Астаналық Арбатта 500-ші қолөнерші тіркелді

Астана жаңалықтары: Астаналық Арбатта 500-ші қолөнерші тіркелді

Бүгінде елордалық Арбатта 500 қолөнерші еңбек етуде. Қолөнершілердің соңғы легі Алматы қаласынан өздерінің бірегей туындыларымен келді.

Әкесі мен баласы: Илья және Константин елордаға жаңа туынды — глюкофон музыкалық құрылғысын алып келді. Музыкалық құрылғының ерекшелігі мен бірегейлігі – музыкалық құрылғыда ойнаудан хабары жоқ кез-келген адам қолдана алады. Музыкалық құрылғыны қалай қолданса да, әдемі әуен шығады, нақты мына тетіктерді басу керек ереже жоқ. Арбаттың негізін қалаушы әрі идея авторы Арай Ордабаева ЭКСПО көрмесі басталғаннан бері елордалық Арбаттың жұмыс нәтижесі жөнінде баяндады.

«Біздің Арбат – шығармашылықтың еркін аумағы. Арбат шығармашылыққа ден қойған адамдардың ордасы, суретшілер, қолөнершілер, қолдан түрлі бұйымдар жасайтын шеберлер, бишілер мен музыканттар мекені. Қазірдің өзінде қолөнершілердің саны 500-ге жетті, олар Қазақстанның түкпір түкпірінен ағылуда. Біз сауда саттықтың 50-ге жуық нүктесін анықтадық»,- деді Ордабаева.

Естеріңізге сала кетейік, ЭКСПО көрмесі қарсаңында Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің бастамасымен Есіл өзенінің жағалауында астаналық Арбат ашылған болатын.
Әрі қарай

Астанада азық-түлік өнімдерінің бағасы тұрақты – әкімдік



Қала басшылығы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін тұрақтандыру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

-Бүгінгі таңда екі позиция бойынша бағаның төмендеуі байқалады: қырыққабат 36% және картоп 22%-ға арзандады, — деп хабарлады медиа орталық тілшісіне қалалық ауылшаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Ермолдина.

Елордада бір ай бұрын картоптың орта бағасы келісі 186 теңге болса, (09.07.2017 мәліметі бойынша), бүгін келісі 145 теңгенің шамасында, дейді ведомство мамандары.

Тамызда қырыққабат екі есе арзандады. Әлеметтік маңызы бар өнім елорда базарларында ауылшаруашылығы басқармасының мәліметінше, келісі 85 теңге шамасында саудалануда. Бір ай бұрын (09.07.2017) көкөністің келісі 133 теңгеден сатылды.

-Жалпы, қала бойынша баға жағдайы тұрақты. Тұрақтандыру үшін ірі сауда нысандарына қарыздар берілді. Олар тауарлардың 10 санаты бойынша 49 атаулы азық-түлікке бағаларын бекітті, — деп ақпараттандырды Г.Ермолдина.

Тамызда қалада тауық жұмыртқасының (бірінші санаттағы) бағасы төмендеді. Нарықта жұмыртқаның 10 данасының орта бағасы 268 теңге: бір ай ішінде 0,7% немесе 2 теңгеге арзандаған.

Сұйық май 15 теңгеге немесе 3,6%-ға төмендеді: өнімнің бір литрі 405 теңгені құрайды.

-Бұдан бөлек, бүгінгі таңда қант бағасы тұрақталғаны байқалады. Бізде тұрақтандыру қоры құрылған. Қазіргі күні ірі сауда нысандарындағы 33 сауда орындарында тұрақтандыру қорынан алынған қанттың бір келісі 260 теңгеден сатылуда, — дейді. елордалық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары.

Ет өнімдерінің бағасы тамызда сақталды. Сондай-ақ басқармадағылар жыл соңына дейін сақталуы тиіс деген болжам жасауда.

-Ірі отандық тауар өндірушілермен жасалған келісім аясында сиыр етінің сатып алу бағасы белгіленді. Қазіргі таңда алдыңғы сан бөлігі 1350 теңгені құрайды және жыл соңына дейін сақталады, — деп мәлімдеді Ермолдина.

Айта кетейік, ауылшаруашылығы басқармасы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жасаған. Бұл мемлекеттік органдар бақылауға тиіс және бағалары шарықтағанда шара қабылданатын өнімдер.

Қазіргі уақытта бұл тізімде азық-түліктің 19 атауы бар. Оған бірінші сұрыптағы бидай ұны, бірінші сұрыптан пісірілген нан, рожки, қарақұмық жармасы, күріш, сиыр еті, (сан, төс бөлігі сүйекпен) және тауық еті, (сан және жілік етімен) және тағы басқалар.

