Астана полицейі интернет алаяқтардан қалай сақтану керектігін айтты

Астана Ішкі істер департаменті тұрғындар мен қала қонақтарына интернет алаяқ фактілеріне қатысты ескерту жасайды. Ведомстваның мәліметінше әлеуметтік желіде алаяқтықтың телефон арқылы жүргізілетін жаңа схемасы пайда болған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.


Полицейлер айтқандай, бүгінде iPhone мобильді телефонын заңсыз блокқа қоюға байланысты алаяқтық көбейіп кеткен және ары қарай оны ашып беру үшін ақша сұрайды. Алаяқтардың схемасы әртүрлі. Қаскүнемдер көбіне «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі тұтынушылардың аккаунтын бұзып кіріп, достар тізіміне iCloud аккаунтыңмен кір деген өтініш хабарлама таратады, яғни «жоғалған» телефонын тауып алу үшін. Содан соң, смартфон белгісіз біреудің атынан блокқа түсіп қалады.


«Алаяқтықтың тағы бір тараған түрі – алаяқтар сатып алушының кейпіне еніп, whatsАpp мессенджері арқылы интернетте айфон, айпад сату туралы хабарлама берушімен хат жазысады. Жазысу барысында алаяқ iCloud-ның барлық моделге сәйкес келмейтінін айтып, құрбандығына логин мен паролін жіберіп, өзінің аккаунтын тексеріп беруін өтінеді. Келісімнен соң зардап шегуші бөтен ақпаратты өзінің телефонына енгізеді, ары қарай алаяқ ұялы байланысты ашып беру үшін QIWI электронды төлем жүйесі арқылы ақша төлеуін ұсынады», — делінген астаналық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында.


Астана ІІД қызметкерлері азаматтарды барынша сақ болып, әлеуметтік желі ресурстарында араласу барысында бөтен адамдарға сене бермеу керектігін ескертеді.


Демалыс күндері Ақтөбе және Түркістан облыстарының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Астанамыздың 20 жылдық мерейтойын мерекелеу аясында республика аймақтарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесін өткізу жоспарына сәйкес, осы жылдың 22-23 қыркүйегінде Астана қаласында Мұнайтпасов көшесі, 9 «Қазақстан» СК алаңында Ақтөбе және Түркістан облысы тауар өндірушілерінің ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Жәрмеңкеге Ақтөбе облысының 12 ауданы мен Ақтөбе қаласынан 20-дан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорындары қатысады. Аталмыш облыстан бас қалаға келетін өнім көлемі 200 тоннадан астам.


Ал, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жәрмеңкеге жалпы сомасы 201 млн теңгені құрайтын 496 тонна өнім шығарады.


Жәрмеңкеде Астана қаласының тұрғындарына келесі өнімдер ұсынылады: еттің барлық түрі, картоп және көкөністер, сүт өнімдері, өсімдік майы, жұмыртқа, балық, бал, шұжық өнімдері, ұн және ұн өнімдері, түрлі сусындар және басқа да өнімдер ұсынылатын болады.


Жәрмеңкедегі өнімдердің бағасы Астана қаласы базарларының бағасынан 15-20%-ға төмен болады.


22-23 қыркүйекте Елордада кәсіпкерлер форумы өтеді



22-23 қыркүйек күндері Елордада «Астана Бастау. Территория Бизнеса» атты кәсіпкерлердің ауқымды форумы өтеді, ол еліміздегі бизнес-қауымдастықты түбегейлі жетілдіруге бастау салады.


Форумды Астана қаласы әкімдігі, «Синергия» Бизнес мектебі және «Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру» жобалық офисімен  бірлесіп өткізілуде. «Астана Бастау. Территория Бизнеса» тегін білім беру жобасы, оның мақсаты кәсіпкерлер мен бизнесмендер арасында жаңа бизнес-мәдениет қалыптастыру.


Форумның салтанатты ашылуына Астана әкімі Бақыт Сұлтанов  қатысады. Іс-шараның хэдлайнері болып «Бизнес в стиле фанк» бестселлерінің авторы, көрнекті экономист — Кьелл Нордстрем сөз сөйлейді.


Форум аясында бизнесті цифрлы болашаққа трансформациялау, инвестиция тарту идеялары және бизнесті ауқымдау, тиімді сату жүйесін құру сияқты тақырыптарды қамтитын болады. Сонымен қатар, инвесторлар форум аясында жаңа жобалармен танысуға, тәжірибе алмасуға және бірлесіп іскерлік бастамалар бастауға мүмкіндік алады. Үздік сарапшылар өз пікірімен бөлісіп, бизнес ашуға қатысты жаңа бағыттарды айтады.  


