ХВҚ басшысы Кристин Лагард Астанаға келеді

Халықаралық валюта қорының Басқарушы директоры Кристин Лагард Астана экономикалық форумының (АЭФ) аясында ХВҚ-ның Өңірлік конференциясына қатысу үшін келесі аптада Қазақстанға келеді.

Бұл туралы бүгін журналистерге ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов хабарлады.
«АЭФ-ке орайластырылған ХВҚ-ның Өңірлік конференциясы 24 мамырда Астана қаласында жабық дөңгелек үстел форматында өтеді.

Астана жаңалықтары: ХВҚ басшысы Кристин Лагард Астанаға келедіАстана жаңалықтары: ХВҚ басшысы Кристин Лагард Астанаға келеді

Конференцияға қатысушылар ретінде Орталық Азия, Кавказ, Еуразия өңірінің елдері экономикалық блогының бірінші басшылары сөз сөйлейді» — деді Ғ. Пірматов. Оның айтуынша, конференция барысында өңірдің ағымдағы экономикалық жағдайын және ортамерзімді перспективада орнықты өсуге жәрдемдесуді талқылау жоспарланған.

Еске сала кетсек, ХВҚ-ның негізгі мақсаты экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесу және қорға мүше елдерге практикалық көмек көрсету.
Әрі қарай

Қаржы министрі Ұлттық пантеон құрылысының сараптамалық құны ғана белгілі екенін мәлімдеді

Ұлттық пантеон құрылысы құнының сараптамалық бағасы ғана белгілі. Бұл туралы бүгін Мәжілісте 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп талқыланғаннан кейін журналистерге берген сұхбатында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Астана жаңалықтары: Қаржы министрі Ұлттық пантеон құрылысының сараптамалық құны ғана белгілі екенін мәлімдеді

«Қазіргі таңда аталған мәселенің жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеу жүріп жатыр. Осыған қатысты әлі де бірдеңе айту ертерек. Соған қарағанда, бұл тек сараптамалық бағалау ғана, біз әлі құжаттаманы қараған емеспіз», — деді Б. Сұлтанов. Оның айтуынша, бұл мәселе Астана қалалық әкімдігінде талқыланған болуы мүмкін, алайда министрлікке пантеон құрылысының құны көрсетілген құжаттар келіп түспеген.

Айта кетсек, бұған дейін бірқатар БАҚ Астана қалалық әкімдігіне сілтеме жасап, онда Ұлттық пантеон құрылысының техникалық-экономикалық негіздемелік құны 79 миллиард теңге құрайтыны туралы ақпараттар айтылған еді.
Әрі қарай

"Алау" мұз сарайы көп функционалды спорт кешеніне айналды

Күн жылынғалы «Алау» мұз сарайы көп функционалды спорт кешеніне айналды. Енді онда бадминтон, үстел теннисін ойнап, уақытыңызды көңілді өткізе аласыз, сондай-ақ, роллерлер үшін 400 метрлік жол жасалған. Коньки тебуге келгендер үшін шағын мұз корт дайындалды. Ал жақын арада «Алау» мұз сарайындағы ойын-сауықтар шағын гольфпен толықпақ.

– Біз Астанада бұқаралық спортты дамыту қолдаймыз. Сондықтан 1 мамырдан бастап барлық елорда тұрғындары мен қонақтарын біздің жазғы орталығына шақырамыз. Жазғы «Алау» спорт орталығы дүйсенбіден басқа күндері жұмыс істейді. «Алау» сағат 18.00-21.00 дейін жұмыс істейді. Келушілерге қолайлы болу үшін демалыс күндері үш сеанс ұйымдастырылады: біріншісі сағат 10.00-13.00, екіншісі – 14.00-17.00, үшіншісі – 18.00-21.00 аралығында, — дейді мұз сарайындағылар.

