Атырау, Алматы, Ақтөбе облыстары 3 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеле жатыр

Астана жаңалықтары: Атырау, Алматы, Ақтөбе облыстары 3 мың тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін әкеле жатыр

Алдағы демалыс күндері, 17-18 маусым, «Қазақстан» спорт сарайының тұрақ алаңында (Қ.Мұңайтпасов, 7) кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Бұл жолы үш мыңнан астам көкөніс, ет, сүт балық, шұжық өнімдері, сұйық май және өзге де көптеген тауарларды Алматы, Атырау, Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер елорда тұрғындарына арзан бағамен саудалайды.

Жәрмеңкеге 151 отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруші қатысады.

Қала тұрғындары мен қонақтарына үшоблыстың шығармашылық өнерпаздары концерттік бағдарламаларын ұсынады.
Әрі қарай

Астанада фин музыкасының тегін концерті өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада фин музыкасының тегін концерті өтеді

18 маусым сағат 19:00-де Астана қаласы әкімдігінің алаңында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің ашылуына арналып, Финляндияның Оулу қаласынан тарту ретінде «Магия севера» фин музыкасының концерті өтеді.

Оулу мен Астана қаласы екі ортадағы достық келісімге қол қоюдың арқасында 2013 жылдан бері ресми серіктес саналады.

Концертте Финляндия мен Қазақстанның белгілі әртістер мен орындаушылары, оның ішінде халықаралық аренада финдық танымал әнші Вениор (Venior) қатысады.

Вениор (Venior) музыкасы – әртүрлі жанрдан құралады. Кештің көркін әлем бойынша өзінің магиялық шоуымен өнер көрсетіп жүрген финдық сиқыршы-маг Йони Паканен кіргізеді.

Кеште Джастин ауа гитарасы бойынша дүниежүзілік чемпион «Северный гром» Говард өнер көрсетеді. Ол өз шеберлігін Air Guitar World Championship дәлелдеген. «Северный гром өзінің көрінбейтін гитарасында ойнап, өнері арқылы махаббат пен сыйластық ұшқынын таратады.

Кешті ағылшын және фин тілдерінде 1000 шара ұйымдастырған Лаури Саловаара жүргізеді.
Әрі қарай

Астанада қолданбалы урбанистика бойынша семинар өтті

Астанада урбанистика орталығының бастамасымен қала тіршілігін жақсартуға және жекелеген аумақтарды зерттеп, регенерациялау мәселелері бойынша екі күндік семинар өтті.

Семинарда Ресей қалаларын зерттеп жүрген урбанист Святослав Мурунов дәріс оқыды. Жиынға урбанистер, қала белсенділері, профессорлар, сараптамалық қоғамдастық өкілдері мен тұрғындар қатысы. Бес сағатқа созылған сессия барысында көптеген жаңа мағлұматтар айтылды. Айталық, посткеңестік қалалар қандай қиындықтарға тап болуда, постиндустриалды қалалар қайдан пайда болады, мәдени кодтардың шифрын шешу жолдары қандай сынды өзекті мәселелер талқыланды.

— Ең жақсы қала деп сол шаһардың тіршілігіне бей-жай қарамайтын халқы бар қаланы атаймыз. Қалалық қоғамдастықтар мен креативті кластар – постиндустриалды қаланың қарапайым ғана бөлігі, аталған сұраныстардың генераторы іспетті. Сол себептен семинардың негізгі бөлігі осы мәселелерге бағытталды, — дейді урбанистика орталығы басшысының орынбасары Асхат Садуов.

Қала құрылысындағы әлемдік тәжірибенің негізгі бағыттарының бірі – қаланы зерттеу. Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, осы тақырыпқа арналған лекция ерекше маңызға ие болды.Святослав Мурунов үш қабатты авторлық қала үлгісі жайында кеңінен әңгімелеп, қаланы зерттеу технологиясы бойынша шеберлік сыныбын өткізді.

