Алтын емел қорығы

Жоңғар Алатауының батыс жағындағы Алтын Емел Ұлттық саябағы Қазақстандағы ең үлкен қорықтардың бірі. Аумағы 460,000 гектарға созылған қорықта жоғалу қаупі бар өсімдіктер мен жануарлардың түрлері сақталған. Осы жерде әдемілігі көз жауын алатын Ақтау тауларын және Қатутау тауларының тізбегін көруге болады екен.
Парк терреториясында Сақтардың б.з.д. 1 ғасырға жатқызылатын Бес шатыр қорғаны және б.з.д. XVI-XIV ғасырларға жатқызылатын ежелгі жартасқа салынған бейнелері бар Тамғалы тас тәрізді тарихи ескерткіштер бар. Олардың ең көнесі 16-14 б.з.д. ғас. жататын болса керек.

Әрі қарай

Батыс Алтай көріністері

Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое (Орталық кеңсе-үй-жайы Глубокое ауданының Риддер қаласында орналасқан) аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан. Батыс Алтай қорығының аудандастырылуы Оңтүстік-Cібір тау елдерінің Алтай провинциясына жатады. Қорықтың ландшафтық кешеніне Иванов (2800 м), Холзун (2500 м), Көксін (2300 м), Тигирецк (2300 м), Линейск (1600 м), Уба (2067 м), Үлбі (2000 м) жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады.
Қорықтың жануарлар дүниесін тайгалық жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер құрайды.
Құстар әлемі алдын ала алынған деректер бойынша 100 аса түрден тұрады. Олардың ішінде Қызыл кітапқа енгізілген: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.
Әрі қарай