Астанада жолда жүру ережелерінің сақталуына бақылау күшеюде

15 қыркүйек сағат 00:00 бастап Астанада сертификатталған сурет және бейне жазу құрылғысының көмегімен түсірілген жолда жүру ережелерін бұзған үшін әкімшілік жазалау шаралары іске қосылуда. Ең алдымен, бұл жүйе жылдамдық режимін асырғаны үшін, қоғамдық көліктің жолағымен жүргені үшін (Bus Lane автобустық жолды кесу) және стоп-сызығын кесіп өту сияқты бұзушылықтарды қарастыратын болады.

​2017 жылдың соңына дейін Астана қаласының аумағында көше қиылыстары мен қаланың сызықтық аймақтарында, сонымен қатар ойын-сауық орталықтары, театр, спорт алаңдары, музей сияқты көпшілік қауым жиналатын жерлерде 13 000 сурет және бейне жазу камералары қолданысқа енетіні жайлы еске салып өтейік. Сурет және бейнебақылаудың жаңа жүйесіне 3 мыңға жуық жалпы бейнебақылау жүйелері енгізілген. Бұл камералар тәулікбойы үздіксіз жұмыс істеп, олардан түсірілген бейне материалдар тіршілікті кешенді қамтамасыз ету жүйесі мен (ТКҚЖ) мен Астана қаласы ІІД Жедел басқару орталығы (ЖБО) кіретін Ахуалдық орталық бақылауына алыну және өңделу үшін жіберіледі.

Одан бөлек, қосымша 10 000 камера дәл сол уақыттағы автокөліктердің нөмірлік белгілерін, жылдамдық режимдерін, қоғамдық көліктің жолағымен жүргенін және стоп-сызығын кесіп өту жағдайларын жазып алатын болады: 6 000 камера 400 көше қиылыстарында және қаланың 300 сызықтық жер телімдерінде; 4 000 камера ойын-сауық орталығы, театр, спорт алаңдары сияқты көпшілік қауым жиналатын орындарда орналасатын болады.

​Сурет және бейне жазу камералары орнатылатын орындар Әкімшілік полиция басқармасы (ӘПБ) және Жергілікті полиция қызметінің (ЖПҚ) қызметкерлері бірлесе отырып зерттелген. Апаттылық жағдайы мен жол-көлік оқиғаларының саны бойынша жасалған талдауды ескере отырып, қазіргі таңда сурет және бейне жазу камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде.

​Жаңа оқу жылының басталуына орай, Астана әкімдігі жұмыстарының көпшілік бөлігі балалардың қауіпсіздігіне бағытталған: оқу мекемелері мен балабақшаларға жақын жердегі көлік қозғалысының жылдамдығы 40 км/сағ дейін шектелген, жылдамдықты шектеу белгілері орнатылған, сәйкес жол белгілері сызылған. Бұл жер телімдері сурет және бейне жазу жүйелерінің назарына ерекше алынған.

Еске салайық, ЖЖЕ-нің сурет және бейне жазу жүйелері Астанада алғаш рет 2015 жылдың ақпан айында VOCORD аппараттар кешені мен Red Speed жылдамдық өлшеуіштерін қаланың 11 көше қиылыстарында орналастырумен іске қосылған. Ол «қаланың зияткерлік көше қиылыстары» деген атауға ие болды. 2016 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 21 VOCORD камералары мен 83 Red Speed жылдамдық өлшеуіштерінің жұмысының нәтижесінде Астана қаласында 66 410 ЖЖЕ бұзушылықтары мен 51 493 ұйғарымдардың шығарылғаны тіркелді.

