Астана əкімдігі аулаларды абаттандыру жəне жөндеу жұмыстарын жалғастыруда

Астана жаңалықтары: Астана əкімдігі аулаларды абаттандыру жəне жөндеу жұмыстарын жалғастыруда

Қала əкімдігі аулалар мен орамдар ішіндегі аумақтарды жайлы ету, спорттық балалар алаңқайларын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруда. Биыл спорттық, балалар жəне жастар жаттықтыру құралдарын, паркингтерді, тротуарларды біріктіретін барлығы 370 аула жөнделеді, 40 қоғамдық кеңістік салынады.

Əкім Есіл ауданына іссапары барысында бірнеше аулаларға барып, онда бірқатар жаңа алаңқайлар мен абаттандыру жүргізіліп жатқан аулалар ашылды.

Əсет Исекешев "Құлагер" 1, 2 тұрғын үй кешенінде жаңа ауланың ашылуына қатысты.

Кешен тұрғын үйлерді сүру бағдарламасы аясында салынған.Қазіргі уақытта аула толығымен абаттандырылған, жолдар төселген. Бұл жерде көпфункционалды жаттығу құралдары, спорттық алаңдары, сәулеттік пішіндер орнатылған. Тұрғындар мемлекет басшысына жүргізілген жұмыстар үшін алғыс білдірді.

Тұрғындарды қала күнімен құттықтау сөзінде Елбасының астаналықтардың өмірін жайлы ету, спортты дамыту, балаларға жағдай жасау, жастарды қолдау бағытында тапсырма бергенін айтты. Бұдан бөлек Е-16 көшесінде орналасқан, қазіргі уақытта 1600 пәтер салынған тұрғын үй кешенін көрді.

Жақында бұл жерде балалар алаңы салынады. Қала басшысы тұрғындармен кездесіп, қойылған сұрақтардың шешу жолдарын талқылады. Одан кейін жолдарды жөндеу, аялдамаларды орнату жылдам арада ретке келтіру бойынша тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, күні кеше «Сарыарқа» ауданында аула ашылған болатын. Қазіргі таңда орамдар арасында аулалар мен жолдар жөнделген.
Әрі қарай

Əкім ауылшаруашылық жəрмеңкесін аралады

Астана жаңалықтары: Əкім ауылшаруашылық жəрмеңкесін аралады

Астанада азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында Солтүстік Қазақстан, Алматы, Атырау облыстарының жәрмеңкесі өтуде.

Астана қаласының əкімі Əсет Исекешев пен Солтүстік Қазақстан облысының əкімі Құмар Ақсақалов жəрмеңкені аралап, ұсынылған өнім мен жəне бағасымен танысты.

Аймақтардан барлығы 2500 тонна өнім əкелінді. Бұл — ет, сүт, өнімдері, макарон өнімдері, қант, картоп, көкөніс т.б.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына тағамдардың 100 түрі əкелінген.

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі екі күн өтеді. Онда Астана тұрғындары мен қонақтары базар бағасынан 15-20% арзанға азық-түлік сатып ала алады.

Айта кетейік, жәрмеңкеде əртүрлі фестивальдер, еліміздің аймақтарынан шығармашылық ұжымдар ойын- сауық, концерттік бағдарлама ұсынады.

Жыл басынан бері əкімдік осындай 20 жәрмеңке ұйымдастырды. Облыстардың басым бөлігі өз өнімдерін əкелді. Келесі аптада Ақмола, Қызылорда, Батыс-Қазақстан жəне Атырау облыстары жəрмеңке өткізеді деп жоспарланған.
Әрі қарай

Астанада алғашқы урбанистикалық форум өтті


7 шілдеде Астана қалысының әкімдігі «Қала ДНК-сы: Қауымдастық.Бизнес. Билік» алғашқы урбанистикалық форумын өткізді.

Форум Елбасының тапсырмасы аясында өтті. Негізінде урбанистика орталығы – бұл қалалық ортаны жақсартуға, қалалық зерттеулер жүргізуге, тұрғындармен жұмыс істеуге, әлеуметтік капиталды ұлғайтуға, азаматтық қауымдастық пен билік арасындағы тиімді қарым-қатынас орнатуға, қаланың ішкі ресурстарын жұмылдыруға, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған жаңа құрылым.

