«Астана» – «Вильярреал» матч жанкүйерлері қоғамдық көлікпен қамтамасыз етіледі

Астана жаңалықтары: «Астана» – «Вильярреал» матч жанкүйерлері қоғамдық көлікпен қамтамасыз етіледі

Арнайы автобустардың жүру ақысы – 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Астана» – «Вильярреал» командалары арасында футбол матчы жанкүйерлерін көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 2017 жылдың 23 қарашасында «Астана Арена» стадионына дейін арнайы автобустар ұйымдастырылады (кері бағытта әкететін). Автобустардың жүру уақыты – сағ 20:00-ден 21:00-ге дейін; Жеткізу орны – «Астана Арена» стадионы.

Автобустар төмендегі автотұрақтардан жүретін болады:

– «Қазақстан» СК тұрағы;

– «Нұр Астана» мешіті тұрағы;

– «Жастар» сарайы» тұрағы;

– «Астаналық цирк» тұрағы.

Арнайы автобустардың жүру ақысы – 90 теңге, жүру билеттері мен жеңілдігі бар билеттер жарамсыз. Ойын аяқталған соң қалаға № 10, 12, 28, 37, 40, 51, 53, 303 қоғамдық көліктермен жетуге болады. Сағат 23:30-дан стадионның тұрағы мен «Астана Арена стадионы» аялдамасында жанкүйерлерді Қабанбай батыр даңғылы бойынша қалаға апаратын автобустар ұйымдастырылады.
Әрі қарай

КХЛ Жұлдыздар матчы 2018 старттық құрамы: соңғы сөз жанкүйерлерде!

Астана жаңалықтары: КХЛ Жұлдыздар матчы 2018 старттық құрамы: соңғы сөз жанкүйерлерде!

КХЛ Жұлдыздар матчы 2018 ресми сайтында КХЛ төрт дивизионының құрама командасын жасақтау басталды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

Бүгін КХЛ Жұлдыздар матчы 2018 ресми сайтында КХЛ төрт дивизионының құрама командасын жасақтау басталды, олар супертурнирге қатысады. Өткен маусымнан бастап Лиганың ең үздік ойыншыларының жарысы осы форматта өтуде. Дәстүр бойынша Жұлдызды шоудың алғашқы қатысушыларын жанкүйерлер анықтайды.

КХЛ Жұлдыздар матчы алдында Мастер-шоуды өтеді. Іс-шара 2018 жылдың 13-14 қаңтарда Астанада өтеді. Жанкүйерлерде бірден 16 ойыншыны таңдау мүмкіндігі бар: Бобров, Тарасов, Харламов және Чернышев құрама дивизионының әрбіреуіне екі қорғаушы және екі шабуылшыдан. Дауыс беру қорытындылары бойынша командалардың старттық құрамы жасақталатын болады, яғни жанкүйерлер Континенталды хоккей лигасының оныншы маусымының басты мерекесін ашатын ойыншыларды анықтайды.

Дауыс беру ережелері өзгермеген. Жанкүйерлер барлық төрт дивизионның өкілдеріне бір рет қана дауыс бере алады. Әр жанкүйер бір клубтан екі хоккейшіге ғана дауыс бере алады.

Дауыс беруге қатысу үшін: www.allstarweek.com/khl/#votes

1. Әлеуметтік желілердің бірі арқылы тіркелу.

2. Хоккей алаңында орналасқан әрбір ойыншы суретінің астында хоккейст тегінің алғашқы әрпін таңдаңыз.

3. Тізімнен қорғаушы мен шабуылшыға екі кандидатты таңдаңыз.

4. Таңдау жасағаннан кейін «Дауыс беру» батырмасын басыңыз.

Егер дауыс беру нәтижесінде таңдалған ойыншы белгілі себептермен Жұлдыздар Матчына қатыса алмаса, онда оны «жұлдызды команда» құрамына кірмеген ойыншылар арасында аса жоғары орын алған хоккейстпен алмастырылады.

Ережеге сәйкес, старттық құрамда бір клубтан екіден артық ойыншы бола алмайды. Егер дауыс беру қорытындылары бойынша үш және одан дакөп болса, онда старттық құрамға аса жоғары ұпай алған алғашқы екеуі кіреді.

