Астана несие төлеу қабілеттілігін жоғарылату халықаралық рейтингіне кірді

Moodys Халықаралық рейтинг агенттігі елорданың инвестициялық және несиелік әлеуетінің болжамын «тұрақты» деп өзгертті.

Сарапшылар ағымдағы баланс пен қаланың экономикалық дамуы көрсеткіштерінің талдау нәтижелері бойынша Астана рейтингін Ваа3 деңгейінде растады.

Агенттіктің мәліметтері бойынша, елордада несие төлеу қабілеттілігі деңгейінің өзгеруіне келесі жағдайлар әсер еткен: «ағымдағы бюджеттің іске асырылуының жоғары көрсеткіштері, қарыз берешегінің төмен пайыздық деңгейдегі көрсеткіші, қайта несие рәсімдеуде жоғары емес пайыздар, жергілікті инфрақұрылымға үкіметтік қаржыландырудың айтарлықтай көлемдері, қаланың қарқынды экономикалық дамуы».

Сондай-ақ жүйелік қысымның азаюы атап өтілді.
Әрі қарай

№17 және №101 автобус бағыттары "Жағалау-4" ТК-не дейін ұзартылды

1 тамыздан бастап №17 автобус пен №101 экспресс-маршрутының бағыты «Жағалау-4» ТК-не дейін ұзартылды.

№17 қоғамдық көліктің соңғы аялдамасы Омаров көшесі бойынша «Жағалау-3» тұрғын алабы» аялдамасынан Е-15 көшесі бойынша «Жағалау-4» ТК-не ауыстырылады.

Ендігіне автобус «Достық» АСМК Орталығы» аялдамасынан Мұхамеджанов және Омаров көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді, әрі қарай Омаров көшесінде оңға, Орынбор көшесінде оңға, Айтматов көшесінде солға, Е-15 көшесі – соңғы аялдама – «Жағалау-4» ТК.

Кері бағытта: Е-15 көшесі – Айтматов көшесі, әрі қарай – қозғалыстың сол бағыты бойынша.

Айтматов көшесі бойынша «Меркурий» ТК» аялдамасы №17 қоғамдық көліктің аялдама бекетінің бекітілген тізіміне енгізілді.

№101 экспресс маршрутының соңғы аялдамасы Омаров көшесі бойынша «№81 ОМ»-нен Е-15 көшесі бойынша орналасқан «Жағалау-4» ТК-не ауыстырылады. «№2 Ақмола облыстық ауруханасы» аялдамасынан автобус Орынбор және Омаров көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүреді, әрі қарай-Омаров көшесінде оңға, Мұхамеджанов көшесінде солға, Айтматов көшесінде солға, Е-15 көшесі – соңғы аялдама – «Жағалау-4» ТК аялдама бекеті.

Кері бағытта: Е-15-Айтматов көшелері – Орынбор көшесінде оңға, әрі қарай — қозғалыс сол бағыт бойынша іске асырылады. Айтматов көшесі бойынша «Меркурий» ТК» аялдамасы №101 экспресс маршруты аялдама бекетінің бекітілген тізіміне енгізілді.
Әрі қарай

Астанада Үлескерлерді қолдау орталығы ашылады

2017 жылдың 2 тамызынан бастап үлескерлік құрылысқа қатысатын салымшылар үшін елордада Үлескерлерді қолдау орталығы ашылады.

«Бір терезе» принципі бойынша жұмыс, мемлекеттік орган өкілдеріне үлескерлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету, және құқықтық мәселелер бойынша уақытылы кеңес беру орталықтың басты ерекшелігі болып табылады.

Қызметтің басты бағыты — өтініштерді қабылдау мен оны жедел қарастыру, қылмыстық істер, азаматтық және әкімшілік істер бойынша болмаған сот актілері бойынша тексеру барысы туралы ақпараттандыру.

Прокуратура, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің, тергеу органдарының, басқа да мемлекеттік қызмет пен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қызмет көрсетеді.

Орталықтың жұмысында үлескерлер арасында дау-дамайды жою бойынша медиатор қатысады.