Форумның жұмысына Рикардо Марини (Ян Гейлдің өкілі), Филипп Мейзер (неміс мектебінің өкілі), Щесна (польшалық мектеп) сындышетелдік урбанист-сәулетшілер және отандық-шетелдік урбанист-сарапшылар қатысты.

Форумның ашылуында қала әкімі Әсет Исекешев Елбасының тапсырмасына сәйкес 2020 жылға дейін қаланы дамыту бағдарламасы жөндеуден өткенін айтты. Бағдарламада тұрғындардың әлеуметтік жағдайы мен қалалық ортаның сапасын жақсартуға және халықтың табысын арттыруға бағытталған екі негізгі тетік қарастырылады.

-Бірінші бағыт бойынша қоғамдық транспорт жүйесін жақсарту, спорттық алаң, балабақшалар мен мектептер, қауіпсіздік, экология, велосипед және жаяужолдар аумағын, саябақтар мен алаңдарды, қоғамдық кеңістікті дамыту сынды 34 әлеуметтік бағытқа қолжетімділікті қамтамасыз ететін қадамдар әкімдіктің бастамасы болып табылады, — деді Ә. Исекешев.

Сонымен қатар әкім қалалық басқарма мен қызметтердің өзгерісі жөнінде, сондай-ақ урбанистика мен тұрақты түрде қаланы дамытудың жаңа алғышарттары мен міндеттеріне сәйкес «Астана басжоспар» институты туралы тілге тиек етті.

Қазірдің өзінде Урбанистика орталығы жұмыс істей бастады және ірі трансұлттық корпорациялармен бірлескен қалалық технология орталығы құрылды. Олар елорданың инфрақұрылым обьектілері мен жолдары, ғимараттардың құрылысы саласында заманауи технологияларды енгізу үшін құрылған.

Әкім әлемдік стандарттарға сәйкес жоспарлау жүйесінің өзгергені туралы айтты.

-Әкімдіктің маңызды міндеттерінің бірі — жоспар мен жаңа нормативті құжаттарды әзірлеумен қатар, қала тұрғындары үшін ыңғайлы жағдайды жасау бойынша жаңа бастамаларды іске асыру болып табылады. Мысал ретінде аулалар мен қаланың аудандарында ыңғайлы жағдай жасау бойынша қоғамдық кеңістіктің дамуын келтіруге болады. Бұл — спорттық және балалар алаңдары, жаяу жүргіншілер саябағы, «Арбат» жобасы, Қабанбай батыр даңғылы бойынша жаяужолдар мен велосипед аумақтарын құру және салынып жатқан Ботаникалық бақша, — деді Ә. Исекешев.

Форумда атақты урбанист-сәулетшілер қаланың бірегей сәулетін, еуразиялық стилін атап өтіп, бірнеше пайдалы кеңес берді. Филипп Мейзер өз алдына Еуропа мен Азия стилі мен заманауи урбанистикалық әдістемелерден құралған, Астана негізінде еуразиялық қаланың түптұлғасын жасауға ұсыныс білдірді.

Форум 5 кезеңнен тұрады. Пікірталас кезінде қатысушылар сапалы қалалық орта неден тұратынын, билік пен тұрғындар арасында диалог қалай өрбитінін айтып, қаланың экономикасын және т.б. мәселелерді талқылады. Урбанистика саласында бұндай жиын жыл сайын өткізіледі деп жоспарлануда.

Естеріңізге сала кетейік, форумды ұйымдастырған Астана қаласының Урбанистика орталығы мен Astana Art Fest-2017.
Әрі қарай

Қазақстандық эстрада жұлдыздары «Қамкор» әлеуметтік орталығында шағын футбол ойнайды

11 шілдеде сағат 11.00-де «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қазақстандық экстрада жұлдыздары мен орталықтың келушілері арасында шағын футболдан ойын өтеді.

Жарысқа Бауыржан Исаев, Ерлан Малаев, Асқар Жайлаубаев және т.б. отандық әншілер қатысады.

