«Astana Marathon-2017» жеңімпаздары анықталды



42,2 шақырым қашықтықты алғаш болып Кения спортшылары бағындырды, деп хабарлады Астана әкімдігінің медиа орталығы.

Бірінші болып мәре сызығын кескен кениялық Саймон Кипругут Кируйға 850 мың теңге мен әлемнің кез келген нүктесіне баруға әуе билеті табысталды. Ол 42,2 шақырымды жүгіріп өтті. Екінші орын да Оңтүстік Африка мемлекетінің өкілі(200 мың теңге) Генри Кипсангуға бұйырды. Қазақстандық Алмат Имашев үшінші болып жетіп, (100 мың теңге) жүлдені қанағат тұтты. Әйелдер арасында бірінші орыннан Гүлжанат Жанатбек көрінді, екінші және үшінші орындар Ақмарал Мейірман мен Мария Кирееваның еншісінде.

Бүгін елордада Мәңгілік ел даңғылында ЭКСПО-2017-ге қарама-қарсы жерде Astana Marathon-2017 өтті. Жарысқа қатысуға 19 мемлекеттен 4,5 мың адам өтініш білдірген. Спортшылар 42,2 шақырым, 21,1 және 10 шақырымға жүгірді. Сонымен қатар марафон аясында скандинавиялық жүруден сайыс өткізілді.
Әрі қарай

Astana Marathon 2017 қалай өтті?

Астана жаңалықтары: Astana Marathon 2017 қалай өтті?

Бүгін Астанада «Astana Marathon 2017» қайырымдылық марафоны аяқталды. Биыл елорда көшелерімен жүгіріп өтуге әлемнің 19 мемлекетінен 4,5 мың адам ниет танытқан. Марафон қалай өтті? Қатысушылардың көңіл-күйлері қандай болғаны Астана әкімдігінің медиа орталық тілшілерінің репортажында.
Астана жаңалықтары: Astana Marathon 2017 қалай өтті?
ЭКСПО алдындағы алаңға марафонға қатысушылар таңмен таласа жиналды. Осы жолы 4,5 мың адам қатысады деп күтілді. Спортшылар үш қашықтық бойынша сынға түсті: 42,2 км, 21,1 және 10 шақырымға жүгірді. Жарыс алдында біреулер денелерін шынықтырып жатса, енді бірі сэлфи жасап әлек болды.
Астана жаңалықтары: Astana Marathon 2017 қалай өтті?
Ұйымдастырушылардың сөзінше, ең жас қатысушы – 16 жаста, ал жасы үлкен қатысушы – 80-гі қария болды. 13 жастағы астаналық Салтанат Түйтебаев мұндай шараларға жиі қатысып тұрады. Тіпті еуропалық марафондарда жеңіске жеткен. Оның бүгінгі мақсаты – өзінің нәтижесін барынша жақсарту. Кезекті атақты ол Испанияның Малагасында алуға тырысады. Тәжірибелі желаяқ елімізде осындай марафондардың өтіп жатқаны қуантатынын айтады. – Қараңыздаршы, қанша адам жиналды! Бұл тамаша! Әлі есемді алғашқы марафон 3 жыл бұрын өтіп, оған бар-жоғы 700 адам қатысқан болатын. Мен жүгірулерге белсенді қатысып тұрамын. Жылдан-жылға қатысушылар саны көбейіп келе жатқаны қуантады», — дейді қария.
Астана жаңалықтары: Astana Marathon 2017 қалай өтті?
Ең ұзақ қашықтық – 42 шақырымға жүгіру таңертең 7:00-де басталды. Алғаш рет биыл марафонға кениялық белгілі желаяқтар Саймони Кипругут Кируй және Генри Кипсанг қатысты. Бұл марафонның сапасы мен мәртебесін асқақтатуға мүмкіндік берді, дейді ұйымдастырушылар. Оңтүстік африкалық жүгірушілер қашықтықтарды бірінші болып бағындырды.
Астана жаңалықтары: Astana Marathon 2017 қалай өтті?
42 шақырым қашықтыққа жүлде қоры – 800 мың теңге және әлемнің кез-келген жеріне әуе билеті берілді. Жалпы көптеген марафоншылар бастысы — жеңіс емес, қатысу, ұмытылмас сезім, дейді. Олар сол үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келгені ақиқат.
Астана жаңалықтары: Astana Marathon 2017 қалай өтті?
Әрі қарай

Жалпықалалық сенбілікте 9571 көшет отырғызылды



Бүгін Астанада жалпықалалық сенбілікке 109 мыңнан астам тұрғын, 5729 мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар қатысты.

Өткізілген айлық аясында 3,7 млн шаршы метр аумақта саябақтар мен гүлзарлар жиналды, 9571 көшеттер отырғызылды. Атап айтар болсақ, қызыл тал, татар үйеңкісі, қайың, қарағай, емен, терек, шетен ағаштары егілді.

