Астана қаласының 20 жылдығына Ақтөбе облысы «Бейбітшілік қабырғасы» монументін сыйға тартты

Астана жаңалықтары: Астана қаласының 20 жылдығына Ақтөбе облысы «Бейбітшілік қабырғасы» монументін сыйға тартты

Елордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Бейбітшілік қабырғасы» монументінің салтанатты ашылуы болып өтті. Монументті Астана қаласының 20 жылдығы құрметіне орай, Ақтөбе облысы сыйға тартты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

«Бейбітшілік қабырғасы» монументі Тәуелсіздік алаңының көрнекті тұсына, «Қазақ елі» монументіне жақын жерде орналасқан.

Жоба негізіне Президенттің «Әлем. ХХІ ғасыр» антиядролық манифестінің идеясы енгізілген, сондықтан нысан дәл 29 тамыз — халықаралық ядролық сынақтарға қарсы әрекет күнінде ашылып отыр. Осыдан тура 27 жыл бұрын Президент Жарлығымен Семей ядролық сынақ алаңы жабылған болатын. Бұл — әлемдегі ең ірі ядролық қаруы бар елдің бірінің одан бас тарту процесінің басталуы еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, қала тұрғындарын және қазақстандықтарды ерекше монументтің ашылуымен құттықтады.

«Біз бүгін Ядролық қаруға қарсы күнді атап өтуге жиналдық. Әлемнің барлық елдері, Үкіметтері, адамзат баласы ядролық қаруға қарсылық танытуы керек. Қазақстан бұл бастаманын басында. Бізді осы бағытта бастамашыл ел ретінде мойындайды. Сол себепті де ядролық қаруға қарсы күн ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымында қабылданды. Дәл осы күні біз ядролық қаруға қарсылығымызды білдіретін монумент ашып отырмыз. Астанамызға келушілер осында келіп барлық тілде «Бейбітшілік» сөзін оқитын болады. Бұл жерде біздің ядролық қаруға қарсылығымыз, онымен күресіміз жазылған. Біз тек ядролық сынақ алаңдарын жауып қана қоймадық, біз қолымызда бар ядролық қарудан өз еркімізбен бас тарттық. Осы ісімізбен әлемге үлгі көрсетудеміз. Ақтөбе облысының халқына Астанаға осындай сый тартқаны үшін алғысымды білдіремін. Бұл жастарға әлемді сақтауға үндеу болмақ. Негізінен жастарға, жас ұрпаққа біз үлгі көрсетудеміз, олар әрқашан ел тарихына құрметпен қарауы тиіс. Мен барлықтарыңызды осы монументтің ашылуымен құттықтаймын және Конституция күні құтты болсын! Барлықтарыңызға мықты денсаулық, бақыт және жетістік тілеймін», — деді Президент.

Сәулетшілер атап өткендей, қабырға біртұтас біріктіріп, қорғап тұратын жапырақ тәріздес шатырды бейнелейді. Яғни, дәстүрлі түрік құрылтайының өнегесімен ұлттарды ұйыстырып, оларды бір шаңырақтың астына жинайды.

Металл мен табиғи тастан тұрғызылған кешен үш бөліктен тұрады. Бірінші бөлігі — бөлшектеу мен оқшаулауды, екінші бөлігі — үміт, еркіндік пен тәуелсіздікті, үшіншісі бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді сақтау жолын бейнелейді. Монументтің жалпы ұзындығы — 111 метр, ені — 18,4 метр, биіктігі — 17,5 метр.

«Бейбітшілік қабырғасының» тұрқы төзімді әрі берік темірден жасалған. Монументті тұрғызуға жалпы аумағы 6 мың текше метр болатын 1200 тонна гранит пайдаланылды. Мемориалда әлемнің 51 тілінде «Бейбітшілік» деген сөз жазылған.

Авторлар жобаның көрнекті мазмұнға ғана емес, оның функционалдығына да жіті мән берген. Аспалы шатырдың ашық панельдері 2,5 миллион жарық нүктесі бар 616 текше метрді алып жатқан LED-жүйеге ие. Ол кез келген үлкен көлемдегі сандық дүниені таратуға мүмкіндік береді. Экранға шығару еуропалық өнім өндірушілердің ең соңғы үлгідегі видео, аудио және коммутациялық жабдықтар орнатылған серверлік бөлмелерде жүзеге асырылады. Сол себепті бұл таңғажайып арт-нысан — саяси, мәдени-бұқаралық, ақпараттық шараларды, лазерлік және басқа шоуларды өткізетін тамаша орынға айналмақ.

