Свеча немесе бала көңіл...

Әкесі бұны емірене иіскеп көрмепті, иіскеген де болар, тек иіскеген кезі бұның есінде жоқ. Қашан көрсең де түнеріп жүргені. Көп сөйлемейді, шешесі әзірлеп берген тамақты ішеді, содан кейін газет-журнал оқыған болады. Көбіне көк «Москвичіне» мініп алып, күнұзаққа жоқ болып кетеді. Әкесінің машинасына мінудің өзі арман. Аңда-саңда ауданға қонаққа я болмаса басқа да бір шаруалармен барған шешесімен ерген кездерде ғана мінеді.
Бекеннің әйтеуір осы машинаға құмартып тұратын әдеті бар. Кейй күндері әкесі тамақ ішіп отырған кездерде есігі жабық машинаны сыртынан сипалап жүргені. Терезесінен үңіліп, ішін қызықтайды. Өзінің әкесінің алдында рөлде отырғанын, ара-тұра әкесіне мақтаныш сезіммен қарап қоятынын ойша ғана елестететін…
Әрі қарай

Қырғыздарға алғыс!

"Қырғыздарға қазақтардың атынан алғыс!"-дегім келді де «бүкіл ұлттың атынан алғыс айтатын мен кіммін» деп ойлап осылай жаздым.
Қазақ эстрадасына соны леп әкелгендері үшін айтып жатырмын алғысымды.
"Қызыл өріктің" қырғыздардікі екенін білгенімді былай қойып, Сырым Исабаев деген әншінің орындап жүрген «Алдадың» әні де айыр қалпақты бауырларымыздікі екен.



Әрі қарай

Төле би және Моргана

Бұл жайлы қыста жазбақшы болғанмын,өз-өзінен ұмытылып кетіпті. Бүгін есіме қайдан сап ете қалғанын. Соншалықты керемет ештеңе де емес, бірақ жаза салайын.
Билер, шешендер жайлы кітаптардан Төле бидің(шатаспасам)мына бір билігі жайлы сіздерде оқыған шығарсыздар.
Бидің алдына бір балаға таласқан екі әйел шешім сұрап келеді.Екеуі де «бала менікі» деп бет бақтырмайды.Біреуі «бұл баланы мен тудым, бесіктегі жатқан шағында ұрлап кеткен еді. Бұны, пәлен (жауырын, жамбас, обшым пәлен деп алдым) жеріндегі алақандай қалынан таныдым» десе, екіншісі "Ұрлаған түгім жоқ, 9 ай көтеріп тапқан ұлым" десе керек.
Сонда Төле би қолына қылыш алып «Бұл баланы екеуіңе қақ бөліп берейін»деп, баланы қақ бөлмекші болады.Баланы 9 ай көтердім деген әйел бұл әрекетке міз бақпастан қарап тұрса, "ұрлаттып алдым" деген әйел«Ойбай-ай, қайда жүрсе де аман жүрсін.Шаппаңыз» деп жер тізерлеп отыра кетеді.Сөйтім би баланы өзінің заңды шешесіне қайтарып береді. Осыны алғаш оқығанымда (6-7 класс оқитын кезім)«Ата-бабамыздың асқан білімділігін-ай, шешімін таппастай мәселенің түйінін тамаша шеше білген екен» деп ойлағанмын.
Енді қыстағы оқиғаға келсек.Ерігіп отырып ағылшындар түсірген (шатаспасам) «Камелот» сериалын тамашалаған едім. Сол кинода да дәл осындай даумен келген екі адамға, осы іспеттес сынақ беріледі.Шешімді айтатын Утердің қызы Моргана.
Бұл билікті Төле би ешкімнен ұрламаған болар, бірақ та басқаларда ақымақ емес екен ғой.
Әрі қарай

Сәби жүрек

Бұл жазба қиын да бақытсыз не болмаса бақытты да тәтті өмір кешіп жатқан сәбилер жайлы емес. Кешелі бері «Еларнадан» беріле бастаған «Сәби жүрек» сериалы жайлы жеке пікірім. «Фильмнің режиссері кім, сценаристі кім?» (айтпақшы, композиторы Қуат Шілдебаев) деген сұрақтарға бұл жазбадан жауап таба алмайсыз. Бірақ, фильмнің бастауы сонау тоқсаныншы жылдардағы тоқырау кезеңдеріндегі балалар үйіндегі оқиғадан бастау алатыны жайлы мағлұмат бере аламын.
Опшым, барлық қазақ киносының басты мәселелері бұл телехикаяны да айналып өтпеген, айналып өткеніңіз не жер бауырлап жатып алған. Ол, дыбыстардың және дауыстардың жасандылығы.Әуелі орысша түсіріліп, үстінен кейін қазақша жаза салғанға ұқсайды.
Әрі қарай

Ақбота "Қызыл гүл" ме?

Ақбота Керімбекованың орындауында баяғыда тамаша бір ән болушы еді.Көше әні болуы керек шамасы. "Қызыл гүлім-ай, қызықтырдың-ай" деген жолдары бар. Соның өзгертілген түрін құлағым шалып қалған.Әлгі әнде "Қызыл гүлмін-ай, қызықтырдым-ай, аппақ гүлмін-ай, ардақтымын-ай" деп айтылады.
Жас әншілердің бірі бұрмалап айтып жүрген болар деп қатты да мән бермеген едім. Сөйтсем, осылай орындап жүрген Ақботаның өзі екен. Сіздер не дейсіздер?