Бастапқыда орталық аптасына 3 рет сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін жұмыс істейтін болады (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма).

Орталық Халыққа қызмет көрсету орталығының ғимаратында орналасқан. Мекен-жай: Астана қ., С409 көшесі, 13 үй (С. Сейфуллин көшесінің басы).
Әрі қарай

Тамыз соңында астаналық тұрғындарды е-ПИК жобасы біріктіреді



Жоба кондиминиум жұмыс сапасын арттыруға, оның қызметінің ашық болуына, кері байланыс орнатуға, қала бойынша ПИК рейтингісін алуға мүмкіндік береді, деп хабарлады елордалық әкімдік медиа орталық тілшісіне «Aстана Innovations» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Жаннат Дүбірова.

Оның сөзінше, ақпараттық жүйе ПИК-тің тұрғындармен байланысын автоматтандырады және жеңілдетеді. Жоба үшін бағдарламалық қамтамасыз етумен айналысатын қазақстандық компаниялардың үздік шешімдері таңдап алынды.

— Қазір Астананың үш ауданында мобильді қосымшаны енгізу қарқынды жүргізіліп жатыр. Бес қызмет көрсетуші компаниялар арасында 436 елорда ПИК-і тең бөлінген. Жоба аясында 150 ПИК ақпараттық жүйеге қосылған,- деді Ж.Дүбірова.

Мобильді қосымша әртүрлі функцияларды атқарады: өтініш беру, тұрғынның ПИК-ке өтінішін тіркеу.

— Енді басқарушы компанияға хабарласудың қажеті жоқ. Бар болғаны қай уақытта қандай қызмет түрін алғыңыз келетіні туралы хабарлама жіберсеңіз жеткілікті, — деп атап өтті Ж.Дүбірова.

Жаңа жүйе арқылы тұрғындар ПИК-тің қаржылық қызметінің есебін бақылай алады, бірыңғай есеп айырысу орталығына төлем жасау мүмкіндігі болады.

— Өз кезегінде ПИК тұрғындарды өткізілетін шаралар туралы ақпараттандыра алады, сауалнама мен онлайн-тәртіпте пәтер меншік иелері дауыс беру жүргізе алады, — деп жалғастырды Ж.Дүбірова.

Мобильді қосымшаның маңызды функциясы — өтінішті қарау сапасын бес балл шкаласы бойынша бағалау болады.

Желтоқсанда елордалық кондоминиумдар рейтингісі Smart Astana порталында жарияланады.
Әрі қарай

Астанада елорданың ең үздік қызметкеріне дауыс беру басталды

1-31 тамыз аралығында «Еңбек жолы» кәсіпорындар қызметкерлері арасында жалпықалалық байқаудың ең үздік үміткері үшін онлайн-дауыс беру басталды.

Байқауға қатысу үшін 23 өтініш келіп түсті. Құжаттарды қабылдау 20 мамыр-20 шілде аралығында жүзеге асырылды.

— Байқау Елбасының идеясын іске асыру аясында өткізілуде. Президенттің жарлығымен Еңбек күні бекітілген болатын. «Еңбек жолы» байқауы екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты – еңбек адаманының әлеуетін арттыру, еңбек өнімділігін арттыру, жұмыс мамандықтарын насихаттау. Байқау үш аталымнан тұрады: «Ең үздік еңбек династиясы», «Ең үздік кәсіпорын қызметкері», «Жұмысшы жастың үздік жетекшісі». Жеңімпаздарды таңдау екі кезең бойынша іске асырылады: қалалық және республикалық деңгейде. Дауыс берудің бірінші кезеңі бүгін басталды және ол 31 тамызда бітеді,- деді жұмыспен қамту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақпал Ақбасова.

Ең үздік қызметкерге мына сілтеме бойынша дауыс беруге болады:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSccezf4uWvcVa-xBtUg_XZnJdsfKOskrkvG2ZiYToOOw8GaxQ/viewform

Дауыс беру 3 аталым бойынша жүзеге асырылады:

1.«Үздік еңбек династиясы»- ең ұзақ еңбек өтілімімен бірнеше марапаттауы бар ең көпжылдық династия таңдалады.

