Түркітілдес мемлекеттердің экономика министрлері Астанада бас қосты
Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекджи еліміздегі «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Ақтау теңіз портын жаңарту жобасына қызығушылық білдірді. Бұған дейін Түркия Қазақстанға 1,8 млрд доллар көлемінде тікелей инвестиция құйған еді. Ал біздің елдің қаржылай салымы 970 млн долларға жетіпті. Бұл туралы Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі аясында өткен экономика министрлерінің бесінші кездесуінде мәлім болды. Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық экономика министрі: — Түркі кеңесі инвестициялар, кәсіпкерлік, көлік пен туризм сияқты экономиканың әр салаларында табысты еңбек етеді. Елдер арасындағы тұрақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін басты тұғырнама болып отыр. Айта кетейік, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі 2009 жылдың 3 қазанында Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын. Ол құрамына енген. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан Республикасы және Түркия сынды тілі мен мәдениеті ұқсас елдер үшін тиімді экономикалық әріптестікті нығайтатын платформаға айналып отыр.сілтеме




Елорда әкімдігі елорда тұрғындары мен қонақтарының тіршілігін қамтамасыз ету мен ыңғайлы өмір сүру мәселелеріне ерекше көңіл бөлуде. Сонымен қатар, үнемі бақылауды қажет ететін кейбір сұрақтар бар, солардың бірі — тұрғын үй құрылысы саласы.
Бүгін Астана қаласы әкімдігінің кезекті аппарат жиналысында қала өміріндегі бірқатар маңызды мәселе қарастырылды. Атап айтқанда, «Тұлпар» сауда орталығындағы жалға берілетін орындардың ай сайынғы төлемінің қымбаттауы талқыланды. Жақында аталған сауда орталығының жалға алушылары басшылықтың ай сайынғы төленетін төлемақының доллар курсының өсуіне байланысты көбейтіп отыратынын айтып, өз наразылықтарын білдірген болатын. Атап өту керек, мұндай жағдай қаланың басқа сауда орталықтарында да болған. Елорда әкімі жалға алушыларға ниеттестік білдірді. «Долларға мүдделі болудың бұған қандай қатысы бар? Жалға берілетін орындардың төлемақысына доллар курсы қалайша әсер етеді? Жалға алушылар саудадан түскен ақшаны тек қана теңгемен алады, ал төлемақыны доллармен төлеуге міндетті. Осының барлығы баға саясатының тұрақсыздығына әкеліп соғады», — деді Ә.Жақсыбеков және арнайы жұмыс тобына осы мәселенің шешімін тауып, қажетті түсіндірме жұмыстарын өткізуді тапсырды. Елорда басшысы қаланың жол жиектеріндегі ақылы тұрақтардың жеткілікті болуын ұйымдастыруды тапсырды, бұл өз кезегінде қаладағы жол қозғалысы трафигіне оң әсерін тигізуі қажет. Бұл үшін шетелдіктердің алдыңғы қатарлы тәжірибесін зерттеп, ішкі аумақтар, мектеп айналасы, ЖОО және басқа да әлеуметтік нысандар трафигіне көңіл бөлу шарт. Шағын және орта бизнес дамуының көптеген мәселесі, сонымен қатар автотұрақтардың құрылысы әлі толықтай бір ретке қойылмаған жер телімдерін аукционға шығару механизміне келіп тіреледі. Ә.Жақсыбеков ағымдағы ережелерге тиісті өзгерістер енгізуді тапсырды, оларды жеңілдірек, түсінікті әрі анық және ең бастысы бүгінгі күнге, жаңа экономикалық саясатқа сәйкес қылып жасауды тапсырды. Әкім мемлекеттік бағдарлама аясында салынған тұрғын үйлердің жағдайларына ерекше тоқталып өтті. Бұл жерде түйткілді мәселелер көп. Кейбір салушылар қосалқы трансформаторлық бекеттерді, қазандықтарды және басқа да қосалқы нысандарды уақытында қала балансына бермейді. Бұл өз кезегінде пәтерді сатып алу мен күту бағасына тікелей әсерін тигізеді. Үй аумақтарының абаттандырылуы мен үй асты орындарының басқа мақсаттарда қолданылуы тұрғындардың арыз-шағымдарын туғызуда. Ә.Жақсыбеков аталған нысандарды аралау барысында бірқатар ескертпені айтып, тез арада бұл кемшіліктердің орнын толтыруды тапсырды.
Оларға салынған айыппұл көлемі жарты миллион теңгеден асады. Естеріңізге сала кетейік, таяуда ғаламтор беттерінде Қонаев көшесі бойында қымбат көліктердің шоуы көрсетілген бейнежазба жарияланған еді. Жүргізушілер өзінше өнер шығарып, көлікті теріс қарап отырып басқарып, бірнеше мәрте көлік апаты қаупін тудырған. Тіпті, жол ортасындағы жолақтарды қиып өтіп, қарсы бағытқа шыққан. Тәртіп сақшылары бұзақыларды қолға түсіріп, қазір 9 адам жауапқа тартылып жатыр. Оның төртеуі көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сабыр Жүсіпбеков, қалалық ІІД Әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары: — Барлық жүргізушілер бейнебақылау камералары арқылы анықталып, ұсталды. 9 жүргізушіге 21 әкімшілік хаттама толтырылды. Жолдың қарсы бағытына шығу, қозғалыс қатарларын бұзу, артқа жүру, автокөліктерге стробоскоптар орнату, дыбыс сигналдарын пайдалану, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзу сияқты өрескел қателіктер жасалды. Сондай-ақ Алматының Әл-Фараби даңғылында «дрифт-шоу» ұйымдастырған екі жүргізуші де жауапкершілікке тартылды. Өзге көліктердің қозғалысын тоқтатып, кедергі келтірген азаматтардың әрекеті ғаламтор пайдаланушыларының наразылығын тудырды. «Дрифт-шоу» кезінде даңғылдың бойында кептеліс қалыптасты.


