Астанада 240 орындық жаңа балабақша ашылды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған «Нұрлы жол болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру мақсатында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орын тапшылығын азайту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуде.
Әрі қарай

Астананың ұстаздарына «ерекше» жалақы төленуі мүмкін

Астана қаласының білім басқармасы елордада жұмыс істейтін мұғалімдердің жалақысы ерекше жүйеге сай төленуі керек деген ұсыныс айтты.
Айта кетейік, білім басқармасы бұл ұсынысты Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың қатысуымен өткен жиын барысында жария етті.
Әрі қарай

Астанада «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» VII халықаралық форумы өтеді

12 қарашада Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Назарбаев университеті» дербес білім беру ұйымының ғимаратында «Кәсіптік білім және бизнес: әріптестер сұхбаты» VII халықаралық форумы өтеді.
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әрі қарай

20 бойжеткен «Астана аруы» байқауының финалына өтті

Астана жаңалықтары: 20 бойжеткен «Астана аруы» байқауының финалына өтті

12 қараша күні Конгресс-холл сарайында «Астана аруы-2015» сұлулық байқауының ақтық сыны өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, ең жасы 16 жастағы оқушы мен 23 жасқа дейінгі студенттер арасынан 20 бойжеткен «Астана аруы» тәжіне «таласады».
Әрі қарай

Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесіне еріктілерді іріктеу басталды

Қазақстанның еріктілер альянсы Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» xалықаралық мамандандырылған көрмесіне еріктілерді іріктеу басталғандығын xабарлады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслиxатында «Қазақстанның еріктілер альянсы» ұйымының атқарушы директоры Нұрлан Досымов мәлім етті.
Әрі қарай

Ә. Жақсыбеков «Астана» футбол клубын чемпион атануымен құттықтады

Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков бүгінгі аппарат жиналысын «Астана» футбол клубы қазақстандық Премьер-Лигасында чемпиондық атақты екінші мәрте қатарынан жеңіп алуына орай құттықтаудан бастады.
Әрі қарай

Астана автобустарында кондукторлар консультанттардың қызметін атқарады

Aстанадағы қоғамдық көліктер электронды төлем жүйесіне ауысқан алғашқы уақытта кондукторлар консультанттардың қызметін атқарады. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісімен әңгімелесе отырып, «Астана LRT» ЖШС-ның баспасөз хатшысы Айгүл Жамалова айтып берді.
Әрі қарай

Астанада «Өз кәсібінің үздігі» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Елордада «Өз кәсібінің үздігі» атты республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды.
Жалпы, байқау комиссиясы «Үздік темір ұстасы», «Үздік кран жүргізушісі», «Үздік электрші», «Үздік сантехник», «Үздік дәнекерлеуші», «Үздік технолог», «Үздік металл жонушы», «Үздік тігінші», «Үздік қоғамдық көлік жүргізушісі», «Үздік әрлеуші» (сырлау бойынша техник) деген 10 номинация бойынша 20 жеңімпазды анықтады.
Әрі қарай

Астанада әдеби-музыкалық фестиваль өтті

Астана жаңалықтары: Астанада әдеби-музыкалық фестиваль өтті

Астанада "Әлем балалар тілінде сөйлейді" атты ІІ балалар әдеби-музыкалық шығармашылығының фестивалі өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында өткен іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Лад» республикалық славян қозғалысының астаналық бөлімшесі болып табылады.
Әрі қарай

Елордалық дәрігерлер жаңа технологияны меңгеруде

№ 2 қалалық аурухананың мамандары жаңа әдісті меңгеруде науқастың өмірін сақтап қалды. Жүрек-тамыр хирургиясы бөлімшесінің дәрігерлері «Бас миы оң жақ жартышарының орта ми күретамыры бассейнінен тромбэмболэктомия және церебралдық ангиография» әдісін енгізді. Бұл өз кезегінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек болып табылады.
Әрі қарай