Елордада «Жыл мұғалімі - 2016» конкурсының жеңімпазы марапатталды

Бүгін Мұғалімдер күніне арналған салтанатты шара барысында «Жыл мұғалімі — 2016» қалалық конкурсының жеңімпазы марапатталды. Аталған байқауда дарынды балаларға арналған №9 мектептің биология пәнінің мұғалімі Ләзім Қасымова үздік атанды.

Шара барысында Астана қаласы әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев үздік педагогты және жиналған қауымды құттықтап, сөз сөйледі.

— Мұғалім болу әркімнің қолынан келе бермейді, бұл қызметте қуаныш та, қиындықтар да болады, сіз осы кәсіпке өміріңізді арнап, болашақ ұрпақты тәрбиелеп, оқытып келесіз. Жылдан жылға түлектеріміз, мектеп оқушылары жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Осы үшін зор алғысымды білдіремін, мерекелеріңізбен, — деді Ермек Аманшаев.

Елорда басшысының орынбасары көп жыл еңбек еткен мұғалімдер мен жас мамандарға өз қолынан қызметтік пәтердің кілтін табыстады.

— Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен жыл соңына дейін әкімдік осы дәстүрді жалғастыратын болады. Меніңше, жыл аяқталғанша Тәуелсіздік күні қарсаңында баспаналы болатын мұғалімдер мен оқытушылар саны он есеге артады, — деді Ермек Аманшаев.

Салтанатты шара барысында түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды.

Үстіміздегі жылы №26 «Үміт» балабақшасы үздік деп танылды. Мектептер арасында Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі топ жарды.

«Қосымша білім беретін үздік ұйым» номинациясында М. Өтемісов атындағы Оқушылар сарайы көш бастады. Көлік және коммуникация колледжі үздік техникалық және кәсіптік білім беретін ұйым атанды.

Мамандандырылған ұйымдардың ішінде №3 Психологиялық-медициналық- педагогикалық консультация үздік болды, ал №17 мектеп-гимназия инновациялық мектеп атанды.

Мұнымен қоса, №66 мектеп-лицейдің бастауыш сынып оқытушысы Майя Жұбанышқалиева мен орыс тілі және әдебиетінің мұғалімі Қанипа Сәбитоваға «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі табысталды.

«12 жылдық білім беру жүйесін қолдау және ағылшын тілі орталығы» МКҚК директоры Бақыт Қадырова, №6 мектеп-гимназиясының математика мұғалімі Татьяна Анисифирова, №36 ОМ география мұғалімі Лилия Быстрова, №15 мектеп-лицейдің француз тілінің мүғалімі Наталья Пашкова, Энергетика және байланыс колледжінің орыс тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Әлия Закирова ҚР Білім және ғылым министрлігінің ведомстволық наградаларымен, «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталды.
Әрі қарай

Ведомствоаралық комиссия проблемалық нысандарды салу мәселелерін талқылады

Елорда әкімдігінде Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Сергей Хорошунның төрағалығымен Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

«Оберег» ТК құрылысы бойынша нысандағы жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқандығытуралы Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілінің өтінішін назарға алды. Комиссия инвесторлардың бастамашылар тобының өкілдерінің отырысқа келмегенін атап өтті, келесі есеп ү.ж. 7 қазанында тыңдалады.

«Тұмар» ТК нысаны бойынша салушының өкілі А. Закариннің «Астана РЭК» АҚ сәйкестік туралы декларацияға қол қою туралы өтініші назарға алынды. Салушы «Астана-Теплотранзит» АҚ ескертулерін жоймағаны және жер мәселесі шешілмегені де айтылды.

Комиссия мүшелері «Айсанам» ЖШС директоры М. Омаровтың паркингте және 7 кіреберісте әрлеу жұмыстарын аяқтау туралы өтінішін назарға алды. Коммуналдық қызметтермен сәйкестік декларациясына қол қою бойынша жұмыстарды тездетіп, нысанды пайдалануға беруге кеңес берілді.

«Ақ шаңырақ» ТК құрылысын аяқтау мәселесі бойынша «Прайс Астана» ЖШС директорының құрылысты аяқтауға арналған 20 млн теңгенің түскендігі туралы өтініші назарға алынды, аталған мәселе ү.ж. 7 қазанында «Прайс Астана» ЖШС құрылтайшысын шақыра отырып, комиссияның қарауына енгізіледі.