Көкөніс ішінен: картоп, сәбіз, асүй және ақбас қырыққабаты.

Бакалея өнімдері: қант, тұз, күнбағыс майы, сары май, (тұздалмаған, 72,5% кем емес, толтырғышсыз және өсімдік майынсыз) тағы да басқа өнімдер.
Әрі қарай

«Астана LRT» әуежайдағы көлікті тұраққа қоюда баға көрсеткішін түсіндірді

Астана жаңалықтары: «Астана LRT» әуежайдағы көлікті тұраққа қоюда баға көрсеткішін түсіндірді

Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайындағы көлік тұрағының баға көрсеткіші жөнінде бүгінгі баспасөз конференциясында «Астана LRT» директоры Рустам Халилев айтып берді.

9 тамызда әуежай аумағында Астана қ. көлік кеңестігінің бірыңғай саясатын іске асыру аясында 806 орынға арналған ақылы тұрақ бойынша пилоттық жобасы іске қосылған болатын.
Ақылы тұрақтың баға саясаты: тұрақ аумағында көлікті қою 30 минут- тегін. Әрі қарай: бірінші сағаты – 300 теңге, келесі сағат — 1500 теңге.

Бұл баға көрсеткіші қала тұрғындары мен қонақтарының қолайлығы үшін бос көлік тұрағын қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының ескі теміржол вокзалының аумағында орнатылған.

«Астана LRT» ЖШС көлікті ұзақ уақытқа 266 орынға арналған тұрақта қалдыруға кеңес береді, онда бейнекамера орнатылған, тәулікбойы күзетіледі. Көлікті тұраққа қою бағасы 1 тәулікке 2000 теңге.

Оған қоса халықаралық әуежай аумағында жолаушылар өз көліктерін қалдыра алатын тегін тұрақ та бар. Көліктерін тұраққа қалдырып кеткені үшін бастапқыда жолаушылардан 57 мың теңге сомасында ақы талап етілген, кейін олардың бұл ақылы тұрақ екенін білмегені анықталды, осылайша баға саясаты ауысып, олардан небары 2000 теңге мөлшерінде ақы төледі. Осы жағдайға байланысты жолаушыларға әуежай аумағында көлік тұрағының баға саясаты жөнінде ақпарат берілді.

-Біз адамдармен түсіндіру жұмыстарын өткізу керектігін түсіндік, олар көлік тұрағына қатысты ақпаратпен таныс болғаны жөнінде құжатқа қол қойды. Нәтижесінде біз адамгершілік әрі түсіністік танытып, олардан небары 2000 теңге талап еттік. Адамдар әуежайды қайта қалпына келтіру кезінде көлік тұрағы тегін болғанына үйреніп қалған, — деді «Астана LRT» директоры Рустам Халилев

Алдағы уақытта көлік тұрағына кіріп, шыққаны үшін ақы төлеуге мүмкіндік беретін қосымша енгізу жоспарлануда, сондай-ақ абонементтік жүйені енгізу мәселесі де қарастырылатын болады.
Әрі қарай

