«1000 орын-көше саудасы» жобасы бойынша өтініштерді қабылдау мерзімі анықталды

«Astana» ӘКК» Ұлттық компаниясы «Астана қаласында көше саудасын жүргізу үшін павильондарды орналастыру туралы» жобаның аясында жер учаскелерін жалға беру келісімшартына ие болу үшін өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарланды әкімдіктің медиа орталығынан.

Жобаға қатысу үшін өтініштер ағымдағы жылдың 7-21 тамыз аралығында smart.astana.kz/ru/competition сайтында қабылданатын болады.

Өтінім берген кезде мына құжаттарды тіркеу керек: өтініш-анкета (үлгі); жеке кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат (қажет болса); өтініш берген кезде салық бойынша қарызының жоқ болуы туралы анықтама;

Өтінімдер тек шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен ғана қабылданады.

Байқауды өткізу мен өтініштерді қабылдау бойынша келесі мекен-жайға хабарласуға болады: «Astana» ӘКК» ҰК» АҚ байланыс телефондары: Астана қ., Есіл ауданы, Д. Қонаев к., 8 үй, 1413 кеңсе, тел. 8 (717) 261-35-54.
Әрі қарай

Астанада Қостанай облысының ауыл шаруашылық жəрмеңкесі өтуде

ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрме аясында демалыс күндері тауарөндірушілердің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өткізілуде.

Қала тұрғындары мен қонақтарына бұл жолы Қостанай облысының тауарөндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Осылайша азық-түлік өнімдерінің түрімен және баға саясатын білу мақсатында қала әкімі Әсет Исекешев жәрмеңкеге барды. Қостанай облысының басшысы Архимед Мұхамбетов Астана қаласының әкімін өңірдің ауылшаруашылық секторымен таныстырды"

Шара бағдарламасында отандық ауылшаруашылық өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ауылшаруашылық кешеннің жетістіктері көрсетілді.

Қостанай облысы әкімдігінің мәліметтері бойынша, екі күн бойы облыстың 3 қаласынан, 11 ауданнан 50-ден астам кәсіпорын ауылшаруашылық өнімін сатуда. Атап айтқанда: Алтынсарин, Әулиекөл, Жітіқара, Қостанай, Қамысты, Қарабалық, Мендіқара, Наурызым, Таранов, Федоров, Ұзынкөл аудандары, Аркалық, Рудный, Қостанай қалалары.

Жалпы 650 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері – 33 т, сүт өнімдері – 90 т, шұжық және еттің жартылай дайын өнімдері – 59 т, жарма және макарон өнімдері – 72 т, нан және тоқаш өнімдері – 70 т, ұн – 93 т, 72 мыңнан астам дана жұмыртқа.

Азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрі ұсынылады.

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін жәрмеңкеде базардың бағасынан төмен сомаға сатып ала алады.
Әрі қарай

«Астананың ақкөңілділер клубы» қарттар мен ерекше күтімді қажет ететін балаларды ЭКСПО көрмесіне апарды

Бүгінде ғаламтор желісінде «Астананың ақкөңілділер клубы» деген атаумен танылған қайырымдылық қозғалысының мүшелері қарттар үйінің тұрғындары мен ерекше күтімді қажет ететін балаларды ЭКСПО көрмесіне апарып, экскурсия өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Қарттар үйінің 60 тұрғыны мен ерекше күтімді қажет ететін 15 баланы ЭКСПО көрмесіне әкеліп, экскурсия өткіздік. Ата-әжелеріміз бен балалардың қуанышын айтып жеткізу мүмкін емес», — дейді «Астананың ақкөңілдер клубының» негізін қалаушы Гүлмира Абдрашева.

Оның айтуынша, бүгінде еліміздегі ірі қозғалысқа айналған аталмыш клуб алты қалада жұмыс істейді. Қозғалыс мүшелері-еріктілеріне қойылатын басты шарт жақын кенттерді қамқорлыққа алып, сол жердің тұрғындарымен жұмыс істеу.

«Астананың ақкөңілдер клубы» елорда маңындағы бірқатар ауылдарды қамқорлыққа алды. Атап айтқанда, Атбасар қаласы, Колотун, Семеновка ауылдары бар. Жақында олардың қатарына Новоишимовка ауылы қосылды», — деді Г.Абдрашева.