Құны 1,8 миллиард теңге тұратын «Бейбітшілік қабырғасы» Ақтөбе облысы аумағында жұмыс істейтін компаниялар мен кәсіпкерлердің қаржысына салынғанын айта кеткен жөн.

Салтанатты шараға дипломатиялық миссиялардың жетекшілері, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Парламент депутаттары, зиялы қауым өкілдері, Ақтөбе облысының делегациясы, сонымен бірге Астанада өтіп жатқан халықаралық Келісімшарт Ұйымының өкілдері қатысты.

Астана жаңалықтары: Астана қаласының 20 жылдығына Ақтөбе облысы «Бейбітшілік қабырғасы» монументін сыйға тартты

Астана жаңалықтары: Астана қаласының 20 жылдығына Ақтөбе облысы «Бейбітшілік қабырғасы» монументін сыйға тартты

Астана жаңалықтары: Астана қаласының 20 жылдығына Ақтөбе облысы «Бейбітшілік қабырғасы» монументін сыйға тартты

Астана жаңалықтары: Астана қаласының 20 жылдығына Ақтөбе облысы «Бейбітшілік қабырғасы» монументін сыйға тартты
Әрі қарай

Әкімдікте жарнама беру тәртібі талқыланды

Астана жаңалықтары: Әкімдікте жарнама беру тәртібі талқыланды

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының ұйымдастырумен Астана қаласы әкімдігінде «Жарнама мен көрнекі ақпаратты орналастырудағы Қазақстан Республикасы Тіл туралы заңнамасының негізгі талаптары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараға мемлекеттік органдар, қалалық және көлік прокуратурасы, әділет департаменті және жергілікті басқарушы органдар өкілдері, қоғам қайраткерлері қатысты. Шара барысында сыртқы (көрнекі) жарнаманы нысандарда орналастыруға байланысты мәселелер талқыланып, мемлекеттік тілді қолдану кезіндегі заң бұзушылықтардың алдын-алу жұмыстары бойынша нақты ұсыныстар берілді.

Тіл туралы заңның орындалуына жауапты қызметтер мен мемлекеттік органдардың пікірі ортаға салынып, тіл мәселесінде ауқымды істерді атқару жоспарланды.
Әрі қарай

Астанада «Есіл жағасындағы жекпе-жек» атты ММА аралас жекпе-жегі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада «Есіл жағасындағы жекпе-жек» атты ММА аралас жекпе-жегі өтеді

31 тамызда «Алау» мұз айдыны сарайында Астананың тарихында тұңғыш рет кәсіпқойлар арасында ММА аралас жекпе-жек спорт өнері бойынша «Есіл жағасындағы жекпе-жек» халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Турнирдің ұйымдастырушысы Астанадан шыққан жаңа қазақстандық промоушен TOBET Fighting Championship және серіктесі FIGHT NIGHTS GLOBAL, сонымен бірге тағы бір отандық промоушен ALASH PRIDE.

Турнир аясында Fight Nights Global чемпиондық белбеуі үшін жеңіл салмақта Жалғас Жұмағұлов (Қазақстан) және Тагир Уланбеков (Ресей) арасында жекпе-жек болады. Жалғас Жұмағұлов бұрын осы белдік үшін Вартан Асатрянмен кездескен.

Сондай-ақ, осы турнир шеңберінде елорданың тұрғындары мен қонақтары мынадай супер жекпе-жектерді тамашалайды:

АСВ-ға қатысатын, ALASH PRIDE клубының тәрбиеленушісі Асу Алмабаев пен Джовхар Дошуев арасындағы жекпе-жек, FIGHT NIGHTS промоушенда өнер көрсететін танымал қазақстандық спортшы Жұман Жұмабековтың кәсіби спортта 5-0 рекордпен, жеңіліссіз келе жатқан Мұхамед Эминовқа қарсы жекпе-жегі.

Сонымен қатар, көрермендер муай-тай ережесімен екі жекпе-жекті тамашалайды:

Астана қаласы әкімінің жүлдесін кәсіби турнирде ұтып алған Николай Самусев пен «Tobet Top Team» бірыңғай жекпе-жек академиясының тәрбиеленушісі Рүстем Ақжанов өз өнерлерін ортаға салады.

