"Шалдың" соңғы киносы немесе "Әліпмұратова, туған күніңмен!"

✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ Арнайы "Үздік кино сыншысы" сайысы үшін... ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰ ✰
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!
Мен бұл киноны өткен жылы көрген едім. Иә… қайдағы бір үндінің қара домалақ баласына қол шапалақтап, тағы да арқасынан қағуға тура келді. Shah Rukh Khan-ның да тоқтайтын түрі жоқ. Әдетте, адам баласы өмірдің кез келген саласында даму немесе құлдырауға ұшырап отырады. Жоқ, бұл ғылымдық тұжырымдама емес. АИ-92 бензині таусылып, бағасы қымбаттаған тұсын сіз де даму деп, ауыз толтырып KFC мен дөнер опырған күйде де айта алмайсыз. Біліп отырмын, сіз бұл киноны көрген де боларсыз. Алайда бұл кино турасында pseudosмұғалімдердің «сүйкімсіз сүйікті» газетіне айналған «ЕҚ», Алаштың қарт-сарт-жөйттері жиналған «ЖА», елу теңгелік "ҚӘ", т.б. БОҚ өкілдері материал ұсынбағандықтан, осы сайыстың арқасында pseudosрецензия жазуды жөн көріп отырмын.
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!Киноның жанрыжылайтын кино. Алайда драмалық туындылар әрдайым жылата бермейді. Режиссері Yash Raj Chopra 2012 жылы киноның премьерасынан екі апта бұрын қата қалған. Сценариін баласы Aditya мен New Delhi-де 79-дармен бірге оқыған Devika Bhagat жазған. Композиторы — қара торы мұжық A.R. Rahman. Киноның бюжеті дейсіз бе? Оой-й, бұл кино сұмдық ашқа жинаған енді… Оой-й!.. Bollywood-тағы кино орталықтың бас есепші-экономисінің өзі ішіп кеткен деседі үндінің Hollywood-қа жалданған техник-програмис алқаштары.

Оқиғаның басы

Үндінің тағы бір тамаша киносында («Rab Ne Bana Di Jodi») Shah Rukh Khan-мен бірге ойнаған Anushka Sharma (Akira) суға батып кетеді. Бейшара жүзе алмайды екен. Бұл сормаңдайды Samar Anand (өзіміздің Shah Rukh Khan) құтқарып, күртесін үстіне жауып, өз жөнімен кетіп қалады. Қасқа Discovery Channel-дің журигі танысы Әржүнімен (Arjun) телефонмен сөйлесіп болған соң әрі жүр деп, үстіндегі күртесін лақтыра салады. Сол кезде… Блокнотты «иә, Будда!» деп ашып оқыған соң, екінші бір оқиға басталады. Мұның да кино саласында өз термині бар. patick пен qisyq -тың «жанына» жақын сөз болса керек.
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!

Оқиғаның байланысы

Сантехниктің қуанышы бір жартысы біткенше, көше «Potter-інің» қуанышы бір бұтақтан екінші бұтаққа жеткенше. Samar шіркеу алдында қар тазалап жүрген кезінде Mira-ны байқап қалады да, басын шайқап қалады. Mira-ң да анау-мынау емес, бір байдың қызы. Оның әкесінің де өз оқиғасы жетіп жатыр. Режиссер өзінің қата қалатынын алдын-ала білді ме, әйтеуір, киноны ұзағынан түсірген. Кино өмірі де ұзағынан болатыны белгілі. Киноның кәйпін осы Mira рөліндегі Katrina Kaif келтіреді, анандиіңдісс.
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!

«Бетіңе айтайын, сен еркек емессің, Дайрабай!»

