Deprecated: Function get_magic_quotes_gpc() is deprecated in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/classes/engine/Engine.class.php on line 241
Deprecated: The each() function is deprecated. This message will be suppressed on further calls in /var/www/vhosts/oho.kz/kerekinfo.kz/framework/libs/vendor/DklabCache/Zend/Cache/Backend.php on line 68 Мақұл, қүтейік! / Блог - Ahi / КерекИнфо
Мақұл, қүтейік!
Қүте тұрыңыз дейді, мақұл, не істейміз енді?! Ақша керек болғасын амал жоқ қүтесің!
Осы банкоматтардағы «сіздің», "өзіңіздің" деген сөздерді орынды-орынсыз тықпалай беретіні ұнамайды. Екінші суреттегі экранда босқа орын алып тұр. Мысалы, «Операцияңыз орындалуда» десе де түсінікті еді. Казкомның банкоматындағы "Өзіңіздің карточкаңызды қайтып алыңыз" деген сөзге қаным қайнайды, какбұтта менің карточкамды басқа біреулердің карточкаларымен бірге шығарып беріп тұрғандай.
"Қаражата" деген сөзде «Доступные средства» деген тіркестегі соңғы әріп аудармашы тарапынан өшірілмей қалған болса керек. Казкомда «Доступная сумма» — «Алуға болатын сома» деп түсініктірек аударған. Бірақ онда да қателер өріп жүреді :))