Жанкүйерлерде сүйікті ойыншыларына дауыс беру үшін 10 күн бар және өзінің сүйікті ойыншысына Жұлдыздар Матчына жол ашу мүмкіндігін бере алады. Дауыс беру 21 қарашадан 1 желтоқсанға дейін өтеді.

Жанкүйерлер алғашқы 16 қатысушыға таңдау жасағаннан кейін, өз сөзін журналистер айтады, олар әрбір дивизионның 1 шабуылдаушысын, 1 қорғаушысын және қақпашысын анықтайды, ал Лига қалған ойыншыларды таңдайды.

12 желтоқсанда Лига құрама дивизионының құрамы жарияланады. Соңғы төрт қатысушы ЖХЛ жекпе-жек Кубогының нәтижелері бойынша анықталатын болады.
Әрі қарай

Әсет Исекешев Astana Innovations Challenge стартап марафонының жеңімпаздарымен кездесті

Астана жаңалықтары: Әсет Исекешев Astana Innovations Challenge стартап марафонының жеңімпаздарымен кездесті

Астана қаласының әкімі Astana Innovations Challenge стартап марафонының жеңімпаздарымен кездесіп, онда қатысушылар іс-шаралардан алған әсерлерімен бөлісіп, өз жобалары жайында қысқаша айтып берді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

«Смарт Астана» тұжырымдамасын іске асыру аясында Астана қаласы әкімдігінің тарапынан инновациялық экожүйені дамытуға және қаланы дамытуға дарынды жастарды жұмылдыруға көп көңіл бөлінуде. Осылайша, осы жылдың шілде айында Астана қаласының әкімдігі атынан «Астана Innovations» АҚ MOST бизнес-инкубаторымен бірлесіп, Astana Innovations Challenge стартап марафонын іске қосты.

Жарты жыл ішінде 6 стартап-байқау (4 стартап уикенд және 2 хакатон) өткізілді. Іс-шараға республиканың түкпір-түкпірінен 1500-ден астам адам қатысып, олар өзара 150 команда құрды. Стартап марафонның барысында қазылар алқасы 60 үміткерді анықтап, олардың арасынан 18 команда жеңімпаз атанды. Жобаларды бағалау үшін әлемнің 8 елі мен халықаралық ұйымдардан 90-нан астам сарапшы шақырылды.

Кездесу барысында қала әкімі Әсет Исекешев: «Мен сіздер сияқты жас, идеясы көп, белсенді жандармен кездескеніме қуаныштымын. Астана жаңа идеялар мен жаңа технологиялар орталығы болуда және оны ары қарай да дамытуға сіздерге барлық мүмкіндік жасалады, ел экономикасындағы жаһандық және технологиялық өзгерістер дәуірінде басты рөлге ғылым мен инновациялар ие», — деді.

Өз кезегінде жастар жасаған жобалары туралы қысқаша айтып берді. Мысалы, жаңа технологияларды қолдана отырып қаланы қардан тазалауды тиімді, сапалы, үнемді етуге болатыны, үйден шығар қоқысты қатты және сұйық түрге бөлуге тұрғындарды ынталандыру, көшені энергия үнемдегіш шамдармен және баламалы энергия көзімен қамтамасыз ету және де денсаулық саласының сапасын көтеруге байланысты жобалар.

Кездесуге келген Әлкей Аманжолов денсаулық саласының сапасын көтеруге байланысты идеясын айтып берді. «Дәрігерлерде аурудың алдын алуға уақыт та, мүмкіндік те жоқ. Біз бір-біріне тәуелді емес 3 технология арқылы осы сұрақтың шешу жолдарын қарастырып жатырмыз. Датчиктер арқылы ақпарат жинау, блокчейн арқылы сақтау, алгоритм арқылы нейронды жүйе сырқаттың алдын алуға көмек береді. Бірер жылдан соң біз сырқаттың қандайда бір аурумен ауруы мүмкіндігін алдын ала біліп, жолын кесу мүмкіндік аламыз», — деді ол.

Астана қаласының әкімі әрдайым диалогқа ашық екенін және жан-жақты қолдау білдіруге дайын екенін айтып өтті. Қала өміріне дарынды адамдар мен жастарды тартқысы келетінін, сондықтан бар мәселелер мен міндеттердішешу үшін технологиялық шешімдер табуды ұсынатынын білдірді.

