Елордада оқушыларға арналған жазғы лагерьлер ашылады

Астана жаңалықтары: Елордада оқушыларға арналған жазғы лагерьлер ашылады

Балалардың жазғы демалысына ерекше назар аударылады. Дайындық жұмыстары қазірден-ақ қолға алынды.

2016 жылғы жазғы маусымда 6 шілде – 12 тамыз аралығында Ақмола облысының Ақкөл ауылындағы «Арман» спорттық-сауықтыру лагерінде 5 ауысым ұйымдастырылады. Үш ауысым жетім, тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан балалар үшін тегін өткізіледі.

Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы «Батыр» палаталы лагері 14 маусым — 14 шілде аралығында жұмыс істейтін болады. Онда жетім және аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан 375 бала тегін демалады. Аталған лагерь спорт пен сауықтыру бағдарламасымен туристік және тарихи-өлкетану, экскурсиялық бағыттарды басшылыққа алған. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Ақмола облысындағы «Боровичок» демалыс аймағына жіберіледі.

Айта кетейік, елордада 83 мектепте 1 маусым — 8 шілде аралығында мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істейді, оған бастауыш сыныптан 45 мыңға жуық оқушы барады. Мектеп жанындағы лагерьлердің басты міндеті — мектеп жасындағы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, демалыс ұйымдастыру.

Сонымен қатар, Астанада 1-8 шілде аралығында мектептер жанынан 5-7 сынып оқушыларына арналған «Дидарлы жаз» спорттық-ойын алаңдары ашылады. Олардың басты міндеті топтық спорт түрлерінен қалалық мектептердің эстафеталық командаларының арасында спорттық-бұқаралық қызметті ұйымдастыру. Сондай-ақ, Астанада «Айбынды маусым» әскери-спорттық алаңдар жасалады. Бұл жоғары сынып оқушыларына тегін демалыс ұйымдастыруға бағытталған жоба.

Мұнымен қоса, Оқушылар сарайларының жанынан ақылы негізде жазғы шығармашылық мектептері ашылады. Мақсаты – балалардың демалуына қолайлы жағдай жасау, оларды сауықтыру және шығармашылық, танымдық, зияткерлік қабілеттіліктерін, бастамалары мен қызығушылықтарын іске асыру.

Бұдан басқа, мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының жанынан түрлі топтар ашылады: көгалдандыру бойынша бастамашыл топтар мен мектеп жанын абаттандыру бойынша жөндеу бригадалары; интеллектуалды, шығармашылық және тіл үйірмелері; пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар; шығармашылық байқаулар мен спорттық жарыстар.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10458
Әрі қарай

Астанада жас орындаушылардың «Жас қанат - 2016» байқауы өтеді

Астана жаңалықтары: Астанада жас орындаушылардың «Жас қанат - 2016» байқауы өтеді

Еліміздің түкпір-түкпіріндегі жас орындаушылар тағы да «Жас қанат — 2016» республикалық байқауында бас қосады. Биыл 25 жылға толатын фестиваль ерекше ұйымдастырылмақ.

Бейбітшілік және келісім сарайында өтетін байқауға санаулы күндер қалды. 16-22 мамырда еліміздің үздік жас орындаушылары өзара бәсекеге түседі. Қазіргі кезде байқауға қатысушылар дайындық үстінде. Іріктеу кезеңі аяқталды. Ең жас қатысушы 15-те, ал ең үлкені 28 жаста. Байқауға Ақтөбе, Орал, Семей, Өскемен, Алматы, Талдықорған, Шымкент, Жезқазған және Қарағанды қалаларының өкілдері қатысады. Сондай-ақ, үш орындаушы елордамыздың намысын қорғайтын болады.

25 жылдың ішінде түрлі қалалардың өкілдері фестиваль жеңімпазы атанып келді. Өткен жылы бас жүлде «Жас қанат» көкшетаулық Ринат Теміржанға бұйырған болатын. Ең алғашқы «Жас қанат» байқауы қазақстандық танымал әнші, 1992 жылы байқау лауреаты атанған Медеу Арынбаевтың шығармашылығында маңызды рөл атқарды.

– Алғашқы «Жас қанат» байқауы қазақстандық эстрада үшін шынымен де маңызды оқиға болды, біз, жас орындаушылар үшін бұл шығармашылықтың даңғыл жолының бастауы болды. 1992 жылы өткен «Жас қанатта» орындаушыларға жоғары талаптар қойылған еді, бүгінгі таңда да «Жас қанат» қатысушылардан кәсіпқойлықты және үздік дайындықты қажет етеді. Байқауға қатысушыларға сәттілік пен ұзақ шығармашылық өмір тілеймін, – деді М. Арынбаев.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10457

Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шаралар өтіп жатыр

Астана жаңалықтары: Елордада Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шаралар өтіп жатыр

Астанада таңертеңнен бері халықтық серуен өтіп жатыр. Қала тұрғындары мен қонақтары, балалар мен ересектер елорданың басты алаңдарына жиналды.

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған негізгі шаралар әкімдік алдындағы алаңда, «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда және «Студенттік» паркте өтіп жатыр. Мерекелік концерттер, қазақстандық әртістердің орындауындағы әндер мен билер көпшілікке мерекелік көңіл күй сыйлады.