«Жағалау-3» ТК бойынша 30 қазанға дейін №5 блок-секцияның, қараша айында №6, 7 блок-секцияларының пайалануға берілетіні белгілі болды. №30 блок-секцияның №3 кіреберісінде сантехникалық жұмыстары жүргізіліп, есептеуіш құралдар орнатылып жатыр. 28, 29 блок-секциялар желтоқсан айында тапсырылады. №37 блок-секцияға 8 инвестор (пайшы) табылды, оны 2017 жылдың сәуір айында пайдалануға беру көзделген.

«Шығыс» ТК қатысты 1А және 1В топтары бойынша сыртқы инженерлік желілерді салу мен қасбеттік жүмыстар жүргізіліп жатыр, 1В тобы ү.ж. 30 желтоқсанында тапсырылады.

Автомобил жолдары басқармасының өкілінің инженерлік желілер мен жолдар салуға мердігерлік келісім жасау туралы өтініші назарға алынды.

Айта кетейік, пайшы инвесторлардың бастамашылар тобына мәселелерді келісім бойынша тараптың міндеттемелерін тиісінше орындау туралы тиісті талаптармен азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде шешу туралы түсіндірілді.

Комиссия МСҚБ және автомобиль жолдары басқармаларына С.В.Котляровпен бірге ВАК-тың келесі отырысына ақпаратты ұсына отырып, магистральды инженерлік желілерді салу кестесін анықтау үшін «Шығыс» ТК пайдалануға берудің кезегін белгілеуге кеңес берілді.

«Квартира НС» ЖШС нысандары бойынша «Араби-1» ТК инвесторларының өкілінен ТҚК 20 инвестордың қосылғаны туралы өтініші назарға алынды. Сот шешіміне сәйкес «Араби-1» ТК объектісінің жер учаскесі тұрғын үй құрылыс кооперативіне берілді. «МАИР-7» ЖШС өкілдерінің шақыруымен пайшылардың жалпы жиналысы 1 қазанда өтеді. «Астана-РЭК» АҚ өкілінің 20 қазанда өрт сөндіру бөлімінің трансформаторлық шағын станциясын іске қосқаннан кейін «Араби-1» ТК электр қуатымен жабдықтау туралы мәселені шешу туралы өтініші назарға алынды. «Араби-2» ТК инвесторларының өкілінің айтуынша, «МАИР-7» ЖШС ынтымақтастық туралы келісімді қарауға ұсынбайды. Комиссия мүшелері Астана қаласы үлескерлерінің қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т.Н.Чурсинаға Астана қалалық прокуратурасының қарауына енгізу үшін «Араби-2» жер учаскесі мен нысанын ТҚК беру туралы талап-арыз дайындауға көмектесу ұсынылды. Сәулет және қала құрылысы басқармасына «Самал» ТК қабаттарының санын арттыру мүмкіндігін қарау ұсынылды. Бұл мәселе ВАК-тың келесі отырысында «МАИР-7» ЖШС басшысының қатысуымен қаралады.

Салушының (Мұқашева Дәметкен) өкілі А. Сүлейменовтың төлем жасалғандығын растайтын құжаттар мен келісімдер болған жағдайда тұрғын үй бөлігіне қаржы салған инвесторларды тұрғын үймен қамтамасыз етуге дайын екендіктері туралы өтініші назарға алынды. «Алға Тоқболат» ЖШС инвесторларының бастамашылар тобының өкілдері (үлескерлер) 122 инвестордың растау құжаты (74 тұрғын жай және 48 кеңсе) бар екендігін жеткізді.

Комиссия А. Сүлейменовке бүкіл нысанның құрылысына ақшалай қаржы салған барлық инвесторларды тұрғын үймен қамтамасыз етуді ұсынды. Комиссия мүшелері ТҚК мүшелерінің 50% болған жағдайда ТҚК нысанды беру туралы түсіндірді.

«ТамызИнвестГрупп» АҚ нысандары бойынша «Дар» ТҚК өкілінің ТҚК 147 мүшенің енгендігі туралы өтініші назарға алынды. «Территория комфорта — 2» тұрғын үй кешенінінің ТҚК өкілі Парчиева З. 150 мүшенің ТҚК енгендігін хабарлады. Комиссия мүшелері «Орбита» ТК өкіліне нысанды өз бетінше анықтау және пайдалануға беру үшін ТҚК құру қажеттілігін түсіндірді.

