«Мектепке жол» 8727 балаға көмек берді

Астана жаңалықтары: «Мектепке жол» 8727 балаға көмек берді

Биыл Астанада «Мектепке жол» акциясы аясында 3500 оқытушының қатысуымен 99 210 пәтерлер араланып, 8727 бала 92 млн 156 мың 549 теңге көлеміндегі қаражатқа көмек алды. Оның ішінде 6925 бала бюджеттен тыс 70 млн 289 мың 706 теңге сомасында демеушілердің есебінен мектепке дайындалды.

Қалалық Білім басқармасының мәлімдеуінше бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда едәуір артқан. Былтыр 1 қазандағы мәлімет бойынша 7667 бала 68 млн 506 мың 200 теңге көлемінде көмек алыпты.

Акция шеңберінде тамыз айының 21-22 күндері Білім басқармасының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірігіп ұйымдастырған мектеп жәрмеңкесіне 30-дан аса кәсіпкерлер мен Астана, Алматы, Қарағанды тауар өндірушілері қатысты. Жәрмеңкеде кеңсе тауарлары мен мектеп формалары 10-25 пайызға дейінгі төмендетілген бағамен сатылды. Онда 23 мыңға жуық ата-ана керек-жарағын арзандатылған бағада сатып алды.

«Бірінші рет, бірінші сынып» акциясы аясында 50 балаға мектеп сөмкелері үлестірілді.

Астананың медицина мекемелерінде Қарттар күніне орай мерекелік шаралар өтті

Астана жаңалықтары: Астананың медицина мекемелерінде Қарттар күніне орай мерекелік шаралар өтті

Бүгін елорданың барлық медициналық ұйымдарында Қарттар күніне орай мерекелік шаралар өтті. Атап айтқанда, №4 қалалық емхана базасында орналасқан «Алтын жылдар» зейнеткерлер клубының мүшелерінің қатысуымен салтанатты шара ұйымдастырылды.

Астаналық ардагерлер үшін мерекелік концерт әзірленіп, оған елордалық мектеп оқушыларынан бөлек, «Астана Опера» театрының жетекші әртістері де қатысты.

Елена Сорокина, №4 қалалық емханасы кәсіподақ комитетінің төрағасы:

– Қарттар күніне орай №4 қалалық емханада мерекелік шара ұйымдастылды. Сондай-ақ, емханада «Алтын жылдар» клубы жұмыс істейді, бүгін бұл клубқа 5 жыл толып отыр. Мереке аясында «Алтын жылдар» клубының мүшелерін мерейтойымен құттықтадық. «Астана Опера» театрының жетекші әртістері, №56 мектеп және қалалық музыка академиясы оқушыларының қатысуымен концерт өтті. Сондай-ақ, бүгінгі шараға денсаулық сақтау саласына еңбек сіңірген ардагерлер де қатысты.

Өз кезегінде, зейнеткерлер алғыстарын білдіріп, шараның ұйымдастырушылары мен қатысушаларына сәттілік тіледі.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9155
Әрі қарай

Астанада Қарттар күні аталып өтуде

Астана жаңалықтары: Астанада Қарттар күні аталып өтуде

Астанада Халықаралық қарттар күніне орай ардагерлердің қатысуымен мерекелік шара өтті. Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаңда жүзге жуық денешынықтыру мен спорт сүйер қауымының қатысуымен «Ардагерлер салауатты өмір салты үшін» атты флешмоб өткізілді. Шара аясында елордалық ардагерлер кеңесінің өкілдері, еңбек ардагерлері, зейнеткерлер фитнес нұсқаушысының жетекшілігімен дене шынықтыру жаттығуларын жасады.

Астана қаласы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл шара ешкімді бейжай қалдырмады.

Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Сыздықовтың айтуынша, шаралардың барлығы қариялардың тұрмысы мен өмір-тіршілігіне көп көңіл бөлуге, қосымша жағдай мен қызмет көрсетуге бағытталған. А. Сыздықов, сонымен қатар, еліміздің барлық қарияларын осы айтулы күнімен құттықтап, бар жықсылықты тіледі.

Таңғы жаттығуға қатысқан барлық зейнеткерлер М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында өткен концертті тамашалауға да мүмкіндік алды.

Айта кетейік, Халықаралық қарттар күні БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 25 жыл бұрын бекітілген. Халықаралық қарттар күні 1 қазан күні аталып өтеді.

