Астана "Жастар жалыны" форумы



Астана «Жастар жалыны» форумы өтті

Жастар – қоғамның тегеурінді күші. Елдің алға ілгерілеп, дамуы жолында қоғамның осы тобына артылар жүк ауыр. Жасампаздыққа жан құмартқандардың дүниетанымын кеңейтпекке " жастар жалыны" форумы Астанада ұйымдастырылды.
Жастарға ілкімді ой айтып, бағдар беруге жетістікке жеткен 20 арнайы қонақ шақыртылды. Олар өмір өткелдерімен бөлісіп, жиналғанларға шабыт сыйлады. Олардың бірі — Арслан Дамиров. Жоғары оқу орнында білім алудан бас тартқан ол, 17 жасында кәсібін бастап, қалыптасқан таптаурындарды бұзды. 5 жыл ішінде тіл үйрету орталығының ауқымын кеңейтіп, кәсібін Ресейде де дөңгелетуде.
Арслан Дамиров — кәсіпкер
Әр адам Мен кіммін? Өмірге не үшін келдім? деген сауалдарға жауап берсе, жолы айқындалады. Мен сұрақтарға 17 жасымда жауап іздеп, кәсіпкер атандым. Жетістікке жету үшін пікір 1 арнаға тоғысатын жандармен мықты команда құру қажет.
Қиындықты қасқая жеңген Серік Есматов, жастардың қошеметіне бөленіп, үлгі болды. Қос аяғынан айырылған ол үмітін өшірмей, белестерді бағындыруға кірісті. Нәтижесінде, паралимпиада жүлдегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды.
Серік Есматов — паралимпиада жүлдегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы
Қиындыққа мойымау керек. Мен 13 жасымда оқыс оқиғадан 2 аяғымнан бірдей айырылдым. Соған қарамастан, жүректегі қорқынышты жеңіп, өзімді дамыттып. Спортқа ден қойып, волейболмен айналыстым. 1500 кітап оқып, болашағымды жарқын етуге тырыстым. Сіздер де мақсаттарыңызға айқын қадам басыңыздар.
Форумға 1000 жуық жас қатысты. Қажетті ақпараттарға қанық болғандар, алғыстарын қошеметпен жеткізді.
Жастарға ұсынылған тарту мұнымен толастамады. Рухани байығандар, концерттік бағдарлама тамашалап, бір серпілді.

«Астана LRT» – қоғамдық көліктер халықтың уақытын үнемдеуге қауқарлы

«Астана LRT» – қоғамдық көліктер халықтың уақытын үнемдеуге қауқарлы.
«Astana Aspany» бағдарламасының алғашқы қонағы «Астана LRT» ЖШС-ның төлем жүйелері департаментінің директоры Дәурен Нұралиев болды. Еліміздің бас шаһарын «ақылды қалаға» айналдырар, жергілікті биліктің негізгі жобаларының бірі, соңғы бірнеше жылда біраз жаңалықтарды енгізіп үлгерді. Ондағы мақсат: қала тұрғындарын уақытын, шығынын ыңғайлы жолмен үнемдеуге септігін тигізу. Бағдарлама барысында Дәурен Нұралиев мырза, жүргізушінің сан түрлі сұрақтарына жауап беріп, халыққа пайдалы ақпараттармен бөліседі.

Жастардың жұлдызын жағатын байқау



Жастардың жұлдызын жағатын байқау

Астанада тұңғыш рет «Жаңа белес» байқауы өтті. Өнерлілер додасына бас қаланың 35 арнайы орта білім беретін оқу орындарының студенттері қатысты. Жалынды жастар тыңғылықты дайындалып, үздік танылуға ынтықты. Шеберліктерін шыңдап, жанкүйерлердің ықыласына бөленді.

Жеңіске жетіп, талантын танытуға мыңнан астам студент ниет білдірген. Олар ән, би, мәнерлеп оқу, сиқыр, кім ақылды аталымдары бойынша бақ сынауда. Үміткерлер сапында ауқымды байқау жеңімпаздары мен сахнаға алғаш рет шығатындары да бар.

Үміткерлердің шабытын шалқытуға жанкүйерлер ерекше ынтызарлық танытты. Жасампаздыққа ұмтылып, арнайы киім киіп, ұрандарын айтып, ерекшеленуге тырысты. Өйткені, байқау аясында үздік жанкүйерлер де анықталады.

