Alem Barysy қазақ күресінен әлем чемпионатына 40 мемлекеттің күресшілері қатысады

Астана жаңалықтары: Alem Barysy қазақ күресінен әлем чемпионатына 40 мемлекеттің күресшілері қатысады

8 қыркүйек күні Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде қазақ күресінен «Әлем Барысы» түйе балуандар арасындағы әлем чемпионаты өтеді. ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылып отырған беделді бәсекеге 40 елдің балуаны қатысады. Шетелдік спортшыларға Қазақстанның төрт балуаны төтеп береді.

22 тамыздан бастап қазақ күресінен Қазақстан Ұлттық құрамасы Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Жиын нәтижесі бойынша бас жаттықтырушы Ерлан Естек бастаған баспкерлік кеңес «Әлем Барысында» ел намысын қорғайтын балуандарды іріктеді. Олар: төрт дүркін әлем чемпионы және Қазақстан Барысы жеңімпазы Айбек Нұғымаров, әлем чемпионы және Қазақстан Барысы турнирінің жеңімпазы Мұхит Тұрсынов, жас та болса, болашағынан зор үміт күттіретін Айбат Сейтен және Дәурен Нұралинов.

Сонымен қатар, биылғы Қазақстан Барысы жеңімпазы Еламан Ерғалиев, танымал түйе балуан Ержан Шынкеевтің қатысуы да тек мүмкін.

Әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылар Астанаға келе бастады. Бүгінде Австралия, Жаңа Зеландия, Қытай және Гана балуандары Елордаға жетті. Жарыс шарты бойынша, барлық қатысушыларға қазақ күресінен арналған спорттық күртеше мен аяқ киім берілуде. Бүгін шетелдік төрешілерге қазақ күресінің ережелері бойынша семинар өткізіледі.

Біріншіліктің жалпы жүлде қоры 30 миллион теңге. Оның ішінде 15 миллионы жеңімпазға тиесілі. Дәстүр бойынша, алтын, күміс және қола белбеулер де қарастырылған. Жанкүйерлер де жүлдесіз қалмайды. Көрермендер арасында Renault Logan автокөлігі ойнатылады.

Айта кету керек, абсолютті әлем чемпионатын тікелей эфирде «Qazaqstan», «Qazsport», түріктің «TRT Avaz», Ресейдің «Матч! Планета» және «Бокс ТВ» телеарналары көрсетеді.

Естеріңізге саламыз, Alem Barysy 2014 жылы Павлодар қаласында өтті. Тартысты бәсеке нәтижесінде алтын белбеу мен жүз мың АҚШ долларды кубалық Брайсон иеленді. Екінші орында Айбек Нұғымаров, үшінші сатыда ресейлік Максим Ширяев.
Әрі қарай

Елордада «Астана – таза қала» жалпы қалалық сенбілігі 16 қыркүйекте өтеді

Жалпықалалық «Астана – таза қала» қалалық сенбілігі күзгі экологиялық айлық аясында өтеді. Астана қаласын санитарлық тазалауға, абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған сенбілік ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен 4 қазанға дейін өтеді.

Шараға 90 мыңға жуық адам қатысады, олардың ішінде мыңнан астам кәсіпорын мен ұйым бар, 49 жоғары және орта білім беретін білім мекемесі, 184 мектепалды және жалпы білім беру ордасы, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 161 мемлекеттік мекеме, ведомство және ұлттық компания бар, 560 техниканы жұмылдыру жоспарлануда. Сенбілік қатысушыларына барлық тазалау құралдары беріледі.

Қала аумағында қалалық және республикалық ұйымдардың қатысуымен ағаштар мен көшеттерді отырғызу жоспарланып отыр. Қалалық басқармалардың қызметкерлері өздерінің нысан аумағында 18,5 мыңға жуық ағаш отырғызбақ.

Онымен бірге Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасын тазарту бойынша экологиялық акция өткізу жоспарлануда. Бұған студенттер, еріктілер мен әскери бөлімдердің қызметкерлерін тарту көзделіп отыр.

жалпықалалық «Астана – Таза қала!» қалалық сенбілік күзгі экологиялық айлық аясында өтеді. Астана қаласын санитарлық тазалауға, абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталған сенбілік ағымдағы жылдың 4 қыркүйегінен 4 қазанға дейін өтеді.

