Елордада «Абай әлемі» атты әдеби-сазды кеш өтті

Астана жаңалықтары: Елордада «Абай әлемі» атты әдеби-сазды кеш өтті
Бүгін Астана қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған «Абай әлемі» атты әдеби-сазды іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараны Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы Абай ескерткішінің алдында өткізді. Шараның басты мақсаты – өскелең ұрпаққа тағылым ретінде Абайдың рухына тағзым ету, Абайдың рухани құндылықтарын көрсете отырып, әдеби мектебін, тіл мектебін, ұлт пен рух мектебін ашу, ұлы ақынның мұрасын жастардың санасына сіңіру.
Абайдың туған күніне арналған іс-шара ең алдымен Абай ескерткішіне гүл қою рәсімімен басталды. Әдеби-сазды кештің шымылдығын Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен ақын Несіпбек Айтұлы ашты.
«Абай қазақ руханиятының жарық жұлдызы, әр заманда түлеп, жаңарып отырады. Абай – өз заманын жаңғыртқан, жаңартқан ақын. Абай халқын ұлы мәдениетке, ұлы руханиятқа шақырды», деді ақын, Мемелекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы.
Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі Кенжеғали Мыржықбай, дәстүрлі ән дүлдүлі Ерлан Рысқали өзге де елорда өнерпаздары Абай әндерін орындады.
«Біз Абай атамыздың рухани мұрасына қайта-қайта оралып, оның терең тұңғиығына бата түсеміз. Себебі Ұлы ойшыл атамыз шығыс поэзиясында қалыптасқан ұлы дәстүрлерді жалғастырушы ғана емес Фердоуси, Зинами, Әлішер Науаи секілді шығыстың Ұлы ойшылдарының ізбасары, рухани ойды одан ары дамытушы. Адамзат өркениетіне өз үлесін қосқан ұлы қайраткер», деді Ермек Аманшаев.
Сонымен қатар, кеште Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі қазақ күйлері мен түрлі композициялар тарту етіп, танымал күйші Айбек Бекбосын Абайдың күйін шертті, Абайдың образы сомдалып, монологтар оқылды, жас ақындар Абай өлеңдерін және ақынға арналған өз жырларын оқыды.
Сондай-ақ, көпшілікке арналып ашық аспан астында «Абайдың мұрасы – қазақтың ең асыл қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Хакім Абайдың туған күніне арналған шараға зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен ақсақалдар, қала басшылығы, оқу орындарының, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының жетекшілері мен өкілдері және қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Әрі қарай

Жыл соңына дейін Астанада жаңа тазарту ғимараты мен магистральді коллекторлар салынады

Астана жаңалықтары: Жыл соңына дейін Астанада жаңа тазарту ғимараты мен магистральді коллекторлар салынады

Астана әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов ОКҚ брифингте жаңа құрылыс туралы және ескі тазарту ғимаратын қайта жөндеуден өткізіп жатқаны туралы айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордада жыл соңына дейін Алаш тас жолы ауданында 2 тазарту ғимаратының құрылысы аяқталатынын және де тағы 2 магистральді коллектор мен 7 насос станциясын қайта жөндеуден өткізуді жоспарлап отыр. Жалпы су жинау алаңы 700 га дейін ұлғайтылмақ.

«Қазір жаңа теміржол вокзалы маңайындағы Өндіріс тұрғын алабында, болашағы жарқын Тельман кенті мен Құдайбердіұлы көшесінде тазарту ғимаратының құрылысы басталып кетті», — деді Қ. Айтмұхаметов.

Бұдан басқа, 2020 жылы Жастар мен Ақбұлақ мөлтекауданында тағы да жаңа тазарту ғимараты салынатын болады. Айтмұхаметовтің айтуынша жобаны іске асыру нөсер суының кедергісіз ағып кетуін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде су жинайтын алаң 19 мың текше метрге дейін ұлғайтылды.

