Астана Сингапурмен стратегиялық әріптестікті нығайтуда

Астана жаңалықтары: Астана Сингапурмен стратегиялық әріптестікті нығайтуда
Сингапурдың Ұлттық күнін тойлау құрметіне ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне сингапурлық делегацияның келуі аясында Астана әкімі Әсет Исекешев Сингапур Республикасының сауда және индустрия министрі Ко По Кун мырза бастаған аталмыш елдің делегация өкілдерімен кездесті.

Кездесу аясында қала басшысы қонақтарды Елбасының тапсырмасымен іске асырылған 2020 жылға дейінгі Астананың даму жоспарымен таныстырды. Әкім кездесуге келгендерге бағдарламаның бағыттарының бірі- Астана xалықаралық қаржы орталығын құрумен елордамызды ақылды әрі қауіпсіз қала, өңірлік халықаралық орталық ретінде қалыптастыру жөнінде айтып берді.

Қазақстан тарапынан нақты жобалар ұсынылды: қоғамдық көлік, денсаулық сақтау, білім, қауіпсіздік және әкімдік және қалалық қызметте жұмыстың шынайылығы сынды салада қалаларды жоспарлау және басқару жүйесіне смарт-теxнологияларды енгізу.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар үш бағытта жобаларды бірлесіп іске асыруға және ынтымақтастық орнатуға келісті.

Бірінші- Сингапур елінің тәжірибесін зерделеу және оны Астанада енгізу, «ақылды» инфрақұрылым бойынша регламенттерді енгізу мен жұмысты ұйымдастыру, цифрлық инжиниринг, жобалау кезінде бим-технологияны қолдана отырып «жасыл» құрылыста, құрылыс салуға рұқсат қағаздарын алуда, құрылыс және ғимараттарды басқаруда сингапурлық әдіс-тәсілдерді үйрену және оны өз елімізде қолдану. Энергияны үнемдейтін технологияларды қолдана отырып «жасыл» құрылыстың мәселесі жеке қаралды. Сингапурда жеке «жасыл» стандарт әзірленген, сол «жасыл» стандартқа сәйкес ғимараттар саны қазіргі уақытта 33 пайызды құрап отыр.

Екінші келісім қоғамдық көлік, тұрақтар, жолдар құрылысын жоспарлау, сондай-ақ қоғамдық көлік саласында ынтымақтастық жасасуға байланысты болды, ақпараттық технологияларды енгізу және т.б. мәселелер қарастырылды.

Үшінші- смарт-технологияларды қолданумен қоғамдық денсаулық сақтау саласында ынтымақтастықты арттыру жоспарлануда.
Әрі қарай

Астанада жастар үшін тренингтер өткізіледі

Астана жаңалықтары: Астанада жастар үшін тренингтер өткізіледі

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығы елордалық әкімдіктің қолдауымен 24-26 шілде аралығында жастар үшін тренингтер өткізбек. Бұл тренингтер тегін өткізіледі, оған 16-29 жас аралығындағы барлық келем деуші азаматтар қатыса алады.

Тренингтер «Жастардың кәсіби және жеке машықтарын дамыту мектебі», «Кәсіпкерлік», «Жұмысқа орналасу» тақырыптары бойынша өткізілді. Тренинг 3 күн бойы 3,5 сағаттан өткізіледі.

Тренингтердің жүргізушілері – кәсіби бизнес-жаттықтырушылар.

Өткізілу уақыты: сағат 18.00-ден 21.20-ға дейін. Өткізілу орны: Астана қ. Сейфуллин көшесі 31, «7 арна» ғимараты, 005 кеңсе.
Әрі қарай

«Астана-Легия» матчына қоғамдық автобустар бөлінеді

Астана жаңалықтары: «Астана-Легия» матчына қоғамдық автобустар бөлінеді

26 шілде күні сағат 20:00-де «Астана Арена» стадионында «Астана» – «Легия» командалары арасыда чемпиондар лигасының матчы өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтары спорт алаңына 11 қоғамдық көлікпен жете алады: № 10, 12, 27, 37, 40, 51, 53, 501, 502, 503, 506.

Сағат 18.00-ден «Астана Арена» спорт кешеніне жанкүйерлерді жеткізу үшін 4 жерден арнайы автобустар ұйымдастырылады. Арнайы автобуспен жету үшін «Қазақстан» СК, «Нұр Астана» мешіті, Астаналық цирк және «Жастар» сарайының алдына бару қажет. Жол ақысы – 90 теңге, жол жүру билеті жарамсыз.

Ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 40, 51, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сағат 21.00-ден Қабанбай батыр даңғылы бойынша стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады. Сондай-ақ «Астана Арена» стадионының тұрақ алаңына қалалық таксидің ресми тасымалдаушылары келетін болады
Әрі қарай

Елордалық жұмыспен қамту орталығы тәрбиешілер курсын тегін оқытады

Астана жаңалықтары: Елордалық жұмыспен қамту орталығы тәрбиешілер курсын тегін оқытады

«Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде жұмыссыздарға арналған «мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» (міндетті түрде педагогикалық білімнің бар болуы) мамандығы бойынша тегін оқытуды бастайды.

Оқу мерзімі 3 ай, оқу барысында 16 759 теңге көлемінде шәкірт ақы төленеді.Оқу ағымдағы жылдың 1 тамызынан ұйымдастырылады.Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін біліктілікті иеленуі жайлы куәлік беріледі және жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.

Барлық сұрақтар бойынша көрсетілген мекен-жайға келіп, хабарласыңызлар: Халықты жұмыспен қамту орталығы, Бейбітшілік көшесі, 25 үй ІО «Өркен». Анықтама телефондар: 954416, 578978.
Әрі қарай

Астанада 22-шілдеден бастап №201 түнгі экспресс маршруты іске қосылады

Қала тұрғындары мен қонақтардың ыңғайлығы үшін Астана қаласының билігі шаһардың көлік жүйесін жаңғыртуда. Осылайша, 22- шілдеден бастап елордада №201 түнгі экспресс маршруты қосылады.

Жаңа бағыт қозғалысының сызбасы «Астана-Нұрлы жол» темір жол вокзалының" аялдау пунктінің басынан «Астана-Нұрлы жол» темір жол вокзалына апаратын теміржол эстакадасы бойындағы жолмен өтеді.

Әрі қарай қоғамдық көліктің бағдары келесі бағыт бойынша жалғаспақ: Шарбақты көшесі- Төлебаев көшесі — Қобда қиылысы–Абылай хан даңғылы –Р. Қошкарбаев даңғылы — Ш. Құдайбердіұлы даңғылы–Манас көшесі – Абылай хан даңғылы – Қ. Мұңайтпасов көшесі – Жирентаев көшесі – Петров көшесі – Қ. Сәтпаев көшесі – Б. Момышұлы даңғылы – Тәуелсіздік даңғылы — Кравцов көшесі – Бараев көшесі – Республика даңғылы — Сейфуллин көшесі – Ш. Уәлиханов көшесі – Алаш тас жолы – Солтүстік айналма жолы — С316 көшесі– соңғы аялдама — «Алай-Astra» СО.

Кері бағытта автобус «Алай-Astra» СО аялдамасынан Р. Қошқарбаев-Абылай хан даңғылы қиылысына дейін жүреді, әрі қарай жоғарыда көрсетілген қозғалыстың бағыты сақталады, содан кейін Р. Қошқарбаев даңғылы бойынша тік жүреді де Төлебаев көшесінде оңға бұрылады, Айнакөл көшесі бойынша оңға, Абылай хан даңғылында оңға бұрылады, әрі қарай қозғалыс бағыты сақталады.

Астана жаңалықтары: Астанада 22-шілдеден бастап №201 түнгі экспресс маршруты іске қосылады
Әрі қарай

Елордалық автовокзал енді жолаушыларға үш тілде қызмет көрсетеді


Халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу аясында қалалық автовокзалда анықтамалық — ақпараттық ресепшн ашылды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа-орталық тілшісіне «Сапаржай-Астана» ЖШС директорының орынбасары Жарқын Бекжанов.

Жаз басталғалы жолаушылар ақпаратты үш тілде — қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ала алады.

Өзгеріс тек жолаушылар қызметінде ғана орын алған жоқ.

Биыл автовокзал қайта жөндеуден өткізілуде. Күту залында еден жабындысы ауыстырылып, сыртқы келбеті жартылай өзгертілді. Жұмыс толығымен екінші жарты жылдықта аяқталады. Қазіргі таңда кәріз жүйесін жөндеу жұмыстары аяқталуда.

Барлық құрылыс жұмыстары жолаушылар кешенінің жұмысына еш кедергі келтірген жоқ.