Шараға 90 мыңға жуық адам қатысады, олардың ішінде мыңнан астам кәсіпорын мен ұйым бар, 49 жоғары және орта білім беретін білім мекемесі, 184 мектепалды және жалпы білім беру ордасы, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 161 мемлекеттік мекеме, ведомство және ұлттық компания бар, 560 техниканы жұмылдыру жоспарлануда. Сенбілік қатысушыларына барлық тазалау құралдары беріледі.

Қала аумағында қалалық және республикалық ұйымдардың қатысуымен ағаштар мен көшеттерді отырғызу жоспарланып отыр. Қалалық басқармалардың қызметкерлері өздерінің нысан аумағында 18,5 мыңға жуық ағаш отырғызбақ.

Онымен бірге Есіл, Ақбұлақ, Сарыбұлақ өзендерінің арнасын тазарту бойынша экологиялық акция өткізу жоспарлануда. Бұған студенттер, еріктілер мен әскери бөлімдердің қызметкерлерін тарту көзделіп отыр.
Әрі қарай

«Астана марафон-2017» шарасына 3 мыңнан аса қатысушы тіркелді

Астана жаңалықтары: «Астана марафон-2017» шарасына 3 мыңнан аса қатысушы тіркелді

Марафонға қатысу үшін ұйымдастырушылардың www.astana42k.com, сайтында онлайн тіркелуге болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Жыл сайынғы Астана марафонына қатысуға тіркеуден өткен қатысушыларға биыл «Әрқашан бірге» деген жазуы бар жейде таратылады.

-Қазіргі таңда Астана марафонына 3724 қатысушы тіркелді. Бірақ бізде әлі де он күндейуақыт, сондықтан күтеміз. Шараға басталғанға дейін 4500-5000 — ға жуық адам тіркеледі деп ойлаймыз, — деп хабарлады медиа орталық тілшісіне «Астана марафоны» директоры Гаухар Брамлей-Фентон.

Қатысушыларды тіркеу әлі де жалғасуда. 11 қыркүйекке дейін 42,2 шақырым мен 21,1 шақырым қашықтыққа қатысушы жеңіл атлеттер бағын сынауға тіркеле алады. 10 шақырым қашықтықта тіркелу 14 қыркүйекке дейін жалғасады. Сонымен қатар қатысу үшін 14 қыркүйекке дейін Crossfit Astana клубтары арқылы және 15-16 қыркүйек сағат 19:00-ге дейін Astana Marathon EXPO 2017 спорттық жәрмеңкесі кезінде тіркелуге болады.

Биыл марафон Қазақстан астанасында 17 қыркүйек өтеді. Спортшылар 3 қашықтық бойынша жарыс жолына шығады. Ең шыдамдылары 42,2 шақырымды, дайындалған атлеттер 21,1 шақырымды, ал әуесқойлар 10 шақырымды бағындырады. Бұдан бөлек скандинавиялық жүру ұсынылады.

Шараға кенияляқ есімдері белгілі желаяқтар қатыспды деп күтілуде. Марафондық қашықтықтарда тұрақты таңғаларлық нәтиже көрсетуші Саймон Кипругут Кируй (Simon Kiprugut Kirui), Генри Кипсанг (Henry Kipsang) и Чебой Хильда Джепкогей (Cheboi Hildah Jepkogei) бар.

Марафон 17 қыркүйек күні мамандандырылған халықаралық ЭКСПО көрмесіне қарама-қарсы Р4 автотұрақ аумағында өткізіледі.
Әрі қарай

Елордада жыл сайынғы халықаралық «Astana Marathon 2017» марафоны өтеді



Шараға әлемге аты танымал Кениядан жүргірушілер келеді деп күтілуде. Айта кетейік, жүгіру 2009 жылдан бастап өткізіледі. Өткен жылы бұл жарысқа 4,5 мыңнан астам адам қатысқан болатын, олардың ішінде. Кәрім Мәсімов, Әділбек Жақсыбеков, Серік Сәпиев, Владимир Винокуров, Людмила Прокашёва сынды атақты қазақстандық саясаткерлер мен спортшылар бар.