Бүгінгі таңда, 323 реттелетін көше қиылыстары жұмыс істеуде, оның 60-ы «Астана қаласында сурет және бейне жазу аппараттық-бағдарламалық кешенін құру және қолданысқа беру» атты жобасының аясында сурет және бейнекамераларымен жабдықталған. Сонымен қатар, қазірдің өзінде қаланың 100 сызықтық жер телімдерінде радар кешендері толығымен жұмыс істеуде. Кешеннің тестілік кезеңдегі жұмысынан алынған ақпараттар бойынша құқық бұзушылықтарды талдаудан өткізу жұмыстары жүргізілді. Талдау 2017 жылдың тамыз айының өзінде кейбір автокөлік иелері 25-ке жақын ЖЖЕ бұзушылықтарын жасағанын көрсетті. 15 қыркүйекке дейінгі ұйғарымдарды әзірлеу үрдістері уақытша болмағанына қарамастан, аталған мерзім аралығында бұзушылық жасаған жүргізушілер ІІД жергілікті полиция қызметі (ЖПҚ) бақылауына алынады.

ЖЖЕ бұзушылықтарын тіркеу және ұйғарымдарды дайындау

​Автокөлік жүргізушісі ЖЖЕ бұзушылықтарын жасаған жағдайда, оларды қандай әкімшілік жаза күтуде? Ең алдымен, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 807 бабына сәйкес, құқық бұзушылық камераға түскен жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама түзілмейді және қаулы шығарылмайды. Бұл құжаттардың орнына, жүргізуші ЖЖЕ бұзған жағдайда, өкілетті орган жасалған құқық бұзушылық негізінде ұйғарым шығарады.

Бірінші кезеңде, радар кешені автоматты түрде жылдамдық режимін бұзғанын немесе автобус және стоп-сызықтарын кесіп өткенін сурет және бейнебақылау камералары арқылы анықтайды. Кейіннен сурет және бейне материалдар Әкімшілік полиция басқармасы (ӘПБ) инспекторымен өңделу үшін өңдеу орталығына жіберіледі. Инспектор жазбаларды қарап, автокөліктің нөмірі бойынша техникалық төлқұжат деректерін, сонымен бірге көлік құралының иесі туралы жеке ақпаратты анықтайды. Маңызды сәтіне көңіл бөлу керек: ұйғарым жолда жүру ережесін бұзған кезде көлікті жүргізген адамға емес, техникалық төлқұжат деректері бойынша автокөлік иесінің атына жасалады.

​Келесі кезеңде Әкімшілік полиция басқармасы инспекторы ААІЖ – тексерісін (автоматтандырылған ақпараттық іздестіру жүйесі) жүргізеді. Ол уақытта көлік құралының тіркелуі туралы ақпараттар тексеріледі. Сурет бейне жазбадағы автокөлік деректері техникалық төлқұжатты тіркеу деректері техникалық төлқұжатты тіркеу деректерімен сәйкес келмеген жағдайда (марка, нөмірі, түсі) бұзушылық қабылданбайды да, көліктің мемлекеттік нөмірі техникалық төлқұжатымен сәйкес келмеген себептен аталған көліктің бағыттамасы туралы хабарлама жасалынады. ААІЖ – тексерісін кейін автоматты түрде ӘПБ инспекторының қайта тексерісінен өтеді де, содан соң ғана басып шығарылған түрінде автокөлік иесіне ақырғы ұйғарым толтырылады. Ұйғарым автокөлік иесіне техникалық төлқұжатта көрсетілген мекен-жай бойынша "Қазпошта" бөлімшелері арқылы іске асатын болады.

Сонымен қатар, 15 қыркүйектен бастап басқа қала көліктерінің иелері мен шетел нөмірлері бар автокөлік жүргізушілері Астанада жүрген сапарында 2 немесе одан да көп ЖЖЕ бұзушылықтарын жасаған жағдайда, олар бүліністері және алдағы айыппұл салынатыны туралы ескертілетін болады. Бұл мәселелермен қаланың ІІД ЖПҚ патрульдік бригадалары арнайы планшет пен сурет және бейне жазу жүйесіне байланысты мобильдік қосымшалар арқылы автокөліктің орналасқан орнын анықтап отыратын болады. Аталған қосымшалар ЖПҚ қызметкерлеріне ақпаратты жеткізу мақсатында құрылған болатын.