— Қазір жолаушылардың жайлылығы үшін автовокзал аумағында ана мен бала бөлмесі, асхана, кафетерий, дүңгіршектер мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған дәретхана бар, — деп хабарлады Ж. Бекжанов.
Әрі қарай

Астанада қағаз жинайтын арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады

Астана жаңалықтары: Астанада қағаз жинайтын арнайы қоқыс жәшіктері орнатылады

Жыл соңына дейін елордада қағаз жинайтын 700-ге жуық арнайы қоқыс жәшігі орнатылады деп күтілуде, деп хабарланды Астана қ. әкімдігінің медиа орталығынан.

«Бүгінде Астана қаласының әкімдігімен қоқыстарды бөліп жинау жүйесін енгізу бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. Халық бұл бастаманы әу-бастан ақ қолдады. Бұл бағыт шеңберінде жыл соңына дейін қағаздарды жинау үшін 700 арнайы қоқыс жәшіктерін орнату жоспарлануда», — деді медиа орталық тілшісіне қала әкімдігі табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бөлімінің басшысы Мирас Ғайсин.

Оған қоса, елордада электр жарығын үнемдейтін құрамында сынап бар шамдарды жинау және жою бойынша жобалар іске асырылуда.

Бүгінде Астанада бұндай контейнерлердің 700-ден астамы орнатылды. Әрі қарай өндіру үшін бұл шамдар тамақ қалдықтарынан бөлек жиналып, сұрыпталып арнайы сарғылт түсті жәшіктерге салынады.

Өз кезегінде сары түсті қоқыс жәшіктері пластик қалдықтары үшін арналған. Қазіргі уақытта тұрғын-үйлердің аулаларында бұндай контейлердерің 600-ден астамы бар. Барлық жиналған пластик әрі қарай өндіру үшін қоқыс өндіру зауытына жөнелтіледі.

Қалдықтар сұрыпталып, брикеттеледі. «Көріп тұрғандай, бұл контейнерлер күн сайын толады. Қала тұрғындары мен қонақтары бұл жобаны қолдап, елорданың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлестерін қосады деген сенімдеміз», — деді М. Ғайсин.

Әкімдіктің мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта елорда аумағында 9 мыңнан астам түрлі қоқыс жәшіктері орнатылған. Бұған дейін әкімдіктің медиа орталығынан хабарланғандай, Астанада маусым айында тұрмыстық қатты қалдықтарды сыртқа шығаратын компания ауысты. «Астана-Тазарту» компаниясының орнына арнайы базасы мен техникасы бар «Clean City NC» ЖШС келді.
Әрі қарай

Астанада жәрмеңкеде мыңнан астам жұмыс орындары ұсынылды

Астана жаңалықтары: Астанада жәрмеңкеде мыңнан астам жұмыс орындары ұсынылды

Жұмыс берушілер ішінде – төрт жұлдызды ірі отельдер мен банктер бар, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Білім, денсаулық сақтау, құрылыс салалары, қонақ үй қызметі, автопарк және Ішкі істер органдарынан 60-қа жуық жұмыс беруші барлығы мыңға жуық бос жұмыс орындарын ұсынды.

-Ірі жұмыс беруші ХҚКО болып табылады, 80-ге жуық бос орын ұсынды, оның ішінде тұрғындармен жұмыс жүргізетін мамандар қажет. Қызмет көрсету саласында ірі қонақ үй 40 жұмыс орнына, әртүрлі жұмыс істеушіден бастап, офис-менеджерге дейін іздеуде. Екінші деңгейлі ірі банктердің бірі кассирлер, IT-мамандар, келушілермен жұмыс жүргізуші маман орындарына таңдады. Әдетте осындай жәрмеңкеден кейін жұмысқа кем дегенде 100 адам орналасады, — дейді жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің басшысы Аяжан Айтжанова.

Ресми мәліметтер бойынша, 2017 жылдың 1 тоқсанында Астанада жұмыссыздық деңгейі 4,6% құрады. Елорда жұмыссыздық деңгейінің төмендігі бойынша әлі де көшбасшы орында, бұл көрсеткіш республикалықтан 0,3%-ға төмен.

Бүгінгі күнге Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы базасында 1125 жұмыс беруші тіркелген. Олар 9 мың бос жұмыс орындарын ұсынуда.
Әрі қарай

Астанада құрылысы аяқталмаған нысандардың екінші жәрмеңкесі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада құрылысы аяқталмаған нысандардың екінші жәрмеңкесі өтеді

26 шілде 15:00-де Астана әкімдігі мен қалалық прокуратура бірлесіп, инвесторларға бағытталған құрылысы аяқталмаған нысандардың екінші жәрмеңкесін өткізеді.

