«Qazaq Air» әуе компаниясы жаңа Талдықорған-Астана және Талдықорған-Алматы рейстерін іске қосады. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы ОКҚ брифингінде әуе компаниясы басқарма төрағасының міндетін атқарушы Блэр Поллок мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
Ертең, 22 қазанда, www.egov.kz «ҚР Электронды үкіметі» порталында «Қазақстан Республикасының Президенті — Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, сондай-ақ оны іске асыру барысын түсіндіру туралы» Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің интернет-конференциясы өтеді.
Астана халқы жыл санап көбейіп келеді. Дәл қазір Астана қаласы халқының саны 867 790 адамды құрайды. Соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша – 381 470 (44%), «Есіл» ауданы бойынша – 134 472 (15,5%), «Сарыарқа» ауданы бойынша – 351 848 (40,5%) адам.
Жастарымыздың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық болмысының қалыптасуына қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау, олардың қоғамдық игі бастамаларын, шығармашылығын қолдау және ынталандыру, халықаралық мәдени, ғылыми және білім беру процестеріне тартуда жастар ісі жөніндегі құрылымдардың рөлін нығайтуға көмек көрсету өте маңызды іс екені белгілі.
Бүгін елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков Астананың спорттық және мәдени инфрақұрылым нысандары – «Алау» мұз айдыны сарайы мен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалды кешенін аралады.
Қалалық Білім басқармасы Астана қаласы әкімдігімен бірге қысқы маусымда ауа райының қолайсыздығына байланысты білім ұйымдарындағы сабақты тоқтату шарттарын ұсынды.
Оқу жылының қысқы кезеңінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сабақты тоқтатудың мынадай параметрлері бекітілді:
1-4 сыныптарда минус 25 градус және одан төмен ауаның температурасында;
1-9 сыныптарда минус 30 градус және одан төмен ауаның температурасы болғанда;
1-11 (12) сыныптарда, колледждерде (1-2 курс студенттері) үшін минус 35 градус және одан төмен ауаның температурасы сабақ тоқтатылады.