Айта кететіні,«Астананың ақкөңілдер клубы» әлеуемттік аз қамтылған отбасылардан бөлек, бүгінде қараусыз қалаған жануарлар мәселесі, қаланың санитарлық тазалығына қатысты бастама көтеріп, нақты жұмыстар істеп келеді.
Әрі қарай

Қысқа мерзімдік курстар үшін оқыту орталықтары белгіленді

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Алматы облысында биылғы жылдың сәуір айынан бері 4275 жұмыссыз азамат қысқа мерзімдік оқытуға жіберілді. Бүгінгі бүнге 1730 адам оқуды аяқтап, соның 741-і жұмысқа орналастырылды, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмыссыз азаматтарға қысқа мерзімді курстарды кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарының базасында ұйымдастыру жүйесі енгізілуде. Бұл мақсатта 5 оқу орталығы іріктеліп алынды. Атап айтқанда, Талдықорған қаласында «ТАТЭК» АҚ, «Қайнар» ЖШС, «Байтұрғанов» ЖК, Қапшағай қаласында «КНАУФ Гипс Қапшағай» ЖШС, Талғар ауданында «Байсерке Агро» ЖШС. Аталмыш өндірістік базаларда курс тыңдаушылары электромонтер, электрослесарь, аккумуляторшы, ірі қараны қолдан ұрықтандыру технигі, нэйл стилист, визажист, шаштараз кәсіптері бойынша тәжірибелерін шыңдайды.
Биылғы жылы осы оқу орталықтарының базасында 200 адамға оқыту курсы ұйымдастырылмақ. Бүгінгі күні жергілікті жерлердегі жұмыспен қамту орталықтары тарапынан аталмыш мамандықтарға оқытуға деген жұмыс берушілердің сұраныс деңгейі анықталуда.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі
Әрі қарай

Кептелістің күрмеуі шешіледі

Алматы облысы: Кептелістің күрмеуі шешіледі
«Алматы — Бішкек» автожолының 786-790 шақырымы учаскесін, яғни «Алтын Орда» базары маңындағы 3,8 шақырымдық жол кеңейтілетін болады. Осы маңдағы көлік кептелісін шешу үшін облыс әкімдігінің ұсынысымен үкімет тарапынан қолдау тапқан ауқымды жоба биылғы жылы жүзеге асырыла бастайды. Күрделі жөндеу барысында жол үсті көпірлері мен жол бұрылыстары да қарастырылмақ. Бұл туралы кеше журналистерге берген сұхбатында облыс әкімінің орынбасары А. Байжанов айтты, — деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«КазАвтоЖол» мекемесінің Алматы облыстық филиалы директорының орынбасары Нұрхат Ақылтаевтың айтуынша, «Алтын Орда» базары маңындағы автожол арқылы тәулігіне 50 мың автокөлік жүреді. Мұндағы кептіліс мәселесін шешу мақсатында аталмыш жолдың 16-19 шақырымдары аралығы 8 және 10 жолақты болмақ. Оның екі жолағы транзиттік көліктерге арналса, екі жолағы жергілікті маңға жүретін көліктерге, ал бір жолағы автобусқа, яғни қоғамдық көлікке арналады. 16-шы шақырымда бұрылыс эстакадасы қарастырылады.
«Алматы — Бішкек» автокөлік жолының 786-790 шақырым учаскесі бөлігін кеңейтудің бұған дейінгі жобасына биылғы жылы бірқатар толықтырулар енгізілген болатын. Атап айтқанда, жобаның екінші кезеңінде 18 мың тұрғыны бар «Асыл Арман» ТК тұрғындарының өтініші бойынша аталмыш кешеннен қалаға бұрылатын «Труба» типті жер үсті жолы салынса, сонымен қатар Райымбек ауылы тұсында тағы бір, жоба бойынша төртінші жер үсті жолы қарастырылатын болады. Екі кезеңінің де жобасын «АстанаСтройПроектСервис-М» ЖШС дайындауда. Тамыз айының соңына дейін «МемСараптама» мекемесінің оң қорытындысы шығады деп жоспарланған. Жобаны толық жүзеге асырудың алдын ала есептеу бойынша құны 12 млрд. теңгеге жуық деп жобаланып отыр. Биылғы жылға 800 млн. теңге бөлінген. Күрделі жөндеу жұмыстары 2019 жылы толығымен аяқталады деп күтілуде.
Жобаны іске асыру мақсатында мемлекет қажеттілігі үшін жер телімдерін алу жұмыстары жүргізілуде. Алуға жататын облыс аумағындағы 53 учаске болса, бүгінгі күнге соның 5-еуі мемлекеттік жер учаскесі, 30-ы алынған, 13-інде алу процесі жүріп жатыр, ал 5 жер учаскесінің иелерімен келіссөздер жүргізілуде.
Облыс әкімінің орынбасары А. Байжанов күрделі жөндеу жұмыстары кезінде сол маңдағы іргелі нысандардың жұмысына кедергі келтірмеуді, уақытша жолдардың бағытын келісіп жасауды тапсырды. «Бұл жоба өз кезегінде көлік кептелісін шешуге, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне оң ықпалын тигізетін болады», — деді А. Байжанов.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Әрі қарай