Сонымен қатар брифинг барысында Астана әкімінің орынбасары елордадағы проблемалы учаскелер туралы айтты. Оның айтуынша 2016 жылы су тасқыны жиі болатын учаскелер 37-ден 27-ге дейін азайды. Сондай-ақ соңғы күндері жауған жауын суы Момышұлы даңғылының қиылысы мен Тоқпанов көшесі, Уалиханов қиылысы мен Бараева, Тұран даңғылының қиылысы мен Ұлы дала көшесінде көптеп жиналғаны байқалды.

«Нөсер кезінде біз қосымша сағатына 2 мың қуаттылықпен су айдайтын насос орнаттық. ТЖД арнайы техникасы тартылды. Сонымен бірге тазарту ғимараты да үздіксіз жұмыс істеп тұрды», — деді Қ. Айтмұхаметов.

Оның айтуынша Момышұлы даңғылы мен Уалиханов қиылысындағы көше және Бараевада жеткізуші коллектордың диаметрі кеңейтіліп, қайта жөндеуден өткізілді. Ал екінші объектіде су жинайтын тоғанның орнына — жерасты тазарту кешенінің құрылысы жоспарлануда.

«Тұран даңғылы бойынша және Ұлы дала көшесінің қиылысында насостардың жұмыс өнімділігін жоғарылату үшін жаңарту жұмыстары жоспарланды. Осы объекті бойынша жобаны модернизациялауға әзірлік басталды, оны іске асыру 2019 жылы басталып 2020 жылы аяқталады», — деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК екі тәулікте 20-сы мен 21 тамызда астанада жауынның айлық көрсеткіш нормасы 40 % жоғары болғанын айтты. Осыған орай, нөсер кәрізі жүйесі үзіліссіз жұмыс істеп тұрды.

«1 млн текше су тасқынын қабылдадық немесе сағатына 45 куб. Негізгі магистралдық көшелерде судың жиналып қалуы белгіленбеді. Өйткені, жауын-шашын бірыңғай жаумады. Коммуналдық қызметтер осы күндері тәулік бойы жұмыс істеді», — деп хабарлады Қ. Айтмұхаметов.

Айта кетейік, 2016 жылы қалада 9 тазалау кешені мен 3 су жинайтын тоған болған. Су жинайтын алаңы бар-жоғы 8,7 га болған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен бағдарлама әзірленіп, қатаң түрде кестеге сай қаржыландыру лимиті бекітілді.

2016 жылы Тұран даңғылы мен Ұлы дала, 31 көше бойынша және ПМК 6 ауданындағы Сейфуллин көшесіндегі проблемалы 4 тазарту кешені аяқталған болатын. Сонымен қатар, Көктал мөлтекауданындағы тазарту ғимараты қайта жөндеуден өтті. 2016 жылы су жинайтын алаң 4,3 га дейін кеңейтілді.

2017 жылы Бейсекова көшесінде 3 тазарту ғимаратының құрылысы аяқталды, су жиналатын алаңы 912 га құрады, ал Тұран даңғылы мен Жәнібек Керей және Сығанақ көшелері арасында тазарту кешенінің алаңын ауыстырды, оның су жиналатын алаңы 1500 га құрады. Пригородный тұрғын алабында да жалпы ұзындығы 17 км магистральді коллектор салынды. Ол жауын суын Есіл өзеніне құю үшін арналған. Су жиналатын алаңы 2 мың га дейін кеңейтілді. Бұл қаланың сол жағалауында су тасқынының алдын алуға мүмкіндік берді, оның үстіне дәл осы кездері «ЭКСПО-2017» көрмесі өткізілді.
Әрі қарай

Астанада «Этноауыл» Ұлттық-мәдени кешені аумағында 25-26 тамызда ауқымды open air өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада «Этноауыл» Ұлттық-мәдени кешені аумағында 25-26 тамызда ауқымды open air өтеді

Ұйымдастырушылар барлық шаралар мен экспозициялар көне дәуірдегі тарих пен бүгінгі күндер жетістігін, қазақ халқы шеберлерінің өнерін, ұрпақтар сабақтастығын түгел қамтиды.