Биыл марафон жаңа деңгейде өткізілмек, оған Кениядан жүгірушілер қатыспақ. Саймон Кипругут Кируй (Simon Kiprugut Kirui), Генри Кипсанг (Henry Kipsang) және Чебой Хильда Джепкогей (Cheboi Hildah Jepkogei) сынды атақты спортшылар ұзақ қашықтыққа Астананың көшелерімен жүргіреді. Ұйымдастырушылар шара қарсаңында Халықаралық IAAF-жеңіл атлетика федерациясының қолдауымен марафонды сертификаттайды.

Жүгірудің ақтық мәресінде Астана және ТМД елдері үшін рекорд орнатылады деп күтілуде. Саймон Кипругут Кируй жаттықтырушы Филипп Кипрононың басшылығымен 2 сағат 10 минутта 42,2 шақырымды бағындырмақ.

Марафон күні қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің Сауль «Канело» Альвареспен жекпе-жегінің өтуіне байланысты Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен тікелей көрсетіліммен LED-экрандар орнатылады. Ең қысқа қашықтыққа жүгіру – 10 шақырым, қосымша – 21,1 шақырым және 42,2 шақырым.

Марафонның тағы бір ерекшелігі – «Аяла» қорының қатысуымен «Қайырымдылық жылы» санатын енгізу.

Айта кетейік, тіркеуден өткен жылсайынғы марафонның тұрақты қатысушылары үшін (2015, 2016) «Əрқашан Бірге» жазуымен жейделер берілетін болады. 42,2 шақырым, 21,1 шақырым — 18 жас және одан да жоғары, эстафеталық марафон – 10 шақырым – 16 жас және одан да жоғары, сондай-ақ скандинав стилі бойынша жаяу жүру өткізілмек.

Марафонға қатысу үшін www.astana42k.com сайтында онлайн-тіркелімнен өту керек. 42,2 шақырым және 21,1 шақырымға онлайн-өтініштер 11 қыркүйекке дейін және 10 шақырымға өтініштер 14 қыркүйекке дейін қабылданады. Қызығушылық танытқан кез-келген адам 14 қыркүйекке дейін Crossfit Astana клубында және 15 және 16 қыркүйекте сағат 19.00-ге дейін «Astana Marathon EXPO 2017» спорттық жәрмеңкесі кезінде шараға қатысу үшін тіркеле алады.

Аталмыш шара 17 қыркүйекте сағат 07.00-ден 13.00-ге дейін Т. Рысқұлов пен Түркістан көшелерінің қиылысында өтеді (P4 тұрақ аумағы, «Astana EXPO-2017» көрмесіне қарама-қарсы).
Әрі қарай

Астанада жыл соңына дейін мектепке дейінгі мекемелерде 6400 қосымша орын ашылады

Астана қаласы қоғамдық кеңесінің кезекті отырысында елорданың 2017 жылға арналған бюджетін нақтылау бойынша мәселелерді талқылады.

Астана қ. экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерғали Егемберді атап өткендей, өнеркәсіптік кәсіпорындармен 4,2 пайыздық өсіммен 290 млрд теңгеге өнім өндірілді.

Қаланың экономикасына 442 млрд теңге инвестиция құйылды, ол өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 7,3 пайызға артық.

1680 мың шаршы метр аумақта тұрғын-үй салынды, өсім 28,1 пайыз.

Шағын және орта бизнес саласында субъектілердің саны 6,9 пайызға артты. Бөлшектеп сату тауар айналымының көлемі 11,3 пайызға артып, 579 млрд теңгені құрады.

Экономиканың қарқынды өсуі қаланың бюджетіне кірістің артуына септігін тигізді. Мәселен, жыл басынан қала бюджетіне 158 113 млн теңге түсім түсті, ол өткен жылдың кірісінен 15 257 млн. теңгеге артық.