Суретке сілтеме
Әрі қарай

Тостаған төс

Шіліңгір шілденің шыжыған күнінің аяғын ала бере, екеуі ауыл шетіндегі өзеннің жағасына келіп отырды. Дәлірегін айтқанда шашын бір жақ иығынан алдына асыра салған Маржан отыр да, Ерлан екі қолын желкесіне қойып шалқасынан жатыр. Екеуі де биыл мектеп бітіріп, қалаған оқуларына түсті. Бұларды қинап тұрған бір ғана жайт екеуінің екі қалаға оқуға түсулері ғана. Қыздың арқа тұсынан көз салып отырған жігіт, оның самал желмен жай ғана желбіреген шашының исін жұтып-жұтып алғысы келгендей кеудесін кере демалды. Қыздың ақ көйлегінің астынан төстартқышы анық көрініп тұр. Бұл екеуі төстеріне төстерін тигізіп билегендері болмаса, бірер мәрте сүйіскендері болмаса, көп қыдырмаған да еді.
-Маржан, енді екеуміз екі қалада оқимыз. Демалыс кезінде ауылда кездесіп отырамыз десек те, екеуміздің арамыздағы сезімнің өршу-өршімеуі белгісіз. Сенің ана жақта біреуді ұнатып қалуың, менің де басқа қызға сезімім оянуы мүмкін. Сен қалай ойлайсың?
-Ерла(қыз оны неге екенін кім білсін, бірінші рет осылай атады), бір-бірін күту деген жетпісінші-сексенінші жылғы кітаптардың кейіпкерлерінде ғана бар болар бұл өмірде. Ештеңеге кепілдік бере алмаймыз.
Жігіт басын көтеріп, жайғаса отырып, қызды қапсыра құшақтады.
-Олай болса маған төсіңді көрсетші…
Әрі қарай

Түс көрмеу

Мойынға асып тірліктің тар қамытын
Ұмыттық-ау келер сәтін шабыттың
Шаршап келіп ұйықтаған соң талықсып
Түс көруді ұмытып та қалыппын.

Бір жағымда жатқаннан соң сүйгенім
Түс көрмейтін қазір достар күйдемін
Өзге жанның атын айтсам түс көріп
Ренжіп қалар қалап алған үйдегім

Өз-өзімді жатам солай бақылап
Аппақ таңдар алға қарай шақырад
Жалаңаш қыз түгілі түсіме
Кірмейд қазір қотыр ат пен соқыр ат

Беталды түс көруді қойыңдар…
Әрі қарай

Айт туралы ешкім айтпай ма?

Кеше күн ұзақ жолда болдым да ешкімнің үйіне айттап кіре алмадым шыны керек. «Керекке » де бас сұға алмадым. Қолым сәл босай қалған кезде, ақтарып отырып «Ораза айты» жайында ешкімнің жазбағанын байқағандаймын.
Ораза айттарыңыз қабыл болсын!
Әрі қарай

Пойыздағы бір түн

"Қарағанды-Жезқазған" бағытындағы пойыздың ең соңғы бүйірінде "Қарағанды-Қаражал«деген жазуы бар екі вагонының біріне отырдық.Себебі, осы екі вагонды кейін басқа теплавозға тіркеп көздеген жерімізге жеткізеді. Плацкарт вагон. Орыннан шатасып кеткен жандар, билет бойынша орналасып, я болмаса „мына жерде таныстарым бар екен, орын ауыстырып алайықшы“ деп жүрген жандар. Ораза бітуге екі күн қалған кез. Маған қарама қарсы бір келіншек отыр. Ауызашатын мезгілде қолын жайып бата қылды. Өзімізді мұсылман санап жүргендіктен біз де қарап қалмай қол жайдық. Ана келіншек батаны ұзақ қайырды екен.Менің ішім пыса бастады. Келіншек еріні жыбырлап тоқтар емес, бір кезде дұғасын ұмытып қалды ма еріндері жыбырламай қалды. Есіне түскен болуы керек, тағы бірер минөт бірдеңелерін оқып, ақыры бетін сипады-ау.Бала кезімнен ауызашар уақытта дұға жасаған кісілерді көріп жүрмін, дәл мынандай ұзақ ниеттенген жанды бірінші көруім. Алла қабыл қылсын!
Әрі қарай

Мен деп ойла...

… Алыстап кеттік расында
Суынып кетті-ау сезімдер
Сен мені қарсы аласың ба
Аулыңа барған кезімде…
Иә, бұлардың арасы алшақтап бара жатқандай. Сезімдер соншама суынып үлгермесе де кей кезде бойларынан бір салқындық байқалатындай. Екеуі бір-бірін сүйіп –ақ қосылған. Неге екені екеуіне де белгісіз болар бірақ соңғы ұрыстары біраз нәрсенің бетін ашқандай. Бір сынған айнаны қайта құрағанмен оның бетінен жарық іздерін алып тастай алмайсың. Екеуінің екі жақта бір-бірінен жасырып жүрген адамдары да жоқ. Бірақ, араларында бір салқындықтың бары шын сезілгендей. Ортада кішкентай бала да бар.әзірге бұларды ешқайда жібермей тұрған сол ғана секілді. Бұның осынау өмірдің әділетсіздіктерін көріп қатты қажыған кезде, немесе ағайын-туыстың арасында жүретін сыпсың сөздерден шаршаған кезде келіншегінен қандайда бір қолдау күтетіні анық. Әйелдің аты әйел. Кейде сол әйелдігіне басып, онсызда жаны жүдеп жүрген байғұстың миын миқұрша жейтіні бар. Негізі ақылсыз емес еді. Оған да не көрінгені белгісіз. Екеуі де періште емес қой.
Әрі қарай