Астананың әкімшілік полициясының ұйғарымы бойынша айыппұл төлеу

​Ұйғарымды алған автокөлік иесі айыппұлды бірнеше жолмен төлей алады. Екінші деңгейдегі банктің қолма-қол есеп айырысу бөлімшесі немесе «Қазпошта» арқылы қолма-қол төлеу. Қолма-қол ақша арқылы айыппұл төлеу банктің төлемдер жүйесі мен ІІМ-нің «Бақылау» атты ААІЖ арқылы жүзеге асады. Нәтижесінде айыппұлды төледі деген хабарлама тікелей ҚР ІІМ қорына түседі. Айыппұлды төлеудің мұндай түрінде айыппұл түсетін бюджеттік сыныптама кодын (БСК) — 204106 дұрыс көрсету керек. БСК дұрыс емес көрсеткен жағдайда, айыппұл өтелмейді. Қазіргі таңда, бұл жүйеге екінші деңгейдегі 17 банк қосылған. Одан бөлек, айыппұлды Kaspi төлем қызметтерін көрсететін терминалдар мен «QIWI кошелек» терминалдар арқылы төлеуге болады.

​Қолма-қол ақшасыз төлем түрлері де, яғни egov.kz порталында тіркелу арқылы банктік картамен айыппұлды төлеу енді қолжетімді. Сонымен бірге екінші деңгейегі банктердің интернет-сайттары арқылы онлайн-төлем: мысалы, Qazqom төлем карталарының иелері homebank.kz сайты арқылы айыппұлды төлей алады.

​Еgov.kz сайтында айыппұлды төлеу үшін жүргізушінің жеке сәйкестендіру деректерін енгізу керек, атап айтқанда автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлері және техникалық төлқұжат нөмірі. Ақпараттық терезеде айыппұл мен оның сомасы шығады, содан соң «Төлеу» деген жазуды басу керек. Одан кейін, айыппұл ІІМ дерекқорынан жойылатын болады. Дәл осындай жолмен банктердің интернет-сайттары арқылы айыппұлды төлеуге болады.

​Сонымен бірге, өте ыңғайлы әрі заманауи тәсіл бар – ол айыппұлды мобильді қосымша арқылы төлеу: ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұл төлеу қызметтері egov.kz, HandyPay, MyPay және telegram мобильді қосымша мүмкін.

​Айыппұлдың бар-жоқтығын тексеру үшін немесе telegram арқылы төлем жасау үшін іздеу жолағында @KazPostBot парақшасының атауын теріп, нұсқаулықты сақтау керек. Жоғарыда көрсетілген тәсілдер арқылы ЖЖЕ бұзғаны үшін айыппұлдар төленген болса, арнайы түбіртекті әкімшілік полиция бөлімшелерінде көрсетудің қажеттілігі туындамайды, себебі айыппұлдардың төленуі туралы ақпараттар автоматты түрде ІІМ-нің әкімшілік құқық бұзушылықтарды есепке алудың ақпараттық жүйесіне түседі.

​Автокөлік жүргізушілерінің назарына: айыппұлды тексеру және оған қатысты тексеріс — көліктің тіркеу нөмірі мен техникалық төлқұжат нөміріне сәйкес жүзеге асады. Осы орайды, барлық жүргізушілерге техникалық төлқұжат және төлқұжатта көрсетілген тұрғылықты мекен-жай деректерін жаңартуды ұсынамыз.

Астана қаласының әкімшілігі, ІІД ӘПБ барлық автокөлік иелері және Елорда тұрғындары мен қала қонақтарына жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды және қала көшелеріндегі бұзушылықтарға жол бермеуді өтінеді.

​Астанадағы сурет және бейне жазу камераларының орналасу картасы

Картаның электрондық нұсқасы citycams.kz сайтында орналастырылған
Әрі қарай

Астанада «Еңбек жолы» байқауы бойынша жеңімпаздарды іріктеудің 1-ші кезеңі аяқталды

Онлайн-дауыс беру әр аталым бойынша ең көп балл жинаған көшбасшылар үштігін анықтайды.