2. «Өндірістің үздік жас жұмысшысы»-5 жылдан кем емес еңбек өтілімімен өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.

3. «Жұмысшы жастың үздік жетекшісі»-20 жылдан кем емес еңбек өтілімі бар ең жоғары нәтижелі жетекші таңдалады.

Дауыс беру 3 аталым бойынша өтеді:

Онлайн-дауыс беру — ең көп дауыс жинаған әр аталым бойынша 3 көшбасшыны анықтайды (бас-аяғы 9 үміткер). Екінші кезеңде өңірлік комиссия 3 көшбасшы арасында байқаудың жеңімпаздарын анықтайды.

Ең үздік қатысушыларды марапаттау республикалық «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» форумын өткізу күнінде өтеді.

Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушылар алғысхаттармен марапатталады.
Әрі қарай

Білім саласының қызметкерлеріне Астанада жұмыс табуға көмектеседі

4 тамызда сағат 10.00-ден 13.00-ге дейін «Жастар» сарайында білім саласында бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

50 елордалық жұмыс беруші жәрмеңке алаңында 500-ден астам вакансия ұсынады. Шара Астана қ. әкімдігінің қолдауымен Жұмыспен қамту орталығымен ұйымдастырылып отыр.
Әрі қарай

70-ден астам елордалық кәсіпкер балабақша ашуға ниет танытуда

2017 жылдың 28 шілдеде Астана «Кәсіпкерлердің мектепке дейінгі ұйымды ашу бастамасына құқықтық және консультативтік қолдау» тақырыбында ашық есік күні өткізілді.

Астана қаласының Білім басқармасы Қазақстандық мектепке дейінгі ұйымдар қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырылған іс-шара аясында әлеуметтік маңызы мол жобамен айналысуға қызығушылық танытқан кәсіпкерлерге тегін консультация берілді.

Оқушылар сарайында орын алған шара мүдделі тұлғалардың барлығын бір жерде жинады. Олар мектепке дейінгі мекемені ашуға ниет білдірген кәсіпкерлер, жекеменшік балабақшаны ашудың сәтті тәжірибесі бар білікті мекеме басшылары және осындай мекмені ашудың тәртібі, оған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы қажетті ақпарат ұсынуға дайын болған мемлекеттік құрылым өкілдері.

Қазір астаналық балабақшаға 47 мыңға жуық бала барады. Олардың 27 193-і мемлекеттік, 14 854-і жеке бақшаға барады. Шамамен 5 мың бүлдіршін шағын орталыққа және мектепке дейінгі мекемелерге (мектепке даярлық орталықтары) барады. Күн сайын жеке бақшаға жолдама алатын бүлдіршіндердің саны артуда.

Елордалық бүлдіршіндерді мектепке дейінгі дайындықпен 100% қамтамасыз ету мақсатында, жекеменшік сектормен тығыз жұмыс жүргізілуде. 2016 жылы мемлекеттік тапсырысы бар 4000 орында қамтитын 44 жеке балабақша ашылып, бүгінгі таңда қызмет жасауда. Осы жылы Білім басқармасына кәсіпкерлер тарапынан 5 мыңнан астам орынды қамтамасыз ететін жекеменшік балабақшаларға тапсырыс берілген. Бұл санды арту жоспарланып отыр.

2017 жылы 480 орынға 2 мемлекеттік балабақшаны және Ұлттық компаниялармен қол қойылған меморандум аясында 720 орынға үш балабақшаны тапсыру жоспарланған, сондай-ақ балабақшалар құрылысы бойынша жекеменшік серіктестерді анықтау конкурсы өткізілді. Қазіргі таңда мемлекеттік–жекеменшік әріптестік шеңберінде 2019 жылы 1680 орынды қамтитын 6 балабақшаның жобасы жүзеге асырылуда.

