Бастауыш сынып оқушылары 30 мамырға дейін оқиды
Білім және ғылым министрлігінің мәлімдеуінше, оқу бағдарламаларының мазмұнын жаңартумен қатар, білім беру жүйесі жоспарлы түрде 5-күндік оқу аптасына көшірілмек.Оқу жоспарларын үйлестіруді методолог мамандар мен ұстаздардан құралған топ қолға алған. Бірінші сынып оқушылары алдағы оқу жылын 2017 жылдың 30 мамырынан кешікпей аяқтайды.
Министрліктің жоспары бойынша, 5-күндік оқу аптасына көшірілгеннен кейін бастауыш сынып оқушылары оқуларын 30 мамырға дейін, ал негізгі және жоғары сыныптарда оқитындар – 10 маусымға дейін аяқтайды.
Жаңартылған мазмұн мен 5 күндік оқу аптасына көшу кестесі:
1 қыркүйек 2016 ж. – 1 сыныптар;
1 қыркүйек 2017 ж. – 1, 2, 5,7 сыныптар;
1 қыркүйек 2018 ж. – 1,2,3,5,6,7,8,10 сыныптар;
1 қыркүйек 2019 ж. – 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11 сыныптар.
Бастауыш сыныптардағы кейбір сабақтарды пән мұғалімдері өткізетіндіктен, мұғалімнің апталық жұмыспен қамтылу мөлшері азаятындығы белгілі. Министрлік сол сағаттардың орнын толтырудың түрлі жолдарын мектеп директорлары мен мұғалімдермен талқылап, қарастыруда.
bilimnews.kz