Жеңімпаздарды іріктеуде 1 кезеңнің нәтижелері бойынша 3 аталым — «Өндірістің үздік жас маманы», «Жұмыс істейтін жас­тардың үздік тәлімгері», «Үздік еңбек әулеті» бойынша көшбасшылар анықталды. Айта кетейік, 1 кезеңнің аяқталуы бойынша 8 146 дауыс келіп түскен. 2 кезең 2017 жылдың 6 қыркүйегіне дейін өтеді. Өңірлік комиссиямен «Еңбек жолы» байқауы бойынша жеңімпаздарды іріктеудің талаптарына сәйкес әр аталым бойынша көшбасшының үштігінен жеңімпаздар анықталады. Ол онлайн-дауыс беру арқылы анықталады. Нәтижелер комиссия отырысынан кейін белгілі болады.

Жеңімпаздарды марапаттаудың салтанатты рәсімі қалалық еңбек форумы аясында өтеді, ол қыркүйектің екінші онкүндігінде өтпек.

«Еңбек жолы» қалалық байқау жеңімпаздарының материалдары әрі қарай республикалық деңгейде қатысу үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберіледі.
Әрі қарай

2020 жылға қарай Астанаға жылына 2 млн туристке дейін келеді

Бүгінде ЭКСПО көрмесін өткізу арқасында Астанаға 4,5 млн адам саяxаттап келген. Бұл өткен жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 2,9 млн адамға көп.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрованың мәліметі бойынша туризм саласын дамыту үшін елорда әкімдігі 2020 жылға дейін туристердің санын жылына 2 млн-ға дейін жеткізбек ниетте.

— Туризм саласын дамыту үшін біз Horwath компаниясымен жұмыс істейміз. Туризм бойынша әзірленген жаңа бағдарламада жылына 2 млн-ға дейін турист тартуды көздер отырмыз, олардың 1 млн-нан астамы шетелдік болмақ. Өткен жылы туристердің жалпы саны 831 мың адамға жетті. Олардың 273 мыңы-шетелдіктер,- деді Малика Бектұрова. Бүгінде әкімдік Мәдениет министрлігімен бірлесе отырып, ЭКСПО аясында өткізілген шараларды тексерді, қазіргі уақытта соған орай жылына xалықаралық деңгейдегі 40 шараны қамтитын тізім анықталуда.

— Онымен бірге біз мәдени және спорттық нысандар базасында туристерді тарту орталығын дамытуда жұмыс істеудеміз, сондай-ақ мұражайларды және ойын-сауық орталықтарды дамытудамыз. Біз 6 мәдени спорттық нысанды іріктеп алдық: Барыс-Арена, Астана-арена, «Алау» мұз айдыны, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Жастар» сарайы, Астаналық цирк, осы нысаналарды сенім басқармасына беру арқылы бюждет қаражатының үнемделуі жылына 11,9 млн АҚШ долларын құрайды,- деді Астаны қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова.
Әрі қарай

Елорда əуежайы жөндеуге жабылады

15-24 қыркүйек аралығында 09:00-ден 16:00-ге дейін ұшу-қону жолақтары жартылай жөндеуге жабылады.

«Нұрсұлтан Назарбаев» халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жөндеудің жүргізілуіне байланысты рейстер кестесі өзгергенін хабарлайды. Өзгерістер авиа компанияның Астанаға және елордадан ұшатын бірқатар рейстерінің кестесіне енгізіледі.

Жолаушылардан өз сапарларының күнін алдын ала жоспарлап, рейстердің кетесін тексеруге кеңес береді.
Әрі қарай

Ватикан Кардиналы конфессияаралық келісім саябағында ағаш отырғызды

Астана жаңалықтары: Ватикан Кардиналы конфессияаралық келісім саябағында ағаш отырғызды

Бейбітшілік және келісім сарайының саябағында тағы бір есімдік ағаш отырғызылды. Ағашты адамның жан-жақты дамуына ықпал ету бойынша префект Дикастерий, кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон отырғызды.