Билеттер «Алау» мұз айдыны сарайының кассаларында және ticketon.kz сайтында сатылады. Басталуы сағат 18:00-де.

Биыл бірінші сыныпқа 18 мыңнан астам оқушы барады

Астана жаңалықтары: Биыл бірінші сыныпқа 18 мыңнан астам оқушы барады
Кішкентай астаналықтардың алғашқы сабағы елорданың 20 жылдығына арналады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Биыл астанада бір ғана № 54 мектеп-интернаттың өзінде бірінші сыныпқа 300 бала барады. Мектеп директоры Шәкәрім Сейсенбайдың айтуынша, алғашқы дәрісте балаларға қаланың тарихы туралы, астананың қалай дамығаны, көрнекті орындары мен бірегей тарихи оқиғалары айтылады.

«40 минут сабақ барысында балалар қаланың қалыптасу тарихымен танысып, білім еліне сапар шегеді», — дейді Ш. Сейсенбай. – Арнайы кабинетте біз танымдық ойындар өткіземіз. Осы жылы біз 10 сынып ашуды жоспарлап отырмыз, оның әрқайсысында 30 баладан оқиды».

Айта кетейік, білім басқармасының мәліметінше биыл бірінші сыныпқа 18 мыңнан астам бала барады. Қалада барлық мектептерге 150 мыңнан астам оқушылар білім алуға келеді.

Бүгінде Астанада 105 мектеп бар, оның 85-і – мемлекеттік, 1- кешкі, 15 – жекеменшік және 4-і — республикалық маңызы бар мектеп.
Әрі қарай

30-31 тамыз күндері елорда тұрғындары мен қонақтары сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады

Астана жаңалықтары: 30-31 тамыз күндері елорда тұрғындары мен қонақтары сол жағалау бойынша тегін экскурсияға қатыса алады
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында және Астана қаласының 20-жылдығы мен Конституция күніне орай, 30-31 тамыз күндері Астана тұрғындары мен қонақтары «Red Bus» автобустарымен Астананың сол жағалауымен тегін экскурсияға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «MEGA Silkway» сауда ойын-сауық орталығынан басталады.

Экскурсия автобус ішіндегі дыбыс күшейткіштер арқылы қазақ және орыс тілдеріндегі аудиогидтер көмегімен жүзеге асырылады (бір рейс — қазақ тілінде, екінші рейс — орыс тілінде, ауысу арқылы).

Экскурсияны белгілі бір тілде ғана тыңдағысы келетіндер өздерімен бірге құлаққап алып келуі керек. Мерекелік тегін серуен кезінде құлаққаптар берілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша call-орталыққа хабарласуға болады: +7 777 555 75 75, 77-90-99, Instagram: @redbus.kz.

«AiLand» аялдамасынан қозғалу уақыты:

— сағ. 10:00 (қазақ тілінде);
— сағ. 12:05 (орыс тілінде);
— сағ. 14:45 (қазақ тілінде);
— сағ. 16:50 (орыс тілінде);
— сағ. 18:55 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады:«Хан Шатыр» СОСО, «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы, «MEGA SilkWay» СОСО, Ұлттық Музей және «Астана Бәйтерек» монументі.

«MEGA Silkway» аялдамасынан қозғалу уақыты:

— сағ. 10:00 (қазақ тілінде);
— сағ. 12:05 (орыс тілінде);
— сағ. 14:45 (қазақ тілінде);
— сағ. 16:50 (орыс тілінде);
— сағ. 18:55 (қазақ тілінде).

Ары қарай келесі аялдамалар болады: Ұлттық Музей, «Астана Бәйтерек» монументі, «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығы, «Хан Шатыр» СОСО және «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасы.
Әрі қарай

8 қыркүйекте отбасы күніне арналған «Отбасылық дуатлон» жарысы өтеді

Астана жаңалықтары: 8 қыркүйекте отбасы күніне арналған «Отбасылық дуатлон» жарысы өтеді
Жарыстың ұраны – «Саламатты отбасы – саламатты ұлт» деп аталады. Шара Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай өткізіледі.

Жарыс үш қашықтықта екі спорт түрінен өтеді. Жарысқа 8-9 жас, 10-11 жас және 12-13 жас дәрежесіндегі балалары бар отбасылар қатыса алады (ата – аналарының жасы есепке алынбайды).

Жалпы қашықтық ұзақтығы 4,5 км.