Қорытындылай келе, әкім қатысушыларға Astana Innovations Challengeстартап-марафоны келесі жылы өз жұмысын жалғастыратынын хабарлап, оған белсене қатысуға, сондай-ақ, өз идеяларын іске асырып, жетекші халықаралық сарапшылардың пікірлерін естуге шақырды.
Әрі қарай

Астанада қылмыстық көрсеткіштердің азайғаны байқалады

Астана жаңалықтары: Астанада қылмыстық көрсеткіштердің азайғаны байқалады

Өткен аптада Астанада 750 қылмыс тіркелді. Бұл өткен жылғы кезеңмен салыстырған кезде 22 пайызға азайғаны байқалады. Астана қалалық ІІД-нің бастығы Амантай Әубәкіровтің айтуынша, қалада тіркелген қылмыстың басым бөлігін сырттан келген азаматтар жасайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

«Сергек» бейнебақылау камераларының көмегімен19 қылмыстың беті ашылды. 1,9 мыңнан астам (1949) әкімшілік құқық бұзушылық пен 608 ЖҚЕ бұзу фактісі анықталды. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, қалада тіркелген қылмыстардың басым бөлігін өзге өңірлердің азаматтары жасаған», — деді Астана әкімдігінде өткен аппарат жиналысында ІІД-нің бастығы Амантай Әубәкіров.

Департамент бастығы 15 қарашада елордада 12 кеңсеге қарақшылық шабуыл жасаған БҚО, ШҚО және Ақмола облыстарының тұрғындары ұсталғанын айтты. Бұған қоса, элиталы көліктерді ұрлаумен айналысқан екі қылмыстық топ қолға түсті.

Айта кетейік, бүгінде Астанада 983 шетелдік азамат пен (оның 336 алыс шет елдерден, 647 ТМД елдерінен) 1,3 мыңнан астам (1359) ҚР азаматы уақытша тіркеуде тұр. Тұрақты тіркеуге 2724 ҚР азаматы алынды. 85 шетелдік пен 27 Қазақстан азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жалпы аталған аралықта еліміздің өзге аймақтарынан және басқа елдерден келген 37 адам жасаған қылмысы үшін қамауға алынды.
Әрі қарай

Астанадан Жалтыркөл кентіне автобустар қатынайтын болады

Астана жаңалықтары: Астанадан Жалтыркөл кентіне автобустар қатынайтын болады

18 қарашада қала маңындағы Жалтыркөл кентіне қатынайтын № 316 автобус бағдары ашылады деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасында мәлімдегендей, қоғамдық автобус Астанадан таңғы сағат 5:40-та, 8:00-де, 11:00-де және 20:30-да «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» аялдамасынан, Жалтыркөл кентінен сағат 6:43-те, 9:03-те, 12:03-те, 16:03-те, 19:03-те, 21:33-те шығатын болады.

«Қоғамдық көліктер «Ақмола облыстық №2 ауруханасы» бастапқы пунктінен келесі бағыт бойынша жүрмек:
Манас көшесі, – Абылайхан даңғ., – Астана-Қарағанды тас жолы, – Жібек Жолы ауылы, – соңғы аялдама Жалтыркөл ауылы.

Автобустар кері бағытта осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады. Қоғамдық көліктер Жібек жолы елді-мекеніне кірмейді», – делінген таратылған хабарламада.

Шетелдік 80 туроператор Астанаға келді

Астана жаңалықтары: Шетелдік 80 туроператор Астанаға келді

Елордада «Welcome to Astana» ақпараттық туры аясында шетелдік және отандық туроператорлар үшін диалогтық алаң құрылды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«Астана Конвеншн бюро» ЖШС ұйымдастырған турға Қытайдан, Ираннан, ТМД елдерінен 80 туроператор қатысып, отандық операторлармен қарым-қатынасты орнатып, бірқатар келісімге келді.

«Welcome to Astana» ақпараттық турының алғашқы екі күнінде біз Астанадағы қонақ үйлерді, медициналық, ғылыми білім, спорт, мәдени нысандарды араладық. Қазақстан астанасының «Бәйтерек», «Нұр-Әлем» сияқты бірегей ғимараттарында болып қайттық. Туризм саласы бірлескен жұмысты талап етеді. Ол қалалар, елдер арасындағы достықты нығайтып, адамдарды жақындастырады», — дейді ресейлік экскурсия жетекшісі Вера Попович.

«Астана Конвеншн бюро» ЖШС-нің бас менеджері Әсел Қарбаеваның айтуынша, Астанада қазіргі таңда туризм саласының түрлі бағыттарын дамыту шаралары қолға алынып отыр.

