Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарында бүгін біздің Құрама Германиямен кездеседі, Кайзерслаутернда Фриц Вальтер стадионында. Ойын біздің сағатпен 00:50-де Хабар арнасынан тікелей көрсетіледі.
Ойынға болжам жасап керек емес сияқты. Жаңа бапкеріміз Беранек сиқыршы емес, сондай-ақ біздің қорғаным шебі Абдуллин, Кислицын сияқты "қорғаушылардан" құралғасын бұл шепті қорғаныс деп айтуға да келмейді. Жарақаттарына байланысты Смаков пен Карпович те бүгін алаңға шыға алмайды.
13 наурыз күні Милан — Бари матчының алдында Газетта делло Спорт газетінің акциясы өтіпті, қоғамдық маңызы бар акция болуы керек. Ойын алдында футболшылар алаңға шығып әртістік әрекеттер істей бастайды. Қараңдар, қызық!
17 наурыз күні суперлиганың 3-ші турында Ақтөбе өз алаңында тобылды қабылдайды. Ақтөбеліктер бұл күнді асыға күтеді. Осы дербиге байланысты фанаттар дайындаған превьюді ұсынамын:
Осы түкеңдер-ақ таяқ жейді де жүреді. Бұдан бірнеше апта бұрын Бешікташта екі қошқарррр..., кешіріңіз, екі капитанның басы бір қазанға сыймай, Тораманды ұрған Үзілмезді командадан аластатқан-тұғын. Ал кешегі аптада ұлттық құрамадағы ойыншы, «Айнтрахтта» доп теуіп жүрген егіздің сыңары Халил Алтынтоп командаласы Патрик Охстан таяқ жеді.
Үзілмезен "құтылғаннан" кейін Бешікташ жеңіспен жылап көрісетін болды. Үзілмез кеткелі тек Антальясорды ғана жеңе білген «бүркіттердің» жанкүйері бұл сәтсіздікті Ибрахим Үзілмездің кетуімен байланыстырады.
Бешікташ билігіне деген өкпесі қара қазандай Үзілмез де ішінен «сауап» деп жатпаса неғылсын…