Меморгандар «Әзірет Сұлтан» мешітіне келушілерге кеңес берді

Заңгерлер мен психологтар елорда тұрғындарына консультациялық көмек көрсетті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Жұма, 21 желтоқсанда ««NEET» жастарды әлеуметтендіру және жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасын іске асыру аясында «Астана жастары» ресурстық орталығы Әзірет Сұлтан мешітінде консультациялық кездесу өткізді.

«Аталған шараны өткізудің мақсаты – бүгінгі таңда іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпарат беру, қала тұрғындарының жеке сұрақтары бойынша консультациялық көмек беру», — деді «Астана жастары» ресурстық орталығының директоры Үкібай Нұрпейісов.

Мешітке келушілер қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, «Азаматтарға арналған үкімет» мемкорпорациясы, астаналық жұмыспен қамту орталығы, медиацияны дамыту орталығы және басқа да ұйымдардың өкілдерімен жолығып, өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша кеңес алды. Сондай-ақ, консультацияны заңгерлер мен психологтар да жүргізді.

«Астана-Энергия» елордалық ЖЭО-ның жаңғыртылуы туралы айтты

Көп жылдан бері «Астана-Энергия» ЖЭО-1 және ЖЭО-2 жылу және энергетикалық қуатын арттыруға бағытталған жұмыстарды атқаруда, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Компанияда белгілі болғандай, ЖЭО-1 қайта құру жобасы шеңберінде су жылытатын қазандарды ст. № 5, 6 және 7 (2014-18) ауыстыру орындалды, № 2, 3 турбоагрегаттар ст. реконструкциялау (2015-17 жылдарға арналған) және ст. № 1 энергетикалық қазандық агрегатының қайта жөндеу жұмысы жүргізілді.

«2019 жылы компания № 2 ст бу өндіретін энергетикалық қазандық агрегаты ұлғайтуын қайта жаңарту және № 4 ст. турбоагрегатты ауыстыру жоспарлауда. ЖЭО-2 кеңейту және жаңғырту аясында № 6,7 қазан агрегаттарын, № 4,5 турбоагрегаттарын, ал № 1-4 ст. су жылытатын қазандарын (2012 жылы) және № 5,6 (2016 жылы) ауыстыру жүргізілді», деп хабарлады «Астана-Энергия» АҚ орынбасары Анатолий Никифоров.

А. Никифировтың айтуынша, 2019 жылы № 6 турбоагрегатты және № 8 ст қазандық агрегатын орнату жоспарланып отыр.

Оның айтуынша, Астананың энерго кешенінің жаңғырту бойынша іс-шаралар жыл сайын жүреді. ЖЭО 2 ішіндегі бас корпус алаңында С-1 және С-2- жылу құбырларын қайта құру және ішінара ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Мынадай жұмыстар атқарылды: КВ-ТК-128-150 ст.№№4÷7су жылытатын қазандар қайта құру, ЖЭО-1 үшін табиғи газ және көмір/мазут бірлескен жағу ішкі станция, жайластыру ПТВМ-100 ст.№№8÷10 (мазут) және энергетикалық қазандықтар Е-65-39КТ ст.№№1÷3; «2-ЖЭО-ның 1 кезеңін автоматты жүйесін кешенді жаңғырту» жобасын аяқтау; 2-ЖЭО техникалық сумен жабдықтау жүйесінің жаңғырту (циркуляциялық жүйе) және басқалар бар.

Құтқарушылар үсік шалудан қалай қорғану керектігін айтты

Ауа райының күрт сууына байланысты Астана қаласының ТЖД қауіпсіздік ережелерін еске салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық құтқарушылар қалалықтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырып, қатты аяз кезінде үсік шалудан қорғану үшін қандай әрекеттер жасау керектігін айтты.

«Дауылдың ескерту туралы хабарламаны алғаннан кейін, өз туыстарыңыз бен көршілеріңізге ескертіңіз. Қатты аяз кезінде сыртқа, әсіресе жеке автокөлігіңізбен қала сыртына шықпауға тырысыңыз.