«Сен бақытсызсың. Сенің мына үтікке күйген саусағыңа түріктердің алтынынан сақина салған кезде көздерің басқа жақта, ойың басқа бір жақта болды». — Мен үш кредитті қалай жауып, қорадан қашан шығатынымды ойладым нақ!
Осыған ұқсас диалогтан соң екеуі "қайыршылардың" орталығында кездеседі. Mira ана тілде ән шырқауды үйрет деп қолқа салады, Samar болса ағылшын тілін үйретші-ей дейді. Сөйтіп, дайындықтан соң кешкі жын-ойнаққа барады. Қайтарда метрода Samar Borjomi-дің қымбаттап кеткендігін қыздың есіне салып, ернінен шөлп еткізіп сүйіп алады. Марқұм режиссер шал болса да, жүрегінде жастықтың оты жалындап тұрған екен. Қызда ес жоқ, бизнесінің бәрі наққа кетеді. Қазақтың бейшара студенттері сабақ үстінде Whats App, VKontakte, Facebook «желімдерін» қолданып, виртуалды әлемнің кеңістігіне қош келсе, Mira виртуалды түрде ішкі сезімінің гармоналдық жүйесін қалыпқа келтіре алмай, өзін неқош сезінеді.
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!

Киноның кілті

Үндінің қара домалақ сантехнигіне күйеуге шықпаймын деп өскен Mira христиан дінін ұстанады. Ал Лондонда әр жұмыстың басын бір шалып жүрген қаңғыбас Samar-ға дін жағынан бәрібір сияқты. Міне, екеуі шіркеуге келіп, қыз да қылық шығарады. «О, үндінің қара домалақ баласы, мына картинаның алдында екеуміз тек дос боламыз деп уәделесейікші! О-о...» дегеніне «жындысың ба?» сөзінен басқа не айтуға болады?! Қазақтың қолжетімсіз он бес кітабы отыз мың теңге тұратын бейшара түсіндірме сөздігінде бар ме екен сондай сөз?! Ақыры, қыз уәденің ырымын жасайды. Біздің жұртта да уәде жасаудың неше түрі бар: а) Тойға дейін «болмайды»; ә) алтын-күміс жалатылған ыдыс-аяқтың қанша наборы сынса да, наққа кетпейміз. Осы екеуінің өзі мен үшін жетіп жатыр. Нәтижесінде бұттан кеткен қаншама "қызды" көрдік, түсік жасату теорияларын қазақ ғылымында «жақсы» қалыптастырып жатыр. Жұма күні қосылған жұптар сенбі-жексенбі күні (екі күн демалыста) «төбелесіп», дүйсенбі күні арыздары сот төрапасының үстелінің үстінде жатқанын да «Сіңгірдім News» пен «24 сағат бойы езет», т.б. БОҚ Media агенттіктері жарыса жазып жүр.
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!

«Bollywood былжырағы»

Екеуі (Mira-ның) шешесіне жолығуға барады. Байғұс ана кезінде жанұясынан безіп кеткен екен. Себебі бір: бөтен еркекті қосылмаса өлердей сүйеді екен. Bollywood-тың көптеген киноларында осы «идеология» жүйеге түскен. «Сүймейсің бе, лақтырып кет!» & «Сүйсең айрылма, арқан ескен боғыңмен бірге жабысып ал!»  Есі дұрыс адам өзі ұнататын жанға қосылады ғой. Бүйтем де сөйтем деп түрлі ой-қиялын іске асыруға ұмтылады.

Шешенің тағдырын қызы да қайталайтыны бар ғой. Mira-ның шешесі Қымыранға ғашық болған. Мына қасқа қыз да Samar-дан кетәрі емес. Дегенмен, сегіз жылдай өзі сүймейтін, бірақ соның белінен Mira-жанды туған байын (тура және сәл-пәл қисық мағынасында) лақтырып кетеді. Қымыран сегіз жыл бойы кезегін күтті деп мақтанады әлі. Қымыранға қойған шарты: үйленбейміз, енді бізге баланың қажеті жоқ, жәй ғана бірге тамақтанып, бірге ұйықтайтын боламыз, «басқа ештеңе жасамаймыз».  Әлбетте, қазіргі қазақ жастарына да бұл «идеология» өтімді. «Ээ, дабай үйленбей-ақ қояйық, бірге тұрсақ болды емес пе!? Мен сені, сен мені сүйесің. Кейін бір күнде қата қаламыз. Хәзәйкіге де бірге ақша шығарсақ, бізге де жеңіл болады».  80 жасында соңғы пәлсапа киносын түсірген марқұм шалдың айтпағы мынау болған сияқты: Үндістанда қара табандар өте көп. Халық санын есептесең, акция өткізудің әкелер пайдасы нөлге тең. Міне, сондықтан қосылған жұптар «будандасуға» ұшырамаса, нәтижесінде «сұрыптаудың» да қажеті жоқ. Иә, өзімнің ойым ғой.
Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!

