Елордалық басқармаларға 1,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті

Астана жаңалықтары: Елордалық басқармаларға 1,5 мыңнан астам өтініш келіп түсті
Астанада «Белсенді азамат» акциясы аясында ашық есік күні өтті. Елордалық басқармаларға 1541 өтініш келіп түсті, соның ішінде 660-ы жазбаша түрде жолданған.

Жазбаша өтініштердің басым бөлігі Тұрғын үй басқармасына жолданды – 86, Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына – 45, Жолаушылар көлігі басқармасы мен «Астана LRT» ЖШС – 43, сондай-ақ, Жергілікті полиция қызметіне – 35 өтініш келіп түсті.

Басқарма басшылары Астана тұрғындарының сұрақтарына мардымды жауаптар қайтарып, тұрғындар қалалық қызметтердің жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарымен бөлісті. Сонымен қатар, басқармалардың басшылары биылғы жылға арналған жоспарларға тоқталып, өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды.

Айта кетейік, елорда тұрғындары өз сауалдарын кез келген уақытта Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтындағы «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарларына жолдай алады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9938
Әрі қарай

Жақсыбеков пен Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық бойынша кеңес өткізді

Астана жаңалықтары: Жақсыбеков пен Есімов ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық бойынша кеңес өткізді
Бүгін елордада ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесі аумағында қала басшысы Әділбек Жақсыбеков пен ұлттық компанияның басқарма төрағасы Ахметжан Есімовтың төрағалығымен Астана қаласы әкімдігі мен «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ алғашқы бірлескен кеңесі өтті.

Бірлескен іс-қимылдар жоспары аясында тараптар 2017 жылы өтетін көрмеге дайындық және оны өткізу бойынша өзекті мәселелерді жұмыс тәртібінде талқылап, шешеді. А. Есімов ұлттық компания атқарған негізгі жұмыстарға тоқталып, іс-шаралардың кестеге сәйкес жүргізіліп жатқанын, барлық бағыттар бойынша жұмыстардың күшейтілгенін және Мемлекет басшысы берген тапсырмалардың бәрі орындалып жатқанын атап өтті.

Бүгінгі таңда 74 мемлекет пен 14 халықаралық ұйым ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындарын ресми түрде растады, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 басқарма төрағасы көрменің ашылуы кезінде қатысушы мемлекеттердің саны 100-ге жететініне сенім білдірді.

Елорда әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев қаланы аталмыш маңызды шараға дайындау жөнінде толығырақ айтып берді. Оның айтуынша, ЭКСПО өткен кезде басты жүктеме көлік басқару жүйесіне түседі. Астана әкімдігі көрмеге дайындық аясында қаланың көлік-логистикалық инфрақұрылымын қамтамасыз ету бойынша үлкен жұмыс атқаруда. Атап айтқанда, бірыңғай диспетчерлік қызмет пен көліктік бақылау қызметі құрылды, Қазақстанда алғаш рет Көлік ағынын басқару орталығы енгізіліп жатыр, тұрақ кеңістігін басқару жүйесін кешенді құру мәселесі қаралуда, интеллектуалды көлік жүйесін (ITS) енгізу жұмыстары қолға алынды және т.б. Н. Әлиевтің сөзіне қарағанда, осы мәселені кешенді түрде шешу елорданың көлік-логистикалық желісін халықаралық стандарттарға сәйкес құруға мүмкіндік береді. Қала әкімінің орынбасары өз баяндамасында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, көрме қонақтарын орналастыру мен тамақтандыруды ұйымдастыру, іс-шаралар күнтізбесі, волонтерлар жұмысын ұйымдастыру және т.б. мәселелерге тоқталды.

Қала әкімдігі қызмет көрсету саласында сапаны арттыру бойынша жұмыстарға айырықша назар аударады. Бүгінгі таңда ұлттық компаниямен бірлесе «ЭКСПО ұсынады» Астана қаласының серіктестік бағдарламасы жүзеге асырылуда. «Қазіргі кезде серіктестік бағдарламаға қатысуға 50 астам өтінім келіп түсті», — деді Н. Әлиев. Оның айтуынша, бағдарламаға қонақ үйлер, қоғамдық тамақтану объектілері, көлік қызметтерін ұсынатын компаниялар мен турфирмалар қатысады.

Кеңес соңында елорда әкімі бірлесіп жұмыс істеудің және барлық бағыттар бойынша өзара әрекет етудің маңыздылығын атап өтті.

«Қала үшін ЭКСПО халықаралық көрмесі маңызды емтихан болып табылады, оның үстіне бұл елордамыздың тыныс-тіршілігінің барлық саласының дамуына қосымша серпін береді. Көрмеге де, Астанаға да қызығушылықтың ұдайы артып отырғаны байқалады. Бүгінде барлық қалалық құрылымдардың басты міндеті – қаланы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындау» — деді Ә. Жақсыбеков.

А.Есімов, өз кезегінде, Астана үшін ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындықтың шешуші кезеңі басталғанын атап өтті. Ұлттық компанияның басқарма төрағасының айтуынша, 1 қарашадан бастап барлық павильондар тапсырылуы тиіс.

