Астанада аудан әкімдері тағайындалды

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордалық үш ауданның активіне жаңа әкімдерді таныстырды. Бүгін олардың кандидатураларын қалалық мәслихат депутаттары бірауыздан бекіткен болатын.

«Есіл» ауданының әкімі болып Бөлекпаев Ермағанбет Қабдулұлы тағайындалды.

«Алматы» ауданының әкімі болып Сәрсембаев Әділбек Зейнуллаұлы тағайындалды.

«Сарыарқа» ауданының әкімі болып Тұрлыбек Арман Алашұлы тағайындалды.

*****

Сәрсембаев Ә. З. 1978 ж. 25 тамызында Целиноград қ. туған. Білімі жоғары, заңгерлік, экономикалық. Саяси ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ салық инспекциясында бастаған.

2000-2006 жж. Астана қ. әкімдігінің жүйесінде түрлі қызметтер атқарған.

2006-2007 жж. ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы.

2007-2009 жж. Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы.

2015 жылдың мамырынан «Астана қ. табиғат ресурстарын және табиғат пайдалануды реттеу Басқармасы» ММ басшысы.

«А» корпусының кадрлық резервіне енгізілген.

Бөлекпаев Е.К.1975 жылдың 2 қырқүйегінде туған, Қарағанды облысының тумасы, білімі жоғары экономикалық, заңгерлік. Еңбек жолын 1996 жылы банк саласында бастаған.

1998-2009 жылдары ҚР орталық және жергілікті мемлекеттік органдарда жауапты қызметтер атқарған.

2009 — 2013 жылдары ҚР мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша және Астана қаласы бойынша аумақтық басқармасының бастығы.

2013 жылдың шілдесінен 2015 жылдың қарашасына дейін Астана қ. «Сарыарқа» ауданының әкімі. 2015 жылдың қарашасынан Астана қ. «Алматы» ауданының әкімі.

Тұрлыбек А.А 1971 жылдың 6 мамырында туған, Қарағанды облысының тумасы, білімі жоғары экономикалық, техникалық. Еңбек жолын 1993 жылы бизнес саласында бастаған. 1999 жылдан бері Қарағанды облысы әкімдігінің жүйесінде жұмыс істеген: Энергетика және коммуналдық шаруашылық Департаментінің директоры, Сәтпаев қ. әкімі, облыс әкімінің орынбасары. 2010 жылдан ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде жауапты қызметтер атқарған.

Елорда әкімдігі мен «Назарбаев Университеті» Астананы бірлесе дамытпақ

Астана әкімдігі және «Назарбаев Университеті» елорданы дамыту бойынша бірлескен бағдарламалар әзірлеумен айналысатын бірлескен жұмыс тобын құрады.

Бұл бағыттағы ықпалдастық мәселелерін бүгін Әсет Исекешев пен ЖОО президенті Шигео Катсу талқылады.

Атап айтқанда, тараптар «Назарбаев Университетінің» оқытушылары, ғалымдары мен мамандарын тарта отырып, медициналық кластерді бірлесіп дамыту, мамандар даярлау, СМАРТ-Сити және өзге де маңызды мәселелер бойынша келісімге келді.
Әрі қарай

Астанада тұмауға қарсы тегін екпе жасау жұмыстары жалғасады

Астанада 2016 жылдың 3 қазанында басталған тұмауға қарсы вакцинация жалғасуда. Бүгінгі күні 1718 жүкті әйел, 6 ай- 5 жас аралығындағы 7407 бала, мүгедектер үйінен, созылмалы аурулары бар ардагерлер қатарынан 270 адам және 2,5 мыңнан аса медициналық қызметкер тегін екпе алды.

Сондай-ақ, ақылы негізде және жұмыс берушілердің өз есебінен 20 мыңнан аса адам екпе алды. Тұмауға қарсы вакцинация әлі де жалғасуда.

Ақылы негізде иммундау шарасын қаланың № № 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 емханаларында, «Интертич», «Медлайн», «Медикер», «Ореn Clinik», «Фармаком», «Медикал Ассистанс групп», «Архимедес Қазақстан» медициналық мекемелерінде алуға болады.

Атап өтерлігі, Астанада жедел респираторлық-вирустық инфекцияларымен ауыру бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Әрі қарай

Жыл басынан бері Астанада рұқсат етілмеген уақытта спирттік ішімдіктерді сатудың 45 фактісі анықталды

Елорданың Республика даңғылында орналасқан бір дүкеннің сатушысы рұқсат етілмеген уақытта (21:00-ден кейін) алкоголь өнімдерін сатқаны үшін жауапқа тартылды. Заң бұзушыға 10 АЕК (21 20 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

2016 жылдың қырқүйек айында түнгі сағат 12-де сатушы құтыдағы сыра және этил спиртінің көлемді үлесі 30 пайыздан асатын арақ сатқан. Алкоголь өнімдерін өткізу бойынша ҚР заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін сатушыға қатысты ҚРӘҚБК 200 б. 3 бөлімі «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Аталған бапқа сәйкес, этил спиртінің көлемді үлесі 30 пайыздан асатын алкоголь өнімдерін сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін сауда арқылы өткiзуге тыйым салынған.