«Алматы» ауданында — 3 724 ағаш,- «Есіл» ауданында- 3 170 ағаш,- «Сарыарқа» аудында- 628 тал, құрылыс басқармасы нысандарында 2 049 ағаш отырғызылды.

Естеріңізге саламыз, айлық барысында 18 452 ағаш отырғызу жоспарланған болатын. Жалпықалалық сенбілік күнінде 9571 көшет егілді, ал 8881 данасы айлықтың соңына дейін отырғызылады.

Бұдан бөлек, өзендердің арнасын тазарту мақсатында еріктілер мен қоғамдық ұйымдардың қатысуымен Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінде экологиялық акциялар өткізілді.

Сенбілік барысында 445,24 тонна қалдық жиналып, полигонға шығарылды, 153 рейс жасалды.

Өзендердің арнасына санитарлық тазалау жүргізу мақсатында табиғат ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Есіл өзенінде (Газмашаппаратура ауданында), Ақбұлақ өзенінде (Еуразиялық университет корпусынан ЖЭО-2 дейін) экологиялық акция өткізілді. Шараға С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 100-ден астам студенттері мен қалалық бөлімшелердің әскери қызметкерлері белсенді қатысты.

Шағын және орта бизнес қызметкерлерімен кіреберіс аумақтар мен өздеріне тиесілі жерлер жинастырылды. Коммуналдық қызметтермен және мердігер ұйымдармен ішкікварталдарды абаттандыру жүргізілді.

Айта кету керек, сенбілікке ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-Министр кеңсесінің, ҚР Парламент Сенаты мен Мәжіліс аппаратының, ҚР Жоғары сотының, «Нұр Отан» ХДП, министрліктер, агенттіктер мен Астана қаласы мәслиxатының ұжымдары, елордалық әкім аппаратының, орталық атқарушы органдардың, ардагерлер кеңесінің, кәсіподақ кеңесінің және қоғамдық бірлестіктердің қызметкерлері экологиялық акцияға белсенді қатысты.
Әрі қарай

Астана қаласының әкімі «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілікке қатысты

Астана жаңалықтары: Астана қаласының әкімі «Астана – таза қала!» жалпықалалық сенбілікке қатысты

2017 жылдың 4 қыркүйектен 4 қазанға дейінгі мерзімде Астана қаласының аумағында «Астана – Таза қала!» атты абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау бойынша жалпықалалық сенбілік өткізіледі.

Осы экологиялық айлық шеңберінде келесі жоспарлауда: қала ауданын санитарлық тазалау; көше бойы, жаяу жол және үй аралық ауданды жинау; ағаш отырғызу; нөсер торлары және арық жүйелерінің құбырларын тазалау; гүлзар және гүлбақшаларда, бақ пен саябақтарда жасыл желектерді күтіп ұстау агротехникалық мерзімдік іс-шаралар жұмыстарын жүргізу; заңсыз жерлерде орналасқан қоқыстар аумағын жинау.

Бүгін жалпықалалық сенбілікте 89 000 мың адам жұмылдырылатын болады, 1000 кәсіпорын мен ұйымдар, 49 жоғары оқу орындары мен ортакәсіптік оқу мекемелері, 184 орта мектептер мен жалпы білім беретін мекеме, 73 денсаулық сақтау мекемесі, 166 мемлекеттік мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар, 560 бірлік техника. Сенбілікке қатысушыларды қоқысты жинауға арнайы (күрек, тырнауыш) жабдықтармен, қолғаппен және қаппен қамтамасыз етіледі.

Жалпықалалық сенбілікке қалалық және республикалық мекемелердің қатысуымен 18 452 көлемде жаппай ағаш отырғызу іс-шаралары ұйымдастырылатын болады, оның ішінде 9 945 ірі көшетті ағаштар («кесек тамырлы» — 4865 дана, жалаңаштамырлы – 5000 дана), қалалық Басқармалар өзінің объектілерінің аумағында 8 507 ағаштар отырғызу жоспарланған.

Жалпықалалық сенбілікке қала әкімі Әсет Исекешев қатысты, ол Сарыарқа ауданының Қосшығұлов көшесі бойынша нөмірі 1-ші учаскеге барды.

Сондай-ақ бұл жерге Риодағы олимпиаданың күміс жүлдегері Гюзель Манюрова және «16 кыз» фильмінің продюсері Айдархан Әділбаев келді.

Бұдан басқа, Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзенінің арнасын қоқыстар және тұрмыстық қалдықтардын студенттердің, ерікті қатысушылар, әскери қызметкерлердің жұмылдыруымен жинау жұмыстары экологиялық айлық акция өткізу жоспарлануда.

