Астанада «KazAgro-2015» және «KazFarm-2015» көрмелері ашылады

Бүгін Астанадағы «Көрме» КО-да сағат 11.00-де жыл сайынғы ірі халықаралық «KazAgro-2015» ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі көрмесі мен «KazFarm-2015» мал шаруашылығы және ет-сүт өнеркәсібі көрмелерінің салтанатты ашылуы өтеді, деп хабарлайды ұйымдастырушылар.
Әрі қарай

Астанада жеке тасымалдау қызметінің алдын алу бойынша рейдтік шаралар өтуде

«Нөлдік шыдамдылық» принципін қалыптастыру мақсатында елордалық полиция қызметкерлері тұрғындарың еркіне қарсы өз қызметін ұсынатын тұлғаларды анықтау бойынша іс-шаралар өткізуде. Астана қаласы ІІД ӘПБ бөлім басшысы Жанат Шумшалиннің айтуынша, арнайы құрылған мобильді топтар жеке тасымалдаумен айналысатын тұлғалардың жұмысына қатысты рейдтік тексерістер ұйымдастырды.
Әрі қарай

Астанада жаңа балабақша ашылады

Астана жаңалықтары: Астанада жаңа балабақша ашылады

Мектепке дейінгі мекемелерде кезекті азайту мақсатында ҚР Бас прокуратурасы елордада 48 орындық жаңа балабақшаны пайдалануға бермек. Аталмыш нысан Хусейн бен Талал мен № 36 көшелері қиылысындағы көппәтерлі тұрғын кешеннің бірінші қабатында орналасқан.
Әрі қарай

Қысқы Астана елорданың тұрғындары мен қонақтарын қуантады

Астана жаңалықтары: Қысқы Астана елорданың тұрғындары мен қонақтарын қуантады
Қыс маусымында елорда тұрғындары, әсіресе, кішкентай балалар үшін дәстүрлі түрде мұз айдындар, сырғанақтар ашылады. Атап айтқанда, «Хан Шатыр» ОСО алдындағы алаңда қаладағы ең үлкен мұз айдыны пайда болады, аталмыш алаңда елорданың бас шыршасы да орнатылады. Астана қаласы әкімдігі жанындағы алаң мен Есіл өзені жағалауында да мұз айданы мен сырғанақтар ашылады. Сонымен қатар, Есіл өзені жағалауында түрлі мүсіндер орнатылатын қысқы қалашық бой көтермек. Елорда мектептері ауласында қосымша 11 мұз айдыны пайда болмақ.
Әрі қарай

«Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті

Астана жаңалықтары: «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті
24 қазан күні мектеп жасындағы балалар арасында «Жайдарлы Жас ұлан» республикалық зияткерлік сайысы өтті. Бұл сайыстың мақсаты – оқушылардың өнерін жанып, тапқырлыққа баулу. Әрі әзілге жақын болып, өмірге көңілді қарауды да мақсат тұтады. Бұл шара жыл сайын өтіп келе жатқан болатын.
Әрі қарай

Астанада алғаш рет жоғары мамандандырылған медициналық көмек – «витрэктомия» әдісі енгізілді

Астанада № 2 қалалық аурухана негізінде алғаш рет қалалық станционар деңгейінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек – «витрэктомия» әдісі енгізілді.
Әрі қарай

Астанада көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды

Астана жаңалықтары: Астанада көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды

Елордада «Алматы» ауданы әкімдігінде көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілерін салтанатты түрде табыс ету рәсімі өтті.
Әрі қарай

Елорданың субұрқақтары қысқы режимге ауыстырылды

Астана жаңалықтары: Елорданың субұрқақтары қысқы режимге ауыстырылды

Елордада қысқа дайындық жұмыстары аясында субұрқақтар жазғы режимнен қысқы режимге ауыстырылады. Биылғы жылы субұрқақтар мен субұрқақ кешендерін қысқы режимге ауыстыру 1 қазанда басталды. Қазіргі таңда елордада 40 субұрқақ кешені бар.
Әрі қарай

Елордада шейх Тамим бен Хамад әл Тани атындағы мектеп құрылысы басталады

Биыл елордада шейх Тамим бен Хамад әл Тани атындағы мектеп құрылысы басталады. Сәйкесінше құжатқа бүгін Елбасы Н.Назарбаевтың Катар мемлекетіне ресми сапары аясында Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев пен Катар Инвестициялық қорының бас директоры Халифа Жассим әл Кувари қол қойды.
Әрі қарай