Сүйісіп болды
Ауылдан әжем келді. Осы кісілердің қолында өскендіктен «Мама» деп атап кеткенмін ғой бала кезден. «Осы күні телебзірден түк көрсетпейді?» дей отырып үйдегі көпшіліктің шешімімен «Денизбен» тоқтаттық канал айналдыруды. Шәй үстінде әр нені айтысып отырдық. Бір кезде кинодағы қыз бен жігіт сүйісті. Мамам «Баяғыда, 3-4 жасыңда кино көріп отырғанда сүйісетін көріністерде көзіңді жұма қалып, үйдегілерге көздеріңді жұмыңдар, сүйісіп жатыр»,- деп айқайлайтынсың.«Көздеріңді ашыңдар, сүйісіп болды»-деп шамалыдан кейін көзіңді ашатынсың" деп күліп еске алып жатыр.
Менің де есімде сондай бір бейәдеп көріністер көрсетілсе бөлмеден шығып кететінбіз. Сол кино біткенше ана бөлмеге аяқ баспайсың ғой. Қазір ауылдағы ағамның балалары (жалпы көп елдің балалары) үлкендермен отырып көре беретін болды ғой бұндайларды. Оған етіміз де бетіміз де үйреніп алды.
Бала кезімде сүйісіп жатқандарды көргенде бөлмеден шығып кетсем де соның соншалықты жаман нәрсе емес екенін түйсінетін ем. Кейін үйленгенсін сүйісуден де жақсы нәрселер бар екенін білдік қой)))
Суретке сілтеме
Әрі қарай
Менің де есімде сондай бір бейәдеп көріністер көрсетілсе бөлмеден шығып кететінбіз. Сол кино біткенше ана бөлмеге аяқ баспайсың ғой. Қазір ауылдағы ағамның балалары (жалпы көп елдің балалары) үлкендермен отырып көре беретін болды ғой бұндайларды. Оған етіміз де бетіміз де үйреніп алды.Бала кезімде сүйісіп жатқандарды көргенде бөлмеден шығып кетсем де соның соншалықты жаман нәрсе емес екенін түйсінетін ем. Кейін үйленгенсін сүйісуден де жақсы нәрселер бар екенін білдік қой)))
Суретке сілтеме



Сол шаңғыны 7-ші класқа дейін тепкен болармын. Теледидардан көргенімді істемек болып, төбешіктің орта тұсына фанерді бір шетін көтеріңкіреп қойып қоятынмын. Әлгінің бетін қар басқанда кәдімгідей секіріп қызықтаушы едім. Көрші Ербол атты бала екеуміз тауға да шығатынбыз шаңғыларымызды сүйретіп.Талтаңдап шығып, жүйіткіп түсуші едік.Шаңғымен жүгіру, анау-мынау жүрістерін меңгеру дегенді ешкім үйретпепті, солай білмей кеттік қой.