Астана жаңалықтары: Алау мұз сарайы көп функционалды спорт кешеніне айналды

Ересектер үшін билеттің құны 1000 теңге, балалар үшін – 500 теңге. Келушілерге икемді жеңілдіктер жүйесі қарастырылған. 5 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға, зейнеткерлер мен III топтағы мүгедектерге 50% мөлшерінде жеңілдік жасалады. 5 жасқа дейінгі балаларға, І және ІІ топтағы мүгедектерге, көп балалы отбасылардан шыққан балалар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне кіру мен жабдықтар тегін беріледі. Сонымен қатар, 1 маусымнан бастап мектеп жанындағы лагерьлер үшін 20% мөлшерінде жеңілдік қарастырылған. Осылайша балалар кіру мен жабдықтар үшін 800 теңге төлейтін болады.

Астана жаңалықтары: Алау мұз сарайы көп функционалды спорт кешеніне айналды

«Алау» әрқашан өз қонақтарын қуантуға тырысады. Сондықтан орталық аумағында далада жағажай волейболын және шағын футбол ойнауға болады. Бұдан басқа, «Алау» МКҚК директорының орынбасары Ильдар Садықовтың айтуынша, биыл шағын гольф та енгізілмек.

– «Алау» еліміздегі адамдар көптеп келетін спорт нысандарының бірі, біз орталықтың беделін арттыру үшін жаңа жобаларды жүзеге асырамыз. Биыл енгізілгелі отырған жаңалықтардың бірі – шағын гольф. Оның үстіне, балалар өздеріне лайық ойындарды таба алатындай отбасылық спорт орталығын жасағымыз келеді. Сондықтан кішкентай астаналықтар үшін арнайы үрлемелі батут құрылды, — деді И. Садықов.

Сондай-ақ, «Алау» МС әр түрлі турнирлер де өткізіледі. Жақын арада мұнда теннистен Елорда күніне орайластырылған Astana Сup – 2016 марафоны өтеді. 1 маусым -Халықаралық балаларды қорғау күні мұз сарайында ашық есік күні ұйымдастырылып, келушілердің барлығы орталыққа тегін кіріп, уақыттарын көңілді өткізе алады.

Материал Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz деректері бойынша әзірленді.
Әрі қарай

ASTRA PLAT көлік карталарын беру автоматтандырылады

Қоғамдық көлікте қатынау карталарын беру процессін автоматтандыруға байланысты жеңілдікті көлік карталарын беру пункті техникалық себептер бойынша жабық болады деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.

«Астана LRT» ЖШС Төлем жүйелері орталығының мәліметіне сәйкес, техникалық үзіліс карточкалардың жалпы санының жартысы берілген уақытқа алдын ала жоспарланған болатын. Қазіргі кезде мамандармен 54 мың картаның 26 мыңға жуығы берілген.

«Процедура автоматтандырылған, оператор арнайы қосымшаға азаматтың мәліметтерін енгізеді, сонда қажетті картаның қай секторда, қай қорапта жатқанын көреді. Бұл бір адамға 2-3 минуттың ішінде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Осы күнге дейін карталардың жартысы таратылды. Сәйкесінше, кейбір қорапта карта көп, кейбірінде аз. Сондықтан, біз қалған карточкаларды реттеу үшін техникалық үзілісті алдын ала жоспарлаған болатынбыз, — деді Төлем жүйелері орталығының директоры Сергей Попов.

Астана жаңалықтары: ASTRA PLAT көлік карталарын беру автоматтандырылады

Еске салайық, 2016 жылғы 4 мамырда қоғамдық көлікте «ASTRA PLAT» электронды жолақы төлеу жүйесін енгізу аясында «Жастар» сарайында азаматтардың жеңілдетілген санатына атаулы көлік карталары таратыла бастады. Жобаның бірінші кезеңін 31 мамырға дейін іске қосу және экспресс пен қала маңына қатынайтын маршруттарды қамту көзделген. Бұл жүйе тасымалдау қызметтері үшін қаржы түсімінің айқындылығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ жолаушыларға көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Әрі қарай

Астанада славян жазуы және мәдениеті күні өтеді

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті «Қазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» аясында Славян жазуы және мәдениеті күнін өткізеді. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Астана жаңалықтары: Астанада славян жазуы және мәдениеті күні өтеді

Шара барысында славян жазуларын зерттеуші жетекші ғалымдар славян жазбаларының түрлі аспектілері, славян тілдерінің бүгінгі ахуалы бойынша өзара пікір алмасады, сондай-ақ өзекті мәселелерді зерттеу мен бірлесе шешудің жолдары қарастырылады.

