Астаналықтардың саны 13 мыңға артты
            
Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, елорда халқының саны ағымдағы есеп бойынша 2015 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 866 039, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша – 381 635 (44,1%), «Есіл» ауданы бойынша – 133 402 (15,4%), «Сарыарқа» ауданы бойынша – 351 002 (40,5%) адамды құрады.
Жыл басымен салыстырғанда Астана қаласы халқының жалпы саны 13 157, соның ішінде «Алматы» ауданы бойынша — 1781 адамға, «Есіл» ауданы бойынша — 6574 адамға, «Сарыарқа» ауданы бойынша 4802 адамға артқан. Үстіміздегі жылдың қаңтар-шілде айларында халықтың табиғи өсімі 12 684 адамды, көші-қон өсімі 473 адамды құрады.
Аталған мерзімде Астана қаласы бойынша тұтастай алғанда 149 95 сәби туған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,5% көп. Сонымен қатар, халықтың табиғи өсімі өткен жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 8% өсіп, 12 684 адамды құрады.
2015 жылғы қаңтар-шілдеде АХАТ органдарында тіркелген некелер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1% азайды, ажырасулар саны 10% өскен.
astana.gov.kz

            
            
            
«Астана» ФК матчының билеттері 21 қыркүйекте онлайн-сатылымға түсті, деп хабарлайды Sports.kz. Ұйымдастырушылар билеттердің көбін онлайн режимде сатуды жоспарлап отыр. 
            
Ертеңнен бастап Астанадағы кейбір қоғамдық көліктердің жүру бағыты уақытша өзгереді. Бұл – елордадағы Уәлиханов-Омаров көшелері қиылысының жабылуына байланысты орын алған жағдай. Аталған көшелерде жылу жүйелерін жөндеу жұмыстары жүргізілмек. Астанадағы Уәлиханов-Омаров көшелері қиылысындағы қозғалыс бүгін сағат 23:00-ден бастап шектеледі. 
            
            
            
            
            
Кезекті аппарат отырысы барысында қалалық сенбіліктің қорытындылары шығарылып, қаланың санитарлық жағдайы талқыланды. Сенбілікке алғаш рет 100 мыңға жуық адам қатысты. Елорда әкімі тұрмыстық қалдықтарды пайдаға асыруды жақсартуды, мегаполистердің озық халықаралық тәжірибесін зерттеуді және пайдалануды тапсырды. Әкімнің айтуынша, Астана қаласы үшін ең маңызды мәселелердің бірі – шағын және орта бизнесті дамыту. Оны дамыту бойынша жауапкершілік күшейтілуде, келешегі бар жобалар көп, бірақ нәтиже ойдағыдай емес деп атап өтті Ә.Жақсыбеков. Бұған алдымен бюрократиялық кедергілер көп. Мысалы, өзіне тиесілі жер телімінде сауданы жолға қою үшін кәсіпкерлер түрлі процедуралардан өту үшін көп уақытын жұмсайды. Мемлекеттік құрылымдар кәсіпкерлерге көп тосқауыл қоюдан жарысқа түсетін секілді. Елорда әкімі демалыс күндері қалалық базарларды атап айтқанда, «Шанхай», «Алаша» базарларын аралап, инфрақұрылымды, және т.б. дұрыстауды, сондай-ақ қалыптасқан жағдайды талапқа сай келтіруді тапсырды. Саудагерлер мен тұтынушыларға күннен-күнге, әсіресе демалыс күндері базарға жету қиынға соғуда. Елорда әкімі аз уақыттың ішінде қоғамдық көліктердің маршруттарын оңтайландыруды, «Шанхай» базары аумағында қалааралық бағытта автобекет салу үшін инвестор тартуды тапсырды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты мәлімдеді.