Ит адамның досы ғой, талас бар ма...

Әбіләкімнің  ауылы: Ит адамның досы ғой, талас бар ма...
Ит адамның досы ғой, талас бар ма
Ортамыздан хақың жоқ аластауға
Компасың боп үйіңе алып келер
Борандарда, түндерде адасқанда- деп басталатын Свет Оразаев атты ақынның өлеңі болушы еді.
Алыпсоқ
Мен де барлық ер балалар секілді күшік асырағанды ұнататынмын. Мен бірінші класқа барған жылы аудан орталығындағы ағамыз овчарка күшігін әкеліп берді. көзінің үстінде екі сарғыш ноқаты бар әдемі төрткөз күшікке «Алыпсоқ» деп ат қойдым. Маңайдағы күшіктерді алып соқсын деген ниетпен. Алыпсоқ үлкен, әдемі ит болып өсті. Кейінірек әлгі ағам мал ұстағандықтан үлкен, сақ ит керек деген соң Алыпсоқты беріп жібердік. Ит қанша жасайтынын біле алмадым. Өздерінше жыл қайыруларымен нешеге келгенін қайдам, мен әскерге кеткенде ағамның ауласында шынжырын сүйретіп жүргені есімде. Басы ғана қалыпты байғұстың. Күзетуден де қалыпты, алдындағы асын әрең ішетін.Ағам атуға аяп, машинасының артына салып алып басқа жаққа апарып тастасада қайтып келіп жүрді. Мен әскерден келетін жылы бір көршісі атып тастапты, кімнің өтініші екенін…
Көкқасқа
7-8 оқитын кезімде Көкқасқа атты төбеттектес күшігім болды.Тазыдан туған(тазының да тазалығына күмәнім бар).Ерекше күтім көрсеттім бұл итке. еркелеткенде терісін жүннің ығына кері қарай сипап өсірдім. Бетті ит болып өсті. Маңайдағы күшіктерді талап өскен неме ит болған соң тіпті құтырды.Көрші Ербол деген баланың иттері өмір бойы менің иттерімді талап кететін.ол үйде 5 ит болса бесеуі де ұйымшыл болушы еді. Маған біткен иттерді күшігінен талап бетін қайтаратын. сол ерболдың бар иті талап жатқанда қыңсылауды білмейтін. Көзі қызарып, желкесін күжірейтіп әлі жетілмеген азуын көрсете айбат шегетін. Ерболдың қасқыр алған Ақдауылынан да ықпайтын. Бір-екі қар басқан соң ауылды аралап кететінді шығарды.Мал сойған үйдің бар жылы-жұмсағын жеп, сол үйдің иттерін талап кетіп жүрді.Ит тойған жеріне деген сол дағы… Кейін біреу атып тастады ма жоқ болып кетті. «Тау жақтан ит пе қасқырма бірдеңе көрдік» дейтіндердің сөзіне елең ете қалатынмын. Көкқасқа қайтып келе ме екен деп…
Құмай
«Жаман иттің аты Бөрібасар»-демекші бұл аты айтып тұрғандай құмай тазы емес еді. кзет мақсатында қойылған дүбара ит. Бірақ маған қатты берілген ит еді. көршінің иттерімен қосылып өз тауықтарымызды жеп кететін. Бұл итті жазып отырған себебім бар. Мылтықты итке қарата көтеруім осы Құмайдан басталады. Атқа ерітіп, алысқа апарып атайын десе ағаларыма атқызбай қашып кетіп отырған. Ал, кезек маған келгенде Құмай қашпады. көзін жұмбастан маған қарап тұрды.Керісінше мен көзімді жұмып аттым ғой деймін. Тілі салақтап қисая құлап бара жатқандағы көзі көпке дейін көз алдымнан кетпей жүрді…
Әрі қарай

Нағашыңмен қалайсың?!