Сондай-ақ, бүгін Ардагерлер ұйымының белсенділері ҰОС ардагерлерінің, зейнеткерлердің үйлерін аралады. Қарттар күніне орай «Алматы» ауданының әкімдігі ауданға қарасты Ардагерлер ұйымы және кәсіпкерлермен бірлесіп 150 зейнеткерге, соның ішінде ҰОС және тыл еңбеккерлеріне арнап қайырымдылық ас берді.

Бұдан бөлек, бұл күні шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ және басқа да халықтық ойындардан шағын орталықтарда жарыстар өткізілді. Бүгін, сондай-ақ, «Жастар» сарайының киноконцерттік залында, сағат 19.00-де елорданың ҰОС ардагерлері мен зейнеткерлеріне арналған мерекелік концерт өтеді.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астанада жыл басынан бері 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды

Астана жаңалықтары: Астанада жыл басынан бері 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары құрылды

Астана қаласында ағымдағы жылдың 1 қазандағы жағдайға қарағанда 13 614 жаңа жұмыс орындары ашылды. Соның ішінде: өнеркәсіп саласында – 1 076, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоциклдер жөндеу – 3 211, көлік және қоймалау – 859, білім және денсаулық сақтау салалары – 2 260, құрылыс – 2 048 жұмыс орыны ашылса, 4 160 жаңа жұмыс орыны экономикалық қызметтің басқа түрлерінде пайда болған.

Сонымен қатар, ағымдағы жылғы 9 ай қорытындысы бойынша Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығы 4 488 адамды жұмысқа орналастырды.

Жастар тәжірибесін өтуге 551 түлек және жаңа мамандық меңгеру мақсатында 609 адам қайта даярлауға бағытталды.

Сондай-ақ, 114 адам әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды.

astana.gov.kz
Әрі қарай

Астанада қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті

Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығымен «Мәңгілік ел — Қазақстаннның жалпыұлттық идеясы» тақырыбына «Ақмола вагон жөндеу зауыты» АҚ Қоғамдық келісім кеңесінің кезекті мәжілісі өткізілді.
Әрі қарай

8 мыңға жуық елордалық оқушы әлеуметтік көмекке ие болды

Астана жаңалықтары: 8 мыңға жуық елордалық оқушы әлеуметтік көмекке ие болды

Елордада жыл сайын 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі. Астана қаласының Білім басқармасының хабарлауынша, биылғы акция аясында №13, 45, 55 мектептерде халыққа консультативтік көмек көрсететін қоғамдық қабылдаулар жұмыс істеді. Шара барысында 82-ге жуық елорда тұрғыны көмекке жүгінген.

Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының ұйымдастыруымен тамыз айында оқу жылы қарсаңында орталық алаңда мектеп жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде Астана, Алматы және Қарағанды өңірлерінің 30 шақты кәсіпкерлері мен тауар өндірушілерінің қатысуымен мектеп формасы, оқуға қажетті құрал-жабдықтар, оқулықтар нарықтағы бағадан арзандатылып сатылды.

Шара барысында аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 8 727 балаға жалпы сома 92 миллион 156 мың теңгеге көмек көрсетілді.

Айта кетейік, былтырғы жылы «Мектепке жол» акция барысында 68506,2 мың теңге көлемінде 7 667 балаға көмек көрсетілді. Жыл сайынғы шараның мақсаты – жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету, оларға қоғамның қамқорлығын сезінуге мүмкіндік беру болып табылады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9138

Жеңілдікке ие тұрғындар санаты үшін жол жүру карталарына фототіркеу жалғасуда

Астана жаңалықтары: Жеңілдікке ие тұрғындар санаты үшін жол жүру карталарына фототіркеу жалғасуда

2015 жылдың 1 қазанынан бастап Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасынының «Astana LRT» компаниясымен бірлесіп, қоғамдық көліктерде тегін жүру құқығына ие тұрғындар санаты үшін төлем карталарына бұрын фотосуреттерге түспегендер үшін қайта тіркеу басталды.

Айта кетейік, фотосуретке түсу тегін жүргізіледі және қоғамдық көліктерде электрондық жүйе енгізу аясындағы жоба болып табылады. Бүгінгі күнде Астана қаласында екі фототіркеу пункті жұмыс істеуде:

— Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы (Иманбаев к-сі, 16, 1 қабаттың холында). Жұмыс кестесі: 9.00 бастап 18.00 дейін.

— Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық (Иманбаев к-сі, 16, 3 қабаттың холында). Жұмыс кестесі: 9.00 бастап 18.00 дейін.

Еске салайық, жеңілдікке ие азаматтар қатарына:

— ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген азаматтар;

— жас және еңбек өтілі бойынша зейнеткерлер;

— көпбалалы отбасы;

— мүмкіндігі шектеулі тұлғалар;

— 16 жасқа толмаған мүгедек балалар жатады.

Фототіркеуден өту үшін тұлғаның жеке куәлігі, сондай-ақ, Астана қаласының аумағында тіркелгенін растайтын құжат қажет. Фототіркеу рәсімі, сондай-ақ, жеке жол жүру картасы тегін жасалынады. Аталмыш карталар қоғамдық көліктерде электрондық жүйе енгізілгеннен кейін иелеріне беріледі.

Айта кетейік, қоғамдық көліктерде электрондық жүйе енгізу жол жүру ақысы мәселелерін шешеді, жолаушылардың көлікте лық толуын азайтады және жол жүру ақысы жүйесінде келеңсіз жағдайды шешеді. Жол жүру ақысының жаңа жүйесі халыққа қызмет көрсету сапасын жақсартады.

Барлық сұрақтар бойынша 57-47-77 call-орталығына хабарласа аласыздар.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9144
Әрі қарай

«Астана су арнасы» су және кәріз жүйелерін қайта жөндеуден өткізді

Астана жаңалықтары: «Астана су арнасы» су және кәріз жүйелерін қайта жөндеуден өткізді

Бүгін «Астана су арнасы» МҚК инвестициялық жобалар мен кәсіпорын активтерін модернизациялаудың ашықтығын көрсету мақсатында арнайы пресс-тур ұйымдастырды. Аталмыш шараға Астана қаласы мәслихатының депутаттары, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық бөлімшесі, Кәсіпкерлер палатасы, «Әділет» тұтынушылар құқығын қорғау қауымдастығы» ҚҰ мен БАҚ өкілдері қатысты.

Бүгінгі таңда «Астана су арнасы» 1200 шақырым су құбыры жүйелері мен 694 кәріз жүйесін қамтамасыз етеді. Инвестициялық жобаны жүзеге асырудағы 5 жылдық жұмыс нәтижесінде 2010 жылдан бастап сумен қамту жүйесі 360 шақырымға ұзартылған, ал кәріз жүйесі 251 шақырымға көбейді.

Уәлихан Досаев, «Астана су арнасы» МҚК бас директоры:

– Біздегі жұмыс көлемі өте үлкен және ауыр, сондықтан алдыңғы қатарлы жаңа технологияларды қолдануға тырысамыз. Қалалық су арнасында жоғары білікті мамандар қызмет етеді. Ұжымымыз үлкен, себебі, су құбыры мен кәріз жүйелерін толық қамту оңай шаруа емес.

Атап өту керек, «Астана су арнасының» 2015 жылға арналған инвестициялық бағдарламасы 800 миллион теңгені құрайды.

5 жыл көлемінде кәсіпорын су мөлшері көрсеткіштерінің азаюын 18% дейін төмендетті, 2011 жылы бұл көрсеткіш 11% тең болатын. 2010 жылдан бергі инвестициялық бағдарламалардың жалпы сомасы 5,1 миллиард теңгені құрайды. Бұл уақыт аралығында кәсіпорын 24 шақырымнан астам кәріз және су жүйелерін жөндеуден өткізген.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9143
Әрі қарай

Астанада жылыту маусымы басталды

Астана жаңалықтары: Астанада жылыту маусымы басталды

Елордада орташа тәуліктік ауа температурасы +10°С градустан төмен деңгейде орнауы салдарынан, бүгін Астана қаласының әкімдігі жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдады.

Астана қаласының жылыту маусымын дайындау және өткізу туралы ережелеріне сәйкес, келесі нысандарға жылу беріледі:

1. балалар, емдеу, білім мекемелері, кәсіби мектептер, әлеуметтік-медицина мекемелері;

2. тұрғын үйлер, жатақхана, қонақүйлер;

3. әкімшілік ғимараттар, оқу ордалары, театрлар;

4. басқа мекемелер.