Астаналық әкімдік азық-түлік бағасын бақылауда

28 шілде-6 тамыз аралығында жасалған бақылаудың нәтижесі бойынша, қырыққабат (22,0%), картоп (9,4%), жұмыртқа (0,7%) бағасы айтарлықтай төмендеген.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының индексі ай басынан 97,4%құрайды, жыл басынан 108,5%.

«Кеңмарт» СО және «Астықжан» СО ағымдағы жылдың соңына дейін тауардың 10 санаты бойынша азық-түліктің 67 өніміне өз бағаларын бекітті: (тауық еті, сүт өнімдері, гастрономия, тәтті сусындар, жартылай фабрикат өнімдері, сұйық май, нан және тоқаш өнімдері).

Қант бағасын тұрақтандыру мақсатында тексеру жүргізілуде. Қанттың бағасы 260 тг/кг болып бекітілген.

«Астықжан», «Кеңмарт», «Магнум», «Шапағат», «Апрель», «А2» желісі, «Встреча», «Алма» супермаркеті, «5 минут» сауда жүйесі секілді 33 сауда нысанында азық-түлік өнімдері іске асырылады

Қала билігі қаладағы «Астықжан», «Магнум» және «Шапағат» сауда нүктелерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын қатаң бақылауда.

2017 жылдың наурыз айынан 32 өңіраралық жәрмеңке өткізілді, онда 12 мыңнан астам азық-түлік өнімі сатылды.

5-6 тамызда «Қазақстан» спорт кешенінің көлік тұрағы аумағында Қостанай және Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтеді.
Әрі қарай

Жетісу жерінде «QazTalks» алаңы

Алматы облысы: Жетісу жерінде «QazTalks» алаңы
Орталық коммуникациялар қызметі Алматы облыстық ішкі саясат басқармасымен бірлесіп Талдықорған қаласында «QazTalks – ашық әңгіме алаңы» жаңа жобасын өткізді. Жетісу жерінде болған ашық әңгімеге түрлі саланың көшбасшылары, қоғамға белгілі адамдар қатысты. Орталық коммуникациялар қызметінің Алматы облысы аймақтық бөлімі тұңғыш рет бейресми баспасөз шарасын өткізуде.
«Орталық коммуникациялар қызметі» РММ директоры Артур Нығметов өзінің алғы сөзінде: «QazTalks ашық әңгіме алаңы» ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген бірқатар идеяларды жүзеге асыруға арналған жиын екенін атап өтті. Сонымен қатар, Орталық коммуникациялар қызметінің мемелекеттің ақпараттық саясатын дұрыс бағытта жүргізетін іс-шаралары туралы айтты.
Саясат майталмандары «Астана» халықаралық қаржы орталығының атқарушы директоры Нұрбек Саясат, «Сакралды Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали өз ойларын ортаға салды.
Ал ғылым-білім саласын сараптаған ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек болды. Ерден Қажыбек аудитория алдында латын қаріпіне көшу тиімділігі жайлы ой бөлісті. Спикердің айтуынша, 1926 жылы Қазақстанда қайтадан Жаңа әліпбешілер қоғамы құрылып, оның құрамында Ж.Чомбалов, Т.Рысқұлов, Т.Шонанов, А.Байсейітов, Б.Майлин болған. 1927 жылы 19 қарашада Қызылордада латын әліпбиін қолдайтын «Жаңа қазақ» әліпбиінің орталық комитеті құрылады. Алайда, қызыл саясаттың құрбаны болған бастама аяқсыз қалған.
Бүгінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттердің бірі − латын әріпіне көшудің тиімділігін өз баяндамасында түсіндіріп берді. Сонымен қатар, белгілі журналист-жүргізуші, «Жетісу» телеарнасының директоры Бейсен Құранбек пен аталған арнаның «Жаңалықтар» қызметінің жетекшісі Есболат Айдабосын «QazTalks» алаңына шықты.
Спикерлер ақпараттық кеңістіктегі жаңа коммуникациялар туралы өз тәжірибе- идеяларымен бөлісті.
Әрі қарай