Жер қатынастары басқармасына «Алтын Раид» ТК инвесторларының бастамашылар тобына жер комиссиясының хаттамасынан үзінді әкелу, МСҚБ басқармасына – белгіленген тәртіпте «Алтын Раид» ТК коммерциялық орынжайларының қызметін тоқтатып қою бойынша шаралар қабылдау ұсынылды. ВАК-тың келесі отырысына сәулет және қала құрылысы мен жер қатынастары басқармалары кезекші жоспар аясында «Территория комфорта — 2» ТК бойынша жер учаскелерінің меншік иелері туралы ақпаратты ұсыну керек;

З. Парчиевке трансформаторлық шағын станцияға қосылу туралы ақпарат алу үшін «Астана РЭК» АҚ жүгіну керек. «Право на жилье» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.А. Бөлегеноваға «Алматы» ауданының әкімдігімен бірге «Орбита» тұрғын үй кешенінің тұрғындарымен құрылысты аяқтау және нысанды пайдалануға беру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды.

«Номад Строй ЭК» ЖШС нысандары бойынша (Логвинов А.С.) салушының «Есіл-2» ТК, «Фьючи Хом» ТК нысандары бойынша жер учаскелерін ТҚК атына қайта рәсімдеу және «Есіл-2» ТК пайдалануға беру туралы ВАК ұсыныстарын орындамағаны атап өтілді. Логвиновтың А.С. «Астана-финанс-холдинг» микроқаржылық ұйымы» ЖШС ү.ж. 28 қыркүйегіне дейін қаржы алу жөніндегі мәселелерді шешу туралы өтініші назарға алынды.

«Прага Үйі» ТҚК төрайымы Дәрібекова М.Ж. «Прага» ТК («Селигер-К» ЖШС) 21 инвесторы жәбірленуші деп танылғандығы туралы, сондай-ақ, 16 мүшенің ТҚК енгенін жеткізді.

ВАК мүшелері «Прага» бастамашылар тобына құрылысты аяқтау және инвесторды тарту мәселелері бойынша ТҚК мүшелерінің жалпы шешім қабылдағаны түсіндірілді.

ВАК отырысына «КазМунайСтрой КЗ» ЖШС басшылары қатыспағандығы атап өтілді. «Созвездие» ТК инвесторы Копабаева К. «КазМунайСтрой КЗ» ЖШС осы тұрғын үй кешенінде үш бөлмелі пәтер сатып алу және 21 351 583 теңге көлемінде ақша төлеу туралы келісім жасалғандығы туралы хабарлады. Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілі аталған жер учаскесінде қонақ үйдің құрылысын жүргізу жоспарланғанын жеткізді.

ВАК К. Копабаеваға алаяқтық фактісі бойынша Ішкі істер департаментіне жүгінуге кеңес берді.

«Доступный капитал» ТҚК құрылтайшысы А.Е. Жұмабайдың «Керуен» ТК құрылысын тоқтатып қою және рұқсат құжаттарын қайта рәсімдеуді бастау туралы өтініші назарға алынды.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11297
Әрі қарай

Астанада жеке меншік балабақшаларға топтау жүргізіледі

Кезекке тіркелген 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды Астананың қолданысқа енген жеке меншік балабақшаларға топтау жарияланады. Жолдамалар мемлекеттік білім беру тапсырысы бар жаңа және қолданыстағы жеке меншік балабақшаларға беріледі.

Жинақтау жұмыстары 28 қыркүйектен 12 қазанға дейін жүргізіледі. Жолдама үшін Қарталы көшесінде орналасқан №61 орта мектепке сағат 10.00-нан 17.00-ге дейін жүгіну қажет.

Астана тұрғындарында ағымдағы кезек нөмірі болуы тиіс (оны ЖСН, баланың ТАӘ және туған күні бойынша egov.kz/ порталы арқылы білуге болады). Жеке меншік балабақшаға жолдама алғанда, мемлекеттік балабақшаға кезек сақталады.

Жеке меншік балабақшада ата-аналардың төлемақысы 20 800 теңгені құрайды. Сондай-ақ, жеке меншік балабақшаны тұрғылықты мекенжайға сәйкес мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшалардың тізімінен таңдап, оған жолдама алуға мүмкіндік бар.
Әрі қарай

Жұмыссыз жүрген азаматтарға көмек көрсетілуде

Жұмыспен қамту орталығы «Жастар» сарайында жұмыс іздеушілерге арналған кезекті бос жұмыс орындары жәрмеңкесін ұйымдастырды.