Жастарға қолдау көрсетуге эстрада жұлдыздары келіп, әннен әуелетті. Айта кетейік, жарыс 6 күнге созылады. Жүзден жүйрік шыққандарға қаржылай сый табысталады.

Астана Опера. Шыңғыс Қожабековпен бірге | Астананы жағаlike

Мәдениеттің ең жоғары сатысы болып саналатын, опера өнерінің алтын ордасы «Астана Опера» ғимаратын, тек сыртынан тамашалап жүрген болсаңыз, бұл дәл сізге арналған шығарылым!)
«Астананы ЖағаLike» жобасының бұл бөлімі керемет ғимарат «Астана Опера»-ға арналады!

Қайрат Баекенов. Ол екi чемоданмен келген еді

Қайрат Баекенов — музыкант, композитор. «Формат» тобының продюсерi. Астана қаласына екi чемоданмен келiп елордамен бiрге шығармашылығын дамытқан өнер адамы.
«Astana Aspany» бағдарламасының кезекті қонағы Қайрат Баекенов өз сұқбатында мамандық таңдау мен жар таңдаудың сырымен бөліседі. Елордаға арман қуып келіп, жанды дауыста ән салатын вокалды-инструменталды ансамбль құрып аяққа тұрғызған. Оның шығармашылық жолы үлкен ізденіс пен әрдайым жаңашылдықты талап етті. Осылайша, Қайрат өзінің отандық эстрадаға деген кәсіби көзқарасы мен өмірлік ұстанымдары туралы айтады.

Астанада "Шабыт" шығармашыл жастар фестивалі басталды



Астанада «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалі басталды. Осымен 21-ші рет өткізілген байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы 600-ден астам үміткер қатысты. Олар, 5 күн бойы сынға түсіп, жүзден жүйрікті анықтайды. Мәселен, алғашында мыс үрмелі аспаптар аталымына 18 адам қатысса, 2-ші кезеңге оның тек 9-ы жолдама алды.

Әр үміткерге артылған жүк ауыр. Олар елінің намысын қорғап қана қоймай, өнер айдынында өрістерін кеңейтеді. Қатысушылардың бұл жылғы мүмкіндігін
Ресей, Украина, Қырғызстан, Австрия, Германия, Грузия, Македония, Израильден келген көрнекті мәдениет қайраткерлері бағалайды.

Үміткерлер 5 аталым бойынша сынға түсуде. Талантын танытқысы келгендер, тыңғылықты дайындалып, бар өнерлерін паш етті. Қатысушылар, Шабыт фестивалінің деңгейі қашан да асқақ дейді.

Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау елімізбен қатар Ресей, Украина, Грузия, Израиль, Қырғызстан, Әзербайжан, Өзбекстанның таланттарын тоғыстырды. Фестивальдің биылғы ерекшелігі, 6 жыл бұрын бағдарламадан шыққан журналистика аталымы қайта енгізілді. Айта кетейік, байқауға 21 жыл ішінде 10 мыңнан астам үміткер қатысып, жұлдызын жаққан.

Астаналықтар шұғыл жағдайда қайда хабарласулары керек? | Ikomek



Астана қаласы Əкiмдiгiнiң қолдауымен «Астана Аспаны» сұқбаттық жанрда түсiрiлетiн жоба əлеуметтiк желiлерде жарық кɵрдi. Бағдарламамыздың басты мақсаты — Елорданың ɵсiп — ɵркендеуiне ɵз ықпалын тигiзген жандардың еңбек жолы мен ɵмiрлiк ұстанымдары туралы баяндау. Хабарымыздың кезектi кейiпкерi — «I komek » қалалық мониторинг және шұғыл әрекет ету орталығының басшысы Жаннат Дубирова. «Ikomek» орталығы Елорданың шаруашылық жұмыстары мен қауіпсіздік шараларын бақылауға алып, тұрғындардың сұраныстарын «109» call-байланыс нөмері арқылы қабылдайды. «Астана су арнасы», «LRT» қоғамдық көлігі, «Жедел жәрдем» станциялары және қаладағы төтенше жағдайлар мен көшелерде орнатылған бейнебақылаулардың жұмыстары туралы баяндайды.

«Шабыт» фестивалінің жеңімпаздары кімдер?