Сондай-ақ, семинар барысында қатысушылар дала зерттеулері үшін қалаға шығып, қоршаған ортаның картасын жасады, қоғамдық кеңістіктің әлеуеті мен аномалиясын анықтады. Тыңдаушылар назарына қалалық қоғамдастықың үлгілері, өзара байланысы мен даму құралдары ұсынылды.
Әрі қарай

Астанада бейбітшілік және келісім Аллеясы пайда болды

Астана жаңалықтары: Астанада бейбітшілік және келісім Аллеясы пайда болды
Елорданың ЭКСПО саябағында Астана-Балет театрының жанында Қазақстан халқы Ассамблеясының бейбітшілік және келісім саяжолы пайда болды. Жаңа мәдени нысанның салтанатты ашылуы Ассамблеяның «Бейбітшілік және келісім энергиясы» шарасы аясында өтті.

Саяжолдың ашылуына ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, ҚХА Секретариатының жетекшісі-төрағасы Д.Мыңбай, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Ассамблея мүшелері, ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңесінің өкілдері, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне келген шетелдік қонақтар, дипломатиялық корпустың, мемлекеттік органдардың, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, зиялы қауым, халық қолөнер шеберлері қатысты.
-Қазір біз ЭКСПО-2017 аумағында Қазақстан халқы Ассамблеясының әлемдегі ең таза энергия тарататын келісім мен бейбітшілік аллеясын ашып жатырмыз. Бұл Аллеяда серуендеген әрбір адам қазақстандық қонақжайлылықты, жылулықты, мейірімділікті өзімен бірге ала кетсін деп тілеймін, — деді ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова.

Салатанатты ашылуында этно-мәдени бірлестіктердің және Астана қаласының шығармашыл жастарының қатысуымен театрландырылған керемет қойылым көрсетілді. «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы» монументі алаңында «Шеберлер ауылы» атты қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтті. Сондай-ақ Қазақстан эстрадасының жұлдыздары өнер көрсетті. Шара шымылдығын жастардың «Алға, Қазақстан!» флешмобы жапты.
Әрі қарай

Ресми такси қызметінің автомобильдері BusLane жолақтарымен қатынай бастады

Астана жаңалықтары: Ресми такси қызметінің автомобильдері BusLane жолақтарымен қатынай бастады

2017 жылдың 13 маусымынан бастап ресми такси қызметінің автомобильдері жол қозғалысының ережелеріне сай 5.9, 5.10.2, 5.10.3 белгілері бойынша арнайы автобустарға арналған жолақтармен қатынай бастайды.

Елорда әкімдігінде өткен пресс-конференция барысында ресми тіркелген таксилердің BusLane жолақтарымен жүру құқықтары түсіндірілді. Жолаушылар тасымалдау және жолжүктері ережесіне сай тасымалдау қызметтерін көрсететін компаниялар Астана қаласының жолаушылар көлігі басқармасымен келісім шартқа отырулары тиіс. Содан кейін көлік құралдарының тіркелгені туралы мағлұмат арнайы жолақтармен қатынау құқығына ие автомобильдердің реестріне қосу үшін әкімшілік полиция басқармасына жіберіледі. Бүгінгі күні қаладағы 13 таксоматорлы компания аталған процедурадан өтті.

— «Астана такси» жалпы қалалық таңбасы құрылды. Біз өзімізге таксомоторлы компаниялар мен көлік қызметкерлерін шақырдық: жұмыстың алғашқы кезінде бізге 7 компания қосылса, қазір олардың саны 13. Жалпы автомобильдердің саны – 414, тағы 60 көлік рәсімделу үстінде. Ерекшелейтін белгілердің эскиздері дайындалды. Сол себептен, «TAXI» белгісін жабыстырып алған жеке меншіктер BusLane жолақтарымен қатынай алмайды, — деп түсіндірді «Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы» ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Жол жүру ережесін бұзғандар мен қоғамдық көліктерге арналған арнайы жолақтармен қатынағандар үшін 11 345 теңге, қайталаланған жағдайда – 10 АЕК (22 690 теңге) айыппұл көзделген.