Көрменің мақсаты – қазақ мәдениетінің жаңа заман ырғағына сіңісіп, бейімделуін насихаттау, жастардың тарихи құндылықтарға қызығушылығын оятып, халық шеберлерінің жұмысын көрсету.

Көрмеге қатысатын қолөнер шеберлері өздерінің қолынан шыққан бұйымдарын көрсетумен қатар, жаңа өнерді үйренуге ерік білдірген барлық жандарға арнап шеберлік сағаттарын тегін өткізеді. Келушілер ер-тоқым, ауыздық пен қамшы секілді ат әбзелдерін де тамашалай алады.

Көрмеде еліміздің әр аймағынан келген тарихи жәдігерлер орналастырылады. Келуші қонақтар өткен ғасырға саяхат жасап, сол дәуірдегі киімдер мен әшекейлер, тұрмыстық бұйымдар мен орта ғасырларда қолданылған өзге де заттарды тамашалай алады. Олардың ішінде көне заман көшпенділерінің бұйымдары да бар. Сол заман адамдарының костюмдері мен қару-жарақ өзге де атрибуттарының ғылыми жолмен қайта қалпына келтірілген нақты көшірмелері қойылады.

Этнодизайнерлер байқауының бағдарламасында қазіргі заманғы қазақы киімдердің үлгілері көрсетіледі. Сонымен қатар «Томирис» пен кішкентай бүлдіршіндерге арналған «Жас батыр» костюмдер байқауы ұйымдастырылады.

Көркімен көз тартқан киіз үйлерде иісі мұрын жаратын дәмді тағамдар пісіріледі. Мұнда меймандар бауырсақ, құрт пен жент және т.б. дәстүрлі қазақ тағамдарынан ауыз тие алады.

Шара соңында фольклорлық музыканы ерекше интерпретацияда ұсынар өнерпаздардың гала-концерті ұйымдастырылады. Көмеймен орындаушылардың заманауи үлгілерін ұсынар Тюргэн Кам мен «Арқайым» нео-этно-фолк тобы да әннен шашу шашады.

Осы шараға келушілерді этно стилінде жұмыс істейтін диджейлердің алғашқы қазақстандық байқауы күтіп тұр. Қобыз, домбыра мен өзге де дәстүрлі аспаптардың заман ағымына сай бейімделген әуендері шырайлы кешті әсерлі қыла түспек.

Жазғы маусымның шымылдығын «Қазақстан – ұлы дала елі» республикалық көрмесі жабады. Ауқымды шараға келер қонақтар ерекше эмоцияға бөленіп, туған ұлттың тарихының жаңа парақтарымен танысады.

Шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен өткізіледі. Көрмені сағат 10:00-22:00 аралығында тамашалауға болады, кіру тегін.

Қонақтарға қолайлы болуы үшін «Хан Шатыр» СОО-дан «Этноауылға» дейін сағат 10:00-21:00 аралығында тегін автобустар қатынайды. Сонымен қатар көрмеге №18, 301, 302, 303, 304, 305 қалалық маршруттармен жетуге болады.
Әрі қарай

«Астана Операның» солистері «Soirée» вокалдық романтикалық музыка концертін ұсынады

Астана жаңалықтары: «Астана Операның» солистері «Soirée» вокалдық романтикалық музыка концертін ұсынады

«Астана Операның» солистері Мәдина Исламова, Татьяна Вицинская, Рамзат Балакишиев, Ержан Саипов және Хорватиядан шақырылған сопрано Сандра Пламенац тыңдарман қауымға «Soirée» вокалдық романтикалық музыка концертін ұсынбақ, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кеш 25 тамызда театрдың Камералық залында өтеді. Концертмейстер – Амина Тайкенова ин дер Шмиттен.

Елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына қазақ, итальян, француз, неміс, австрия, хорват және орыс композиторларының атақты вокалдық туындылары ұсынылатын болады.

В.А.Моцарттың «Дон Жуан» операсынан Дон Жуан мен Эльвираның ариялары, Ж.Бизенің «Кармен» операсынан жалынды Хабанера, Дж.Вердидің «Корсар» операсынан Медораның романсы, Дж.Пуччинидің «Қарлығаш» операсынан Магданың ариясы, Ж.Массненің «Вертер» операсынан Вертердің ариозосы, Ш.Гуноның «Фауст» операсынан Фаусттың кавантинасы, Ж.Оффенбахтың «Гофман ертегілері» операсынан Кляйнзак туралы шумақтар, К.Сен-Санстың «Самсон мен Далила» операсынан Далиланың ариясы, Р.Вагнердің «Тристан мен Изольда» операсынан Изольданың ариясы, И.Тиярдовичтың «Кішкентай Флорами» операсынан Флорамидың ариясы, Н.А.Римский-Корсаковтың «Патша қалыңдығы» операсынан Грязнойдың ариясы, П.И.Чайковскийдің «Евгений Онегин» операсынан Ленскийдің ариясы мен ариозосы т.б. шырқалмақ.

Сонымен бірге, кеште тыңдарманның құлағына сіңген халық әндері орындалады, бұдан бөлек, вокалдық музыкамен қатар мазмұнды концерттік бағдарламаға Р.Шуман мен Ф.Листтың «Арнау» және Ә.Бестібаевтың «Скерцо» аспаптық шығармалары енді.

Кеш сағат 18:00-де басталады.
Әрі қарай

Астана әкімдігінде ҚХР делегациясын қабылдады

Астана жаңалықтары: Астана әкімдігінде ҚХР делегациясын қабылдады

Тараптар түрлі салада алдағы уақытта әріптестік жасау жөніндегі жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев пен Чэнду қаласының ҚКП қалалық комитетінің хатшысы Фань Жуйпиннің кездесуі болып өтті.

«Екі елдің арасында барлық бағыттағы өзара тиімді әріптестік белсенді дамуда. Қытай біздің республикамызда ең басты іскер серіктесіміз. Ары қарай кеңеюдің жаңа импульсі мен екі ел мен қалалар арасындағы кооперацияның тереңдетілуі Жібек жолы экономикалық белдеуін жасауға бастама берді», — деді Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Оның айтуынша Ұлы Жібек жолын жаңғырту бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясы ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу – бір жол» бастамасымен түйіндесіп жатыр.

Сондай-ақ ол өсімнің басты қозғаушы күші ретінде заманауи қалалардың ерекше орны барын айта кетті.

«Қазақстанның жас астанасы қарқынды дамуда. 20 жыл ішінде қаладағы өнеркәсіп өндірісі 23 есеге өсті. Астананың экономикалық дамуына үлкен серпіліс берген ол халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі. «Ақылды қала» жобасының шеңберінде бірқатар инновациялық жобаларды іске асырудың мүмкіндігі туды: смарт емхана, смарт мектеп, көшелерді жарықтандыру, қала әкімдігінің интеллектуалды байланыс орталығы. Экономика саласында бізді ең басты біріктіріп отырған жоба, Астанадағы ЛРТ құрылысы. Бұл біздің қаланың қарқынды дамып келе жатқандығыынң бірер ғана мысалы», — деді Ермек Аманшаев және бүгінгі кездесудің туыстас қалалар шеңберінде Астана мен Чэндудың арасындағы әріптестік қарым-қатынасты дамытуға септігін тигізетініне сенетінін айтты.

Әріптестік үшін перспективалы бағыт ретінде Е. Аманшаев туризм, мәдениет, білім оның ішінде кадр алмасуды атады.