Астанада «Тур EXPO» вело жарысы қалай өтті

Астанада сенбі, 12-ші тамызда «Astana EXPO 2017 International Criterium» тас жолдағы кәсіби веложарыс өтті. Шара ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі шеңберінде ұйымдастырылды. Жарыстың ең жарқын фото суреттері – Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы тілшілерінің материалында.
Астана жаңалықтары: Астанада «Тур EXPO» вело жарысы қалай өтті
Жарысқа қатысушылар үшін ауа райы да қолайлы болды. Бұл күндері елордада вело жарыс үшін өте жайлы температура орнап тұрды. Бәйтерек монументінің алдындағы алаңда жанкүйерлер, қала тұрғындары және жай ғана туристер жиналды.
Астана жаңалықтары: Астанада «Тур EXPO» вело жарысы қалай өтті
Барлық жеке жарыстарды көрермендер қол шапалақпен қарсы алып отырды. Вело жарысқа қатысушылардың арасында әлемдік деңгейдегі жұлдыздар болды. 15 кәсіби велокомандалар мен құрамында Гранд-турлардың жеңімпаздары мен сыйлық иелері, велоспорт бойынша Олимпиада ойындарының медаль иегерлері бар 5 ұлттық құрамалар ең мықты атағына бақ таластырды.
Астана жаңалықтары: Астанада «Тур EXPO» вело жарысы қалай өтті
Жарыстың хэдлайнерлері «Тур де Франстың» қазіргі чемпионы Крис, Микель Ланда, Наиро Кинтана, сондай-ақ «Astana ProTeam» көшбасшысы Фабио Ару болды.
Астана жаңалықтары: Астанада «Тур EXPO» вело жарысы қалай өтті
Маршрут «Бәйтерек» монументінің маңайындағы Түркістан, Достық, Ақмешіт және Қонаев көшелерінің бойымен1,6 шақырымға созылған 30-35 айналымнан құралды.
Астана жаңалықтары: Астанада «Тур EXPO» вело жарысы қалай өтті
Жарысттың комментаторы белгілі ресейлік журналист, «Eurosport» телеарнасы редакциясының дауысы Сергей Курдюков болды. Ол жарфсқа қатфсушылар үшін жақсы жағдай жасалғанын атап өтті – спортшылардың шеберлігін барынша көрсетуге мүмкіндік беретін тегіс ілгір асфальт туралы сөз қозғады.
Астана жаңалықтары: Астанада «Тур EXPO» вело жарысы қалай өтті
Британиялық вело жарыскер Эдвард Клэнси «EXPO Турдың» жеңімпазы атанды. Изияның ең үздік жарысушысы атағын «Астана» командасының мүшесі Бахтияр Қожатаев иеленді.
Астана жаңалықтары: Астанада «Тур EXPO» вело жарысы қалай өтті
Мәтін: Күнсұлу Жамбырбаева

Фото: Әділхан Ілиясов
Әрі қарай

Астанада елорданың ең үздік қызметкеріне дауыс беру жалғасуда

1-31 тамыз аралығында «Еңбек жолы» кәсіпорындар қызметкерлері арасында жалпықалалық байқаудың ең үздік үміткері үшін онлайн-дауыс беру басталды.

Байқауға қатысу үшін 23 өтініш келіп түсті. Құжаттарды қабылдау 20 мамыр-20 шілде аралығында жүзеге асырылды.

— Байқау Елбасының идеясын іске асыру аясында өткізілуде. Президенттің жарлығымен Еңбек күні бекітілген болатын. «Еңбек жолы» байқауы екінші рет өткізіліп отыр. Оның мақсаты – еңбек адаманының әлеуетін арттыру, еңбек өнімділігін арттыру, жұмыс мамандықтарын насихаттау. Байқау үш аталымнан тұрады: «Ең үздік еңбек династиясы», «Ең үздік кәсіпорын қызметкері», «Жұмысшы жастың үздік жетекшісі». Жеңімпаздарды таңдау екі кезең бойынша іске асырылады: қалалық және республикалық деңгейде. Дауыс берудің бірінші кезеңі бүгін басталды және ол 31 тамызда бітеді,- деді жұмыспен қамту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Мақпал Ақбасова.

Ең үздік қызметкерге мына сілтеме бойынша дауыс беруге болады:https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSccezf4uWvcVa-xBtUg_XZnJdsfKOskrkvG2ZiYToOOw8GaxQ/viewform

Дауыс беру 3 аталым бойынша жүзеге асырылады:

1.«Үздік еңбек династиясы»- ең ұзақ еңбек өтілімімен бірнеше марапаттауы бар ең көпжылдық династия таңдалады.

2. «Өндірістің үздік жас жұмысшысы»-5 жылдан кем емес еңбек өтілімімен өндірістің ең белсенді және еңбекқор жұмысшысы таңдалады.

3. «Жұмысшы жастың үздік жетекшісі»-20 жылдан кем емес еңбек өтілімі бар ең жоғары нәтижелі жетекші таңдалады.

Дауыс беру 3 аталым бойынша өтеді:

Онлайн-дауыс беру — ең көп дауыс жинаған әр аталым бойынша 3 көшбасшыны анықтайды (бас-аяғы 9 үміткер). Екінші кезеңде өңірлік комиссия 3 көшбасшы арасында байқаудың жеңімпаздарын анықтайды.

Ең үздік қатысушыларды марапаттау республикалық «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына» форумын өткізу күнінде өтеді.

Жеңімпаздар құнды сыйлықтармен және дипломдармен марапатталады. Барлық қатысушылар алғысхаттармен марапатталады.
Әрі қарай

Астанада қалдықтарды өңдеу саласын жаңғырту басталады

Астана жаңалықтары: Астанада қалдықтарды өңдеу саласын жаңғырту басталады

Елордалық «Оператор РОП» компаниясымен меморандумға қол қойды. Құжат елордада қалдықтарды өңдеу саласын жаңғырту бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыруға және Оператор РОП пен халықаралық қорлардың қаржылай қолдауы арқылы елде экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.