— Жақын арада қалада құқықбұзушылықты тіркеп отыратын 3000-ға жуық бейнебақылау камералары орнатылады. Барлық құқықбұзушылықтар автоматты түрде тіркеліп, басқарманың әкімшілік практика бойынша процессингтік орталығына жіберіліп отырады, — деді Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Ұзаев.
Әрі қарай

«Астаналық» саябағы қайта жөндеуден кейін қаншалықты өзгерді?

Астана жаңалықтары: «Астаналық» саябағы қайта жөндеуден кейін қаншалықты өзгерді?

Елорданың басты саябағын күрделі жөндеуден өткізу және көріктендіру бойынша жұмысты Астана қаласының жеке коммуналдық қоры 2016 жылы бастаған болатын.

Астанаға арнайы Ресейден әкелінген қара аққулар «Астаналық» саябағының басты сұлулығына айналып үлгерді. Құстар саябақ айдынына бейімделіп, келушілермен жақын жүзіп келіп танысуға қарсы емес.

Астана қаласының мәдениет басқармасы 2017 жылдың жаз мезгілінде арнайы балалар мен қала қонақтары үшін «7 керемет» ойын-сауық бағдарламасын әзірледі. Күн сайын қаланың 5 саябағында екі рет анимациялық шоу өткізіліп тұрады.

Шетелдік қонақтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында еріктілер өз жұмыстарын бастады. Саябақтың барлық ақпараттық карталары, сілтемелері мен маңдайшалары үш тілде жазылған: қазақ, орыс және ағылшын.

Бұдан бөлек, ЭКСПО-2017 мамандандырылған халықаралық көрмесіне арналып саябақта «жасыл технология аллеясы» пайда болды. Мұнда барлық келушілер гироскутерлерде, сигвеяларда жүріп, роботтарды көре алады.

ЭКСПО-ның өтуі кезінде қала 2 000 000-ға жуық туристі қабылдауды жоспарлаған. Келушілердің ыңғайлылығы үшін қоғамдық тамақтану орындарының санын көбейткен. Бүгінгі таңда «Астаналықта» 164 жеке кәсіпкер жұмыс істеп жатыр. Оның тең жартысы қоғамдық тамақтандыруға жұмылдырылған. 2 стационарлық кафе толық жаңартылды, ал қала күні қарсаңында 10-нан астам тез тамақтану павильондары жұмыс істейді.

Саябақтың басты жаңалықтарының бірі – аттракциондар.

-Араға 8 жыл уақыт салып «Астаналық» саябағында «Американдық сырғанау» пайда болды. Тұрғындардың бұл аттракционға қызығушылығы жоғары. Тағы бір «5-ші элемент» деп аталатын аттракцион орнатылуда,- дейді саябақ қызметкерлері.

Бұл маусымда «Астаналықта» 18 аттракцион жұмыс істеп тұр. Оның 13-і қорға тиесілі, ал қалған бесеуі жеке компаниялардікі.

-Билет құны 500 теңгеден аспайды. Жеке меншіктерде 500 теңгеден 1000 теңгеге дейін бағасы. Балалар аттракциондарына 150 теңгеден 300 теңгеге дейін. Бұдан бөлек мүгедектер мен көпбалалы отбасыларына жеңілдіктер қарастырылған, — дейді саябақ қызметкерлері.

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында саябақ аумағын Астана қаласы құқық қорғау органдарының қызметкерлері үнемі қадағалайды. «Астаналық» саябағы күн сайын, сағат 11.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді.
Әрі қарай

Smile Astana жобасына Online-дауыс беру жалғасуда

Елордада 17 мамырдан 2 маусым аралығында «Smile Astana» жобасын іске асыру шеңберінде «Күміс күлкі, бақытты бейне» ең үздік фотография немесе эскиз-идея байқауы өтті.

