Аңқау студент


Әзіл, қалжың, анекдот. Әрине, бұның бәрі жанға ерекше қуаныш, күлкі сыйлайтын әңгімелер. Алайда, кейбір анекдоттар бір қарағанда жәй күлкі үшін шығарылған дүниеге ұқсағанымен, дұрыстап ойланып қарасаң, астарында философиялық ой жатады. Менің қазіргі мақалама арқау болған осындай бір анекдот.

Бір кездері өмірде қой аузынан шөп алмас ең аңқау адам болыпты. Сол адамның аңқаулығын пайдаланып жұрт оны үнемі алдап кете беретін. Жұрттың қулығынан шаршаған әлігі Аңқау іштей өшігіп «Осы жұрт мені үнемі алдап кете береді. Ендеше неге мен де оларға солай жауап қайтармаймын» деп, біреуді алдамақ болады. Сөйтеп ақыры мақсатына жетеді. Өш алып айызы қанған Аңқау үйіне оралып:

— «Мен біреуді қатырып тұрып алдадым» деп, Жолдасына мақтанбасы бар ма.

— «Кімді алдадың?» дейді, Жолдасы оған таң қалған жүзімен.

— «Таксисті алдадым» деп еңсесін көтеріп кеп айтады.

— "Қалай алдадың" десе, әлігі Аңқау байғұс:

— «Ақшасын төлеп, бірақ мінбей кеттім» депті.

Бұдан кейін, бұл Аңқаудан асқан ақымақ жоқ шығар дерсіз. Бірақ қателесеcіз. Неге, өйткені ондайлар толып жүр. Олар көп жағдайда университеттер мен колледждерде жүреді. Яғни олар — аңқау студенттер.

Иә, иә. дәл өзі. Ата-анамыз үстіне көйлек алмаса да соңғы тиын тебеніне дейін беріп бізді оқытып жатыр. Ал кейбіреуіміз ата-анамызға масыл болмай, түске дейін оқып, түстен кейін жұмыс жасап, ақша тауып, бар жалақымызды оқудың ақшасына жұмсаймыз. Бірақ көбінесе сабағына салғырт қарайтындар, осы жұмыс жасап жүргендер. Бірақ олардың артықшылығы оқу ақысын уақытылы төлеп тұрады. Тек қана олар емес, бәріміз де ақшамызды кешікпей төлеуге тырысамыз. Қарызымыздан құтылғаннан кейін үстімізден ауыр жүк түскендей болады. Бірақ, бұл жерде тағы да «Бірақ» бар. Біздер әйтеуір университетке барымызды беріп жатырмыз, (тағы да) беріп жатырмыз. Оның ішінде заңдысы да бар, заңсызы да бар. Мұғалімге жәй «сыйлық» ретінде беретініміз де бар. Алайда, өзіміз не алып жатырмыз? Жалпы, университетке біз білім алу үшін, үйрену үшін келеміз. Бірақ сол білім бойымызға сіңіп жатыр ма? Әлде сол Аңқау кейіпкерімізге ұқсап, ақшасын төлеп, бірақ оқымай бәрін қатырып жүрміз бе? Осы хақында ойланайықшы. Бәрімізге белгілі, біздер (студенттер) қазір сессия деген майданды басымыздан кешіп жатырмыз. Тағы да сол өзін айлакер көрген Аңқаудың кейпіне еніп жатырмыз.
Әрі қарай

Білім, ілім

Үнді елінде өте даңқты музыкант болған екен. Даңқының жатқа тарағаны соншалық, шәкірті болуға көп жан құлшыныпты. Бір күні сол кісіге дәріс алуға екі кісі келіп, өтініш білдіреді. Бір кісі жарлы екен де, екіншісі бай екен.

«Менің алдыма келуге не себеп болды?»-деп сұрақ қойған ұстазға жарлы былай депті:
— Мен өмір бойы музыка үйренсем деп армандап келемін. Дәріс алуға ақшам болмай жүмыс істеп, міне бүгін келдім.
— Мен атақты музыкант болғым келеді сіз секілді. Осы уақытқа дейін мені ешкім түсіне қоймады, мүмкін сіздің дәрісіңізден кейін реті болар деп келіп тұрмын,- деген екен екінші кісі.
Содан ұстаз жарлыны он рупийге, байды жиырма рупиймен оқытуға келісім беріпті.

«Бұл қалай? Екеуіміздің алмақ дәрісіміз бірдей, менің музыкалық сауатым бар, неге мен екі есе төлеу керекпін?»-деп сұрапты ана кісі.

«Саған білім беру үшін мен екі есе күш жұмсаймын. Алдымен, санаңдағы қате білімді жоюым керек, содан соң орнына жаңа білім құюға күш саламын»-деген екен атақты музыкант.

Бұл әңгіменің пәлсапасы: Ұстаз алдына білемін деп емес, білгім келеді деп келмек керек.
Әрі қарай