Шараның мақсаты – елордада проблемалы тұрғын үй нысандарының құрылысын соңына дейін аяқтау.

Жәрмеңкеде ұсынылған нысандардың ішінде құрылысы бітпеген 13 проблемалы тұрғын үй кешені бар. Атап айтар болсақ: «Пана» ТК, «Хан Тенгри» ТК, «Гранитный 1» және ЖК «Гранитный 2» ТК, «Хазрет» ТК, «Көктал-2» ТК, «Зере-1» ТК, «Араби 2» ТК, «Аниса 2» және «Аниса 3» ТК,«Үміт береке» ТК, «Территория комфорта-1» ТК, «Жайлау сити» және ЖК «Табысқұрылтай» ТК.

Жәрмеңкеге ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының, ҚРИДМ инвестициялар бойынша комитетінің өкілдері, еліміздің бизнес қауымдастығы, оның ішінде құрылыс ұйымдарының өкілдері бар.

Ресми бөлімін мамандандырылған жүргізуші жүргізеді.

Жәрмеңкеге қатысуға құрылыс нысандарын дамытуға қаржы құятын әлеуетті инвесторлар шақырылады. Әлеуетті сатып алушыларға нысандармен танысу үшін қажетті ақпарат жазылған төлқұжаты бар материалдар дайындалған.

Естеріңізге саламыз, бірінші жәрмеңке Астанада биыл 43 компанияның қатысуымен өткен болатын.

Оның ішінде — Хайвил Қазақстан, Айбын құрылыс, «Құлагер» құрылыс компаниясы, концерн «Найза-Құрылыс» және тағы басқалар.

Өткізілген шараның қорытындысы бойынша құрылысы аяқталмаған төрт нысан бойынша келісімге қол жеткізілді («Скай сити», «Байтау», «Алға самал»және «Араби-2») құрылысты соңына дейін жүргізу туралы алдын ала келісімшарт жасалды.

Жәрмеңке Қорғалжың тасжолы, 2а үйі мекен жайында орналасқан «Думан» қонақ үй кешенінің кинозалында өтеді.

Барлық сұрақтар бойынша 55-64-71, 55-64-73, 70-27-66, 71-24-36 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.
Әрі қарай

Елордалық кәсіпкерлердің өнім өндіру көлемі 55,8%-ға өсті

Астана жаңалықтары: Елордалық кәсіпкерлердің өнім өндіру көлемі 55,8%-ға өсті

Астана қаласының әкімдігі 2017 жылдың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қортындысын шығарды.

Экономиканың барлық негізгі салаларында оң динамика байқалады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,3 %-ға өсті, оның ішінде машина құрылысы – 85,7%, металлургия – 78,9% артты.

Жыл басынан бері қала экономикасына 358,6 млрд.теңге инвестиция тартылды бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 11,3% ұлғайған.
Астанада 1,5 млн.ш.м пайдалануға берілген, бұл 2016 жылдың деңгейінен 33 % артық. Жалпы республикалық тұрғын үй құрылысы құрылымында елорда үлесі 27,3%. Шағын және орта бизнес саласында да айтарлықтай өсім байқалады. Жеке кәсіпкерлік өнімін өндіру көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 55,8% өскен. Бүгінде осы салада 297,6 мың адам еңбек етеді.

ШОБ субъектілерінің берген статистикасы бойынша ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында 797,6 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. Бұл өткен жылдың көрсеткішінен 55,8% артық.

Аймақтар арасында астаналық кәсіпкерлер ең тиімді саналады. Мәселен, ШОБ-та еңбек ететін бір адамға өнім өндіру көлемі 2,7 млн.теңгені құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен 2 есе артық.

Қазір елорданың жұмыспен қамтылған адамдарының 61%-ы бұл салада еңбек етеді. ЭКСПО-2017 көрмесіне өткізуге дайындық кезінде ШОБ саласында 7708 жұмыс орны ашылды. Бөлшек сауда көлемі 10,1% өсті және 481 млрд.теңгені құрады.

Астана еңбек нарығында 9325 жаңа жұмыс орны құрылды, жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ға төмендеді. Бұл республика бойынша ең төменгі көрсеткіш.

Экономиканың нақты секторының дамуы арқасында жергілікті бюджет түсімі 16,2% көбейді және 119,7 млрд.теңгені құрады.

Жыл соңына дейін барлық дамудың мақсатты индикаторлары орындалады.
Әрі қарай