* Жүгіру (әке) – 2,1 км;

* Веложарыс (ана) – 2,1 км;

* Жүгіру (бала) – 300 м (8-9 жас және 10-11 жас, 12-13 жас);

* Міндетті түрде қатысушылардың өз велосипеді болуы тиіс.

* Ұйымдастырушылар велосипед бермейді!

* Велокезең кезінде дулығаның болуы міндетті!

* Дулыға болмаған жағдайда команда жарысқа жіберілмейді!

* Жарыс Астана қаласы «Астана Триатлон» саябағында, 2018 жылдың 8 қыркүйек күні өтеді.

* Командаларды тіркеу – сағ. 09:00-10:30.

* Басталуы — сағ. 11:00.

ОТБАСЫЛЫҚ-ДУАТЛОН ЭСТАФЕТА ТҮРІНДЕ ӨТЕДІ!

Ереже бойынша бірінші болып жарыс сызығынан әкелері 2,1 км қашықтықты жүгіруді бастайды, транзиттік аймақта күтіп тұрған анасына эстафеталық лентаны береді.

Екінші анасы 2,1 км қашықтықты велосипедпен жүріп, баласына эстафеталық лентаны береді.

Үшінші баласы (8-9 жас, 10-11 жас және 12-13 жас) 300 м қашықтықты жүгіріп мәре сызығын кесіп өтеді. Ең алғашқы келген I, II, III отбасы жеңіске жетеді.

Жарыс кезеңдерінің ережелері мен кезеңдерінің карталары elordasport.kz, сайтында көрсетілген. Сондай-ақ дуатлонның толық регламенті Астана қаласы әкімдігінің elordasport.kz спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының сайтында жарияланған.

Қатысушылардың өздерімен бірге жеке куәліктері болуы керек. Айта кетейік, «Отбасылық дуатлонға» қатысуға ниетті, қашықтықты бағындыруға денсаулығы жарамды, дәрігердің рұқсаты бар отбасылар шақырылады. Тіркеу кезінде әр отбасы мүшесі — дуатлонға қатысу үшін балалардың өмірі мен өзінің денсаулығына жауапты екендігі жайында қолхат толтыруы тиіс.

Әр топта жарыс жеңімпаздары ең үздік нәтиже бойынша анықталады. Әр жас санаты бойынша І, ІІ, ІІІ орын алған жарыс жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен, сонымен қатар «Отбасылық дуатлон» жарысына қатысқаны үшін барлық қатысушылар медальдармен марапатталады. Жарыс соңында тіркеу нөмері бойынша велосипедтер ұтысқа ойнатылады.
Әрі қарай

Исекешев: валидатордың тұрақты жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ете алмасаңыздар, адамдарды тегін тасымалдаңыздар

Астана жаңалықтары: Исекешев: валидатордың тұрақты жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ете алмасаңыздар, адамдарды тегін тасымалдаңыздар
Жаңа оқу жылы қарсаңында Астана қаласы әкімдігінде елорда әкімі Әсет Исекешевтің төрағалығымен қоғамдық көліктің мәселесі бүге-шігесіне дейін қаралды, деп хабарлайды астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жиынды ашқан әкім бірден осы жұмысқа жетекшілік жасап отырған әкімнің орынбасарын, транспорт және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысын, «Астана LRT» ЖШС мен астаналық автобус парктерін қатты сынға алумен бастады. Ол сондай-ақ әлеуметтік желі мен «iKomek» жедел әрекет ету орталығы арқылы үнемі тұрғындардың реакциясын бақылап отыратынын да айта кетті.

«Барлық даулы мәселені оқу жылы басталмай тұрып шешу керек еді. Жұмыс істемей тұрған валидаторларға бола адамдарға автобус күттіріп қою сылтау емес», — деді Әсет Исекешев.

Оның айтуынша, қоғамдық көліктің жұмысын субсидиялауға мемлекет қажетті қаражат көлемін бөлген. Линиядағы автобустардың шығуын 90-95% пайыз қамти алмайтын автопарктер мен астаналық жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздік сервисін қамтамасыз ете алмағандарды келісімшарттан айырып, орнын басқа автопарктер алмастырады.

Әкім барлық валидаторлардың жұмысын ретке келтіруге тапсырма берді, олай болмаған жағдайда маршруттағы транспорт бірліктерінің санын қысқартпастан барлық жолаушылардың тегін жүруін қамтамасыз етуін тапсырды.