Байқау шарты бойынша фотография Астанада жасалуы керек, ал эскиз-идея Астананың бейнесін, негізгі ғимараттарын көрсетуі тиіс еді. Барлық жұмыстар #ақжарқынастана және #smileastana хэштегтерімен қойылуы міндетті болатын.

Жеңімпаз кез келген адам онлайн дауыс беру арқылы анықталады. Қорытынды 19 маусым сағат 12:00-де шығарылады.

Байқау жеңімпазының үздік фотографиясы мен эскиз-идеясы жарнама конструкцияларында, Астанадағы LED-экрандарда, Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтында және әлеуметтік желілерде орналастырылады. Одан кейін жеңімпаздың эскиз-идеясы немесе фотографиясы мерекелік шараларда безендендіруге пайдаланылады және өткізу барысында брендбуктарда қолданылады.

Байқау ұйымдастырушылары қала тұрғындары мен қонақтарын барынша белсенділік танытып, үздіктердің үздігін таңдауда атсалысуға шақырады. Байқау қорытындысын шығаруға бір апта қалды. Әр қалаған адам келесі сілтеме арқылы өтіп, дауыс беріп, жеңімпазды анықтауға үлес қоса алады:

docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfU2WOJur7O6tysjJNNSFTEMh9eYLNrldK7x6TSuM8OVDWP_w/viewform?fbzx=5698064813708069000
Әрі қарай

Астанада ЭКСПО аясында тегін жаяу жүргіншілер экскурсиясы жұмысын бастады


Аудиогидпен жаяу жүргіншілерге арналған экскурсиялар биыл «Нұржол» гүлзарында, жағалауда жұмыс істейді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы тілшісіне «Астана Конвенш Бюро» ЖШС директорының орынбасары Асқар Адамбеков.

-Біз Астанада жаяу аудиогидті іске қостық. 2017 жылы бізде осындай 2 жаяу аудиогид болады. Бұл «Нұржол» гүлзарында, барлық саябақ аумағын қамтитын Есіл өзенінің жағалауында, — дейді А.Адамбеков.
Аудиогидтер көмегімен туристер мен қонақтар қаланың негізгі айшықты жерлері туралы барлық ақпаратты ала алады. Бұл қызметті пайдалану үшін «Хан шатыр» СОСО жанында, «Бәйтерек» монументі алдында және Есіл өзенінің жағасында орнатылған арнайы шатыршаларға бару керек. Аудиогид пен жол көрсетуші картаны алып, 5 мың теңге кепілдеме қалдырасыз. Бағыт аяқталған соң құрылғыларды табыстап, кепілге қалдырған турист ақшасы қайтарылады.

Адамбеков атап өткендей, елорданың айшықты жерлері туралы ақпарат қазақ, орыс, ағылшын, қытай және өзге де тілдерде болады.

Биыл жаяу жүргіншілер гидін IZI.Travel желісі арқылы пайдалануға мүмкіндік жасалды. Басты айырмашылығы – мұндай жағдайда аудиогид үшін кепілдікке құрылғы алудың қажеттілігі болмайды. Кез келген адам мобильдік құрылғы арқылы IZI.Travel порталына кіріп, сол жерде Астананың көрікті жерлері туралы барлық қажетті ақпаратты тыңдай алады.

— Осы жылы жаяу аудиогидті халықаралық IZI.Travel желісімен дамыттық. Онда барлық әлемдік жаяу аудиогидтер жүктелген. Жақында онда Астана да пайда болды. Яғни адам бізден аудиогидті алмай-ақ, сонда кіріп, тыңдай алады. Демек, жобаның екінші кезеңін жүзеге асырғанда біз қалауы бойынша аудиогид бермейміз, — деп түсіндірді «Астана Конвенш Бюро» басшысының орынбасары.
Әрі қарай

45 мыңнан астам елордалық оқушылар мектеп жанындағы лагерьлерде демалуда

Астана жаңалықтары: 45 мыңнан астам елордалық оқушылар мектеп жанындағы лагерьлерде демалуда

Астанада 82 мектепте демалыс лагерьлері ашылды. Бұл жерлерде бастауыш сыныптардың 45 мың оқушысына демалыс ұйымдастырылуда, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің медиа-орталығына қалалық білім басқармасы.

