Астанада Еducation uk британдық білім көрмесі ашылды
Елордада осымен төртінші рет Еducation uk Британия білімінің көрмесі ашылды. Көрмені Халықаралық бағдарламалар орталығының қолдауымен Британ кеңесі ұйымдастырып отыр. Көрменің мақсаты — Қазақстандағы оқушылар мен студенттерге, олардың ата-аналарына Британияға барып, білім алу үшін қандай мүмкіндіктер қарастырылатынын көрсету.