«Валидаторлардың тұрақты жұмыс істеп тұруын қамтамасыз ете алмайсыздар ма, онда адамдарды тегін тасымалдаңыздар», — деп мәлімдеді Исекешев.

Бұдан басқа, әкім автобус қозғалысын бақылап отыратын GPS-мониторингтің жұмыс істемейтінін және оның жолаушыларға айтарлықтай қолайсыздық туғызатынын айтты. Электронды таблоның айырмашылығы 3-5 минуттан аспауы тиіс.

Жиын барысында картаны толтырудың ұзақ уақыт алатынын яғни 36 сағат кететіні де сөз болды.

«Картаны толтыруға кететін уақыт 3 сағаттан артық болмауы тиіс, сол үшін іс жүзінде оны бірнеше минуттың ішінде болатындай етуі керек. Жүргізушілер валидаторды қайтадан жүктеп, төлемді ертерек түсетін етуі қажет» — деп тапсырды әкім.

Ол сондай-ақ «Астана LRT» ЖШС-не тамыздың аяғына дейін жолақыны төлеудің қосымша мүмкіндіктерін қарастыруды, жолаушыларға QR-код, смартфон және интернет-банкинг арқылы төлеуге мүмкіндік беруді тапсырды.

Бұдан басқа, жиында әкім қазіргі проблемалар туралы және оның шешу жолдары туралы ұсыныстар айтқан астаналық автопарктердің басшыларын да тыңдап шықты.

Автопарк өкілдері электронды төлем жүйесін енгізу айналымды 30% дейін ұлғайтқанын және бұл қаржының қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағытталатынын, оның ішінде жоғары білікті жүргізушілердің санын көбейтетінін айтты.

Электронды төлем жүйесін енгізгеннен кейін жүргізушілердің жетіспеушілік мәселесін, жүргізушілердің қолдарына алатын жалақысын 300-400 мың теңгеге дейін көтеру әдісімен шешті.

Автопарк басшылары билетсіз жүрушілердің көбейгенін байқап, осыған байланысты астана әкімдігімен бірлесіп әрекет етуді және осы проблеманы шешу үшін транспорт инспекциясы мен ЖПҚ қосуды өтінді.

Жиын қорытындысы бойынша әкім барлық өкілетті органдарға айтылған мәселелердің бәрін 1 қыркүйекке дейін шешіп, қала маршруттарының қамтамасыз ету деңгейін 90-95% пайызға дейін жеткізуді тапсырды, олай болмаған жағдайда автопарктерді келісімшартынан айыратынын ескертті.
Әрі қарай

«Астана-LRT» call-орталық қызметі iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына берілді

Астана жаңалықтары: «Астана-LRT» call-орталық қызметі iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына берілді
Елорда тіршілігін қамтамасыз етудің барлық мәселелері бойынша тұрғындар үшін бірыңғай қысқа нөмір ұйымдастыру аясында, сонымен қатар «Астана-LRT» call-орталығы мәселесін шешу үшін біз компанияның call-орталығын Астана қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығына берді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Сонымен қатар, біріктіру барысында қоғамдық көліктің барлық мәселелеріне қатысты iKomek байланыс орталығының операторлары оқытудан өтті.

Айта кететін жайт, iKomek орталығына қоңырау шалу (109) барлық ұялы операторлар мен қалалық телефондар үшін тегін!

Қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы 365/24/7 тәртібінде жұмыс жасайды.

Бұдан былай қоғамдық көлікке қатысты өтініштерді Сіздер келесі байланыс құралдары арқылы бере аласыздар:

109 нөміріне қоңырау шалу (қалалық және мобильді телефоннан қоңырау шалу тегін).

Telegram (https://t.me/astanaikomek109_bot) және Facebook (http://m.me/astana109) чат-боттарына хабарлама жіберу.

Әлеуметтік желілерде жарияланымдарда #astana109 хэштегін белгілеңіз:

• Facebook www.facebook.com/astana109/

• Instagram www.instagram.com/astana109/

• Telegram-арна t.me/astana109112

Елорда тұрғындарымен кері байланыстың арқасында біз қалалық сервистер жұмысын жақсартамыз. Қаламызды жайлы әрі қауіпсіз етейік.
Әрі қарай

Астанада көмір сатылатын жерлер

Астана жаңалықтары: Астанада көмір сатылатын жерлер
Бүгінде қалада көмір өнімін сататын 7 негізгі орын бар. Қатты отынның жалпы қоры 15 мыңнан астам тоннаны құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дәл қазіргі таңда Астанада көмір мәселесі байқалмайды. Халыққа қажетті қатты отынның жалпы қоры 25 тамыздағы жағдай бойынша 15 111 тоннаны құрайды.