Семинарда спикерлер ретінде ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, бокстан екі дүркін Әлем чемпионы Серік Сәпиев, Like холдингінің негізін қалаушы және иесі Аяз Шабутдинов, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Марат Жыланбаев және ТМД-дағы №1 нетворкинг бойынша сарапшы Гил Петерсил т.б әлемдік сарапшылар сөз сөйлейді.


Форумға кел, өз бизнесіңді дамыту үшін жаңа мүмкіндіктерді аш!


Іс-шара 22-23 қыркүйек «Барыс-Арена» мұз сарайында өтеді.


Кәсіпкерлерге қатысу — тегін (онлайн-тіркеу кезінде БСН/ЖСН расталған жағдайда).


Толығырақ astanaforum.info


Сатылымға шығарылған көмір жеткілікті мөлшерде – әкімдік

Бүгін Астана әкімі Бақыт Сұлтанов астанада көмірдің барысына ревизия жасады. Ол қатты отынды сататын негізгі нүктелерге барып, күн сайын түсетін көмір туралы есепті тыңдады және де халық арасында айқай-шуға жол бермес үшін нақты тапсырмалар берді.  



Жұбанов 35-тегі сауда алаңы әкімнің бірінші барған жері болды. Көмірді сатушылар мұнда күн сайын Шұбаркөлден 10 вагон көмір және 5 вагон Майкөбе маркалы көмір келіп түсетінін айтты. Сұраныс көбіне таңертеңнен түске дейін қыза түседі. Ал кешкісін көмір жеткілікті болса да сатып алушылар келмейді екен, оның ішінде шұбаркөлдік көмірге сұраныс жоғары.  


Көктал 28/1 (ет комбинаты) мекенжайындағылар әкімге мұнда күн сайын Шұбаркөлден 10 вагон көмір келетінін, 5 вагон Майкөбеден, 3 вагон Қаражырадан келетінін түсіндірді. Күніне 200 КамАЗ көмір сатылады. Көмір тиеу таңғы сағат 7-ден басталып, кешкі 17.00-ге дейін жалғасады. Бір көлікке шамамен 10 минут уақыт кетеді. Соның өзінде кейбір ірі жүк көлік жүргізушілері кезекті сақтай бермегендіктен шу шығып жатады екен.


— Егер бәрі өз кезегімен тұрса тез жылжиды. Бірақ жүргізушінің бірі сәл «алға кезексіз» шыққысы келгенінен кептеліс туындайды. Тіпті төбелеске дейін барады. Сағат 17.00 жүк тиеу аяқталады. Сол себепті кім үлгере алмай қалады, ертеңге қалады. Тағы бірі мысал, алыпсатарлар жақын маңдағы халыққа көмірді қайта сату үшін күн сайын осында тұрады, — деді жүк көлігінің иесі. 


Көмір сатушылар алушылардың айқай-шу шығармай тыныш тұрса, барлық клиенттерді өз уақытымен жіберетінін айтуда. Көмір барлығына жетеді, ол жағынан проблема жоқ, — дейді олар.


Айта кетейік, көмірдің жалпы қоры 19 қыркүйектегі жағдай бойынша 7951 тонна.


Бұдан бөлек, астанаға 7-18 қыркүйек аралығында 197 вагон немесе 13 50 тонна көмір келіп түсті. Оның:


— 76 вагоны немесе 5266 тонна Шұбаркөл көмірі (тоннасы 13500 – 14500 тг);


— 32 вагон немесе 1804 тонна Қаражыра көмірі (тоннасы 14 000 тг);


— 5 вагон немесе 346 тонна Богатырь көмірі (тоннасы 8500 – 9500 тг);


— 67 вагон немесе 4 649 тонн Майкөбе көмірі (тоннасы 12000 — 12500 тг). 


Бұрынырақ хабарлағанымыздай, Астана отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасыкөмір өндірушілермен бағаны өсіруге жол бермеу туралы меморандумға қол қойған болатын. Нарықтағы ахуалға күн сайын астана әкімдігі  мониторинг жүргізуде. Қатты отынды сататын орындар мен бағасы туралы ақпаратты тәулік бойы 109 номеріне хабарласып білуге болады.


Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

15-і қыркүйек күні «Бейбітшілік және Келісім сарайында» Астана қаласы әкімдігінің Жайдарман ойындары арқылы жастарды қолдауға бағытталған дәстүрлі "Әкім кубогы" республикалық жобасы өтті.