«Астанада көптеген маңызды халықаралық шаралар өткізілді, бірақ олар 2-3 күнге ғана жалғасатын. ЭКСПО көрмесі 93 күн бойы өтеді, және бұл қаланың барлық инфрақұрылымына салмақ түсірмек, бәріміз де бұған дайын болуымыз керек», — деді А. Есімов.

astana.gov.kz/kk/modules/material/9919
Әрі қарай

Астанада «Белсенді азамат» акциясы өтеді



Астанада «Белсенді азамат» акциясы аясында ашық есік күні өтеді, оған барлық қалалық басқармалардың басшылары қатысады. Кездесу барысында тұрғындар өз сұрақтарын қойып, қалада тұру сапасы мен жайлылығын арттыру мақсатында инфрақұрылым жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстарын жеткізе алады.

Басқармалардың басшылары өткен жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, биылғы жылға арналған жоспарлармен бөліседі. Қала тұрғындары өз сұрақтарын ауызша және жазбаша түрде жолдай алады.

«Біз елорда тұрғындарымен жеке кездесіп, елорда әкімдігінің ресми сайтындағы (www.astana.gov.kz) «Халықтық бақылау» және «Виртуалды қабылдау бөлмесі» айдарлары арқылы келіп түсетін сұрақтарға жауап береміз», – деп атап өтті Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Е. Каналимов.

Тұрғындарды кездесуге қатысуға және өз сұрақтарын жолдауға шақырамыз.

Халықпен есеп беру кездесуі 2016 жылғы 10 ақпанда Конгресс-холлда өтеді. Басталуы сағат 10:00.

Алдағы уақытта қала тұрғындарымен және басқа да мүдделі тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста болу үшін осындай кездесулер тұрақты түрде өткізілетін болады.
Әрі қарай

Елордада тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әкімдіктің басты міндеті

Астана жаңалықтары: Елордада тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әкімдіктің басты міндеті

Бүгін қала басшысы Әділбек Жақсыбековтың төрағалығымен өткен аппарат кеңесінің басты тақырыбы коммуналдық шаруашылық және елдорданың ТЖ дайындығы мәселелері болды.
Әрі қарай

Әбіш Кекілбайұлы Астанадағы Ұлттық пантеонға жерленді

Кемеңгер тұлға, ірі қоғам қайраткері, аса дарынды жазушы, ҚР Еңбек Ері, Қазақ әдебиетінің Абызы Әбіш Кекілбайұлы Астанадағы Ұлттық пантеонға жерленді.
Бұрын хабарланғандай, Әбіш Кекілбайұлын ақтық сапарға шығарып салу рәсімі бүгін Астанадағы «Көрме» кешенінде өткен болатын.
Әрі қарай

«Нұр Астана» мешітінде Ә. Кекілбайұлының жаназасы шығарылды

Астана жаңалықтары: «Нұр Астана» мешітінде Ә. Кекілбайұлының жаназасы шығарылдыБүгін Астана қаласындағы «Нұр-Астана» мешітінде Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлының жаназа намазы оқылды.
Мешіт алдындағы жаназа намазына жиналған жұртшылық алаштың ардақты ұлын Алланың құзырына қарай ақтық сапарына аттандырып салды. Жаназа намазын оқыған жамағат сонымен қатар, ұлтымыздың ардақты азаматының рухы шат, жаны жәннәтта болуын тіледі.

Жаназа шығарылған соң «Көрме» кешенінде Ә. Кекілбайұлын жұртшылық ақтық сапарға шығарып салады. Сүйегі Астана маңындағы Ұлттық пантеонға қойылады.
Әрі қарай

Қалалық мәслихат Астананың 2016 - 2018 жылдарға арналған бюджетін бекітті

Қалалық мәслихаттың 61-ші кезектен тыс сессиясында Астананың 2016 – 2018 жж. арналған бюджеті бекітілді.

Елорданың 2016-2018 жж. арналған бюджеті бес жылдық кезеңде (2015-2020жж.) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамдарының негізінде әзірленді.
Әрі қарай

Мемлекет басшысы Астанада жаңа индустриалды объектілерді ашты

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев индустриаландыру бойынша жалпыұлттық телекөпір аясында Астанада екі индустриалды зауытты іске қосты. «Astana Diesel Engines» ЖШС «GEVO» зауыты дизель қозғалтқыштар шығаратын болады.
Әрі қарай

Астанада жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасы жүзеге асырылуда

Елордада «Astana – ZhasStarT» жастар кәсіпкерлігін қолдау бағдарламасы жастар кәсіпкерлігін дамытуға, жастарды бизнеске тартуға бағытталған. Оған 29 жасқа дейінгі жаңа бастаған жастар қатыса алады, салалық белгілер бойынша шектеу қойылмайды, пайыздық мөлшерлемесі – 7%. Несиенің ең көп мөлшері бір несие алушы үшін (СМСП) – 20 млн. теңге.
Әрі қарай