Тартыс кезеңі

Қызымыз ақыры шыдамай, сезіміне қарсы тұра алмайды. Кедей Samar-ға да бұл қыз «бақ қыз». Христосына берген уәдесін бұзғандықтан, жігітті көлік қаққан «мұғжизасы» қыздың ішкі дүниесін алай-дүлей қып, мүжіп жібереді. Жыларман қыз төрт аяқтап болса да «дұғасын» оқиды. Ертеңіне Сәмекең жұрт бас сұға бермейтін әлгі шіркеуге барып, иконаға әңгімесін айтады. Samar кедей болса да, намысы бар ер екен. «Сен менің махаббатымды тартып алдың. Енді мен оның жүрегінен саған деген сенімін өшіремін. Қасқайып қалған қыз маған қосылса, мені қата қалады деп ойлайды. Сорлы неме! Қазір үш минуттан соң ажалмен „азаматтық некеге“ тұратын боламын». Aditya-ның да жазбайтыны жоқ, драматургияңдысс. Киноның тартысы осы сәттен бастау алып, бірінші бөлімі де аяқталады.

Коллизиядан соң немесе екінші бөлімнің оқиғасы

 Әдіре қалғыр киноның екінші бөлімі де ұзағынан сүйіндірген. Көк тігілгір, көріп отыра берсеңіз, бұтқа жіберуіңіз де соғұрлым тезірек жүзеге асады. Екінші бөлімді тәптіштеп жазайын деп отырған мен жоқ. Коллизиядан соң...

Киноның тартысы Samar-дың әскерлік қызметіне құралған сюжеттердің жүйесімен өтеді. Мұжықтың блокнотында киноның бірінші бөлімі жазылған. Әлгі Akira деген журик қыз Samar-дың биографиясына репортаж жасап, оны «Буратино» балдырған-киносында түлкіге ұқсап қалған Түйметеймен бірге feat жазып жүрген Лепістің «кетіп қаламын нақ!» деп құлақтан тепкен әнінде айтылған Лондонға шақырады.«Бармаймын нақ!» Бұл — суға салса жүзетін, отқа салса күйіп кететін қартайған Samar-дың сөзі.

… Лондонға барған Samar-ды тағы да көлік қағады. Медицинада қалай аталатынын білмеймін, білім базасы соңғы «обновлениені» жүктеген инсандар білетін шығар. Samar он жыл бұрынғы өміріне қайта оралады да, қазіргі өмірді сүріп жатқанын ұмытып қалады. Міне, көрдіңіз бе, терминді білмеген соң, сөйлемді де ноқалай ноқат боп дұрыс құрай алмай отырмын. Akira мен Samar-дың зайыбы шығып, Mira-ға төмендегі мына сөздерді жоғары екпінмен айтады:

Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!Киностан: Шалдың соңғы киносы немесе Әліпмұратова, туған күніңмен!Akira: «Наным-сеніміңді айтып, қайтадан зайыпты шығара бастадың ба? Сенің оның тірі жүруін дұғаң арқылы сұрағаныңнан бұтақ та пайда жоқ. Оның қазіргі жүрісі — тірі өлік. Сенің әлгі сыйынатының, бәлкім, саған: „Жетер енді! Ләйімсіп жүре бермей тезірек байға кет!“ — дейтін шығар, ә!? О несі-ей!»