Жасыл көшеттерді отырғызу бойынша шараны Астана қ. әкімдігінің дін істері басқармасы ұйымдастырып отыр. Ағашты отырғызу ұсынысын қасиетті Престолдың бастамасымен өткен «Барлығымыз бірге ортақ үйімізге қамқор болайық» дінаралық конференция барысында елордалық дін конфессиясының өкілдері жасаған болатын.

— Ағаш өмірдің символы. Ағаш өсетін жерде әрдайым тіршілік бар, өмір сүруге үміт бар. Бұл ағашты Қазақстан Республикасына келуімізге орай отырғыздық. Онымен бірге осы қадам арқылы достық қарым-қатынасты одан сайын нығайтқымыз келетінін көрсеткіміз келді,- деді адамның жан-жақты дамуына ықпал ету бойынша префект Дикастерий, кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон.

Естеріңізге салайық, 1 қыркүйекте Бейбітшілік және келісім сарайында «Барлығымыз бірге ортақ үйімізге қамқор болайық» дінаралық конференция өткен болатын. Оған бастау болған — халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жеке павильонын ұсынған қасиетті Престол, адамның жан-жақты дамуына ықпал ету бойынша префект Дикастерий, кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон.

Конференцияға халықаралық және жергілікті дін конфессияларының өкілдері қатысты. Басқосуды Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы, Қазақстандағы дінаралық диалог бойынша Папский кеңесі және Апостолдық нунциатуралар, сонбай-ақ «Renovabis» неміс католиктік қайырымдылық ұйымы қолдады.

Жиын барысында «ортақ үйімізді» қорғау және «жасыл» энергияны дамытуға әлем діндерінің үлес қосуы мәселелері талқыланды. Осыған орай дін көшбасшылары ең күрделі мәселелерді шешу үшін көпвекторлы басқаруды құру бойынша халықаралық және аймақтық күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Бүгінде Ватикан Апостолдық нунциатура атынан елде бейбітшілік пен ұлыстар арасында келісім орнатуда Қазақстанның маңызды серіктесі болып табылады. Биыл Қазақстан мен Ватикан арасында дипломатиялық қатынастың орнағанына 25 жыл толады.

Астана қ. әкімдігі дін істері басқармасының өкілдері бұл шара екі ел арасындағы қарым-қатынас тарихын нығайтуға айтарлықтай үлес қосады дегенге сенеді.
Әрі қарай

Елордалық ІІД «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында орын алған жағдайдың мән-жайын түсіндірді

Астана жаңалықтары: Елордалық ІІД «Абу-Даби Плаза» құрылыс алаңында орын алған жағдайдың мән-жайын түсіндірдіКеше, 2 қыркүйек кешкі 21.00-де «Абу-Даби Плаза» нысанының құрылыс алаңында болған оқиғаның мән-жайы түсіндірілді.

Белгілі болғандай, құрылыс алаңының бақылау-өткізу пунктінде күзет компаниясының қызметкерлері мен шетелдік жұмысшылар (Үндістан азаматтары) арасында тұрмыстық келіспеушілік туындаған, оның соңы жанжалға ұласқан.

Оқиға орнына мемлекеттік мекемелердің өкілдері жетіп, құқық қорғау органдарының күші жұмылдырылды. Жедел қолданылған шаралардың арқасында оқиға толығымен жойылды.

Төбелес кезінде Үндістанның екі азаматы әртүрлі дене жарақаттарын алып, медициналық мекемеге жеткізілгені белгілі болды.

Алайда бірқатар азаматтар қоғамдық тәртіпті бұзып, жағдайды ушықтыруға тырысты. «Есіл» ауданының прокуроры тәртіп бұзу бойынша жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ресми мәлімдеме жасады. Ескертуге қарамастан азаматтар құқық қорғау органдарының заң талаптарына бағынбай, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырды.

Құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу мақсатында тәртіпке бағынбаған топ, тексеру және жеке басын анықтау үшін «Есіл» ауданының ішкі істер басқармасына жеткізілді.

Оқыс оқиғаға қатысы бар 8 азамат әкімшілік жауапқа тартылды. Қалған азаматтар түсіндірме жұмыстарынан кейін босатылды.