Аяз кезінде бас киімсіз, қолғапсыз шықпаңыз. Бетіңіз бен иегіңізді шарфпен қымтап жауып алыңыз. Суық желді ауа райында көшеге шығар алдында денеңіздің ашық жерлеріне арнайы крем жағыңыз.

Аяз кезінде металлдан жасалған әшекей бұйымдарын (сырға, сақина және т.б). тақпаңыз. Металдан жасалған бұйымдар аяз кезінде қатты суып, дене терісіне жабысып ауыртуы мүмкін»,- делінген хабарламада.

Төтенше жағдайға орын алса, құтқарушылар 112 нөміріне қоңырау шалуға кеңес береді.

«Егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс немесе сізге таныс емес орында бұзылып қалса, көліктен шықпай, телефон арқылы көмекке шақырыңыз немесе басқа көліктің өтуін тосыңыз.

Қатты желде жасырынатын жерді іздеңіз, желдің әсерінен үсік шалу мүмкін.

Төтенше жағдай туындаса, «112» нөміріне қоңырау шалыңыз», — делінген хабарламада.

Еске салайық, «Қазгидрометтің» болжауынша, 21 және 22 желтоқсанда елордада түнде ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендейді.

Павлодарлық шаруалар Астанаға 2 мың тоннаға жуық көкөніс жеткізеді

Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында шамамен 1,3 мың тонна өнім бар, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мемлекет басшысының Өңіраралық кооперацияны дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында Павлодар облысының өндірушілері 2 мың тонна көкөніс өнімдерін жеткізеді.

Өткен аптада елордаға ауыл шаруашылық өнімдері бар алғашқы керуені жөнелтілген болатын. Елордаға келісі 55 теңгеден сатылатын сәбіз бен келісі 60 теңгеден сатылатын картоптың 40 тоннасы жеткізілді.
Қазіргі уақытта өнімдер екі бөлшек сауда орындарында – «Шапағат» және «Үлкен Шанхай» базарларында сатылады.

«Сауда орындары тегін ұсынылады. Қала нарығын толық қамту үшін бұл мәселені базарлар және дүкендер желілерімен қарастырамыз. Жаңа жыл алдындағы бағаны реттеу үшін қияр мен қызанақтар коммуналдық базарда сатылады. Қияр мен қызанақты «Шапағат» базарынан 10% үстемемен сатып алуға болады», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында шамамен 1300 тонна өнім бар.

Комиссия картоптың бөлшек бағасын келісіне 60 теңге және сәбіздің келісін 55 теңгеге бекітті.

Сондай-ақ, қант тұрақтандыру қорының бағасы төмендейді, көтерме сауда бағасы — 215 тг/кг, бөлшек сауда — 230 тг/кг.

«Кино – Ұлы Дала мұрасы» жобасының бірінші кезеңі сәтті аяқталды

Акция өскелең ұрпақтың арасында қазақ халқының тарихы мен мәдениетін танымал етуге бағытталды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Кино – Ұлы Дала мұрасы» жобасы аясында 22 қарашадан бастап Астананың барлық кинотеатрында 5-11 сынып оқушылары үшін қазақ халқының үздік дәстүрлері мен маңызды оқиғаларды аша түсетін отандық фильмдер «Жаужүрек мың бала», «Алмас қылыш», «Анаға апарар жол», «Жерұйық», "Құнанбай", «Так сложились звезды» және басқа да кинокартиналарды тегін көрсету ұйымдастырылды»,- делінген қалалық қоғамдық даму істері басқармасының хабарламасында.

Кинокөрсетілім жобасының бірінші кезеңінде елорданың 40 мектебінің 5-11 сыныптарында оқитын 2374 оқушысы тарихи туындыларды тамашалады.