Жалпықалалық сенбіліктің басты мақсаты қоғамның назарын астана қаласының көшелерін таза ұстау және экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Көшелерді және аулаларды абаттандыруын жақсартуға өз үлесін қосуға, барлық қалаушы тұрғындар және қала ұйымдартырушылары қатыса алады.
Әрі қарай

Латын әліпбиіне көшу – өмірдің қажеттігі

Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологияның, ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Бұл – уақыт күттірмейтін жұмыс, сондықтан біз дайындықты бастап кетуіміз керек» — деп көрсеткен болатын.
Латын әліпбиіне көшу – өмірдің қажеттігі, латынға көшу арқылы Қазақстанның түркі халықтарымен, шет елдік қандастарымызбен байланыс нығаяды. Халқымыздың өсіп-өркендеуіне, еліміздің жан-жақты дамуына ықпал етеді, бәсекелестік қабілетіміз арта түседі.
Бүгінде жастарымыз ағылшын тілін жақсы меңгергендігінің куәсі болып отырмыз, сонымен бірге латын әрпінде жазылған кейбір тауарларды күнделікті өмірде қолданып жүрміз, сондықтан латын әліпбиін қолдану бізге қиынға түспейді деп ойлаймын.
Ұлттық салт-дәстүрімізді, тілімізді, әдебиетімізді ұлттық рухымызды мәңгі сақтап қала аламыз. Сондықтан мен латын әліпбиіне көшкен дұрыс деп ойлаймын.

Зауре Арапқызы Клышбаева – Астана қаласы әкімдігі «Қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі» МКҚК директоры э.ғ.к.
Әрі қарай

2,5 млн-нан астам адам "ЭКСПО-2017" көрмесіне барды

Астана жаңалықтары: 2,5 млн-нан астам адам ЭКСПО-2017 көрмесіне барды

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесін үш ай өткізу кезінде қалалық әкімдік 647 мәдени және халықаралық және республикалық 28 спорттық шара өткізді, деп хабарлады елорда әкімдігінің медиа орталық тілшісі.

-«ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесі ашылғаннан бері біздің астанамызға 5,4 млн адам келген, олардың ішінде 2,5 млн адам көрмені тамашалады, — деп хабарлады Астана әкімі Әсет Исекешев «ЭКСПО-2017»көрмесін ұйымдастыру және өткізуге атсалысқан үздік қызметкерлерді марапаттау салтанатында.

Бұдан бөлек, әкімнің сөзінше, 10 маусымнан 4 қыркүйек аралығында еліміздің басқа аймақтарынан 77074 оқушы «ЭКСПО-2017-ні» тамашалады.

-ШЫҰ мен ТМД елдері арасында оқиғалық мүмкіндіктер рейтингіне сәйкес, Астана 5 үздік елорда қатарына енді. Астана тұрғындарына көрме идеясын жүзеге асыруға танытқан қолдаулары үшін алғыс білдіремін. Мыңдаған адам көрменің сәтті өтуі үшін еңбектенді. Мен барлықтарыңызға қатысқандарыңыз үшін ризашылығым шексіз, — деді Әсет Исекешев.
Әрі қарай

"ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу кезінде елордада бірде-бір штаттан тыс жағдай тіркелген жоқ

Астана жаңалықтары: ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде елордада бірде-бір штаттан тыс жағдай тіркелген жоқ

Бұған қала әкімдігі жанынан құрылған, негізгі 7 бағытты үйлестірген арнайы штабтың қауырт әрі сапалы жұмысы септігін тигізді, деп хабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

«93 күн бойы күшейтілген режимде жұмыс істеген, мыңдаған адамдардан құралған ұжымның үйлесімді жұмысы арқасында штаттан тыс жағдайлар тіркелген жоқ. Көрменің сәтті өтуіне дайындық жұмыстары септігін тигізді», — деді қала әкімі Әсет Исекешев жұма күні аталмыш көрменің дайындық жұмыстары мен өткізілуіне атсалысқан қызметкерлерді марапаттау рәсімінде.

Ол сондай-ақ «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында қала әкімдігі жанында негізгі 7 бағытты үйлестірген арнайы штабтың құрылғанын тілге тиек етті.

