Қазақ жігіті "Челсиде" ойнауы мүмкін

"Қайрат" командасының жартылай қорғаушысы Қанат Болатов ағылшындардың «Челси»(Лондон) командасында ойнап қалуы мүмкін. Әзірге ресми мәлімдеме жасалмағанымен 21 жасар бұл ойыншы ағылшындықтардың сапында екі-үш жыл тәжірибе жинап келсе бізге жаман бола қоймас еді.

Толығырақ
Әрі қарай

Еуропа Лигасының 3-ші раунд жеребесі өтті



Жаңа ғана Еуропа Лигасының келесі раундының жеребесі өтті. Егер осы раундтан біздің командалар аман өтсе, келесі раундтағы қарсыластары мына командалар:

Алания (Ресей) — Ақтөбе
Карпаты (Украина) — Шахтер
Ертіс — Ренн (Франция)
Әрі қарай

Еуропа Лигасында Қазақтар күні


Жігіттер бүгін жарады. Еуропа лигасында ойнаған үш командамыз да бүгін сәтті ойнады. Қарағандыда «Шахтер» Ирландияның «Сент Патрикс» командасын 2-1 жеңіп, келесі раундқа өту үшін үлкен қадам жасады. Ал сырт алаңдарда ойнаған «Ертіс» пен «Ақтөбе» 1-1 тең түсті. Павлодарлықтар Грузияның «Олимпи» командасымен ойнаса, «Ақтөбе» Венгрияның «Кечкеметімен» ойнады. Сырт алаңда соғылған бұл голдар келесі аптада ойналатын реванш матчтарына үлкен жеңілдік әкеліп отыр.
Әрі қарай

Футбол синдромы...



Басталды менің ауруым тағы да… Бүгін футбол. Менің «Ақтөбем» Еуропа лигасында Венгрияның «Кечкемет» командасымен ойнайды. Әрине, біздің ТВ ол ойынды көрсетпейді, ақша жоқ, техника жоқ сгин. www.livetv.ru сайты аман болсын, интернет арқылы көремін ойынды.

Менде осындай маңызды футбол болатын күндері ауруым басталады. Күні бойы барлық жұмыстар жайына қалады. Тек осы футболды ойлаумен боламын. Ойын басталады ауру асқына бастайды, айналаңдағы бәріне жының келеді, ешкіммен сөйлескің келмейді. Ойын бітеді, ұтасың немесе ұтыласың. Қуанасың немесе боқтайсың. Сосын бір темекі, сок, ұйқы. Ертеңіне түк болмағандай өмір қайтадан жалғасады…
Әрі қарай

Ақтөбенің қарсыласы белгілі болды - Кечкемет (Венгрия)



Ақтөбенің биылғы Еуропа Лигасындағы қарсыласы анықталды. Жеребе бойынша бізге Венгрия кубогының иегері Кечкемет командасы түсті. Алғашқы ойын қарсылас алаңында 14 шілдеде, ал қарымта ойын Ақтөбеде 21 шілдеде.
Әрі қарай