Бұл шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, Қазақстандағы славян және түркі мемлекеттерінің өкілетті елшілері, қазақстандық және шетелдік жетекші ғалымдар, этно-мәдени бірлестіктер және БАҚ өкілдері қатысады.

Осы атаулы күн аясында «Славян және түркі мәдени-тілдік байланыстары: дәстүрлер мен құндылықтар» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Шара славян жазулары мен мәдениеті күніне арналған концерттік бағдарламамен аяқталады.
Әрі қарай

Астаналық ару Сеулдегі сұлулық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетті

Елордалық OK-models агенттігінің сәнгері Сәния Сәкенова 2-14 мамыр аралығында Сеулде өткен MISSSUPERTALENT WORLD2016 халықаралық сұлулық байқауында Қазақстан атынан шықты деп хабарлады қазақ ақпарат агенттігі inform.kz.

OK-models агенттігінің ақпаратына сәйкес байқауға әлемнің 35 елінің өкілдері қатысқан. Екі апта бойы ақтық мәреге жеткен сұлулар әлеуметтік шараларға, түсірілімдер мен сұхбат берулерге қатысқан.

MISSSUPERTALENT WORLD сән мен шоу-бизнесі саласындағы тамаша жетістікке жеткендерді марапаттауға арналған Халықаралық «Star Awards» шарасы аясында өткізілді. Байқау қорытындысында Қазақстан өкілі әлемдік ТОП-15 сәнгері қатарынан табылды.

Осы ретте С.Сәкенова ғаламшардың ең сұлу әрі талантты аруын таңдау қалай жүргізілгендігі, кәсіби сәнгер қандай қасиеттерге ие болуы керектігі және Сеул недей ерекшеліктерімен есте қалғандығы жайында пікірімен бөлісті.

Астана жаңалықтары: Астаналық ару Сеулдегі сұлулық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетті

Сәния мұндай өте жоғары деңгейдегі шарға табысты қатысуыңмен құттықтаймыз! Байқау қалай өткендігі және төрешілердің сенім үдесіне шығу үшін қалай тырысқаның жайында айтып берсең.

Қайырлы күн, құттықтауларыңыз үшін рахмет. Жалпы, менің жан дүнием әлі күнге Сеулде десем де болады. Бұл байқау тек қана сәнгерлік келбетке сай қыздарға арналғанымен онда негізгі басымдық олардың дарынына да беріледі. Түпкі идеясы — қыздар тек сұлу ғана емес сонымен бірге көркіне ақылы сай болуы тиіс. Шығармашылық нөмір жайында маған алдын ала ескертілген емес. Оған қоса дайындалуға уақытым да бола қойған жоқ. Дегенмен, өзімнің дағдымды (Сәния бірнеше жыл бимен айналысқан) есіме түсіре отырып, нөмірімді көрсеттім. Өнер тек қатысушыларды ғана емес сонымен бірге төрешілерді де таң қалдырды деп айта аламын. Өкінішке орай, қысқа уақыттың ішінде кәсіби тұрғыдағы видеоны түсіріп, монтаж жасауға уақыт болмады. Соның кесірінен мен таланттар байқауына және ТОП-5-тікке енуіме жол бермеді. Егер осынау бір қиындықтар болмағанда… Кім біледі, мүмкін тәж менікі болар ма еді…

Конкурсқа қатысқан сәттен финалға дейін қандай іс-шараларға қатыстың?

Kiamotors компаниясы үшін Jessy Dress көйлектерімен фотосессияға қатысуым бәрін бұрын есімде сақталып қалды. Сонымен қатар қонақ үйлерде, клубтарда фотосессиядар жүргізілді. Сеул қаласы тұрғындары үшін кинофестивальдің ашылуында біздердің сәнді киімдермен жүріп өтуіміз зор мереке болған сияқты. Әсіресе, балалар біздің шеруімізге таңданыспен қарады. Мұнан бөлек, футбол және баскетбол ойындарына барып, көптеген жарнамалық жобаларға, түрлі тұсаукесерлер мен балалар мерекелеріне қатыстық.