Айта кетейік, мемлекет басшысы елде экологиялық ахуалды жақсарту мәселесіне үнем үлкен мән береді. Осыған байланысты астаналық әкімдік қойылған міндеттердіжүйелі шешуді ұсынады.

Астана әкімдігі қалдықтарды басқару бойынша Бағдарлама әзірлеуде. Онда елордада қоқыстарды өңдеу арқылы «жасыл» энергия өндіру бойынша инновациялық технологияны енгізіп қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту қарастырылған. Астана қаласында қоқыстарды басқару жүйесі жинау, жеткізу, қайта өңдеу және қалдықтарды полигонда көмуден құралады, — деді қала басшысы Әсет Исекешев.

Бүгінгі таңда қала аумағы 24 участкеге бөлінген, ол жерлерде 1 842 жәшіктер алаңы жайластырылған және 10 477 жәшік қойылған. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруда 70 бірлік арнайы техника жұмылдырылған. Күн сайын қала аумағынан 1000 тонна қоқыс шығарылады.

Бағдарламаны 2 кезеңмен жүзеге асыру жоспарлануда:
1-кезең жұмыс істеп тұрған қоқыс өңдеу кешенін қосымша технологияны енгізу арқылы 2017 жылы ТҚҚ қайта өңдеу жоспарлануда.

2-кезең 2019 жылға дейін органикалық қалдықтарды анаэробты ашыту жолымен және қоқыс газын өңдеу арқылы қалдықтарды қайта өңдеу тереңдігін 75%-ға дейін жеткізу. Қалған 25% қалдық полигонда (күл, құм, жоюға жатпайтын фракция) көміледі.

Қоқысты қайта өңдеу саласына жеке инвестиция тарту мақсатында бағдарлама аясында ҚР Заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірленуде. Ол Астана қаласында қоқыстарды жинау, жеткізу, қайта өңдеу және көму бойынша бірыңғай оператор құруға бағытталған.

Астана қаласы аумағынан қалдықтарды шығару бойынша өткізілген тендер жеңімпазы «Клеан Сити» ЖШС компаниясы өз қаражаттары есебінен 30 жаңа қоқыс шығаратын көлік және 1 000 қалдықтарды жинау жәшігі алынды. Қосымша осы жылдың соңына дейін 3 000 жәшік сатып алынады.

Қалдықтарды пайда болатын орында бөлек жинау жүйесін енгізу бойынша жұмыс белсенді жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі таңда қала аумағында пластик жинауға 650 контейнер, құрамында сынап бар шамдарға және электронды қалдықтар жинауға 700 жәшік, 350 контейнер күл салуға орнатылған.
Әрі қарай

Астанада Маңғыстау облысының мəдениет күндері өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада Маңғыстау облысының мəдениет күндері өтеді

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Маңғыстау облысының «Қарт Каспийден сәлем ал, ерке Есіл!» атты мәдениет күндері өтеді.

Маңғыстау облысының этно-мәдени керуен қатысушылары елорда қонақтары мен тұрғындарына ауқымды бағдарлама дайындаған.

Мәдениет күндерінің ашылуы 15 тамыз күні сағат 21.30-да «ЭКСПО-2017» алаңындағы амфитеатрда өтеді.

15-18 тамыз аралығында Қазақстан эстрадасының танымал жұлдыздарының және Маңғыстау облысының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен 40-қа жуық мәдени шара өткізу жоспарлануда.

Мәдениет күндері барысында Ақтауда ұйымдастырылған және мақтанышпен көрсететін ең қызықты мәдени шаралар мен оқиғалар ұсынылады. Шарада заманауи эстрадалық өнермен қатар, халық шығармашылығы қамтылады. Концерттік бағдарламада Маңғыстау облысында шығармашылық жолын бастаған А.Қосанова, Тамара Асар, Камшат Жолдыбаева, Ғалымжан Жолдасбай, Лұқпан Жолдасов өнер көрсетеді.

Конгресс-холлда Маңғыстау облыстық М.Өскінбаев атындағы филармониясы А.Тарақұлы атындағы ұлт-аспаптар оркестрінің дәстүрлі ән-күй-жыр саздарының концерті болады.

18 тамыз күні сағат 19.00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрында Н.Жантөрин атындағы облыстық музыкалық-драма театрының «Шыңырау» спектаклі өтеді.

