
Біріккен Ұлттар Ұйымының жетпіс жылдығына орай өткізілген «Әлемді БҰҰ-ның көгілдір түсіне боя» атты жаһандық акция аясында Астанадағы «Бәйтерек» монументі осы науқанға қосылды. Бұл тұрғыда елорданың символы ұйым мерекесіне орай БҰҰ-ның туы түстес көгілдір жарықтармен түрленді.
Атап айтқанда, бұл акцияға 200-ден астам әлемдік танымал ғимараттар, мұражайлар, көпірлер және басқа да нысандар қатысуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл науқанға қатысу — дүниежүзінің азаматтарын біріктіруге, бейбітшілік пен даму және адам құқықтары туралы үндеуді таратуға жәрдемдесуге, сондай-ақ барлығына ортақ лайықты өмір сүру мен гүлдену идеяларын насихаттауға бірегей мүмкіндігін береді.