Бірінші – құрылыс нысандарының, көлік және инженерлі инфрақұрылым нысандарының (жаңа теміржол вокзалының, әуежай мен қонақ-үйлердің, электр желілері мен 2 қосалқы стансаның, жаңбыр кәріз жүйесінің құрылысы, «Талдыкөл» кәріз қалдығының жойылуы, өтпежолдардың салынуы мен «Бәйтерек» монументінің қайта қалпына келтірілуі) уақыты пайдалануға берілуін қамтамасыз ету;

Екінші — қонақ-үйлердің туристерді қабылдауға дайындығы, қаланы мерекелік безендіру (қонақ-үйлер, мейрамханалар, сувенирлік өнім, еріктілер, қала аумағын тазалау бойынша жұмысты күшейту, тазалық нормаларына сәйкес бақылауды жүргізу, жасылдандыру және кіші сәулет формаларын құру, туристер мен елорда тұрғындары үшін мобильді қосымшаларды әзірлеу);

Үшінші — қалада, барлық нысандарда қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету; 4. Қоғамдық көліктердің қозғалысын ұйымдастыру (shuttle bus және «Astana taxi» бірыңғай қызметін ұйымдастыру, іске қосу, қоғамдық көліктің саябақтарын жаңарту, автобустарды аккредитациядан өткізу, бағыт-бағдар жүйесін жаңғырту;

Төртінші — қоғамдық көліктердің қозғалысын ұйымдастыру (shuttle bus және «Astana taxi» бірыңғай қызметін ұйымдастыру, іске қосу, қоғамдық көліктің саябақтарын жаңарту, автобустарды аккредитациядан өткізу, бағыт-бағдар жүйесін жаңғырту;

Бесінші — қажетті азық-түлік тауар өнімдерімен қамтамасыз ету;

Алтыншы — денсаулық сақтау (қонақ-үйлерде медициналық пункттерді ашу, жедел-жәрдем қызметінің жұмысын күшейту, 14 медициналық мекемеде елорда тұрғындары мен қонақтарын қабылдауды ұйымдастыру);

Жетінші — өңірлерден келетін делегацияның, әсіресе оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету (тамақтандыру, жатын орынмен және көлікпен қамтамасыз ету);

Онымен бірге, қаланың тіршілік қарекетінің маңызды салаларын қамтитын шаралардың бірқатар кешенді жоспарлары әзірленіп, іске асырылды. Атап айтқанда: көлік қызметі, қауіпсіздік және медициналық сүйемелдеу, туристік қызметтер және т.б. Осыған орай штаттас тыс оқиғаларға әрекет ету үшін Жағдаяттар орталығы құрылды.
Әрі қарай

"ЭКСПО-2017" көрмесі кезінде Астанада 47 жаңа мейрамхана ашылды

Астана жаңалықтары: ЭКСПО-2017 көрмесі кезінде Астанада 47 жаңа мейрамхана ашылды

Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу кезінде 47 жаңа мейрамхана ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

ЭКСПО-ны өткізу аясында мейрамханалар саны 2016 жылы 165-тен 2017 жылы 201-ге дейін көбейді. Олардың толуы үш есеге артты.

-11 көше салынды. 44,4 шақырым жол жөнделді. Мәңгілік ел және №31 көшелердің қиылысында аумағы 40 000 шаршы 1500 көлікке арналған тұрақты салу жұмыстары аяқталды. «Астана EXPO-2017» аумағын жылу, энергиямен қамтамасыз ету үшін 50,2 шақырым жылу жүйелері, 25 585 шақырым электр желілері, 3 электрмен қамтамасыз ету нысаны салынды, — деді Ә.Исекешев.
Әрі қарай

Елордада 31 түлек әкімнің білім грантына ие болды

Астана жаңалықтары: Елордада 31 түлек әкімнің білім грантына ие болды

Ағымдағы жылы жергілікті бюджеттің қаражатынан 100 студенттің оқуына 43,9 млн теңге жұмсалды.

Бүгін Әсет Исекешев түлектерді «әкімнің білім грантына» ие болуларымен құттықтап, жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Астанада жыл сайын тұл жетімдер, мүгедектер мен жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне, ата-ананың қамқорынсыз қалған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Жаңа оқу жылына 48 өтініш қабылданды, оның ішінде 17 адам республикалық грант бойынша өтті, ал қалғандар өтініштер ағымдағы жылдың 23 тамызында өткен комиссияның кезекті отырысында қарастырылды. Отырыстың қорытындысы бойынша 16 139 500 теңгеге 31 грант бөлу жөнінде шешім қабылданды.

«Әкімнің білім гранттары» елорданың еңбек нарығында аса сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқытуға бөлінуде. Оның ішінде техникалық, педагогикалық және медициналық мамандықтар басымдыққа ие.

Астана қаласының Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы жоғары оқу орындарының басшыларымен бірлесе отырып студенттердің үлгерімі бойынша тұрақты түрде бақылау жүргізіп тұрады.

Бұл бағдаралама бойынша оқу арқылы 300 студент диплом алып, маман атанды, олардың ішінде 27 түлек оқуын осы жылы бітірді.

Қазіргі уақытта келесі жоғары оқу орындарында 68 студент өз білімдерін жалғастыруда: С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті -32 студент, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті – 14 студент, Медициналық университет – 7 студент, Қазақ технология және бизнес университеті – 1 студент, Еуразия гуманитарлық институты – 14 студент.
Әрі қарай