Жыл басынан бері Астана қ. ІІД Жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері ҚРӘҚБК 200 б. 3 бөлімі «Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу» бойынша 45 фактіні анықтаған.
Әрі қарай

«Астана Опера» МОБТ қазақстандық дарынды музыканттардың жаңа буынының қатысуымен концерт ұсынады

21 қазан күні «Астана Опера» МОБТ сахнасында қазақстандық дарынды музыканттардың жаңа буыны Рахат-Би Әбдісағин, Азат Мәлік, Назым Сағынтай, Қалқаман Дүйсенбаевтардың қатысуымен «Жастар шығармашылығы» концерті өтеді. Олардың есімі шетелде кеңінен танымал.

Мысалы, Рахат-Би Әбдісағиннің жасы небары 17-де, алайда ол 100-ге жуық шығарманың авторы атанып үлгерді. Қазақстандық композитор түрлі бағыттар мен стильдерде жұмыс жасайды.

«Біздің қазіргі заманғы қазақстандық композиторлардың заманауи музыканың жаңа қырларын ашып, осы стильде өздерін таба білгені қатты қуантады. Көрерменді бұл шығармалардың мәнін түсініп, қызық үйлесім тапқан бояуларды тыңдап, музыкалық бейнелеу арқылы шығарманың терең идеялық мазмұнын сезіну мүмкіндігі күтіп тұр», — дейді музыкатанушы Маржан Жәкенова.

Кештің мазмұнды бағдарламасына Рахат-Би Әбдісағиннің Германия, Венгрия, Австрия және тағы басқа елдердің көрерменін таң қалдырған шығармалары енгізілді. Виолончель мен фортепианоға арналған «Light at the end of tunnel». Ш. Айтматов әңгімесінің желісімен жазылған фортепианоға арналған «Rondine Piangente» («Жыл құсының жылауы»).

Рахат-Би Әбдісағиннің музыкасын Александр Тараскин (флейта), Алмаз Тоқпанов (кларнет), Данияр Есімханов (фортепиано), Айдар Фазылов (вибрафон) орындайды. Фортепиано партиясында — Раушан Бескемпірова.

Концерттің басталуы 19:00-де, билет құны — 2000 теңге.
Әрі қарай

Астанада халықтың әлсіз топтарына қатты отын алуда көмек көрсетіледі

Елорданың жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының ақпаратына сәйкес, пешпен жылытылатын жеке үйлерде тұратын жасы бойынша зейнеткерлер, мүмкіндіктері шектеулі ересектер және балалар отынды сатып алуда көмек ала алады.

Маңызды талап аталған адамдар санаты тұрғын үйдің меншік иесі және басқа тұрғын үйі болмауға тиіс, сондай-ақ, отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы 3 ең төменгі күнкөріс деңгейінен немесе 81 318 теңгеден аспауға тиіс. Өтемақы жылыту маусымына 8 айлық есептiк көрсеткiш (16 968 теңге) көлемінде төленеді. Егер қатты отынды сатып алуға өтемақы алуға құқығы бар бiрнеше адам бiр жеке меншiк тұрғын үйде тұрған жағдайда, өтемақы тек қана бiреуiне берiледi. Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші жылыту маусымы кезеңінде Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына Иманбаева көшесі, 16 мекен-жайы бойынша жүгіну қажет.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11481
Әрі қарай

Алдағы бес жылда Астанада сумен жабдықтау және су бұру тарифтері қымбаттамайды

Алдағы бес жылда елордада сумен жабдықтау және су бұру тарифтері қымбаттамайды. Бұл туралы бүгін «Астана Су Арнасы» ҚМК нысандарына пресс-тур кезінде ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаментінің өкілдері мәлім етті.

«Астана Су Арнасы» АҚ үшін тарифтер 2016 жылдың 1 қаңтарында бекітілді. 2017 жылдың 1 мамырынан бастап пайдаланылған су тарифі 86,87 теңгені, және сумен жабдықтау қызметтеріне 94,25 теңгені құрайды. Алдағы бес жылда бұл тариф бекітілген бағалар деңгейінде сақталуға тиіс», — деп атап көрсетті монополияларды және бағаларды реттеу бөлімінің басшысы Нұрлан Айтбаев.

2016 жылдың 1 мамырынан бастап елорда тұрғындарына қызметтерге тафритерді төмендету арқылы өтемақы төленеді. Табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаменті өкілдерінің айтуынша, өтемақы тариф жалпы сомасы 205 млн теңге болатын 2015 жылға жоспарланған инвестициялық бағдарламада қарастырылған шаралардың орындалмауы үшін қарастырылған.