«Астана қаласы әкімдігі туристік саланы дамыту үшін үлкен бағдарлама дайындап жатыр. Астананың барлық жобасы «бір белдеу – бір жол» жобасымен тығыз байланыста. Біз үшін әлемнің басқа мегаполистерімен достық қарым-қатынаста болудың маңызы зор, оның ішінде ҚХР қалалары да бар. Сіздердің келу сапарларыңыз барысында біз де иық тіресіп ары қарай сіздермен бірге жұмыс жасаймыз деген үміттеміз», — деп сөзін қорытты Астана әкімінің орынбасары.

Чэнду қаласының ҚКП қалалықком хатшысы Фань Жуйпин оның сөзін қолдады.

«Мен үшін сіздермен Астана қаласында кездесу үлкен мәртебе. Біздің сапарымыздың мақсаты – екі ел арасындағы достықты нығайту. Сіздердің 20 жыл ішінде қаланың даму табысы біздерді таң қалдырды. Біздің қала Қытайдағы 9 ірі қаланың бірі, оның халқы 20 млн адам. Ол өзінің тарихымен, мәдениетімен, көптеген көрме, жәрмеңкесімен аты шыққан. Осы тұрғыдан келгенде бізге Астананың «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу тәжірибесі өте қызықты. Сонымен қатар, Астананың жаңа аймағында құрылыстар салудағы тәжірибесін үйренгіміз келеді», — деді ол.

Әрі қарай әріптестік үшін ол серіктестік және Астана қаласымен сауда қарым-қатынасын күшейтуді ұсынды.
Әрі қарай

Атырау облысы 25-26 тамыздағы ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне 20 тоннадан астам балық әкеледі

Астана жаңалықтары: Атырау облысы 25-26 тамыздағы ауылшаруашылығы жәрмеңкесіне 20 тоннадан астам балық әкеледі

25-26 тамызда «Қазақстан» СК тұрақ алаңында Атырау облысының жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Атырау облысының аграрийлері 12,5 тонна картоп, көкөніс пен бақша өнімдерін, ет өнімдерінің 10, сүт өнімдерінің 2,5 тоннасын әкеледі. «Карат» пен «Асыл агро» кәсіпорындары үш мыңға тарта консерві мен шұжық өнімдерін, «Алмалы құс» кәсіпорны 60 мың тауық жұмыртқасын саудаға қояды. Сондай-ақ, жәрмеңкеге балықтың 20 тоннасы әкелінеді деп күтілуде.

Балық өнімдерін атыраулық «Аманкелді» мен «Тілекші» кәсіпорындары, Құрманғазы ауданының «СевКАзКаспий» ЖШС, сондай-ақ, Исатай ауданының «Жамбыл» кәсіпорны ұсынады.

Дәстүр бойынша сауда алаңында облыстың шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламасын ұсынады.
Әрі қарай

Астаналық коммуналдық қызметкерлер жауын салдарын жоюда

Астана жаңалықтары: Астаналық коммуналдық қызметкерлер жауын салдарын жоюда

Қазіргі таңда Астананың барлық аудандарында 99 бірлік техника жұмылдырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада жаңбыр түрінде қатты нөсер құйып жауды. Қазіргі таңда қалада коммуналдық қызметтердің күшімен су тартылып шығарылуда.

Барлығы 99 бірлік техника жұмылдырылды, атап айтқанда:

Алматы ауданында – 23 бірлік техника, оның ішінде 18 ас-машина, 5 мотопомпа:

«Астана Тазалық» — 3 бірлік;

Мердігер ұйымдар – 15 бірлік.

Есіл ауданында – 41 бірлік техника, оның ішінде 32 ас-машина, 7 мотопомпа, 2 МТЗ-насос:

Орталық төртбұрышта – 21 бірлік;

«Шұбар» т/а – 4 бірлік;

«Шығыс Ильинка» т/а – 2 бірлік;

«Қараөткел» т/а – 1 бірлік;

«Комсомольский» т/а – 2 бірлік.;

«Заречный» т/а – 1 бірлік.;

«Тельмано» т/а – 1 бірлік.;

«Пригородный» т/а – 1 бірлік.