Шара барысында 60 астам жұмыс беруші түрлі мамандықтар бойынша бос жұмыс орындарын ұсынып отыр. Сағат 10.00 басталған жәрмеңке сағат 13.00 дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында жұмыс іздеушілер әлеуетті жұмыс берушілермен сұхбаттасып, ұсынылған бос орындармен танысады, өз түйіндемелерін қалдырады.

— Жәрмеңке азаматтардың барлық санаттарына арналған. Бүгін түрлі салаларда мыңға жуық бос жұмыс орны ұсынылып отыр. Бұл жолы қызмет көрсету саласына баса назар аударылады. Елордада жақсы дамығандықтан мұнда кадрлар жетіспеушілігі байқалады. Жалпы жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бос жұмыс орындарының арқасында 300-ден астам адам жұмыс тапқан, — дейді Астана қаласының Жұмыспен қамту орталығы баспасөз қызметінің басшысы Дидар Садықов.

Жәрмеңке барысында гид-экскурсоводтар мен тәрбиешілердің үш айлық курстарына да жазылуға болады. Оқу орталықтары өткізетін курстар Жұмыспен қамту орталығымен ұйымдастырылады, сабақтар тегін өткізіледі және стипендия төленеді.

Биыл жұмыссыз азаматтарға арналған тағы да екі жәрмеңке өткізілмек.

— Меніңше, бұл жұмыссыз жүрген немесе қосымша жұмыс іздеген адамдарға арналған жақсы шара. Жұмыс іздегеніме көп болды, жәрмеңкеге тәрбиешінің жұмысын іздеп келдім, — дейді астаналық Әлима Омарова.

Жалпы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, қалалық Жұмыспен қамту орталығына 9125 адам жүгінген, 7382 адамға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді, 5180 адам жұмысқа орналастырылды. Атап айтқанда, 486-сы «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы аясында жастар практикасына жіберілді, 107 астаналық әлеуметтік жұмыс орындарына жолдама алды. Ал 623-ідайындау, қайта даярлау жне біліктілікті арттыру курстарын бітірді.
Әрі қарай

Сеул ауруханасының жетекші дәрігері елордада шеберлік сыныбын өткізді

№2 қалалық ауруханада Ча Бунданг ауруханасының (Сеул қ. Оңтүстік корея) жетекші дәрігер гастроэнторологы профессор Коның жетекшілігімен асқазанның қатерлі ісігі бар деп күдік келтірілген пациентке жоғары мамандандырылған ота жасалды. Бұл әдістеменің ерекшелігі – операцияның эндоскопиялық жолмен жасалатындығы.

Шберлік сыныбы биыл Астана қаласының денсаулық сақтау басқармасы мен Сеулдің Сунг Кван Чаум медициналық қорының арасында жасалған ынтымақтастық жөніндегі меморандум аясында жүзеге асты.

— Бүгін профессор Ко өте сирек жасалатын операция түрі бойынша шеберлік сыныбын өткізді– эндоскопиялық жолмен асқазандағы ісіктің шырышасты резекциясы. Бәрі мәжіліс залда көрсетілді. Негізі, Ча медициналық корпорациясыОңтүстік Кореядағы ірі ұйымдардың бірі. Хирург, эндоскопист және т.б. мамандарды даярлауда практикалық көмек көрсетеді, — деді №2 қалалық аурухананың бас дәрігері №2 Иван Ли.

Оның айтуынша, 1 қазаннан бастап аталған корпорация жергілікті мамандарды екі ай бойы тегін оқытатын болады.

Бірегей эндоскопиялық жолмен өткізілген операция ота жасау аумағын азайтып, пациентті аз жарақаттайды, ауруханада жату мерзімін азайтып, тез жазылуына септігін тигізеді. Операцияның бұл түрі елордада алғаш рет жасалды.

Профессор Коның айтуынша, қазіргі кезде мұндай оталар ЧА Бунданг ауруханаларынан басқа, Оңтүстік Кореяның 50 клиникасында жасалады.

— Біз асқазан мен өңештің қатерлі ісігін бастапқы кезеңде анықтаймыз. Ал Қазақстанда қатерлі ісік табылса, көп жағдайда резекция жасалады деп естідім. Органды алып тастайды, ал біз тек зақымданған бөлігін ғана аламыз. Бізге Қазақстаннан операция жасатуға адамдар көп келеді. Сіздердің дәрігерлеріңіз келіп оқысын, өзіміз де келіп көрсетеміз,- дейді дәрігер.