Астанада кәсіби бокс кеші өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада кәсіби бокс кеші өтеді
9 қыркүйекте «Сарыарқа» велотрегінде ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне арналған кәсіби бокс кеші өтеді. Көптен күттірген бокс кеші өтпек, атап айтқанда бокс саңлақтары Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасында жекпе-жек өтеді.

Кештің басты айқасында қарсыластар 1-ші орта салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental және WBO-NABO версиясы бойынша титулға өзара бақталасады. Айта кеткен жөн, қазіргі уақытта біздің еліміздің мақтанышы, бокс саңлағы – Қанат Ислам — бұл титулдардың иегері.

Рингте танымал қазақстандық боксшылардың қатысуымен 8 жекпе-жек өтеді. Олардың ішінде — Жанқош Тұраров, Жәнібек Әлімханұлы, Мейірім Нұрсұлтанов, Руслан Мырсатаев, Али Ахмедов, Айдос Ербосынұлы, Димаш Ниязов және Руслан Жаңайбаев сынды мықты спортшылар бар.
Бүгін, 4 тамызда Қанат Ислам, Жанқош Тұраров және Нұрсұлтан Жаңайбаев жаттықтырушылардың делегациясымен Нельсон Лопестің басшылығымен Алматыдан Астана қаласына келеді.

Кәсіби бокс кешінің Бас серіктесі – ҚР мәдениет және спорт министрлігі, «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры, Астана қ. әкімдігі, ZHERSU” инвестициялық өндірістік корпорациясы, «QAZAQ Promoutions» және «Nelson Promotions» промоутерлік компаниялары.
Әрі қарай

Қостанайлықтар Астанаға өз өнімін әкеледі

5-6 тамызда сағат 10.00-ден 16.00-ге дейін «Қазақстан» спорт кешенінің аумағында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді. Азық-түлік өнімдері Қостанай облысының 3 қаласынан, 11 ауданы мен 50 кәсіпорнынан әкелінеді.

Жалпы 650 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: ет және ет өнімдері – 33 т, сүт өнімдері – 90 т, шұжық және еттің жартылай дайын өнімдері – 59 т, жарма және макарон өнімдері – 52 т, нан және тоқаш өнімдері – 57 т, ұн – 93 т, 2000-нан астам жұмыртқа.

Азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрі ұсынылады.

Айта кетейік, қала тұрғындары мен қонақтары азық-түлік өнімдерін жәрмеңкеде базардың бағасынан төмен сомаға сатып ала алады.
Әрі қарай

Астанада латынша басылған кітаптардың көрмесі өтеді

4 тамызда сағат 14.00-де «MEGA Silk Way» ОСО-да «Qazaq kitaptary 1929-1940» шарасы өтеді.

Көрмеде 1929-1940 жж. аралығында латынша басылған оқулықтар, көркем және шетел әдебиеті, мерзімді басылымдар ұсынылатын болады.

— Қазақ тілі үшін латын қаріпіне көшу қазақстандықтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың бірі, қоғамдық сананы серпіндірудің жолы. Елбасы жыл сайынғы Жолдауында біздің қаріпімізді латын қаріпіне 2025 жылға дейін ауыстыру қажет екенін атап өткен болатын, — дейді ұйымдастырушылар.

Естеріңізге салайық, латын қарпі елімізде 1929-1940 жж. аралығында ресми түрде қолданылған болатын. Аталмыш көрме «Men qoldaimyn» бағдарламасы аясында "Қазақстан-2050" жалпықоғамдық қозғалыс пен ҚР Ұлттық академиялық кітапxананың қолдауымен өткізілуде.
Әрі қарай