«Байқоңыр» ауданында – 21 бірлік техника, оның ішінде 16 ас-машина, 3 дизельді мотопомпа, МТЗ-насос:

«Астана Тазалық» ЖШС – 2 бірлік., МТЗ насос – 2 бірлік.

«ТурБек Астана» ЖШС — 2 бірлік.

«Айсат» ЖШС — 2 бірлік., мотопомпа – 1 бірлік.

«Адэк Групп» ЖШС – 1 бірлік.

«Нұра Сервис» ЖШС – 3 бірлік.

«СП Универсал» ЖШС — 2 бірлік.

«Адал Кызмет Корсету» ЖШС -1 бірлік.

«Тасан» ЖШС — 1 бірлік., мотопомпа – 1 бірлік.

«Құрылыс Көркейту» ЖШС — 1 бірлік.

«Тургумбаев» ЖК — 1 бірлік., мотопомпа – 1 бірлік.

Сарыарқа ауданында – 14 бірлік техника, оның ішінде 13 ас-машина, 1 мотопомпа:

«Астана Тазалық» – 4 бірлік.;

«Көркем Нс» ЖШС — 2 бірлік.;

«БлокСервис» ЖШС — 2 бірлік.;

Ішкі кварталды тазалау – 4 бірлік.;

Қолмен тазалау – 2 бірлік.
Әрі қарай

Астанада бір тәуліктен аз уақыттың ішінде жаңбырдың айлық мөлшері жауды

Астана жаңалықтары: Астанада бір тәуліктен аз уақыттың ішінде жаңбырдың айлық мөлшері жауды

Жауын салдарын жою бойынша жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп, кәріздер тоқтамастан жұмыс істеуде, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Мамандар қатты жаңбырдан кейінгі су алған барлық орындарды жедел анықтады. Табиғат мінезіне қарсы тұру үшін 11 тазарту құрылғысы, 2 су сорғыш, 11-ге жуық насостық станция, 110 ассенизаторлық машина және басқа да техникалар жұмылдырылды. Айдап қотарылған судың көлемі сағатына 50 мың шаршы метрді құрады.

Су алған орындарға коммуналдық қызметтермен бірге Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов барды.

«Қаладағы барлық осал орындарды біз білеміз. Мысалы, Тұран даңғылы бойынша алғашқы 20 минутта қатты құйып жауған жаңбырдан кейін су жиналып қалды, сондықтан біз дереу ол жерге ҚР ТЖК-ның насостық станцияларын жеткіздік. Бұл сорғыш құрылғылары сағатына 7 мың шаршы метр суды қотарып айдады. Біз жаңбыр толастаса жиылған судың бірден кететін көрдік. Тағы бір проблемалық аумақ — Ақбұлақ шағын ауданы және Б. Момышұлы көшелері. Онда орналастырылған тазалау құрылғылары қазіргі таңда жөндеуден өтуде, сондай-ақ ол жерде жол, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Қала жылдам өскендіктен біз қазір жоба әзірлеп жатырмыз, қуаттылығын арттырып, 4 қосымша бассейн қоямыз. Қазіргі уақытта, уақытша екі насостық станция және бір үлкен станция қойылған. Олар 7 мың шаршы метр суды қабылдай алады. Екінші осал нүкте бұл Бараев көшесі бойынша. Жаңбыр тоқтаған соң 30-40 минут ішінде су тасқынын жоямыз. Бүгінде 110-нан астам ассинезаторлық машина қаланың көшелеріне шықты, алайда олар осындай көлемдегі суды соруда үлкен рөл ойнамайды. Біз сағатына 50 мың текше метр суды айдап жатырмыз, бұл тәулігіне шамамен 1 млн 200-ді құрайды. Көшелердегі жаңбыр суын нөсерлік су кәріздері реттейді» — деді түнгі рейд барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Айтмұхаметов.