«Жастарға көрсетілген барлық фильмдер – тарихи картиналар. Мемлекет басшысы өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлт тарихын зерттеудің маңыздылығын атап өткен болатын. Ол өзінің тарихын мақтаныш ету және патриотизмді сіңіруді мектеп кезінен бастау керектігін айтып кетті. Біздің ойымызша, оқушылар отандық кинематограф арқылы біздің ғасырлар бойы қалыптасқан қазақ халқының барлық құндылықтарын тереңінен сезіне алады. Өсіп келе жатқан ұрпақ үшін кино – тарихи құндылықтарды ілгерілетудің ең үздік арнасы. Кинодағы жарқын бейнелер ғылыми жұмыстардағы құжаттық портреттерге қарағанда маңызды роль ойнайды. Фильм арқылы балалар тарихтың айшықты тұстарына назар аударып, Отанға деген нағыз махаббатты түсінеді, өзінің жақындарын, достарын қолдап, құрметтейтін болады», — деді Астана қаласы қоғамдық даму істері басқармасының басшысы Данияр Есин.

Кинофильмдер «Керуен», «Сарыарқа», «Азия Парк» және «Арсенал» ОСО-ларындағы кинотеатрларда көрсетілді.

«Кино – Ұлы Дала мұрасы» жобасының аясы 2019 жылы кеңейе түспек.

Қазақстанда Денис Тен атындағы мәнерлеп сырғанау академиясы ашылмақ

Бүгін Астанада Денис Тен қоры қамқоршылық кеңестің мүшелері ұйымның 2019 жылға арналған жоспарларымен бөлісіп, оның қызметінің алғашқы қорытындылары туралы айтып берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Спортшының анасы, Қор директоры Оксана Тен, Денистің жан жақты тұлға болғанын, шығармашылық бағыттағы көптеген қызметпен шұғылданғанын айтты. Оның айтуынша, мәнерлеп сырғанау академиясын ашу Денис Теннің басты арманы болған.

«Біз концепт құрдық. Бәрін Татьяна Тарасовамен талқыладық. Бұл жоғары дайындықты қажет ететін ұзақ мерзімді жоба. Біз оны Мәдениет және спорт министрлігімен, Мәнерлеп сырғанау федерациясы және ұлттық олимпиада комитетімен бірлесіп жүзеге асырмақпыз. Алматы әкімі бізге «Халық Аренаны» бөліп берді. Қазір мұз айдынын пайдалану кестесін әзірлеу үстіндеміз. Қанша дегенмен идея бар, оны іске асыратын әлеуетіміз де жеткілікті», — деді Қордың қамқоршылық кеңесінің мүшесі Сергей Кан.

Оксана Тен осы жылы Қордың Алматы мен Астанада бірнеше фотокөрме өткізгенін айта кетті. Алматыда Денистің құрметіне арналған ескерткіш тақтасы ашылды, оны Татьяна Тарасова ашқан болатын. Сонымен қатар, Алексей Ягудин мен Елена Радионованың қатысуымен бірнеше шеберлік сабағы өткізілді.

Еске сала кетейік, Сочиде өткен Олимпиаданың қола жүлдегері, фигурист Денис Тен 2018 жылдың 19 шілдесінде Алматыда автотонаушының қолынан қаза тапқан болатын. Оның өлімінен кейін анасы ұлының көзі тірі кезінде ойға алған жобаларын жүзеге асыру үшін Қор ашты.

Қысқы марафонды өткізу барысында көлік қозғалысына шектеу қойылады

«Astana Winter Marathon» ІІ қысқы марафонының сызбасына сәйкес қаланың бірнеше көшесі 23 желтоқсанда сағат 8:00-ден 13:00-ге дейін көлік қозғалысы үшін жабық болады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қалада кептеліс жағдайларының туындауын болдырмау және жабық учаскені айналып өту үшін басқа ашық жолдарды пайдалану мақсатында Астананың ПД Әкімшілік полиция басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарына өз бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес береді (Қошқарбаев даңғылы мен Жүргенов көшесі аралығында жатқан Байтұрсынов көшесімен, сондай-ақ, Сарыкөл көшесімен, Тәуелсіздік даңғылымен, Аманжолов көшесімен).