2016 жылдың 9 айында «Астана Су Арнасы» ҚМК инвестициялық шараларды орындау көлемі 837 млн. теңгені құрады. Қаржы станцияларда есептегіш құралдары бар автоматтандырылған жылу тораптарын орнатуға, тозығы жеткен сорғы жабдықтарын ауыстыруға, 2,8 км кәріз желілерін қайта жөндеуге және тағы да басқа жұмыстарға бағытталған.

Мамандардың айтуынша, үстіміздегі жылдың соңына дейін 413 млн теңге соманың кешенді шараларын іске асыру көзделген, соның ішінде, суды коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесін енгізудің бірінші кезеңі, және 2017-2020 жж. сумен жабдықтау және су бұру желілерін қайта жөндеу үшін ЖІЖ әзірлеу және түзету жоспарланған.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11486
Әрі қарай

Астанада «Бәріміз бірдейміз - кемсітуді білмейміз» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақ ұлттық өнер университетінде «Бәріміз бірдейміз — кемсітуді білмейміз» атты қалалық конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Байқаудың басты мақсаты мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және олардың қоғамға араласуына қолдау көрсету.

«Кәсібінің үздігі» аталымында Камалиден Оспанов — 1-ші, Сәуле Айдарханова 2-ші, Қорған Конкулов 3-ші орын алды.

«Үздік студент» аталымы бойынша Алтыншаш Мұқатаева 1-ші орыннан көрінсе, Мейрамкүл Батырханова 2-ші, Рузи Шихов 3-ші орынға табан тіреді.

Жанмұхаммед Серіктің отбасы «Ең тату отбасы» аталымында жеңімпаз атанса, осы номинацияда 2-ші орыннан Дәмелі Загитованың отбасы, 3-ші орыннан Дос Төлегеновтың отбасы көрінді.

«Үздік жасампаз» аталымы бойынша 1-ші орын алғандар Елизавета Данилова және Александр Фролов болса, Сәуле Сыздықова — 2-ші, Фархат Катренов 3-ші орын иеленді.

«Біз бұл байқауға балалардың психоневрологиялық мекемесінің атынан қатыстық. Менің сегіз жасар ұлым Жанмұхамед би билеп, өнер көрсетті. Оған билеген ұнайды. Сондықтан бәріміз оған қолдау көрсетіп, байқауға дайындадық, сөйтіп, міне, он конкурсанттың ішінен бірінші орын алып отырмыз», деп мәлім етті біздің тілшімізге «Үздік отбасы» аталымында жеңімпаз атанған Гүлнәр Дайырбекова.

Ұйымдастырушылар байқауға қатысушылар саны жыл санап артып келе жатқанын айтады. Биыл шығармашылық байқау төртінші рет өтіп отыр.
Әрі қарай

Астанада конькимен жүгіруден Әлем кубогының ІІІ кезеңі өтеді

2016 жылдың 2-4 желтоқсанында «Алау» мұз айдын сарайында Әлем кубогының ІІІ кезеңі өтеді. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр.

Шараны ұйымдастырушылар – Астана қаласының әкімдігі, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, сондай-ақ «Ұлттық конькимен жүгірушілер федерациясы» РҚБ.

Спорттық журналисттер мен фотокорреспонденттерді аккредитациялау басталды, ол үшін белгіленген үлгідегі нысанды толтырып, nfk_pr@mail.ru электронды поштасына жолдау керек.

Өтінімдер 4 қарашаға дейін қабылданады.

Айта кетейік, жақында Астанада конькимен жүгіруден ҚР Кубогы өткен болатын. Жарыстың қорытындысы бойынша Әлем кубогының кезеңдеріне қатысатын ел құрамасына кіретін спортшылар анықталды.
Әрі қарай

Астана қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеуде

Ауа температурасының күрт төмендеуі мен жауын-шашынның түсуіне байланысты Астана қаласының коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

«Астана Тазалық» ЖШС-інің ақпаратына сәйкес, бүгінгі күннің өзінде қала аумақтарын тазалап, жолдарға құм-тұз қоспасын себу үшін 139 арнаулы техника мен 250-ден аса адам жұмылдырылды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, алдағы үш күнде елордада күн бұлттанып, оқтын-оқтын қар жауады, сырма боран соғып, көктайғақ болады. Ертең, 20 қазанда ауа температурасы түнде 4...6° С, күндіз -1 -ден +1°С-ге дейін. 21 қазанда ауа температурасы түнде 6...8°С дейін төмендеп, күндіз 1 — 3°С нөлден төмен. 22 қазанда көшпелі бұлт шығады, оқтын-оқтын қар жауады, сырма боран соғады. Солтүстіктен 914 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде7...9°С, күндіз 2 4°С.
Әрі қарай