Осымен тұп-тура 10 жыл қатарынан өткізіліп, биылғы жолы Астана қаласының 20 жылдығының аясында ұйымдастырылған шараның мақсаты Астана қаласының дәрежесін көтеруге өз үлесін қоса отырып, мемлекеттік жастар саясатына атсалысу болатын.
Сондай-ақ − «Мәңгілік ел» Жалпыұлттық патриоттық идеяның, Жалпыға ортақ еңбек қоғамы идеясы және оның құндылықтарын, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында айтылған міндеттерге өз үлесін қосу және насихаттау болып табылады.

Барлығы 17 команда қатысқан «Әкім кубогы» өз мақсатына жеткендей. Өйткені екінші жыл қатарынан шараға шетелдік командалар қатысты. Биыл Қырғызстандық «Алатоо» командасы сайыстың маңызын арттырды.

Жайдарманшылардың өнеріне баға берген қазылар алқасының құрамында: «Қазақ радиолары» ЖШС басшысы Мәди Манатбек, қоғам қайраткері Мұрат Әбенов, сатирик Көпен Әмірбек, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бахтияр Мәкен және Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин болды.

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі кубогы үшін жайдарман ойындары өтті

Астанада 44 емхана азаматтарды тіркеуге дайын

15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін елімізде емханаға тіркелу науқаны басталады. Жыл сайынғы дәстүрлі кампания екі айға созылады. Тіркелу науқаны шеңберінде қазақстандықтар, ҚР аумағында тұрғылықты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар емхананы еркін таңдау құқығын пайдалана алады. Қазақстан астанасының қарқынды дамуының арқасында қала халқының өсімі жыл сайын артуда.



«Астанада алдыңғы жылғы тіркеу науқанының қорытындысы бойынша 1 034 млн адам емханаға тіркелді. Медициналық қызметті жеткізушілердің 16-сының мемлекеттік жекеменшік формасы бар, 15 МЖӘ және жекеменшік мекеме», — деді «ӘМСҚ» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының директоры Н. Қабдықапаров.



Астана қаласы бойынша бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 44 денсаулық сақтау субъектісі тұрғындарды тіркеуге дайын. Оның ішінде 13 жекеменшік емхана әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт бекітуге дайын. Астана қаласы тұрғындарға медициналық қызмет көрсету бойынша 556 учаскелерге бөлінген. Яғни, қазіргі таңда бір дәрігерге жүктелген жүктеме 1859 адамды құрайды. Келесі жылдан бастап дәрігерлерге түсетін жүктеме мен емханалардағы кезекті азайту мақсатында тіркеу шегі белгіленеді. Ол бойынша бір жалпы практика дәрігеріне тіркелетін адам саны 1700-ден аспауы тиіс.



— Кампания жыл сайын өткізіледі, өйткені азаматтар өз емханасын ұнатпаса ауыстыру мүмкіндігі болуы керек, ал нарыққа қатысушылардың оның ішінде жаңадан қосылғандар келесі жылдан бастап халыққа қызмет көрсету үшін тапсырыстар ала бастайды, — деді Нұрлыбек Қабдықапараов.



Айта кетейік, ӘМСҚ қалалық филиалы 83 түрлі медициналық қызмет көрсететін жеткізушімен келісімшарт бекітті. Оның ішінде 45 жекеменшік ұйым бар. Жекеменшіктермен бекітілген келісімшарттың жалпы сомасы 33,5 млрд теңге.



Астанадағы қор жыл басынан бері мемлекеттік және жекеменшік жеткізушілерге 56,6 млрд теңге төледі. Келісімшарттан түскен 67 пайыз сома 84,6 млрд теңгені құрады. Қазір де қорға жұмыс берушілерден ақша аударымы түсіп жатыр. Осы уақытқа дейін қорға 97 млрд теңге аударылды, оның 12 миллиарды Астанадан түсті.



Емханаларға тіркелу үшін азаматтар таңдап алған медицина ұйымына тікелей барып, электронды үкімет порталы арқылы онлайн режімде және Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тіркеле алады. Емхана арқылы тіркелу үшін жеке куәлігіңізді алып, бас дәрігердің атына өтініш жазасыз. Онлайн режімде тіркелу үшін жүйеге кіріп, электронды өтінімді толтырасыз. Ал ХҚКО арқылы тіркелу үшін Connection Points бөлімінің қызметін қолдана аласыз.