Қазіргі уақытта елорданың тұрмыс нысандары мен көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте қызмет істеуде.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын шиеленіс пен арандату оқиғаларынан барынша қашқақтау мақсатында артық пікір білдірмеуді, әрі шындыққа жанаспайтын ақпарат таратпауды сұраймыз. Сонымен қатар, жалған ақпарат таратқан азаматтар ҚР ҚК 274 бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілкке тартылатынын ескертеміз.

Астана қаласының Ішкі істер департаменті
Әрі қарай

Ватикан Кардиналы руханият көшбасшыларын əртүрлі ұлыстардың қарым-қатынасын нығайтуға шақырды

Астана жаңалықтары: Ватикан Кардиналы руханият көшбасшыларын əртүрлі ұлыстардың қарым-қатынасын нығайтуға шақырды

Конференция барысында әртүрлі дін өкілдері «ортақ үйді» қорғау мәселелерін және «жасыл» энергияны дамытуға әлем діндерінің үлесін талқылады.

Бүгін Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында «Барлығымыз бірге ортақ үйімізге қамқор болайық» дінаралық конференция өтті. Оның бастамашысы — халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің жеке павильонын ұсынған қасиетті Престол, адамның жан-жақты дамуына ықпал ету бойынша префект Дикастерий, кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон. Конференцияға халықаралық және жергілікті дін конфессияларының өкілдері қатысты. Басқосуды Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы Қазақстандағы дінаралық диалог бойынша Папский кеңесі және Апостолдық нунциатуралар, сонымен қатар «Renovabis» неміс католиктік қайырымдылық ұйымы.

Күнтәртібінде «ортақ үйімізді» қорғау және «жасыл» энергияны дамытуға әлем діндерінің үлес қосуы мәселелері талқыланды. Осыған байланысты дін көшбасшылары біздің ортақ үйімізге қатысты ең күрделі мәселелерді шешу үшін көпвекторлы басқару құру бойынша халықаралық және аймақтық атсалысудың маңыздылығын атап өтті.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам бойынша министрі қатысушыларды қарсы алып, алғаш болып сөз сөйледі. Өз сөзінде ол екі ел басшыларының – Нұрсұлтан Назарбаев пен Папа Римский Францисконың арасындағы орнаған жақын әрі сенімді қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.

-Бүгінде Ватикан Апостолдық нунциатура атынан елде бейбітшілік пен ұлыстар арасында келісім орнатуда Қазақстанның маңызды серіктесі болып табылады. Біздің халқымыздың мәдениет пен рухани өмірінің дамуында өз рөлі бар. Биыл біз Қазақстан мен Ватикан арасында дипломатиялық қатынастың 25 жыл орнағанын атап өтеміз. Біз бұл маңызды халықаралық форумда дін өкілдерінің тәжірибені жалғастыра отырып, белсенді қатысатындарына, жоғары дәрежеде өтетініне сенім білдіреміз, — деді министр Н.Ермекбаев.

Өз кезегінде кардинал Питер Кодво Аппиах Тарксон форумның өтуіне қолдау танытқаны үшін алғысын білдіріп, барлық адамдар жанұясы қызметінде қажетті «Болашақтың энергиясы» жүйесінің маңыздылығын тілге тиек етті.

Форум соңында қатысушылар шараны өткізу Қазақстан мен қатысқан ұлыстар өкілдері арасындағы қарым-қатынас тарихын нығайтуға айтарлықтай үлес қосады деген пікір білдірді.
Әрі қарай

Астанада "Әйелдер болашақ энергиясы үшін" халықаралық форумы өтті

Астана жаңалықтары: Астанада Әйелдер болашақ энергиясы үшін халықаралық форумы өтті

Бүгін Астанада халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесі аясында ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат бойынша ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықованың қатысуымен «Әйелдер болашақтың энгергиясы үшін» халықаралық форумы өтті.

Форум жұмысына әлемнің 25 елінен 300-ден астам делегат қатысты.