— Елбасы елордадағы ең өзекті екі мәселені қадап айтқан болатын. Ол – мектеп пен мектепке дейінгі мекемелерде орынның жетіспеушілігі. Бүгінде 33000 орын жетіспейді. Бұл 3-6 жас аралығындағы 33000 бала. Сол себепті 3 аудан әкімі аппаратынан бөлініп отырған қаражаттың ауқымды мөлшеріне мемлекеттік және жеке балабақшаларда мемлекеттік білім тапсырысын орналастыруға бағытталмақ, — деді Ерғали Егемберді.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда мемлекеттік білім тапсырысын мемлекеттік және жеке балабақшаларда орналастыру үшін Алматы ауданы әкімінің аппаратына 385 млн теңге, Сарыарқа ауданы әкімінің аппаратына 56 млн теңге және Есіл ауданы әкімінің аппаратына 219 млн теңге бөлінетін болады. Осылайша жыл соңына дейін Астананың мектепке дейінгі мекемелерінде 6400 қосымша орын пайда болады.

-Жыл басынан бастап 9000 орынға субсидия бөлінді. Оған қоса біз қазір 3 аудан бойынша 300 млн теңге көлемінде қосымша қаражат бөлеміз. Олар жеке балабақшаларда орын ашуға жұмсалмақ. Жыл соңына дейін 6400 орын ашу жоспарлануда. Астана бойынша есептейтін болсақ, бюджеттің есебінен 15400 мектепке дейінгі орынды жабамыз. Мәслихат сессиясы өткен соң, Білім басқармасы тек мұқтаждарға ғана қаражат бөлетін болады, — деді Ерғали Егемберді.

Айта кетейік, бюджеттің негізгі қаражатын орта білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала нысандарының материалдық-техникалық жабдығына жұмсау жоспарлануда. Онымен бірге апатты және ескі үйлер сүріліп, инвестициялық жобалар іске асырылмақ.
Әрі қарай

Елордада журналистер арасында «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсы жарияланды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы мен Қоры баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға жыл сайынғы ашық конкурс жариялайды.

Конкурстың мақсаты – елдің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін көрсету, Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын танымал ету.

Конкурс төрт номинация бойынша өткізіледі:

1) «Үздік теледидар материалы»;

2) «Үздік радиоматериал»;

3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»;

4) «Ғаламтор-БАҚ-тағы үздік жарияланым».

Номинациялардың әрқайсысы бойынша жеңімпаздарға 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай жүлде беріледі, ал екінші және үшінші орындар үшін тиісінше – 500 мың және 200 мың теңге беріледі. Одан басқа, барлық жүлдегерлерге дипломдар мен омырауға тағатын белгілер тапсырылады.

Конкурсқа кәсіпқой журналистер жеке және ұжымдық негізде де қатыса алады.

Конкурсқа 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 10 қазан мерзімібойыншамемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жарияланған (басылған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.

Конкурстың қорытындысын құрамына белгілі журналистер, Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері енген Конкурс комиссиясы шығарады.

Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі Тәуелсіздік күні қарсаңында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2017 жылғы 1 маусымнан бастап 10 қарашағадейінгі мерзімде әкеліп беру тәртібімен немесе поштамен жөнелту арқылы мына мекен-жайда: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 10, 213-каб., «Қазақстан тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгісімен қабылданады. Байланыс телефондары: 7172) 69-30-54, 69-30-56, 69-30-57, 75 12 15, 8701 355 13 63 WhatsApp.

Конкурсты өткізудің шарттары мен уақыты туралы толық ақпаратпен www.presidentlibrary.kz, www.presidentfoundation.kz сайттары арқылы танысуға болады.
Әрі қарай

Astana Service жаңа бағдарламасы оң нәтижелер көрсетті

Астана жаңалықтары: Astana Service жаңа бағдарламасы оң нәтижелер көрсетті

Елорда әкімдігі ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне дайындалу және өткізу аясында қалалық такси қызметінің сапасын жетілдіру мақсатында «AstanaTaxi» бірыңғай такси қызметі» жобасы құрылды. Ағымдағы жылдың басында тек осы жобаны жүзеге асыру үшін «AstanaService» жаңа бағдарламасы қабылданды.

Ол кәсіпкерлерге отандық өндірістен шыққан жаңа көліктерді сатып алу үшін жеңілдетілген мөлшерлемемен несие алуға мүмкіндік береді.

Аталған жобаның арқасында 6 таксопарктің бірігуімен жалпы саны 400 көлікпен жасақталған, оның ішінде 300-і жаңа бірыңғай такси қызметі құрылды.