Н. Қабдықапаровтың айтуынша, емханаға тіркелер алдында отбасылық қызмет көрсету және медициналық-санитарлық көмектің қолжетімділігі принциптерін ескере отырып, үйіңізге жақын емхананы таңдаған жөн. Бұл принцип науқасқа дәрігердің жедел көмек көрсетуіне мүмкіндік береді. Азаматтарды емханаларға тіркейтін мекемелердің тізімі «ӘМСҚ» КЕАҚ-ның fms.kz/kk/select-medical-inst интернет-ресурсында берілген.

22-23 қыркүйекте жастар арасында би байқауы өтеді

2018 жылы 22-23 қыркүйек күніАстана қаласындағы«Жерұйық» саябағында Астана қаласының қоғамдық даму істері  басқармасының тапсырысымен «Step Up» атты Астананың 20 жылдығына  арналған жастар арасындағы байқауы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.



Шараны Астана қаласының қоғамдық даму істері  басқармасы мен Қазақстан студенттер альянсы ұйымдастырып отыр.



Конкурстың мақсаты - Қазақстанның дарынды, талантты жастарын қолдау және таныту, жастар саясаты арасында саламатты өмір салтын насихаттау, өнерлік шеберлігін арттыру. Қазақстанның Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерінің негізінде жас буынның патриоттық санасын қалыптастыру және өнерінің жоғары форумы идеясын іс жүзінде дамыту, Қазақстанның мәдени құндылығын сақтау және арттыру, жастарды төзімділік рухта тәрбиелеп, басқа да елдердің мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру.



Шараға Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің және Астана қаласы мәслихатының депутаттары, эстрада жұлдыздары, БАҚ өкілдері қатысады.



Қолдаушы: ҚР Астана қаласы бойынша саябақтар әкімшілігі.



Басталуы: 22қыркүйек 2018 жыл, сағат 10:00



Орны: Астана қаласы, «Жерұйық» саябағы (Б.Момышұлы көшесі

Астана ЮНВТО қалалық туризмі бойынша жаһандық саммит өткізудің құқығын жеңіп алды

2019 жылы қалалық туризм бойынша 8-ші саммитті Қазақстан астанасында өткізуді жеңіп алғаны туралы Оңтүстік Кореяның астанасындағы ЮНВТО қалалық туризмі бойынша 7-ші жаһандық саммит барысында белгілі болды. Оған 57 елден мыңдаған қатысушылар келді.



Бұрын форум әлемдік көрсеткіші жоғары туризмі дамыған Стамбул, Москва, Барселона, Марракеш, Люксор, Куала-Лумпур, Сеул сынды ірі қалаларда өтетін.



Туризм саласында осындай ауқымды деңгейдегі шараны өткізу Тәуелсіз Қазақстанның тарихында бірінші рет болып тұр. Қала туризмі бойынша жаһандық саммит жылына бір рет (ЮНВТО) Бүкіләлемдік туристік ұйымының талаптарына сәйкес таңдалған қалада өтеді. ЮНВТО — бұл негізгі инициатор және әлем бойынша саммитті ұйымдастырушы. ЮНВТО 1975 жылдан бері туризмді дамыту саласындағы ең беделді ұйым. Ұйымның шығынын және бастамашы ретінде саммиттің барлық шығынын басқосуды өткізетін қаланың өзі көтереді.



Келесі жылы Астанада өтетін саммит біздің астананың туристік және МІСЕ-әлеуетін көрсетеді.



Анықтама:
MICE Meetings, Incentives, Conferences, Exhibitions) – ұйыммен байланысты іскерлік туризм индустриясы саласы және түрлі корпоративтік шараларды өткізу.



Аталмыш көрмені өткізудің тиімділігі шағын және орта бизнестің экономикалық көрсеткішін жақсарта түседі деп күтілуде.



Бүгінде қалада шағын және орта бизнеспен (ШОБ) 325 мың астаналық айналысады. 1 қаңтар 2018 жылы Астана халқының саны 1 млн адамды құрады, демек елорданың әрбір үшінші тұрғыны ШОБ-тың айналасында. Мысалы, соңғы мәлімет бойынша қалада 231 қонақ үй бар.



Бүкіләлемдік форумды өткізу – Астананы паш етудің, Орталық Азиядағы жаңа туризм орталығы мен қаланы дамытудағы жаңа бағытты, ірі халықаралық қауымдастық пен компаниялармен әріптестікті нығайтудың тағы бір мүмкіндігі.



Нәтижесінде қонақ үйлердің толуы, кәдесый өнімдеріне сұраныс, кафе мен ресторандарға келушілердің саны көбейеді деп күтілуде. Осылайша форумды өткізу халықаралық іскер және түрлі іс-шаралардың санын көбейтуге мүмкіндік береді, осы арқылы астанаға туристік ағын да көбейе түспек.