Бүгінде қаладағы нөсерлік канализациялар жүйесі 13 тазалау құрылғысынан және 3 сақтау тоғанынан, 18,9 мың бақылау және жаңбырсуы құдықтарынан, 398,8 км тарта нөсер коллекторы магистральды коллекторларынан және науа арықтар жүйесінен тұрады. Олар 12,93 мың гектар аумақты үстіңгі су жиындыларының кетуін қамтамасыз етеді. Тазарту құрылғыларының жиынтық қуаттылығы тәулігіне 215,46 мың текше метрді құрайды. 2018 жылдың соңына дейін бөлінген қаржыландыруды ескере отырып, 2 ТҚ-ның (Логистикалық орталық ауданында, М-2 көліктік айырма ауданында) құрылысын аяқтау, 7 жаңбырлық су кәрізіндегі 7 насостық станцияны (Мечта СҮ, Ш. Құдайбердіұлы көшесінде, Абылай хан даңғылында, Сығанақ және Сауран көшелері қиылысқан аймақта, Республика даңғылындағы жерасты өткелі орналасқан аймақта, Француз кварталы ТҮК аймағында, «Астана Арена» стадионы аймағында) 2 ағыс канализацияның магистральды коллекторы, (Ғабдуллин көшесінде, Алаш тас жолындағы жолайырықта) жөндеу жоспарлануда. Аталған аймақтарды экспулатацияға енгізу су жинайтын орынды 609,4 гектарға дейін үлкейтуге мүмкіндік береді, мықты жиынтықталған тазалау құрылғыларының тәулігіне 12,2 мың текше метрге дейін өсуін қамтамыз етеді.

Қазіргі уақыттағы жағдай нөсерлі жауын-шашынға қарамастан, бақылауда тұр. Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген деңгейде жұмыс жасап жатыр. Су тасқынының негізгі орындары қалпына келтірілген.

Синоптиктердің айтуынша, бір күннен аз уақыттың ішінде жауған жаңбырдың көлемі айлық көрсеткіштен асып түсті. Сонымен қатар, ауа райы болжамы бойынша Астанадағы жаңбырлы ауа райы 3 тәулікке сақталады.

«Біз қазір Мәңгілік ел көшесінде тұрмыз. Сол жағалаудағы № 27 көше, Ұлы дала, Сығанақ, Керей мен Жәнібек хандар көшелерінен келетін судың барлығы Тұран көшесіне қарай ағып жатыр. Онда біздің тазалау құрылғыларымыз орналасқан. Осының есебінен, көріп отырғандарыңыздай, барлық негізгі магистральдарды су алмаған. Яғни, барлық нөсерлік су кәріздері толыққанды жұмыс жасауда», — деп атап өтті ол.

Қ. Айтмұханбетовтың айтуы бойынша, әрбір дауылды ескерту кезінде алдын ала барлық тазалау құрылғыларының жұмыс жасауы тексеріледі. Сондай-ақ, ол «Біз түсіп жатқан барлық өтініштерді қарастырып жатырмыз, салдарын жою бойынша жұмыстар түні бойы жүргізілді», — деп мәлімдеді.
Әрі қарай

Қыркүйекте қоғамдық көлікте жүргені үшін жол ақысын SMS арқылы төлеуге мүмкін болады

Астана жаңалықтары: Қыркүйекте қоғамдық көлікте жүргені үшін жол ақысын SMS арқылы төлеуге мүмкін болады

Бүгін «Астана қаласы бойынша қалалық және қала маңы қатынастарында жолаушылармен мен багажды тұрақты тасымалдау тарифтерінің кейбір мәселелері туралы» қала әкімдігінде қоғамдық тыңдау өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Құжат қоғамдық көлікте жол ақысын төлеудің жаңа тәсілдерін енгізуді көздейді.

