Ашық аспан аясындағы спорт

8 мамырдан бастап әр жексенбі сайын Астаналық паркте қала тұрғындары мен қонақтары спорттық жаттығулар жасайды. Тәжірибелі фитнес-нұсқаушылар таза ауада кроссфит пен йогадан, зумба мен т.б. бағыттар бойынша тегін сабақтар өткізеді.
Әр жексенбі сайын сағат 10.00-13.00 аралығында жаңа спорт түрлерін меңгеріп, би билеуді үйренуге болады. Күш жинап, епті, икемді болығысы келетіндер кеңінен тараған спорттық бағыт кроссфитке қатысады. Жекпе-жектерге әуестер Combat Battle жаттығу жүйесін меңгереді. Айта кетейік, аталған спорт түрі жаңа бастағандар мен дайын спортшыларға да лайық. Сонымен қатар, парк аумағында жүрек қан-тамырлары жүйесін жаттықтыруға арналған Cardio-zone сабақтары өткізіледі.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, әсерлі биге әуес жандар латынамерикалық ырғақтармен зумба биін билейді.
Fitness Park Astana спорттық-бұқаралық іс-шарасына кішкентай астаналықтар да қатысады. Олар үшін арнайы аймақ жасалады.
Қызықты спорттық бағдарламамен қоса, акцияның барлық қатысушыларына дұрыс және теңгерімді тамақтану жолы таныстырылады.
Ал отандық эстрада жұлдыздары қала тұрғындары мен қонақтарына әр жексенбі сайын музыкалық бағдарламалар тарту етеді.
astana.gov.kz/kk/modules/material/10420


Таяудағы уақытта Біріккен Араб Әмірліктерінің елордасы Астанамен әріптестік қатынастар орнатуға ниетті. Бұл туралы ҚР-нің БАӘ-дегі елшісі Қайрат Лама Шарифпен кездесу барысында Муниципалитет істері бойынша департаменттің басшысы (Әбу-Даби қаласының мэрі) Авайда Муршед Әл Марар мәлім етті.
Астана қаласында көшелерге жеміс ағаштарын, соның ішінде алма мен алмұрт көшеттерін отырғызу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы бүгін пресс-тур барысында Астана қалалық табиғи ресурстар басқармасының басшысы Әділбек Сәрсембаев мәлім етті.
Елордада жыл сайын көктемде жол жөндеу жұмыстары қолға алынады. Биыл 25,36 шақырым жолды салу, жөндеу және қалпына келтіру жоспарланған, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

Американдық мемлекеттік басқару жөніндегі қоғамы мен Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хаб өзара іс-қимыл және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бүгін елорда әкімдігінде өткен аппарат отырысында халықты тіркеу және есепке алуды жетілдіру мәселесі талқыланды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Көктемгі сәуір айында әсем мэнует, жеңіл вальстерден ширақ регтаймға, екпінді тангоға дейін алуан түрлі би әуендері елорадалықтардың назарына ұсынылады. «Астана Опера» камералық залында 7 сәуірде «Bel Canto музыкалық салоны» абонементінің аясында «Би ырғағында» концерті өтеді.