Әдеттегідей, мерекеге орай спорттық жарыстар да ұйымдастырылды. Балалар арасында тоғызқұмалақтан, армрестлингтен және асық атудан сайыстар өткізілді. «Бәйтерек» монументінің алдындағы алаңда халықтың бірлігінің белгісі ретінде аспанға ақ шарлар ұшырылды. Барлық алаңдарда адамдарға тәтті-дәмділер ұсынылды.

Мерекелік бағдарлама сағат 23:00 дейін жалғасады.

astana.gov.kz/kk/modules/material/10444
Әрі қарай

Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың 1 мамыр мерекесімен құттықтауы

Астана жаңалықтары: Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың 1 мамыр мерекесімен құттықтауы

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

1 мамыр – жалпы қазақстандықтар болып тойлайтын мерейлі күн. Халқымызда «Жеңіс түбі – ерлік, береке түбі – бірлік» деген қанатты сөз бар. Қоғамның тұтастығы қай кезде де ішкі татулық пен берекеден бастау алған. Ынтымағы жарасып, түрлі ұлыстың басын қосқан қастерлі қазақ топырағы тыныштық пен бейбітшіліктің қара шаңырағына айналды. Әрдайым ішкі татулығымыз берік болып, еліміз өркендей берсін.

Сіздерге зор денсаулық, шаңырақтарыңызға береке, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!

Құрметпен, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков
Әрі қарай

Астана көлік кептелісімен күреседі

Астана жаңалықтары: Астана көлік кептелісімен күреседі
Бұл аптаның ортасында елордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы мен ЭКСПО көрмесі мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Мемлекет басшысы келесі жылы Астанада бүкіләлемдік халықаралық ЭКСПО көрмесі өтетіндігін, оған барлық мемлекеттік орталық органдар, ұлттық компаниялар, даму институттары атсалысып жатқандығын баса айтты. «Бүкіл ел болып халықаралық көрмені күш салып, жоғары деңгейде өткізуіміз қажет», — деді Н.Назарбаев.

Бұдан бөлек, Президент шаһардағы көлік мәселесіне тоқталып, көлік кептелістерін шешуді тапсырды. «Қазірдің өзінде қалада көлік кептелісі қалыпты жағдайға айналды. Мен оны күткен емеспін. Бұл мәселе пайда болды бізде. Енді осы бағытта жұмыс істеу керек. Егер қазір осы мәселені шешпесек, бірнеше жылдан соң, біздің қалада көліктік коллапс болады. Біздің елордада көлік қоятын орындардың мәселесі шешілмеген. Қоғамдық көліктерде электронды төлем жасау жүйесі жоқ. Жылдамырақ енгізу қажет. LRT құрылысы баяу жүруде», — деп атап өтті Н. Назарбаев.

Баяндама жасаған Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков алдағы жылдары елорданың архитектуралық келбеті жаңарады және жаңа елеулі ғимараттармен толыға түсетінін жеткізді. Әуежайдың жаңғыртылуы, теміржол вокзалы, Хореография академиясы, Әбу-Даби Плаза, Жасыл аудан тұрғын үй алабы, Ритс Карлтон қонақ үйі және өзге де нысандар салынады. Сонымен қатар ЭКСПО-2017 көрмесіне орай, 24 қонақ үй кешені және 15 мың орынға ЭКСПО қалашық тұрғызылады.

Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы құрылыс барысында балабақшалардың салынуын көзден таса қылмауды тапсырды. Себебі Астана балабақшамен қамту деңгейі бойынша соңғы орындарда тұр.

«Қыруар тұрғын үйлер пайдалануға беріліп жатыр. Бұл үйлердің төменгі қабаттарында балабақша бар ма? Мұнда барлық құрылыс компанияларының басшылары отыр, біз оларға қаражат береміз, несие береміз. Біз ол тұрғын үйлердің ішінде балабақша болуын қарастырып, талап қоюымыз керек. Зәулім ғимараттар салып керек емес. Үй құрылысына рұқсат берер кезде, олардың бірінші қабаттарында балабақша салынуы тиіс деген талап қойыңыздар. Барлық әлемде солай», — деді Н.Назарбаев.

Жиын барысында ЭКСПО-қалашығындағы Қазақстан павильонының қандай болатындығы айтылды.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының басшысы Ахметжан Есімовтің сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта Қазақстан павильонының тұжырымдамасы әзірленіп, бекітілді. Сфераның тақырыптың тұжырымдамасы «Болашақ энергиясы музейі» ретінде ұсынылған. 5 мың шаршы метр алаңды алып жатқан сфералық аймақ болады. Бірінде Қазақстанмен танысуға болса, екіншісі «Жасампаздық энергиясы» аймағы болып бөлінеді.

Павильонның бірінші бөлігінде Қазақстанның табиғаты, мәдениет мен тарихы, бүгіні мен болашағы ұсынылатын болады. Бұл жұмыс Мәдениет және спорт министрлігімен бірге жүргізілуде.

Ал «Жасампаздық энергиясы» аймағында отандық ғалымдардың «Жасыл экономика» тақырыбындағы үздік жобалары келушілер назарына ұсынылады. Жобаларды іріктеу жұмысымен Энергетика министрі айналысады.

«Өзіңіз мақұлдаған көрменің басты нысаны сфераның жұмыс құжаттамасы әзірлеушілер бізді сендіргендей 11 мамырда дайын болады. Содан кейін оны нақты жүзеге асыруға кірісеміз», — деді ол Елбасы Н.Назарбаевқа қарата.

inform.kz/kaz/article/2898603
Әрі қарай