Шараның мақсаты – Қазақстанда SpecialOlympic қозғалысының дамыту, орталыққа келушілерді спортқа баулу, салауатты өмір салтын ұстануға үндеу.

Ойынның қорытындысы бойынша қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Шара Ақмола облысына қарысты Алакөл ауданының Сосновый бор кентінде өтеді.
Әрі қарай

Астанада караокемен ән айтудан Қазақстан чемпионы анықталады

Бүгін «Бәрі ән айтады!» жобасы ақтық мәреге жетеді, деп хабарланды әкімдіктің медиа-орталығынан.

Музыкалық шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен «Жастар» сарайы ұйымдастырды, деп хабарлады «Жастар» сарайы директорының орынбасары Светлана Ракишева медиа орталық тілшісіне.

Байқауға Қазақстанның әр өңірінен жасы 18-ден асқан дарынды жастар қатысты. Қатысушылар 3 топқа бөлінді, соған орай әр топтың өз жеңімпазы болады. Олардың барлығы «Караоке-2017 чемпионы» атағын алып, ақшалай сыйлықтарға ие болады, сондай-ақ байқаудың ең үздік әншісі Астана қаласы әкімдігінің Кубогін иеленеді.

«Караокемен ән айтудан байқауға қатысу үшін іріктеуден өту қажет. Іріктеуге келген 200 адамның 78-і өтті»,- деді С.Ракишева.

Іріктеу кезеңдерінде қатысушылар «Ретро», «Мультфильм әндерінен үзінді» аталымдары бойынша әндерді орындады.

«Жоғары балл алған қатысушылар финалға өтіп, әлемдік хиттерді орындайды. Байқаудың жеңімпазы ең басты жүлде – Астана қаласы әкімінің Кубогін иеленеді», — деді С.Ракишева.

Музыкалық жобаның қазылар алқасында «Жастар» сарайының директоры Сергей Солодовников, «Голос» жобасының қатысушысы Арчи Пурцеладзе, Астана мемлекеттік филармониясының солисті Татьяна Хасьянова, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Рахметжан Шамұратов, дизайнер Қайролла Әбішев төрелік етті.

Финал жеңімпаздарының есімі бүгін кешке анықталып, «Жастар» сарайының алаңында айтылады.
Әрі қарай

Астанада көшпенділер шаһары бой көтерді

Астана жаңалықтары: Астанада көшпенділер шаһары бой көтерді

Қала күні мерекесіне орай «Хан-Шатыр» ОСО аумағында этномәдени кешен пайда болды, деп хабарланды Астана қ. медиа орталық тілшісіне бұқаралық шаралардың режиссері Гүлжан Әбдібаева.

Этнокешен ЭКСПО көрмесін өткізу кезінде 10 қыркүйекке дейін жұмыс істейді.

«Бұл жерде қала тұрғындары мен қонақтары еліміздің бай тарихымен және ерекшеліктерімен таныса алады», — дейді Г. Әбдібаева.

Қалашықта көшпенділердің мәдениеті мен тұрмысына, салт-дәстүріне арналған заттық айғақтар бар. Кешеннің ішінде қолөнершілер жәрмеңкесі, қазақтың киіз үйі, шатырлар мен ұлттық асхана мейрамханасы бар.

«Сарыарқа» ауданының тұрғындарын біріктірген «Шаңырақ» ансамблі қазақ халқының «Тұсау кесу», «Қыз ұзату» сынды дәстүрі мен салтынан сыр шертеді.

«Біз көшпенділердің бай тарихын көрсеткіміз келді. Көшпенділердің тарихынан сыр шертетін байырғы жоралғылар мен өлеңдер, қызықты дәстүрлер біздің кезімізге дейін сақталған», — деді Г. Әбдібаева.
Әрі қарай

Әсет Исекешев Астана күнімен құттықтады

Астана жаңалықтары: Әсет Исекешев Астана күнімен құттықтады
Құрметті астаналықтар және қала қонақтары!