Мектеп жанындағы лагерлерде тек тамақтану үшін ғана 500 теңге төленеді. Жетім балалар мен аз қамтылған отбасылардың балалары тегін, жергілікті бюджет есебінен тамақтандырылады.

-Мектеп жанындағы лагерьлердің ерекшелігі – бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық дарынын дамыту, денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу, балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, — деді қалалық білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің жетекші маманы Еркөкше Қафизов.
Әрі қарай

Астананың елді-мекендеріндегі балабақшаларға орынды кезексіз алуға болады

Мұндай жеңілдік қала шетінде тұратын тұрғындарға ғана қарастырылған, деп хабарлайды Астана қаласының медиа орталығы.

Білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жаңғозиннің айтуынша, ол үшін www.e.astana.kzпорталында «Елді-мекендердегі балабақшаны таңдау» жеке функциясы болады.

«Қала шетінде, яғни, Ильинка, Пригородный сынды елді мекендерде орналасқан балабақшаларда балаларды қабылдау баяу жүргізілуде. Өйткені ондағы балабақшалар сол ауданның тұрғындары үшін ғана қажет. Сәйкесінше, біз оларға жалпы кезек санын күтіп қалмаулары үшін жеке қызмет көрсетеміз. Бірақ, бұл жекелеген аудандарда орналасқан балабақшаларға ғана қатысты, — деді Ә.Жанғозин.

Астана жаңалықтары: Астананың елді-мекендеріндегі балабақшаларға орынды кезексіз алуға болады

2017 жылы Астанада мемлекеттік балабақшаларға 6310 орын бөлінді. Мемлекеттік балабақшалардағы жалпы бос орындардың қатарына елді-мекендердегі бос орындардың саны да кіріп отыр.

2017 жылдағы жалпы орындардың 386-ы – 2011 жылы туған балаларға, 1111 орын – 2012 жылы туғандарға, 1340 – 2013 жылғы бүлдіршіндерге, 2233 – 2014 жылы туғандарға және 1240 орын – 2015 жылы туғандар балаларға берілді.

Қазіргі таңда Астанада мемлекеттік балабақшаларда 2542 орын берілді, тағы 3769 орын тапсырылу кезеңінде.

Астана жаңалықтары: Астананың елді-мекендеріндегі балабақшаларға орынды кезексіз алуға болады

«2017 жылға бөлінген 6310 орынның жартысынан көбі тапсырылды. Неге барлығы емес? Себебі біз ата-аналарға хабарландыруларды смс немесе электронды пошта арқылы жібереміз, алайда, барлығы бірдей ол хабарландыруды ала бермейді. Кейбірі қоныстарын ауыстырып жіберген, енді басқалары жеке меншік балабақшаларға барып жүр және басқа да себептерге байланысты балабақшадағы орын оларға керек болмай қалады. Сәйкесінше, бос орындарды беру мерзімін тездету үшін біз енді күту уақытын 15-тен 5 жұмыс күніне дейін қысқартамыз, — деді Ә.Жанғозин Елорда әкімдігінің медиа-орталық тілшісіне берген сұхбатында.

Оның айтуынша, 15 жұмыс күні бойынша күту мерзімі мектепке дейінгі мекемелердегі қабылдау үдерісін баяулатады. Келесі кезекте тұрған балалардың ата-аналары тағы жарты айлап күтулеріне тура келеді.

«Яғни, біз қазір ата-ананың www.e.astana.kz порталының жеке кабинетіне кіріп, рәсімдейтіні туралы ойын растайтынын 15 күн бойы күтпейміз. 5 жұмыс күні бойынша күтеміз, әрі қарай кезек бойынша жұмыс жылжи береді. Бұл үрдіс бір жылға арналған орынның бәрін толтырмайынша жалғаса береді, — деді Жанғозин.
Әрі қарай