Астанада биыл атқарылған құрылыс жұмыстарының көлемі – 261 млрд 582,7 млн теңге

Биыл қаңтар-тамыз аралығында Астана қаласының кәсіпорындары мен ұйымдары 261 582,7 млн теңге сомасында құрылыс жұмыстарын орындады, деп хабарлады Астана қаласының Статистика департаменті.
Орындалған құрылыс жұмыстары көлемінің 62,9% ең жоғары үлестік салмағы жеке меншік мердігерлік ұйымдарға, ал 37%-ы шетелдік мердігерлік ұйымдарға тиесілі. Мемлекеттік мердігерлер жалпы көлемнің 0,1%-ын орындады.
Атқарылған шаруалардың 97,2%-ы құрылыс-монтаж жұмыстары, 1,7%-ы күрделі жөндеу, қалған 1,1%-ы ағымдағы жөндеу.
136987,7 млн теңгеге тұрғын және тұруға арналмаған ғимараттардың құрылысы жүргізілді. Мамандандырылған құрылыс жұмыстарында 20554,9 млн теңге игерілді.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді. «Ақылды қаланың» инновациялық инфрақұрылымын қалыптастыру елорданың ұзақ мерзімді дамуының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады және оған келесі құрамдас бөліктер енеді: «Астана қаласының тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жүйесі», біріктірілген тұғырнама, мәліметтерді беру желісі, «Смарт Астана» жобасының үлгілері және кіші жүйесі, «ақылды қала» шешімдерінің Астана орталығы. Астана қаласының тыныс-тіршілігін кешенді қамтамасыз ету жобасы шеңберінде қауіпсіздікті бақылау және қамтамасыз ету саласында жаңа технологиялар қолданылды. Бұл құқық бұзушылықтарды анықтауға және ол туралы ақпаратты қалалық басқару орталығына беруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта бейнебақылау камераларымен қаланың орталық бөлігі қамтылған. Жоба шегінде қалалық басқару орталығына жол бойындағы және қоғамдық орындардағы, оның ішінде салынып жатқан «ЕХРО-2017», «Абу Даби Плаза» КБК, «Жаңа теміржол вокзалы», Мұз сарайы, «Қазақ хореографиясы академиясы ғимараттарының кешені (би мектебі)» объектілерінде 1221 бейнебақылау камерасы іске қосылды. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, осы жүйемен қамтылған аудандарда құқық бұзушылық санының төмендеуі күтілуде. Сондай-ақ жол қозғалысы ережесін бұзушылықтарды тіркеудің аппаратты-бағдарламалық кешендерін енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта жылдамдық түзімін тіркейтін 25 фиксатор және бұрылыстардағы қозғалыс мониторингінің 10 кешені орнатылды. Бұл шаралар 1 км/сағ көлік құралының жылдамдығын оптикалық диапазонда тіркеуге мүмкіндік береді және қосымша датчиктерді орнатуды қажет етпейді.









Барлық қызмет мемлекеттік тілде тиісті деңгейде көрсетілуі тиіс. Астанада 100-ден астам ерікті осы жағдайды қоғамдық орындар мен меКемелердің қызметкерлеріне түсіндіруге кірісті. «Біз мемлекеттік тілде қызмет көрсетеміз» акциясы әуежай, теміржол вокзалы, сапаржай, Қазпошта және қоғамдық көліктерді де қамтитын болады. Осылайша, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту көзделген. Акцияға белсенді қатысқан мекемелер салтанатты түрде марапатталмақ Нұрзила Қасқатаева, Тілдерді дамыту және үйлестіру жұмысы бөлімінің басшысы: — Халықта мынадай түсінік пайда болуы мүмкін Мемлекеттік тіл бір күндік қана ма деп, олай деп түснбеу керек. Қазір қай жерге барсаңыз да, ресми тіл қоса қолданылып жүреді. Біз осы бір күн арқылы қалған күнде де мемлекеттік тілді қолдануға шақыру.