Айта кетейік, Оңтүстік Кореядағы Ча Бунданг ауруханасында бір жылда 1 млн жуық адам амбулаторялық ем-дом қабылдаған. Мекеме науқастарды қабылдау саны бойынша Кореядағы үздік он аурухананың бірі.
Әрі қарай

120 жас ғалым, докторант пен магистрантқа пәтер кілті табысталды

Мұғалімдер күні қарсаңында С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеттің жас ғалымдарына, докторанттары мен магистранттарына жаңа баспананың кілтін табыстау салтанаты өтті.

Шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин, «С.Сейфуллин атындағы Қазақ АТУ» АҚ Басқарма төрағасы Ақылбек Күрішбаев қатысты.

Елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукин өз сөзінде Мемлекет басшысы халықты баспанамен қамтуға баса назар аударатынын атап өтті. Бүгінгі таңда Астанада тұрғын үймен қамтамасыз ету бір адамға шаққанда 29 шаршы м жуықтады, жыл сайын 2 млн шаршы м жуық тұрғын үй тапсырылады.

— Баспаналы болғандарды құттықтаймын, Қазақ агротехникалық университетінде осындай дәстүр қалыптасқан, бұл еліміздегі үздік жоғары оқу орындарының бірі. Мердігерлеріміз рекордты қысқа уақыттың ішінде – 10 айда әдемі үйлер салып бітірді. 120 адам қоныс тойын тойлайды. Бұл қаланың орталық бөліктерінің бірі. Мұнда баланың сыңғырлаған күлкісі естіліп, ақсақалдарымыз демалады, ал ең бастысы, бұл ғылыммен, шығармашылықпен, жастарымызды тәрбиелеумен айналысуды жалғастыруға ынталандырады. Баршаңызға бақыт пен көтеріңкі көңіл күй тілеймін, — деді А. Лукин.

Елорда әкімдігінің қолдауымен университеттің жас оқытушылары, докторанттары мен магистранттары үшін Есіл өзенінің сол жағалауында 120 пәтерлік үш бес қабатты үй бой көтерді. Академиялық мобильділік бағдарламасы аясында шетелде тағылымдамадан өткен жас оқытушыларға және «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаттарына пәтер кілті табысталды.

Баспана алғандардың бірі Ветеринария және мал шаруашылығы технологиялары факультетінің екінші курс докторанты Қанат Тұрсынов билік пен университет басшыларына алғыс айтып, өз қуанышымен бөлісті.

— Мен Ақмола облысынанмын, бұған дейін жұбайыммен университеттің жатақханасында тұрып келдік, енді баспаналы болдық, өте қуаныштымын. Осы университетте бакалавриатты, магистратураны бітірдім, енді докторантурада оқып жүрмін, — деді ол.

Ақылбек Күрішбаевтың айтуынша, аумақта қалған бос орынға профессорларға арналған баспана салынады.
Әрі қарай

Елордада Astana Leisure-2016 туристік көрмесі өтіп жатыр

«Көрме» кешенінде жыл сайынғы Astana Leisure-2016 халықаралық көрмесі ашылды. Шара барысында Қазақстанның өңірлерінен және басқа да мемлекеттерден 100 астам компания, соның ішінде туристік фирмалар, санаторийлер, әуе компаниялары және т.б. қатысады.

«Астана Конвеншн бюро» ЖШС көрмеге екінші рет қатысып отыр. Бұл жолы Recommended by EXPO бағдарламасы бойынша серіктестер – қонақ үйлер, мейрамханалар көрсетілген үлкен стенд жасалды. Бұдан басқа, келісімшарт жасау мүмкіндігімен В2В-кездесулер өткізетін туристік агенттіктер мен қолөнершілер де бар.

«Астана Конвеншн бюро» ЖШС директоры Санияр Айтекеновтың айтуынша, бүгін Қазан қаласының Туризмді дамыту орталығымен ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылады.

– Шараға келген Ресей, жақын жатқан мемлекеттердің туристік агенттіктері еліміздің әлеуетімен танысады, келісімдер жасасып, қажетті ақпаратты алады. Жалпы, Қазақстан туризм аясында ұсына алатынның барлығы осында көрсетілген. Дәстүрлермен де танысуға болады, концерттік бағдарлама да ұсынылады, – деді Санияр Айтекенов.

Биыл шара барысында қатысушылар мен қонақтар үшін семинарлар, қала бойынша экскурсиялар, ақпараттық турлар, ұтыс ойындары ұйымдастырылады.