Бұдан басқа, жаһандық саммит Астанаға туризм саласындағы жетекші сарапшыларды тартуға, барлық сектордағы мемлекеттік және жекеменшік серіктестерді біріктіріп, қала туризмін дамытудың жаңа парадигмасында негізгі роль атқарады. Бұл жерде туризм әлеуметтік ұйымшылдық пен мәдениетті сақтаудың құралы болмақ және экономикалық қызметке де үлесін қосады.



Айта кетейік, астанада өткізілетін бұл шараны қабылдауда төмендегідей факторлар есепке алынды: қалалық туризмнің даму преспективасы, іске асырылған жобаларды сәтті өткізгені, шараларды өткізудегі тәжірибесі, тұрақты дамуы, экономика, әлеуметтік сала, экология мен астананың әкімшілік жүйесі електен өтті.

«Дүниежүзілік тазалық күні» акциясында 3 тоннадан астам қоқыс жиналды

15 қыркүйек күні өткен «Дүниежүзілік тазалық күні» халықаралық әлеуметтік-экологиялық акциясына 5 мың адам атсалысты, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.


Астанадағы 10 локациядан (Сарыбұлақ өзенінің жағасы, № 14, № 37, № 73 мектеп аумағы, «Нұрлы жол» вокзал ауданы, Қорғалжын тас жолы, Н. Тілендиев көшесі және т. б.) 3,3 тонна қатты қоқыс жиналған.


Бұл акцияның ерекшелігі жиналған қоқыс сортталып (қайталама шикізатты бөлек аралас қоқысты бөлек) «Kaz Recycle Service» ЖШС-нің қоқыс өңдейтін зауытына жіберілді.


Айта кетейік, бұл акция жыл сайын 15 қыркүйек күні өтеді. Оған әлемнің 150-ден астам елі қатысады. Акция 2008 жылы Эстония елінен бастау алған, онда 50 000 ерікті 5 сағаттың ішінде елді 10 000 тонна қоқыстан тазартқан.

18-23 қыркүйекте Астанада өтетін іс-шаралар

1-30 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында ҚР Өнер Академиясының «Астана – арман қала» атты қолданбалы және көркемсурет көрмесі, фотожурналист, жергілікті тарихшы Нұрмұхамат Имамовтың шығармашылығына арналған көрме, «Ақанаевтар әулеті» атты жеке көркем көрмесі, «Қасиетті жерлерге саяхат» Павлодар қаласының суретшілері көрмесі, «Ата заң – ел тірегі, Астана – ел жүрегі» ҚР Конституциясы күніне орай көрмесі, Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күніне арналған тематикалық көрмесі өтеді.



Сондай-ақ астаналық Жастар сарайында ең тәтті және пайдалы «Мир вкусного меда» көрмесіне барып үлгеріңіз. Жәрмеңке 17-сінен 23 қыркүйекке дейін созылады.
17 қыркүйекте стендтік атудан «Targetshootingclub» СК-де «TheInternationalYouthCup» және «GrandPrixofAstana» халықаралық турнирі өтеді, Ал «Алатау» спорт сарайында гандболдан әйелдер командасы арасында (1 тур супер лига) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді.



18 қыркүйекте Назарбаев Спорт орталығы – Университетте «Жұлдызай» республикалық спартакиадасы өтеді. Хоккей жанкүйерлері «Барыс» аренада өтетін «Барыс» ХК – «Авангард» ХК командалары арасындағы 2018-2019 КХЛ маусымының чемпионатына келе алады.



19 қыркүйекте «Дәулет» СК Ұлттық ұлан Бас қолбасшының кубогы үшін қоян қолтық күрестен халықаралық турнир өтеді.



21-23 қыркүйекте Қарттар үйінде мүгедектер күніне орай шахматтан, шашкіден, тоғызқұмалақтан «Тіке-тірес» фестивалі өтеді.



21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында «Астана М» ФК – «Жетісу М» ФК Екінші лигасы клубтарының арасында футболдан ҚР Чемпионаты өтеді.



22 қыркүйекте Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында қайырымдылық веложарысы өтеді, ал «Жастар» сарайында астана тұрғындары мен қонақтары «Тегін заңгерлік кеңес, құқықтық сауаттылық» республикалық акциясына қатыса алады.



23 қыркүйекте «Пикник» тобының фанаттары «Қазмедиа орталығында» «Левитация» концерттік бағдарламасын тамашалай алады. Іс-шаралардың толық тізімі www.madeniet.astana.kz сайтында жарияланған.