«Біздің қалада оқиғалық туризмді дамытудың зор мүмкіндігі бар. Бұл тұрғыда Астананың әлеуеті зор. Өйткені бүгінгі таңда әлемнің көптеген елдері Қазақстанның астанасын бейбітшілікке бастайтын орта ретінде таниды. Халықаралық деңгейде орын алып жатқан шиеленістер осы жерде шешіледі десем, қателеспеймін. Осындай халықаралық форумдар, конференциялар және басқа да шараларға көптеген туристер келуі мүмкін. Мысалға, жер жүзіне танылған мамандардың шеберлік сағаттарына қатысқысы келетін бар. Туризмнің аталмыш бағытын дамыту жұмыстарына алдағы уақытта көп көңіл бөлінетін болады», — деп атап өтті Әсел Қарбаева.

«Welcome to Astana» ақпараттық туры үш күнге созылды.
Әрі қарай

Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді

20 қарашадан бастап № 4, 34, 46, 71, 81, 102 бағдарларының қозғалыс бағыты уақытша өзгеретін болады деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Астана қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі басқармасында мәлімдегендей, қоғамдық көліктер бағыттарын Сарыөзен көшесінде жүргізілетін жөндеу-құрылыс жұмыстарына байланысты өзгертпек.

Нақтырақ айтқанда, № 4 бағдардың бағыты «№ 73 лицей» бастапқы нүктесінен Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қалса, бұл қиылыстан өткен соң автобус Тілендиев даңғылымен оңға Қайнар көшесіне, ары қарай бағдардың бұрынғы қозғалыс бағытына сәйкес жүретін болады.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді

№ 34 бағдардың бағыты Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгермейді. Осы қиылыстан өткен соң қоғамдық көлік Тілендиев даңғылымен оңға Қайнар көшесіне, бұдан кейін оңға Ақмола көшесіне, ары қарай солға Сарыөзен көшесіне солға Наурыз көшесіне өтіп, осы көшенің бойымен жүріп, солға Ұлытау көшесіне жеткеннен кейін соңғы «Қарасу» аялдама пунктіне дейін қозғалатын болады.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді

№ 46 бағдардың бағыты бойынша қозғалатын автобус «Комфорт Таун» ТК бастапқы нүктесінен Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүріп өтеді. Бұдан кейін Тілендиев даңғылымен оңға Қайнар көшесіне, Қайнар көшесінен оңға Ақмола көшесіне жетіп, ары қарай осы көшенің бойымен бұрынғы қозғалыс бағыты бойынша соңғы аялдамаға жетпек.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді

№ 71 бағдардың бағыты бастапқы нүктесінен Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қалады. Бұл көшелердің қиылысынан өткен соң автобус Тілендиев даңғылымен оңға Қайнар көшесіне, Қайнар көшесінен солға Ақмол көшесіне өтіп, ары қарай бағдардың бұрынғы бағытына сәйкес қозғалатын болады.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді

№ 81 бағдардың бағыты «Шарын базарынан» басталатын нүктеден Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз қалса, аталмыш қиылыстан соң, автобус Тілендиев даңғылымен қозғалып, оңға Баршын көшесіне бұрылып, ары қарай бағдардың бұрынғы қозғалыс бағыты бойынша жүреді.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді

«Нұра-Есіл» каналынан шығатын № 102 бағдарлы автобус бастапқы нүктесінен Сарыөзен-Тілендиев көшелерінің қиылысына дейін өзгеріссіз жүріп өтеді. Бұдан кейін ол Тілендиев даңғылымен қозғалып, оңға Қайнар көшесіне, Қайнар көшесінен солға Ақмола көшесіне бұрылып, осы көшенің бойымен бағдардың бұрынңы қозғалыс бағыты бойынша соңғы аялдамаға жетеді.

«Барлық бағдарлар кері бағытта да осы сызбаға сәйкес қозғалатын болады», деп жазылған хабарламада.

Астана жаңалықтары: Астанада бірқатар қоғамдық көлік бағыттары өзгереді
Әрі қарай

Астаналықтар алдағы аптада қайда бара алады

Астана жаңалықтары: Астаналықтар алдағы аптада қайда бара алады

Елорда әкімдігінің медиа орталығы 20-26 қараша аралығындағы мәдени шаралардың бағдарламасын ұсынады.

