ көрпе брэнді жалғады. Дизайнер, «дала рухы» топтамасын ұлттық үлгідегі туындылармен толықтырды. Ерлерге арналған шапан, оюлы дорба өткенге шегіндіргендей болды. Қыздарға шақталған оюлы үлгі нәзіктікті арттыра түседі.
Сән апталығы Қазақстанда 25 ші рет ұйымдастырылды. Елордада 8-ші рет сәнгерлердің басы қосылды. Сән сүйер қауым, жыл сайын елдегі дизайнрлердің саны артып, туындыларының үлгісі, сапасы жақсарғанын айтады. Мәселен, Казақстан фэшн уик Астана сән апталығының брэнд-амбассадоры, тележүргізуші Арай Әлімхан сәнгерлерге қолдау көрсетіп, отандық киімдерді киеді.
Апталықтың 2-ші күнінде 6 отандық, 3 шетелдік кутьюренің туындылары паш етілді. Қазақстан фэшн уик Астананы 7 дизайнер түйіндейді.

Израиль медицина мамандары Астанада



Израильдің танымал неонатологы Мики Осовский Астанада шеберлік сабағын өткізді. Ол перинатарлық орталық базасында 4 күн бойы елордалық 30 неонатологты оқытты. Тақырып- өте аз салмақта туылған нәрестелерге күтім жасаудың тиімді технологиясы. Шеберлік сабағы жетекші израильдік клиникалармен орнатылған стратегиялық ынтымақтастық негізінде өткізілді.
Михаэль Осовский Израильден бөлек Таяу Шығыстағы ең ауыр және аз салмақты сәбилердің жағдайын тұрақтандырумен айналысады. Ол қызмет ететін «Шнайдер» клиникасы шет елдерге 4-ші деңгейдегі көмек көрсететін жалғыз балалар орталығы ретінде тәжірибесі мол. Бұл білім қорымен бөлісуге асық ақ халаттының Қазақстанда өткізген 2-ші шеберлік сабағы.
Михаэль Осовский – «Шнайдер» медициналық орталығының бөлім меңгерушісі / Израиль
Мен 6 жыл бұрын Өскеменде шеберлік сабағын өткіздім. Нәтиже көңіл қуантты. Израильге де қазақстандық көптеген неонатологтар келіп, білімін шыңдап, тәжірибесін арттырады. Менің мақсатым, дүниеге келген әр нәрестенің дұрыс қалыптасуына көмектесу.
«Шнайдер» клиникасында 24/365 тәртібінде шала туылған нәрестелерге кардиохириургиялық, нейрохирургиялық, онкологиялқ ота жасалады. Нәтижесінде, сәбилердің ретинопатия, ауыр инфекция, патологиялық аурулардан толық емдейді.
Наталья Мелех – «MVI» медициналық орталығының бас директоры / Израиль Біз үшін баланың туылуы ғана емес, өмірге дені сау болып келуі маңызды. 23 аптаға таяған нәрестенің 99 пайызын аман сақтап қаламыз. Тәжірибемізде, дене салмағы 425 грамды құрайтын сәбидің туылуы кездесті. Бәрі сәтті өтті. Ал, 700-800 грам балаларға кадиохирургиялық отаны ойланбастан жасаймыз. Үйренгілеріңіз келсе, Израильге келіңіздер.

Астанада соңғы 9 ай ішінде ай күніне жетпей 259 босану саны тіркелген. Ақ халаттылар әр нәрестенің өмірін сақтап, қалыптасуы үшін бар жігерін жұмсайды. Мәселен, 500 грамм дене салмағымен туылған, ас қорыту ағзасы жетілмеген сәбилерге керекті қоректі тамыр арқылы береді. Нәрестелердің толыққанды тыныс алуы үшін, дәрігерлер Израильдік әріптестерінің тәжірибесіне сүйене отырып, құрылғыларға тапсырыс берді.

Республикалық «Жас ақын» байқауының жеңімпазы анықталды



Республикалық «Жас ақын» байқауының жеңімпазы анықталды. Үздік танылу үшін еліміздің әр облысынан 18 бен 29 жас аралығындағы 400- ге жуық ақын ынтықты. Ақтық сынға оның 10- ы жолдама алды. Үміткерлер 3 кезеңнен сүрінбей өтті. Яғни, олар «Астана жастар жүрегінде», «Астана- жиырмадағы жас қала», «Еркін тақырыпта» қалам тербеп, жыр шумақтарын арнады.