обоист Ислам Әлиев «Шабыт» фестивалінің жеңімпазы атанды

ХХІ «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінде Президент кубогы гобоишы Ислам Әлиевке бұйырды. Биылғы фестивальдің жеңімпазы «Классикалық музыка: ағаш үрмелі аспаптар» номинациясында да Гран-при алды.
Бүгін Астанада өткен байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері жария етілді.
«Классикалық музыка» номинациясында қатысушылар 4 секцияда шеберлік байқасты: ағаш және мыс үрмелі аспаптар, соқпалы аспаптар және камералық ансамбльдер.
Мейіржан Кеңесбаев, Айя Ғаббасова, Леонид Мысовский, Бағжан Есіркеп енген квартет үздік камералық ансамбль (Гран-при) деп танылды. Бұл ішкі номинацияда SARDOR ішекті аспаптар квартеті бірінші орын алды.
«Классикалық музыка: мыс үрмелі аспаптар» секциясында Азат Әбілқасымов топ жарды. Ағаш аспаптарда ойнауда Тілек Дәуітқан мен Владимир Ардашев көш бастады. «Соқпалы аспапта» Арыстан Әбілдин Гран-при иеленсе, бірінші орында – Худойберган Бахромов.
Үстіміздегі жылы «Халық музыкасы» номинациясы үш секциядан құралды: «қобыз», «прима-қобыз», «домра-прима, шертер, бас-шертер».
Байқау қрытындысы бойынша Шолпан Шарапатова үздік қобызшы атанып, гран-при алды, ал Мәдина Тілеубаева бірінші орында.
«Домра-прима, шертер, бас-шертер» категориясында Гран-при Әділхан Годжанов гран-при иеленді, Баян Мұрзабекова (шертер) және Қазаннан келген қатысушы Вера Ледянина (домра-прима) бірінші орынды бөлісті.
«Прима-қобыз» номинациясында қазылар алқасы Айым Мейірханованың өнеріне жоғары бағасын берді, ал бірінші орын Аида Әбдуғалиге бұйырды.
Фестивальдің үздік вокалисті – астаналық Ахмет Сұлтан болса, «эастрадалық вокал» номинациясында түркістандық Ерік Төленов алтын алды.
«Хореография» номинациясыгда Гран-при қазылар алқасының бірауыздан қабылдаған шешімімен елордалық «Наз» би театрына берілді. Бірінші орынды петропавлдық «Мәңгілік» ансамблі және жергілікті «Шалқыма» би ансамблінің артисі Айсұлу Мұратқалиева бөлісті.
Фесивальде көптен бері болмаған «Журналистика» номинациясында гран-при «Қазақстан» телеарнасының журналисті Нартай Сәрсенғалиевке бұйырды. Бірінші орын алған үздік телевизиялық сюжеттің авторы Лаура Байбатчановой (Хабар). «Программалық сюжеттер және деректі фильмдер» ішкі номинациясында Лимара Удасова алтын алды. Egemen.kz тілшісі Назерке Жұмабайдың еңбегі «интернет ресурстар» секциясында топ жарды. Шерхан Мұртаза атындағы арнайы сыйлықты қазылар алқасы Aikyn.kz.қызметкері Динара Тілеубекке табыстау туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Арбатпен танысайық

Демалыс пен серуенді сүйетін жандарға, Астанамыздың осы жерлерін жақсырақ танып алу керек!)
Қалалық арбат, жағалау мен орталық саябақ, осының барлығын «Астананы ЖағаLike» жобасының осы бөлімінен тамашалаңыздар


Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды



Астанада дзюдодан Қазақстан чемпионаты басталды. Қарашаның 13 мен 16 аралағанда өтіп жатқан жарыста 14 облыс пен үш мегаполистің спортшылары бақ сынауда. Олардың сапында халықаралық аренада ел абыройын асқақтатып жүрген дзюдошылар да бар. Әр бірі жеңіске жетуге ынтығып, үздік нәтиже көрсетуде.

Ел біріншілігіне 500-ге тарта спортшы қатысуда. Олар 14 салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтының ішінен ең үздігін анықтайды. Әр облыстың баптаған тұлпарлары дара танылып, татамиде мүмкіндігін байқауда. 3 күндік қорытынды бойынша медальдар санымен Маңғыстау облысы көш басында. Қоржында 3 алтын 2 күміс 1 қола

Ел біріншілігінде жеңіске жеткендер ұлттық құраманың сапына еніп, халықаралық жарыстарға жолдама алады.

Айта кетейік, қазіргі таңда Астанада 100-ден астам дзюдо секциясы жұмыс істейді. Қатары 2019 жылы 85 секциямен толығады