Азаматтарды заңдастыруға белсенді қатысуға шақырады

Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, қазіргі кезде жалпы құны 20 666 млн. теңгені құрайтын 4 947 мүлік нысаны заңдастырылған. Сонымен қатар, 11 арнайы декларация қабылданып, 8 322 млн. теңге мөлшерінде ақшалай қаржы заңдастырылды.
Астана қаласының МКД түсіндіру жұмыстары басқармасының басшысы Сәуле Баймағамбетова салық төлеушілерге арналған семинар барысында мүлікті заңдастырудың жаңа ережелері туралы айтып берді. Оның айтуынша, заңдастыру мерзімі үстіміздегі жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартуға және процедураны жеңілдетуге қатысты өзгерістер енгізілген.
Айта кетейік, мүлікті заңдастыруға қатысты кез келген мәліметтер салықтық және бакнтік құпия болып табылады. Ақпаратты таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ, заңдастыру субъектілері құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдар тарапынан заңнан тыс әрекеттерден қорғалған. Яғни, мүлікті және ақшаны заңдастыру фактісінің дәлелі ретінде пайдалануға немесе қылмыстық іс қозғауға тыйым салынған. Заңдастырылған мүлікті тәркілеуге де болмайды.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына байланысты прокуратура органдары конституциялық өкілеттіктеріне сәйкес барлық сайлау процесінің қатысушыларымен сайлау туралы заңнаманың дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асыратынын мәлімдейді.