Байқаудың шырқау шегі, финалдық шоу қалай өткендігін айтып берсең?

Ақтық сайыс Сеулдегі ең тамаша қонақ үйлердің бірі КingHotel-де өтті. Шоуға өте көп адам келді, залда ине шаншар орын болмады десек те болады. Ақтық сайыста біз негізінен подиумда түрлі костюмдермен жүрдік.

Бұл байқауға қатысқан барлық қыздардың да өте сұлу әрі жеңіске лайық болғандығын атап өткім келеді. Әсіресе, маған Сингапур, Моңғолия, Ресей, Пуэрто-Рико, Мексика, Чехия, Болгария, Вьетнам, Ұлыбритания, Қытай қыздары ұнады.

Әлемдік ауқымдағы байқауға қатысу тәжірибеңіз бар. Енді сәнгерлікті енді бастағандарға қандай ақыл-кеңес берер едің?

Бірақ нәрсе айтамын: Егер сенде отаныңнан тысқары жерде өтетін халықаралық байқауға қатысу мүмкіндігі туса, іркілмей бар. Бұл сенің кәсіби тұрғыда өсуіңе баға жетпес тәжірибе және өз еліңді паш етуге беріліп отырған бірегей мүмкіншілік. Мұнай байқауға Еуропа мен Азияның белгілі сәнгерлері қатысып жатады. Олармен әңгімелесу әрі тәжірибе жинау әр уақытта да пайдалы. Бұған қоса, ағылшын тілін ауыз екі сөйлеуде де біраз меңгеріп аласың. Өйткені, бұл тілде барлығы да сөйлейді десек болады. Барынша белсенді, ашық әрі өзіңді өзің қорғай алуға тиіссің. Адамдар әр түрлі, бұл өмір, соған бейімделе түс.

Астана жаңалықтары: Астаналық ару Сеулдегі сұлулық байқауында Қазақстан атынан өнер көрсетті
Әрі қарай

Астанада джиу-джитсу жекпе-жегі танымалдыққа ие болуда

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорттық-сауықтыру кешенінде жасөпірім және ересек спортшылар арасында джиу-джитсу белбеуіне жоспарлы көктемгі аттестация өтті деп хабарлады inform.kz ақпараттық агенттігі.

Астана жаңалықтары: Астанада джиу-джитсу жекпе-жегі танымалдыққа ие болуда

Аттестация комиссиясы құрамында Қазақстан Джиу-джитсу қауымдастығының жаттықтырушы құрамы, сонымен қатар байқаушы кеңесінің мүшелері болды.

Жалпы алғанда, шараға 80-ге жуық адам қатысты олардың арасында балалар үйінің тәрбиеленушілері, халықаралық жарыстарға қатысушылар да болды.

Астана жаңалықтары: Астанада джиу-джитсу жекпе-жегі танымалдыққа ие болуда

Айта кетерлігі, соңғы уақытта әйелдер арасында бұл спорт түріне зор қызығушылық байқалады. Бүгінгі шара қатысқандардың 7 пайызын қыздар құрады.

Аттестацияға қатысушылардың басым бөлігі өздерінің жаңа белбеуге лайықты екендіктерін дәлелдеді. Бұл жаттықтырушы құрам мен спортшылардың өздерінің жүйелі әрі қарқынды жұмыстарының жемісі деуге болады.
Әрі қарай

«Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтті

Бүгін Астанада «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы басталды деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Шара барысында жүргізушілер полиция қызметкерлеріне сұрақтар қойып, өтініштері мен ұсыныстарын жолдай алады. Таңертеңгі сағат 10.00 басталған акция кешкі сағат 18.00 дейін жалғасты.

Астана жаңалықтары: «Жолдағы қабылдау» республикалық акциясы өтті

Күні бойы кешкі адамдар Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасының және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясының өкілдеріне өз сұрақтарын тікелей жолдай алады. Мобильді топтар «Жолдағы қабылдау» деген жазуы бар шағын автобустарда қабылдауда. Акция «Думан» ойын-сауық орталығының алдындағы тұрақта басталды, содан кейін колонна «Рубеж» жүйесінің бекеттеріне барады, бұдан басқа, азаматтарды қабылдау №1 автобус паркінде, мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында, «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» аудандарында аумақтық АІІБ және полицияның учаскелік пунктерінде жүзеге асырылуда.