20 қарашада бейбітшілік және келісім сарайында «Казахстан, дружественный к ребенку» конференциясы мен концерті өтеді.

21 қарашада М. Горький атындағы театр П. Морозовтың романтикалық «Ассоль» феериясын көрермен назарына ұсынбақ.

Дәл осы күні кешке бейбітшілік және келісім сарайында «Көңілді тапқырлар алаңы» атты әзіл концерті өтеді.

22 қарашада «Жастар» сарайында «Менің Тәуелсіздігім – менің теңдігім, менің Егемендігім – менің ынтымағым!» атты айтысты, ал Қуанышбаев атындағы театрда Р. Отарбаевтың «Әміре» драмасын тамашалауға болады.

23 қарашада «Астана» концерт залында өтетін «Қарағымай» атты Сүлеймен Ибрагимовтың шығармашылық кешіне немесе қазмедиа орталығындағы «Jaidarmanlive» әзіл кешіне баруға болады.

Дәл осы күні кешке М. Горький атындағы театрда А. Пушкиннің «Евгений Онегин» қойылымының тұсауы кесіледі деп күтілуде.

24 қарашада қазақ ұлттық өнер университетінің органдық залында Астана қаласы мемлекеттік академиялық филармониясының ішекті камералық оркестрінің «Жас таланттар» атты концерті ұйымдастырылады.

25 қарашада елорда циркі астаналықтар үшін «Великий русский цирк» атты шоу бағдарламасын ұсынады.

Сондай-ақ, бұл күні «Астана» концерт залында композитор Е. Абдықалықованың «Көздеріңе ғашықпын» атты шығармашылық кеші өтеді.

26 қарашада «Астана Операның» камералық залында «И песни удаль, и романса грусть» атты концерт өтеді.
Әрі қарай

Жаңа үлгідегі жәрдемақы туралы түсіндірілді

Астана жаңалықтары: Жаңа үлгідегі жәрдемақы туралы түсіндірілді

Астанада келер жылдан бастап қолданысқа енгізілетін бірыңғай жәрдемақы, яғни жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмек туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру үшін қолданыстағы үш жәрдемақыны біріктіру негізінде 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірыңғай жәрдемақы – жаңа үлгідегі атаулы әлеуметтік көмекті (бұдан әрі – АӘК) енгізу қарастырылған.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 Қаулысы бойынша тұрғын үй құрылысын қолдаудың жаңа механизмдерін біріктірген және бұрын қабылданған салалық және мемлекеттік: 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» инфрақұрылымдарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша әрекет еткен «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылыс бағдарламасы (ары қарай – Бағдарлама) бекітілді», — делінген хабарламада.

Осыған орай, Астана қаласының бірқатар мекемелерінде арнайы ақпараттық-насихат іс-шараларын жүзеге асыру жоспарланған.

Сондайақпараттық жұмыстың бірі Ұлттық мұрағатында өтті. Мекеме ұжымына бағдарламаның ережелері және АӘК бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Әрі қарай

Елорда тұрғындары аз қамтылған отбасыларға көмек беруде

Астана жаңалықтары: Елорда тұрғындары аз қамтылған отбасыларға көмек беруде

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету мақсатында «Сарыарқа» ауданының әкімдігі «Рахмет – Спасибо» қайырымдылық дүкенімен бірлесіп қайырымдылық акциясын жүргізуде, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.

Акция аясында қаланың ОӘД, «Рахмет» СОО, «Астықжан» СО сияқты ірі сауда орталықтарында киімдерді қабылдайтын арнайы бокстар орнатылды.

Көмекке мұқтаж отбасыларға демеу болуды қалаған кез келген адам киімдерді, аяқ киімдерді, пайдалы да қызықты кітаптарды, түрлі аксесуарларды осы бокстарға сала алады. Жиналған киімдер мен заттар белгілі бір уақыт ішінде қаладағы тұрмысы төмен отбасыларға таратылатын болады.

«Қоғамның әлеуметтік проблемаларына бей-жай қарамайтын барлық тұрғындарды қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз», — деп жазылған таратылған хабарламада.

Атап өту керек, жеке тұтыну заттарын, ыдыс-аяқ пен тұрмыстық техниканы, ойыншықтарды, азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмектерді бокстарға салу тыйым салынады.
Әрі қарай