Жігіттің үш жұртының бірі осы нағашы жұрты. «Жігіт жақсысы нағашыдан» деп айтып жатамыз. Бірақ үйге келген қонақтар «Балаң нағашысына тартқан ба?» десе намыстанамыз. Баламыздың жаман қылығын көрсек «Нағашысына тартқан жаман неме!»деп сөгеміз. Сіз өз нағашыңызбен қалайсыз, балаңыз ше?
Әрі қарай

Рояль

Әбіләкімнің  ауылы: Рояль
Мектепте қазақ тілі деген пән бар ғой.Сол сабақтың үй тапсырмаларының бірінде «рояль» сөзіне сөйлем құраңыз депті. сөйлем құраудан алдыма жан салмаймын ғой мен деген. Ойланбастан "Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті" деп жаздым.Тура осылай роялді тырнақшаға алмастан жаздым. ертесіне Дәмегүл мұғалім тапсырмаларды тексеріп жатыр.Аталған сөзге ешкім сөйлем құрай алмапты. Қолымды шошаңдатып" мен құрадым" дедім.
-Оқи ғой.
-Үйге келген қонақтар бір роялді бөліп ішті.Мұғалімнің түрінен күлкісін тежеп қалғаны білінді.
-Рояль деген не, білесің бе?
-Білем, арақ қой.Біздің үйде сервантта тұр.
-Ондай арақ бар болса бар шығар, бірақ рояль деген музыкалық аспап.Пианиноның үлкен түрі.
Міне, менің рояльмен алғашқы таныстығым осылай басталған.
Әбіләкімнің  ауылы: Рояль
Әрі қарай

Естеріңде ме?

Тоқсаныншы жылдардың орта шені. Қазақтар арақты қолдан жасап жүрген кезтұғын.Сол кезде көктен түскен Исадай пластмасса бөтелкедегі қытай арақтары шыға бастады. Осы арақты зиян дегендер көп, бірақ уланып өлген адамды көрмедім.
Әрі қарай

Орын беру

Әбіләкімнің  ауылы: Орын беру
Қоғамдық көлікке мінбейтін қазақ кемде-кем. Әдетте автобустың алдыңғы жағы қатын-қалаш, кемпір -шалдардікі, артқы жағы жастардікі. Таңғы уақытта студенттер оқуға, басқалар жұмысқа бара жатады.Кемпір-шалдарға не жоқ! Бұлар қайда бара жатады екен? Бұларда жұмысқа бара жатады. кей жас орын береді, кейбірі бере қоймайды. Өз кезегінде бұлар жастарға орын беріп жатыр ма? Қаншама жастар дипломын сарғайтып жұмыссыз жүр. Бұрыннан отырып алған бөлімдерінен не кетпейді не жұмысты жарытып істемейді. Компьютерден еш хабарлары жоқ. Бірак алдарында тур. Жастарды сөгуге құмар көбінің.Мемлекеттің бюджетін үнемдеудің жолын қарастырып жүргендер қайда қарайды екен. Зейнет жасына келіп қызметін сақтап қалған зейнеткерлер зейнетақысын, сыйақысын, жалақысын алып жатыр. Осының бәрі ақшаны бос шашу секілді болып көрінеді. Жұмыс істегісі келе ме, кетсін жеке фирмаларға басқа жерлерге.Бюджеттік салада жүріп не керек. Түсінем, тәжірибесі бар, ақыл айта алатын, жол көрсететін бір-екеуін қалдыруға болады.Бірақ топырлатып қалдыра берудің пайдасы бар ма елімізге.
Әрі қарай

Балалы келіншек...

Әбіләкімнің  ауылы: Балалы келіншек...

Қайсібір жылы екені есімде жоқ. Ауылдан ағамның баласы келді. Мектепке бармаған кезі. Зоопаркке апардым.Саябаққа апарып карусель-маруселдерге отырғызып жүргенмін. Очм, бір ойын алаңында інім қатарлы бала еріткен қызды байқадым. Жас шамасы өзіміз қатарлы.әдемілігі сонша бір-екі рет жұтынып алғанымды өзімде сездім.Балаларды ойын алаңына кіргізіп жіберген соң әңгіме бастадым.
-Бауырыңыз ба?
-Жоқ, ұлым ғой.
-Ммм, күйеуіңіздің жұмсыта болғаны ғой
-Жолдасым жоқ,өзіміз тұрамыз…
-Біздікінің де «мамасы» жоқ…
Әрі қарай