2016 жылы елорданың айналасына 350 мыңнан астам көшет отырғызылады


Келер жылы елорданың «жасыл белдеуі» аумағында ауданы 291 гектар жерге 353 560 көшет отырғызылады. 2017-2030 жж. аралығында ағаш егуге жарамды жалпы ауданы 9 827 гектар жерге жобалардың төрт кезеңімен (үшіншіден алтыншыға дейін) ағаш отырғызу жоспарланған, оның ішінде 2 792 гектарға жабық тамыр жүйесімен 4,1 млн. данадан аса көшет егіледі. Бұдан бөлек, биотоптар құрылып, 1749 гектар жерге шөп өсіріледі.