«Қоғамдық көлік пайдаланушылардың ыңғайлылығы үшін электрондық төлеудің қосымша сервистерін енгізу қажет. Бүгінгі таңда жол ақысын төлеудің екі тәсілі бар. Бұл ретте, өздеріңіз білесіздер, қалада сараланған тариф жұмыс істейді, қолма қол ақшамен төлеу кезінде – кәдімгі қалалық бағдарларда 180 теңге және қолма қол ақшасыз, электрондық карта арқылы төлеуге кезінде – 90 теңге. Біз жол ақысын SMS және мобильді қосымша арқылы төлеудің тәсілдерін қарастырып жатырмыз», деді « Астана LRT» ЖШС басшысы Бекмырза Игенбердинов.

Аталған тәсіл жол ақысын телефон көмегімен SMS не мобильді қосымша арқылы сол мезетте төлеуге мүмкіндік береді.

«SMS ақылы төлеу үшін қолда ұялы телефон болса болғаны. Барлық ұялы телефон SMS функциясын қолдайды» деді Б. Игенбердинов.

SMS хабарлама арқылы төлеу үшін арнаулы қысқа номір жұмыс істейді, ол еліміз бойынша барлық ұялы операторларының клиенттеріне қолжетімді.

Смартфон иелері жол ақысын арнайы қосымша арқылы SMS көмегімен мына тәсілдер арқылы төлей алады:

-Автобус деректерін енгізу;

-Көлік құралын геолокация бойынша анықтау;

-Автобустағы жапсырмадан QR-кодты сканерлеу

Android операциялық жүйесіндегі телефондардың иелері жол ақысын қосымша NFC арнайы белгімен төлей алады.

SMS арқылы және мобильді қосымша арқылы төлеу кезінде жолаушы телефонына электронды билет алады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елорда автобустарында сараланған тариф бекітілді.

Осылайша, қалалық бағдарларда жүргені үшін төлемді картамен жүзеге асыру кезінде жол ақысы өзгеріссіз 90 теңге көлемінде қалды. Бұдан бөлек, көлік картасын пайдаланушыларына арналған басымдық – бірнеше көлікке ауысып отырып, тегін жүру құқығы сақталды. Ақшалай төлем кезінде қалалық автобуста жүру құны 180 теңге.
Әрі қарай

Астанада кейбір азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді

Астана жаңалықтары: Астанада кейбір азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді

Статистика департаментінің мәліметі бойынша, тамыз айынан бастап елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының ең төменгі индексі байқалып келеді. Осылайша картоп баға 9,5%, сәбіз бағасы 13,9%, пияз бағасы 6,9 %, орамжапырақ бағасы 11,7 %, май бағасы 1, 4 %, қант бағасы 0,8 % төмендеді.

Күнделікті мониторинг нарықтағыдан төмен бағамен орамжапырақты («Small» — 79 тг/кг, «Астана» — 84 тг/кг, «5 минут» — 90 тг/кг, «Астыкжан» — 95 тг/кг), картопты ( «Астана» — 96 тг/кг, «Small» — 99 тг/кг; ТД «Гульжан» — 100 тг/кг, «Рамстор» -102 тг/кг), пиязды («Астыкжан» — 89 тг/кг, «Анвар» — 80 тг/кг, «Magnum» — 84 тг/кг, «Астана» 84 тг/кг), қантты («Алма» — 207 тг/кг, «Рамстор» — 205 тг/кг,«Magnum» — 209 тг/кг) сатып алуға болатынын көрсетті.

Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының өнімдерді жеткізу бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарының аясында осы айда басқа да тауардлардың бағасы төмендейді деп болжануда.

Бұдан бөлек, «Шапағат» коммуналдық базарында сиыр етінің төменгі бағасы белгіленді. Сауда бағалары сегментінде оның құны 1350 теңгені құрайды.

Еске салайық, әр демалыс күні қаланың 4 алаңында ауылшаруушылығы жәрмеңкелері өткізіледі.
Әрі қарай