– Акцияның мақсаты жол қауіпсіздігі саласында жол-патрульдік полиция жұмысының мәселелері бойынша азаматтарға консультативтік және құқықтық көмек көрсету, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы түсіндіру болып табылады. Халықтың қандай арыздары, проблемалары бар екенін білу мақсатында акция бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді. Негізінен, адамдар аулаларда тұрақ орындарының жетіспушілігіне, көше-жол желісіне, жаяу жүргіншілер өткелдерін және бағдаршамдар қоюға шағымданады, – деді Астана қаласының ІІД ЖПҚ жол-патрульдік қызмет бөлімінің басшысы, полиция майоры Рустем Өмірбеков.

Сондай-ақ, жүргізушілерді қабылдайтын орындарда анонимді сауалнама жүргізіліп жатыр. Сұралғандардың пікірі жұмыстағы кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік беріп, халықтың ішкі істер органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Әрі қарай

Жас инспекторлар слеті өтуде

Елордада жол қозғалысы жас инспекторларының кезекті қалалық слеті өтуде деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz. Биыл конкурста 10 адамнан тұратын 7 команда бағын сынауда. Балалар саптық дайындық, зардап шеккендрге бастапқы медициналық жәрдем көрсету, көшедегі жүрісті реттеушінің қимылдарын тану бойынша жарысады.

Астана жаңалықтары: Жас инспекторлар слеті өтуде

Бүгін М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайының сахнасында жеті команда аудандық іріктеуден өтіп, қалалық кезеңде бәсекеге түспек. Жеңімпаздар еліміздің барлық өңірлерінің командалары қатысатын республикалық конкурсқа жолдама алады.

– Биыл слет 16-шы рет өткізіледі. Ең басты мақсатымыз — барлық мектеп оқушыларының өзара қарым-қатынасын құру. Балалар республикалық слетта 10 күн бойы лагерьде болып, басқа аймақтардан келген балалармен араласады. Мұндай конкурстар оларды ой-өрісін дамытуға, кеңейтуге қосымша ынталандырады, – деді жергілікті полиция қызмтінің ювеналды полиция бөлімінің басшысы Бақытгүл Сарина.

Слет бағдарламасы жеті конкурстан тұрады, балалар велосипедпен мәнерлеп жүреді, тапқырлар мен білгірлер сайысына қатысады, ал үгіт-насихат бригадалары конкурсында әртістік өнерлерін ортаға салады.

– Байқауға бірінші рет қатысып отырмын. Бұл өте қызық, әрі танымдық конкурс. Жол жүру ережелерін білу аса маңызды. Форма кигенде өз-өзіме дген сенімім артады, балалармен көп уақытымызды бірге өткіземіз, ережелерді жаттаймыз. Осындай конкурста тек білімімізді ғана емес, шығармашылық қабілеттіліктерімізді де паш етеміз, – дейді №3 мктеп-гимназиясының оқушысы Ясмина Казанкапова.

Конкурс жеңімпаздары Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметінің дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Әрі қарай

Қабанбай батыр даңғылында көлік қозғалысы жабылады

Қабанбай батыр даңғылында Қорғалжын тасжолынан Республика даңғылына («Рамстор» дүкені жанындағы көпір) дейін жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты 22 мамырда аталған жол бөлігінде көлік қозғалысы жабылады деп хабарлайды Астана қаласы ікімдігінің ресми сайты astana.gov.kz.

Астана жаңалықтары: Қабанбай батыр даңғылында көлік қозғалысы жабылады

Айта кетейік, 14 мамырдан 5 маусымға дейін Өзбекәлі Жәнібек көшесінің Айнакөл көшесінен Қошқарбаев көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толығымен тоқтатылды.

Сонымен қатар, 13-23 мамыр аралығында Бөкейхан көшесінің Кенесары көшесінен Ағыбай батыр көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. 25 мамырға дейін Қошқарбаев көшесінің Момышұлы даңғылынан Сарыкөл көшесіне дейінгі бөлігі жартылай жабылады.
Әрі қарай