«Сонымен қатар, іс-шараны өткізу кезеңінде Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов пен Қалдаяқов көшелері жүк автокөліктерінің қозғалысы үшін толық жабық болады.

Қоғамдық көлік жолаушыларының жайлылығы үшін қоғамдық көлік бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілетін болады (қоғамдық көлік қозғалысы Нәжімеденов көшесі және Қошқарбаев даңғылы бойынша жүзеге асырылатын болады)», — делінген хабарламада.

Астанада дауылды ескерту жарияланды

Жақын күндері елордада ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендейді, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Бейсенбіде «Қазгидромет» Қазақстанның бас қаласында дауылды ескерту жариялады. «Астанада 21 және 22 желтоқсанда ауа температурасы түнде -30...-32 градусқа дейін төмендейді. Дауылдың ықтималдылығы 90-95% құрайды», — делінген синоптиктердің хабарламасында.

Қалалық бейнебақылау жүйесі қар тазалау жұмыстарының сапасын назарда ұстайды

Қала аумағында орналасқан 6 мыңнан астам бейнебақылау камералары iKomek орталығына ақпарат береді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты.

Әкімдіктің мониторинг және жедел әрекет ету орталығы қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы коммуналдық қызметтердің жұмысын онлайн түрде бақылайды.

«IKomek орталығына қала бойынша 6 мыңнан астам бақылау камералары жеткізілді. Камералар сауда орталықтары, мешіттер, ірі аялдамалар, теміржол вокзалдары сияқты қоғамдық орындарды қамтиды. Қаладағы бейнебақылау жүйесі арқылы iKomek орталығының операторлары тәулік бойы мектептер, аулалар мен үй кірмелерін бақылап отырады», – делінген орталық хабарламасында.

Қыс мезгілінде қалалық бейнебақылау жүйесі арқылы операторлар қардан уақытылы тазартылмаған орындарды анықтайды. Осыған орай, қалалық коммуналдық қызметтер дереу олқылықты реттейді.

«Нөлдік толеранттылық» қағидатын басшылыққа ала отырып, iKomek орталығының операторлары рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс шығару, көлікті тұраққа дұрыс қоймау, санкцияланбаған қоқыс орындарын анықтау, сондай-ақ көшелер мен аулаларды су басуын және өзге де бұзушылықтарды тіркейді. Камераларды пайдалану құқықбұзушылық деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді», – делінген хабарламада.

Астана әкімдігі барлық тұрғын үй-коммуналдық мәселелері, соның ішінде қар мен мұзды тазартуға қатысты өтінімдердің қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығында тәулік бойы қабылданатындығын еске салады.

Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы келесі әдістер бойынша хабарласуға болады:
Telegram чат-боты t.me/astanaikomek109_bot;
Астана әкімдігінің ресми сайты astana.gov.kz;
Жарияланымдарды әлеуметтік желілерде #astana109 хэштегімен белгілеу:

Facebook www.facebook.com/astana109/
Instagram www.instagram.com/astana109/
Телеграмма арнасы t.me/astana109112.

Жастар арасында радикалды идеологияға қарсы рухани иммунитет қалыптастыруда

Астана әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығы жастардың жаңа буынын анықтау ретінде «Q» ұғымын енгізуді ұсынады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мұндай идея «Ұлы дала академиясы: рухани иммунитетті нығайту арқылы Q буынын қалыптастыру» атты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында айқындалған міндеттерді жүзеге асыруға арналған конференцияда айтылды.

Астана әкімдігінің дін проблемаларын зерттеу орталығының басшысы Гүлмира Серікбаеваның айтуынша, бұл қадам жастар арасында радикалды идеологияға қарсы рухани иммунитеттің қалыптасуына ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.