Анықтама: Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» Заңына, сондай-ақ, Астана қаласындағы жылыту маусымына дайындық және маусымды өткізу туралы ережелерге сәйкес, Астана қаласы мәслихатының 2014 жылдың 27 маусымындағы №249/36-V Қаулысына сай бес күннің жүзінде орташа тәуліктік ауа температурасы +10 °С градустан төмен көрсеткішті құраған жағдайда, Астана қаласының атқарушы органдары жылыту маусымын бастау туралы шешімді қабылдайды.

Сонымен қатар, елорданың 2015-2016 жылғы жылыту маусымында елорданың үздіксіз электр энергиясымен қамтылуы үшін қала шаруашылығын алдағы күз-қыс кезеңіне дайындау бойынша қажетті шаралар жүргізілді.

Қаланы электр қуатымен жабдықтау бойынша. «Астана-Энергия» АҚ (жылу және электр энергияны шығаратын кәсіпорындарды қосқанда) жылу және электр энергияны толықтай беруге дайын.

«Астана-РЭК» АҚ (электр энергияны беретін және тарататын кәсіпорын) бүгінгі күнде жөндеу бағдарламасы аясында:

52 трансформаторлық бекеттер мен пункттерді, 74,6 шақырым электр сымын (оның ішінде: 21,9 км – 0,4 кВ, 18,01 км – 10 кВ, 34,6 км – 110 кВ) күрделі жөндеуден өткізді;

8 тірек және 38 трансформаторлық бекеттердің жылу желісі, 186,1 км жылу желісі (оның ішінде: 27,4 км – 0,4 кВ, 21,02 км – 10 кВ, 137,7 км – 110 кВ) ағымдық жөндеуден өтті.

Қаланы жылумен қамтамасыз ету бойынша. Бүгінгі күнде «Астана-Теплотранзит» АҚ (жылумен қамтамасыз ететін кәсіпорындар) қала әкімдігінің бекітілген режим картасына сәйкес толықтай жылумен қатмамасыз етуге дайын.

Елорданың барлық 50 жылу магистралінде гидравликалық сынақтар аяқталды.

Сондай-ақ, қаланың 6 ауданының қазандықтарында күрделі жөндеулер жүргізілді, дайындығы 100 пайызды құрайды.

Қатты және сұйық отын қорының қажетті мөлшерін жинақтау бойынша. Аталған сұрақ түбегейлі шешілді. 2015-2016 жылдары «Астана-Энергия» АҚ мен «Богатырь Комир» ЖШС арасындағы 3 млн. тонна көлемінде көмір жеткізу бойынша, оның ішінде ТЭЦ-2 – 2,6 млн. тонн, ТЭЦ-1 – 0,4 млн. тонна көлемінде көмір жеткізуге келісім жасалынды.

Бекітілген ережелерге сәйкес күз-қыс маусымына 20 күндік эксплуатациялық отын қоры қажет: ТЭЦ-1 көмір қоры 34,5 мың тоннаны құрайды (30 тәулікке), ТЭЦ-2 көмір қоры 184,9 мың тоннаны құрайды (20 тәулікке). Мазут қоры ТЭЦ-1 бойынша 8,3 мың тоннаны құрайды, 197 тәулікті құрайды, ТЭЦ-2 – 537 тонна, 38 тәулікті құрайды.

Әлеуметтік сала нысандарының және тұрғын үй қорының дайындығы. Алдағы жылыту маусымына 169 білім беру нысанадары, 37 – денсаулық сақтау мекемесі, 15 – мәдени, 2116 – көп пәтерлі тұрғын үй толықтай дайын.

Автономдық жылу беру көздері бар кәсіпорындар бойынша дизель жанармайына қаражат қарастырылды, жылыту маусымына қазандықтар дайындау жұмыстары жүргізілді.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9141
Әрі қарай

Астанада мүгедектерді жұмысқа орналастыру айлығы өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада мүгедектерді жұмысқа орналастыру айлығы өтеді

Жыл сайын қазан айының екінші жексенбісінде Қазақстан Республикасында мүгедектер күні аталып өтеді.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру айлығы шеңберінде ағымдағы жылдың 1-2 қазанында сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін Астана әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығында «Мүгедектің жұмысқа орналасу мүмкіндіктері» тақырыбында семинар-тренинг өткізілетін болады. Барлық ниет танытушыларға қатысуға болады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9142
Әрі қарай