Шара аясында тараптар әйелдердің «жасыл» экономикада мүмкіндіктерін кеңейтуге қатысты екіжақты дамыту мүмкіндіктерін талқылады. Сонымен қатар «таза» энергетикаға көшу жағдайында тұрақты және инклюзивті даму бойынша баламалы энергетикаға қатысты бірқатар өзекті мәселелер сараланды. Әйелдердің баламалы энергетика саласында және мемлекет, бизнес-сектор және азаматтық қауымдастық негізінде «жасыл» экономикада рөлі мен инновациялық идеяларды іске асырудағы үлесі сөз болды.

Әкімнің орынбасары Малика Бектұрова елорданың экономикалық өсімінің драйвері шағын және орта бизнес болып табылатынын айтты. Оның үлесі Астана ЖӨІ –де 46% құрайды, бұл республика аймақтары арасында үздік көрсеткіш. Бұл салада экономикалық белсенді тұрғындардың 60% еңбекпен қамтылған. ШОБ саласында гендерлік ерекшелікке бөлінбесе де әйелдердің кәсіпкерлік белсенділік деңгейі жақсаруда.

-Мемлекет тарапынан тиімді бизнес –климат қалыптастырғанның арқасында кәсіпкерлік саласы елордада кең қанат жаюда.

Мәселен, осы жылдың 7 айында ШОБ-та әрекет етуші субъектілердің саны 7%-ға өсті. Олардың өндіретін өнім көлемі 55,8%-ға артты. Өнеркәсіп өндірісі 4,2%-ға көбейді, негізіне машина құрылысы мен металлургия және Индустриаландыру картасына енген жобалар (24 кәсіпорын) есебінен ұлғайды. Инвестиция 7,3%-ға өсті, оның ішінде шетелдік инвестициялар екі есеге артты. 11 мың жаңа жұмыс орны құрылды, оның 85% — ШОБ саласында. Жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ға дейін төмендеді, — деп мәлімдеді Малика Бектұрова.

Айта кетейік, елордада кәсіпкерліктің дамуына мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар аясында көрсетіліп жатқан қолдаулар септігін тигізуде. Оның ішінде «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын ерекше атап өтуге болады. Оның аясында 773 жоба қолдау атуып, 5 мыңнан астам сапалы жұмыс орындары ашылды және 8 мың орын сақталды.

Экономиканың сауда, құрылыс және көлік дәстүрлі секторларымен қатар, әкімнің орынбасары экономиканы дамытудың жаңа драйверлерін дамыту бағытында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Атап айтар болсақ, экономиканың 10 секторы – құрылыс кластері, заманауи өндіріс, туризм, АХҚО, мемлекет секторы үшін қызмет, сауда және логистика, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, креативті секторлар дамуда.

-Қазіргі таңда елдің барлық аймақтарында жоғарыда аталған бизнесті қолдау бойынша бағдарламаларды құру және қабылдау, жүзеге асыру бойынша Астананың сәтті тәжірибесі қолданылуда, – дейді Малика Бектұрова.
Әрі қарай

Астанада "Рухани жаңғыру" бағдарламасының жобалық кеңсесі жұмыс істей бастады

Астана жаңалықтары: Астанада Рухани жаңғыру бағдарламасының жобалық кеңсесі жұмыс істей бастады

Елордалық әкімдікте Астана қаласының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобалық кеңсесі жұмыс істей бастады. Жобалық кеңсе ұсыныстар мен ескетпелерді қабылдайды, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген Елбасының бағдарламасын іске асыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары кез-келген сұрақ бойынша Астана қ. жобалық кеңсесінің сенім телефондарына хабарласа алады: 55-67-92, 55-67-93, немесе Astana.rzh1@gmail.com электронды мекен-жайға хат жолдай алады.

Онымен бірге тұрғындар өздерінің ұсыныстары мен тілектерін Астана қ. әкімдігінің ресми сайтынаhttp://astana.gov.kz жібере алады («Белсенді азамат» айдары, (Сіздің бастамаңыз).

Кеңсе Бейбітшілік көшесі 11, №409 бөлмеде орналасқан.
Әрі қарай