Жеңіске баршасының бар таласы. Әр бірі елордаға арнаған өлеңін иірімді ұйқаспен әрлеп, мазмұнды сөзбен көркемдеді. Абайдың ізін жалғағандар, «ат тұяғын тай басарын» жадында сақтады. Оларға шабыт сыйлауға зиялы қауым өкілдері келіп еңселерін тіктей түсті.

Байқау нәтижесі бойынша 1-ші орын Дания Сәтбекқызына бұйырды. Шығыс Қазақстан облысынан келген ақын шабыт атты тұлпарын тақымдап, сүбелі сөз, отты өлеңімен тәнті етті.

Үздіктер сапына енгендерге қаржылай сыйлық табысталды. Ақындар мүшәйрасы концеттік бағдарламамен жалғасты.

Түн батырлары!

Қытымыр қыс жақындай бергенде, елорда ақ ұлпаға оранады. Халықтың қауіпсіздігін күзеткен мамандар, алғашқы күннен – ақ қар тазалау жұмыстарын үдетеді. Мәселен, Астана қаласы бойынша көлемі жағынан 2-ші орынды алатын Байқоңыр ауданында 16 мердігер мекеме артылған міндетті уақытылы орындайды. Жұмысты атқаруға 130 мамандандырылған техника тартылған. Оның сапын биыл су жаңа құрылғылар толтырды.
280 адам 2 ауысыммен 6 — 8 сағат аралығында жұмыс істейді. Олар бет қаратпас боран, желге қарамастан өз қызметтерін мүлтіксіз орындайды. Қиындықтан қаймықпай, ісін сүйіспеншілікпен атқарады. Айтуларынша, нәпақасын табумен қатар, Астананың тазалығына, тұрғындардың қауіпсіздігіне үлес қосуда.
Жұмысшылар, жолмен қатар көпқабатты үйлердің ауласы, Байқоңыр ауданына қарасты 19 саябақты да тазалайды. Күн – түн демей ауыр істі атқаратындардың еңбегі қашан да елеулі. Тұрғындар да жұмыстарын жоғары бағалайды.
Байқоңыр ауданында соңғы он күндік ішінде қардың 30 мың текше метрі қала сыртына шығарылды. Тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға 90 текше метр құм-тұз қоспасы себілді. Әкімдік қызметкерлері 107 пәтер иелері кооперативімен тығыз жұмыс істейді.

«Сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасағының құрылғанына 5 жыл



Биыл, «Сақшы» құқықтық тәртіпті сақтау студенттік жасағының құрылғанына 5 жыл. Осы уақыттан бері 1500-ге жуық жас темірдей тәртіпке бағынып, құқық бұзушылықпен күресіп келеді. Олардың бірі Қуаныш Төкен. Басқару колледжінің 3-ші курс студенті, тәртіп сақшыларымен рейдтік шараларға шығып, әкімшілік хаттама толтырып, қаланың қауіпсіздігін сақтауға үлесін қосуда.
Астана қаласы бойынша жас сақшылардың қатысуымен 1 жылда 50 құқықбұзушылық әшкереленді.Іс сотта қаралып, әкімшілік айыппұл салынды. Тәртіп сақшылары, ізбасарларының еңбекқорлығы мен отансүйгіштігіне сүйсіне қарап, жоғары бағасын берді.
Бұл жылы студенттер жасағының құрамы 200 жаспен толықты. Бүгін, белсенділігімен көзге түсіп, міндетін жақсы атқарғандар марапатталды. Бұл олардың шабытын шалқытып, жұмысын одан әрі нәтижелі орындауға серпін бермек. Жастар, ұлағатты ісімен елге үлгі болған аға буынның алғысын алды.
Жастардың патриоттық сезімдерін еселеуге эстрада жұлдыздары жалынды әндерін орындады. Тыңдармандардың рухын асқақтатып, жандарын жадырата түсті.

Ғажап көпірге саяхат. Шыңғыс Қожабековпен бірге

«Астананы жағаlike» — қала тұрғындары мен қонақтарын тәнті еткен сәулет өнерінің туындылары, қызықты демалыс орындары жайында әңгімелейтін танымдық жоба. Жеңіл әзілдер, сапалы бейне көрініс оның басты ерекшелігі болмақ. Бағдарламаның жүргізушісі талантты жайдарманшы Шыңғыс Қожабеков.

Жобаның алғашқы саны Астанадағы жаңа, ерекше нысанның бірі «Атырау көпіріне» арналады.