Сіздерді Елордамыздың төл мерекесі – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Астана күні — тәуелсіз ел тарихындағы айрықша мейрам. Елорда – тәуелсіздігіміздің символы, ел дамуының локомотиві және барша қазақстандықтардың ортақ мақтанышы. Биыл Елорданың Қазақстан астанасы болғанына 19 жыл. Осы уақыт ішінде қаламыз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бас болуымен экономикасы қуатты, еңсесі биік, өркендеген шаһарға айналды. Қазіргі таңда Елорданы әлемнің ең үздік отыз қаласының қатарына қосу жұмыстары қызу жүргізілуде.

Еуразия төрінде өзіндік сән-сипаты қалыптасқан, дәулеті мен сәулеті келіскен мегаполистің бой көтеруі сан ғасырлық бабалар аманатының орындалуы деп білемін. Астанамыз өркендей берсін.

Дендеріңізге саулық, істеріңізге береке тілеймін!

Құрметпен, Әсет Исекешев
Әрі қарай

Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері 2500 тонна өнім әкелмек

Астана жаңалықтары: Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарының тауар өндірушілері 2500 тонна өнім әкелмек

8-9 шілдеде «Қазақстан» спорт сарайының көлік тұрағы аумағында жәрмеңкелер маусымын Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстары жалғастырады.

Жалпы 2 500 тонна ауылшаруашылық өнімдері жеткізілмек, оның ішінде: көкөніс және картоп – 300 т, ет және ет өнімдері – 100 т, бал -20 т, сүт өнімдері – 51 т, балық – 143 т және т.б.

Азық-түлік өнімінің 100-ден астам түрі ұсынылады.

Жәрмеңке қатарынан 2 күн (сенбі-жексенбі) сағат 09.00.-ден 18.00.-ге дейін өткізіледі.

Сонымен қатар облыстардан келетін шығармашылық ұжымдар келушілер назарына концерттік бағдарлама ұсынады.
Әрі қарай

Астана күнін мерекелеу кезінде неке тіркеу дәстүріне 10 жыл толады

Астана жаңалықтары: Астана күнін мерекелеу кезінде неке тіркеу дәстүріне 10 жыл толады

Жыл сайын елорда күнін мерекелеу кезінде жас жұбайлардың салтанатты мерекелік некеге тұру шарасы биыл 10 рет өткізіледі. Осы он жыл ішінде 500-ден астам жұп шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Астана әкімідігінің медиа орталығы.

Астана әкімдігі мен Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен жыл сайын өткізіліп келе жатқан шараға қатысушылардың қатары артып келеді. Биылғы мерейтойда 38 жұп некесін тіркемек. Он жыл ішінде заңды некеге тұрған жұптардан 2 мыңға жуық бала өмірге келген. Ұйымдастырушылардың мәліметінше отау тіккен ерлі-зайыптылардың ең жасы 18 жаста болса, ең ересегі 68 жаста.

«Бізде некеге тұрушы жұптардың тілектерін жазатын арнайы тілек кітабы бар. 2008 жылдан бері оған салтанатты неке тіркеу шарасына қатысқан жұптар өздерінің ақжарма тілектері мен алғыстарын жазып отыру дәстүрі де қалыптасты. Сондай-ақ жыл сайын жас жұбайларға гүл шоқтары мен естелік сыйлықтары табысталады», — деді салтанатты неке тіркеу рәсімінің жетекшісі Гүлнар Сағындықова.
Әрі қарай

Қала күнінде көптеген мәдени-бұқаралық шаралар өтеді

Астана жаңалықтары: Қала күнінде көптеген мәдени-бұқаралық шаралар өтеді

Астана әкімдігі қала күні мерекесіне орай елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени-бұқаралық шараларды көптеп ұйымдастыруда. Бұл шаралар Астананың сауда-ойын-сауық орталықтарында өтеді.

Қала тұрғындары мен қонақтар үшін түрлі флешмобтар, викторина мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылуда, сондай-ақ олар көрме-жәрмеңкелік шаралар мен балалар үшін ойын шоуларды, т.б. ойын-сауық бағдарламаларды тамашалай алады.

Қалада өтетін шаралар туралы толық ақпаратты мына кестеден көре аласыз
Әрі қарай