Көрме 1 қазанға дейін жалғасады.
Әрі қарай

Елордада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 24,5% ұлғайды

Астана жаңалықтары: Елордада пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 24,5% ұлғайды
Үстіміздегі жылдың сегіз айында барлық қаржыландыру көздерінің есебінен 13373 пәтерлік тұрғын үйлер пайдалануға берілді, пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы 1491371 шаршы метрді құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамыздағы деңгейден 24,5%-ға жоғары.

Астана қаласының статистика департаментінің хабарлауынша, жеке салушылармен жалпы ауданы 120064 шаршы метр тұрғын үйлер салынған, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызға — 3,9 есе. Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің жалпы көлемінде жеке тұрғын үй құрылысының үлесі 8,1%-ды құрады, 2015 жылғы қаңтар-тамызда 2,6%-ды құраған болатын.

2016 жылғы қаңтар-тамызда тұрғын үй құрылысына бағытталған инвестициялар көлемі 91374,9 млн теңгені құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызда — 107,3%. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінде тұрғын үй құрылысында игерілген қаражаттар үлесі 19,8%-ды құрады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11413
Әрі қарай

Астанада жалпықалалық сенбілікте 10 мыңнан астам көшет отырғызылды

Астана жаңалықтары: Астанада жалпықалалық сенбілікте 10 мыңнан астам көшет отырғызылды
«Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілігі барысында 10 мыңнан астам көшет отырғызылды. Жыл сайынғы шара қаланы санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі күзгі экологиялық айлық аясында ұйымдастырылды.

«Бәріміз де қаламызды жақсы көреміз, елордамызды тазартуға және көркейтуге үлес қосайық. Сенбіліктер өскелең ұрпақты да, ересектерді де тазалыққа тәрбиелейді. Осылайша, біз қаламызға деген сүйіспеншілігімізді жеткізіп, патриоттық танытамыз», — деді Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев.

Елорда басшысы қала әкімі аппараты қызметкерлерімен, мәслихат депутаттарымен бірге Сарыбұлақ өзені ауданында ағаш отырғызды.

Оның айтуынша, қалалық билік елорданы көгалдандыру, барлық аудандарда және шағын аудандарда гүлбақтар мен саябақтар санын арттыруды өз алдына міндет етіп отыр. Астанада дәстүр бойынша жыл сайын 20 мыңнан артық көшет отырғызылады, биыл Ботаникалық бақтың салынатынын ескерсек, бұл көрсеткіш екі есеге ұлғаяды. Сенбілікке қатысушылар «Алматы» ауданында ҚР Ұлттық музейі аумағына, «Есіл» ауданында — «Хан Шатыр» СОО айналасына, сондай-ақ, Еңбекшілер көшесінен «Тельман» тұрғын алабына дейін, «Сарыарқа» ауданында – Сарыбұлақ өзенінің жағалауына ағаш екті.

Сонымен қатар, білім, денсаулық сақтау мекемелерінің, кәсіпорындар мен тұрғын үй кешендерінің аумағына да ағаштар отырғызылды.

Жалпықалалық сенбілікке 89 мыңнан астам адам, соның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың 4 мыңға жуық қызметкері, 45 жоғары және орта арнайы оқу орны, 133 мектепке дейінгі және білім беру мекемесі қатысты, 430 арнайы техника тартылды.

«Бүгінгі сенбілікке қатысқандарыңызға рахмет. Бәріміз бірге қаламызды таза әрі жайлы қыламыз», — деді Әсет Исе­кешев.

astana.gov.kz/kk/modules/material/11409
Әрі қарай

Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
28 қыркүйекте «Жастар» сарайында 10-шы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді. Шара барысында 50 жуық жұмыс беруші бос жұмыс орындарын ұсынатын болады.

Жәрмеңке сағат 10:00 басталып, сағат 13:00 дейін жалғасады.

Шараға қатысушылар әлеуетті жұмыс берушілермен сұхбаттасып, жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады, сондай-ақ, қайта даярлау мен жаңа кәсіпті меңгеру туралы ақпаратпен танысады.

Айта кетейік, бұған дейін өткізілген 9 жәрмеңкенің қорытындысы бойынша жұмыссыз жүрген 307 азамат жұмысқа орналастырылды.

Жыл соңына дейін тағы да екі бос орындар жәрмеңкесін өткізу жоспарланған.
Әрі қарай