Айта кетейік, жоба қала бюджетіне салмақ салмай жүзеге асырылды. Соның арқасында бюджеттің 20 млн.доллары үнемделді. Бірыңғай такси қызметінің негізгі ерекшелігі көліктер мен жүргізушілердің сыртқы стилі бірыңғай, Call-орталық, қалалық тариф, таксометрлермен және тегін WiFi-мен жайлы көліктер, «BusLane» арнайы автобус жолақтарымен жүру бойынша мемлекеттік артықшылықтар, вокзал, әуежай, ірі сауда орталықтары мен басқа нысандар аумағына кедергісіз қолжетімділік.
Әрі қарай

Астанада шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштері өсті

Астана жаңалықтары: Астанада шағын және орта бизнестің даму көрсеткіштері өсті

Елордалық әкімдіктің мәліметтері бойынша ағымдағы жылдың 7 айында шағын және орта бизнес субъектілері 7 пайызға артты, өнеркәсіптік өндіріс көлемі 55,8 пайызды құрады.

Сала бойынша өсім байқалды: өнеркәсіптік өндіріс 4,2 пайызға артты, бұл машина құрастыру мен металлургияның арқасында болып отыр. Индустриаландыру картасы аясында жобаларды іске асыру шеңберінде елордада 24 кәсіпорын жұмыс істейді.

Инвестиция 7,3 пайыға өсті, ол 1,3 млрд теңгені құрайды. Онымен бірге шетелдік инвестиция көлемі артты, 2016 жылдың сол кезеңінде көрсеткіш 63,1 млн. АҚШ долларын құраған болатын, ал биыл көрсеткіш 139 млн. АҚШ долларына жетті.

Бүгінде елордада 11 мың жаңа жұмыс орны құрылды, олардың 85 пайызы орта және шағын бизнес саласына тиесілі.

Жұмыссыздық деңгейі елордада 4,5 пайызға төмендеді.

Айта кетейік, кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік және жергілікті бағдарламалардың аясында көрсетіліп жатқан қолдау септігін тигізуде. Атап айтқанда «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы. Осы бағдарламаның аясында 733 жоба қамтылған, 5 мыңнан астам жұмыс орны құрылып 8 мың жұмыс орны сақталды.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасымен сауда және қызметтер саласына қолдау білдірілмейтінін ескере келе Астана бизнес субъектілеріне жеңілдікпен несие беру бағдарламасын әзірлеп, бірқатар жергілікті бағдарламаларды іске асыруда.

Жалпы алғанда жергілікті бағдарламалар бойынша: Астана Бизнес, Astana-ZhasStarT Astana Retail, Astana Startup 102 жобаға қолдау көрсетілді, жалпы сома — 16,5 млн. АҚШ доллар. Соның нәтижесінде 1000-ға жуық жұмыс орны құрылып, 350 орын сақталды.

2016 жылдың қортындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы аймақтық өнімге қосылған құнының жалпы үлесі 57,4%, өткен жылмен салыстырғанда 11,4% өткен. Аймақтар арасында Астана 1-ші орынды иеленді.
Әрі қарай

Елордада нәтижелі жұмыспен қамту жаңа бағдарламасын жүзеге асыру басталды

7 қыркүйек 10:00-нан 13:00 дейін Астана қаласының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы «Даму» қорымен бірлесіп, нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасын және бұқаралық кәсіпкерлікті түсіндіру мақсатында ашық есік күнін өткізуде.

Ведомство хабарлағандай, бағдарламаға жұмыссыздармен қатар, өзін-өзі еңбекпен қамтыған адамдар да, сондай-ақ өз ісін енді бастағандар мен кәсіпкерлер қатыса алады.

Аталған бағдарлама бойынша несие мөлшерлемесі жылына небәрі 6% құрайды. Барлық саланы қаржыландыру саудадағы айналымдағы қаржыны толықтырудан бөлек.

Қызығушылық танытқандар мамандардан толыққанды кеңес алып, нәтижелі еңбекпен қамту бағдарламасын жүзеге асыру аясында мемлекеттік қолдаулар туралы біле алады.

Шара Тәуелсіздік даңғылы, 3-үй, 32 аудитория, «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының 3 қабатында өтеді.
Әрі қарай