Мәдениет күндері Маңғыстау облысының ұлттық нақыштағы ерекше қолөнер бұйымдары назарға ұсынылады. Бұдан бөлек, этноауылда көрермендер ұлттық ойындарды тамашалай алады.

Барлығы Астанаға Маңғыстаудан 600 адам келеді және облыстың мәдени мұраларын паш етеді.
Әрі қарай

Елордада Астана қаласының серіктесі мәртебесін табыстау рәсімі өтті

Астана жаңалықтары: Елордада Астана қаласының серіктесі мәртебесін табыстау рәсімі өтті

Есіл ауданы әкімінің аппаратында «Recommended by EXPO-2017» серіктестік бағдарламасының 28 қатысушысына Астана қаласының серіктесі мәртебесі мен сертификаттарды табыстаудың 5-ші рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімі «Астана қаласының Инвестициялар және даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары Қанат Исабековтың қатысуымен өтті.

Астана қаласының басты серіктестері: «Wyndham Garden Astana» қонақ-үйі, «TheSultans» және «Carreta» мейрамханалары.

Астананың «қола» серіктестері: «Аққу» және «Lion» қонақ-үйлері, «Golden Voice» караокесі.

Астана қаласының серіктестері: «Акжайык» қонақ-үйі, «QonaQ» дәмханасы, «Құланшы» заманауи өнер орталығы, «Олимп» клиникалық-диагностикалық зертханасы, «Астана» «Grand hostel Astana», «Самұрық» және «YURT hostel Astana» хостелдері.

Сондай-ақ «Астана қаласының серіктесі» мәртебесін жалға берілетін келесі апартаменттер алды: «SUNHOME» ЖШС, «Medicalcompass» ЖК, «LuxApartAstana» ЖШС, «Астана апартаменттері» ЖК, «ТАНИЯ» ЖК, «Нурпеисова Г. Р.» ЖК, «LUX APARTMENTS» ЖК, «Ертаева» ЖК, «Ахметова А. Б.» ЖК, «Мүлік агенттігі» ЖК, «7 Қазына» ЖК, «ANI Group» ЖШС, «Омарова» ЖК, «Хасенова М. С.» ЖК, «Макина Г. Т.» ЖК.

Қаланың серіктестері ресми туристік welcometoastana.kz порталында, әкімдіктің сайтында және ЭКСПО-2017 сайтында, әуежайда туристік ақпараттық бағаналарда, теміржол вокзалында және «Хан Шатыр» СОС-да хабарламаларды орналастыру мүмкіндігіне ие болады.

Естеріңізге салайық, бағдарламаның мақсаты ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесі кезінде қонақтарды қарсы алу үшін ұсынылатын туристік қызметтердің сапасын арттыру болып табылады, оған қоса туристік дестинация ретінде қаланы әрі қарай дамыту үшін аталмыш салада жағдайды жақсарту болып табылады.

Бағдарлама қатысатын туристік саланың барлық кәсіпорындарында ұсынылып отырған қызмет деңгейіне бағалау жүргізілуде. Бүгінде бағдарламаға қатысу үшін 225 өтініш келіп түскен.
Әрі қарай

Астанада киім жинауға арналған жәшіктер пайда болады

Астана жаңалықтары: Астанада киім жинауға арналған жәшіктер пайда болады

Елбасының «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламысын, «Атамекен» бағдарламасы жанындағы «Жомарт жүрек» бағдарламасын іске асыру аясында Астанада киім-кешек жинау үшін арнайы жәшіктер пайда болады.

Акцияна елордалық әкімдік ұйымдастырып отыр.

Аталмыш акцияның басты мақсаты- өзгенің қиын жағдайына селқос қарамайтын адамдардың қолданыста емес киімдерін көмекке зәру адамдарға үлестіру, киім-кешек жинау.

Керек емес аяқ киім, киім-кешектер мен кітаптарды кез-келген уақытта арнайы орнатылған жәшіктерге салуға болады.

Қиын жағдайға тап болған не болмаса көмекке зәру адамдарға жәрдемдесу үшін ендігіде өзіне қажет емес заттарды қоқысқа емес, арнайы орнатылған жәшіктерге салып, тапсыруға болады: ол киім-кешек, аяқ киім, спорттық құрылғылар, кітаптар, ойыншықтар мен тұрмыстық теxникалар, сөмке және басқа да аксессуарлар болуы мүмкін, дейді ұйымдастырушылар.
Әрі қарай