17-сі мен 25-ші тамыз аралығында астанаға 90 вагон немесе 6223 тонна көмір келіп түсті.

Сонымен, Шұбаркөл көмірінің бір тонна бағасы 12500-14500 теңгені құрайды, Қаражыра – бір тоннасы 14000 теңге, Майкөбе – бір тоннасы 12500 теңге.

Айта кетейік, «Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы» көмір сатушылармен бағаны өсірмеу туралы меморандумға қол қойған болатын.

Астана қаласының әкімдігі көмір нарығындағы жағдайға күн сайын мониторинг жүргізіп әрі бақылауында ұстап отыр. «iКөмек 109» базасында халықпен тікелей байланыс желісі құрылды.
Әрі қарай

30 тамыз Конституция Күніне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді?

Астана жаңалықтары: 30 тамыз Конституция Күніне орай Астанада қандай іс-шаралар өтеді?
30 тамызда елімізде маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі – ҚР Конституциясы күні аталып өтіледі. Осыған орай, елорда әкімдігі бірқатар мәдени-бұқаралық шаралар ұйымдастырады.

Қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен қала әкімдігінің алдындағы алаңда өтетін концерт кештің ең басты мерекелік шарасы болмақ. Астана тұрғындары мен қонақтарына Ғаділбек Жанай, Дастан Оразбеков, Гүлнұр Оразымбетова, Бейбіт Қорған, Маржан Арапбаева, Дос, Қанат Үмбетов, Алмас Кішкенбаев, Құрмаш Маханов мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Кеш жүргізушілері: әйгілі шоумендер Азамат пен Антон.

Шара сағат 18:00-де басталып, 23:00-ге дейін жалғасады.

Конституция күніне арналған концерттік бағдарламалар «Думанды Сарыарқа» бағдарламасы шеңберінде Астананың тұрғын үй алаптарында да өтеді. Танымал орындаушылар, би және музыкалық ұжымдар, елордалық қуыршақ тетрының артистері, бойшаң қуыршақтар, аниматорлар, және цирк артистері қала маңындағы Пригородный, Интернациональный, Мичурино, Күйгенжар, Өндіріс, Железнодорожный, Үркер, Көктал, Промышленный және Казгородок сияқты10 тұрғын үй алабының тұрғындары үшін интерактивті де қызықты ойын-сауық бағдарламасын дайындапты. Концерттерді сағат 15:00-ден 19:00-ге дейін тамашалауға болады.

Айта кетейік, 1 маусымнан бері қала маңында ұйымдастырылып жүрген «Думанды Сарыарқа» концерттері 2 қыркүйекке дейін жалғасады. Концерттер келушілер назарына ашық алаңдарда тегін ұсынылады.

Ал, Сәкен Сейфуллин атындағы музейде ҚР Конституциясы күніне орай «Ата заң – азаттықтың алтын арқауы» атты көрме жұмыс істейді. Экспозицияны 30, 31 тамызда сағат 10:00-нан 18:00-ге дейін тамашалауға болады. «АЛЖИР» музейі мен Тәуелсіздік сарайында да мерекеге орайластырылған тақырыптық кештер өтеді.

Бұдан бөлек, 29 тамызда Конституция күніне орай «Барыс Арена» мұзайдыны сарайында «Астана Дауысы» екінші жыл сайынғы халықаралық фестивалі өтеді. Астана әкімдігінің мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастыратын шара аясында әлемнің түрлі мемлекеттерінің қазіргі заманғы музыка орындаушыларына мүсіншелер табысталмақ.

Сахна төрінде Грузия, Швеция, Латвия, Молдова, Армения, Өзбекстан, Украина, Ресей және Қазақстанның музыкалық рейтингтерінде көш бастаған әртістер өнер көрсетеді. Биыл Astana Dausy фестиваліне Ninety One, Ерке Есмахан, «Евровидение-2012» байқауының жеңімпазы Loreen, Интарс Бусулис, DoReDos, СЕВАК, Согдиана, ALEKSEEV, Григорий Лепс, Ани Лорак және Филипп Киркоров қатысады. Билет құны – 1000-15000 теңге.
Әрі қарай