Жекеменшік балабақша ашу жөнінде сұрақтар бойынша (кеңес алу): 55 68 65, 8 701 940 71 00 хабарласуға болады.
Әрі қарай

Астанада "Лаңкестікке жол жоқ" акциясы басталды

Акция радикализм, экстремизм және терроризмнің барлық түрлеріне төзімділіктің «нөлдік» сезімін қоғам арасында қалыптастыруға бағытталған.

Радикалды жағдайларға қарсы әрекет етуде қазақстандықтарды идеологиялық фронтқа біріктіруге және ел ішінде тыныштықты сақтауға арналған бастамама.

Акция бастамасы алғашқы рет «Астана» командасының Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу раундында көтерілген болатын. «Астана Арена» стадионының үлкен экрандарында әлем қақтығысқан — лаңкестік пен экстремизм мәселелері жөнінде елордалық команда жұлдыздары айтқан ролик көрсетілген болатын.

Акцияға бокстан олимпиада чемпионы, 7 дүркін Қазақстан чемпионы Бахтияр Артаев, сондай-ақ Астана қ. дін істері жөніндегі басқарма басшысы Данияр Есин қолдау көрсетті. Олар «Астана» командасының ойыншыларымен кездесіп, жобаны талқылады.

Жоба #noextremism, #noterrorism хештегімен қосталады.
Әрі қарай

Астанада Жастар күнін мерекелеуге орай «Жасампаздық энергиясы» атты конференция өтеді

Астанада 7-13 тамыз аралығында жастармен жұмыстың тетігі жөнінде әлеуметті кеңінен ақпараттандыруды арттыру мақсатында «Жастармен жұмыс аптасы» жобасы өтеді.

Аталмыш шараны «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастыруда. Жоба аясында 7 тамызда сағат 15.00-де ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында «Жасампаздық энергиясы» конференциясы өтеді. Оған түрлі ұйымдар мен жастар ресурстік орталығының, жастар ұйымдарының өкілдері мен «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің еріктілері қатысып, жас адамдардың әлеуметтік және жеке дамуы бойынша жобаны таныстырады.

Ұйымдастырушылар атап өткендей, конференция форматына сәйкес әр спикер 15 ішінде өзінің идеясымен таныстырады немесе жастармен жұмыс тәжірибесі жөнінде айтады.

Таныстырылым аяқталған соң, көрермендер 3 сұрақ қоя алады, онымен бірге өзінің пікірімен де бөлісе алады. Осылайша тәжірибе және білім алмасу жүреді, пікірталас өтеді. Арнайы қағазда «кері байланыста» ұсынылған қатысушылардың кеңестері жазылады. Конференция қорытындысы бойынша кеңестер жазылып, сарапталады, кейін ол ұйымдастырушылар мен спикерлерге жіберіледі.
Әрі қарай

Астаналық бозбалаларға жазда жұмыс тауып беруге көмектеседі

Астана қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығында прокуратура, жергілікті полиция өкілдері мен жұмыс берушілердің қатысуымен оқушыларды жұмыспен қамту бойынша кездесу өтті.

Астана қаласы ІІДжергілікті полициясының ювеналдық полициясы жыл сайын құқық бұзушылық әрекет жасаған кәмелет жасқа толмағандарды оңалту аясында оларды жұмысқа орналастыру және жаз мезгілінде бос уақыттарын ұйымдастыру шараларын өткізеді. Бұл бағыттағы жұмыстарға Астана қаласының жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар, жастар мәселелері жөніндегі, білім басқармалары және елорда прокуратурасы тікелей және белсенді түрде қатысады.

Орталыққа жұмыс іздеп 16 мен 18 жас аралығындағы 10 бозбала келген.

«Скиф Трейд» ЖШС, «Magnumcash&carry», «Крепеж Маркет» ЖШС оларға бөлшектеуші, сатушы, жүк тиеуші, кассир және сауда өкілі жұмыстарын ұсынды.

— Біздің кездесуіміздің негізгі мақсаты –жұмысқа орналасуға көмектесу, өзге мемлекеттік органдармен қарым-қатынас орнату, балаларға қиын жағдайда көмек көрсету, — деді тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы директорының әлеуметтік сұрақтар бойынша кеңесшісі Арнұр Искаков.
Әрі қарай