Samar: «Ал, мен кеттім ал! Мына сыйынып жүрген пұтыңнан пайда жоқ. Не мені ақыры өлтіріп тынып, солай жеңіске жетеді, болмаса жеңіліс тауып, сені маған қайтарады да, көтін қысады».

The End

Енді не болады екен деп қызығыңыздың кәйпі тыйылмай қалады. Әдетте, үнді киноларында басты кейіпкерлер қосылып жатады. Мұнда да режиссердің интригасы сәтті шықты.
Ақ көйлекті, емшекті, нәзік жан-ды,
Соқыр емес, мылқау боп келіп қалды.
Үсті-басы оғоғоу, түсі кәйіп,
Ақыры…
Samar-ға қатын болып тиіп алды.
Сонымен Mira құдайының Samar-ды өзі үшін сақтап жүргенін түсінеді. Марқұм насыбай атып көрмеген шалдың да интригасы бітпейді. Сэр деп бір үндің селк еткізеді. Соңғы бомбасын өшіруі керек. Мен сол сәтте оны қата қалатын шығар деп ойлағам. Киноның сол эпизоды сондай қиялға жұлқып әкетеді. Бірақ, шүкір, кейіпкеріміз өлмей, әлгі журик қыздың жасаған репортажы Discovery Channel-дің орталығында көрсетіліп, кино журиктердің қол шапалақтауымен аяқталады. Жалпы, киноның месежі өте көп. Шалың бұл киноны бұрынғыдай емес, күрделі түсірген. patick -тер білмесе, мен сияқты «шәйнектер» түсіне бермейді. Журиктерге "өздерің еңбектеніңдер, ұрламаңдар нақ!" деген месежді киномыз соңғы эпизодында тегін жеткізіп отыр.

Бұл киноның биі де, soundtrack-тері де — бәрі де "өрт". Жазған блогымды оқып болсаңыз, мына төменде берілген осы киноның трэктерін жүктеп алып, тыңдай көріңіз...
P.S. Сайысты ұйымдастырған кісілер блогымды оқиды деп үміттенемін. Себебі бізде таң сағат алтыда атады. Ал түнгі он екіден кейінгі шисло сегізі болғанымен, күн шықпайынша сегізі күні араласатын күйбең-тірлікке қойыма да араласа алмайсың. Шабыт жиілігін де қалпына келтіріп, жүйеге түсірумен-ақ уақыт өтті.
P.P.S. Осы сайыстың себебін пайдалана отырып, бапасының қызы болған Әліпмұратова Назымды туған күнімен шын көңілден құттықтаймын! Өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Арман-мақсаттарыңа амандықта жете бер! Жұрттың айтқан ізгі тілектеріне мен де қосыламын. Болашағың берекелі болсын! Осы мен жазған киноның аты айтып тұрғандай, тірі кезіңде өмір сүр, параллельді қиял әлеміне тым алыс самғап кетпе, тіршілігіңді жаса!  Осы сайыстың жеңімпазына бұйыратын сыйлық — Samsung HT-H5550K үй кинотеатры. Сонымен қатар HW-H550 саундбары да бар екен. Саундбардың не екенін білмейді екенмін.  Осы сыйлықты жеңіп алсам, сенің туған күніңе орай саған сыйға тарту етер едім. Бапаңмен бірге кино көрерсің деген сондай бір қызық ниетпен.
bk
Бөлісу:

35 пікір

zholantai
Болливуд өнімдерін жаратпаймын,
qonyrbai
 Маған күрдтердің киносы болса да жарай береді. Бастысы, киноның айтатыны, катарсис қылатын сюжеті болса жетіп жатыр. Қазақ киносының айналасында жиналған негатив мөлшері шектен асқандықтан, қазақтың қай киносын жазатынымды да білмедім.
qonyrbai
Жұртыма рақмет! Лайк басқандықтан, рейтиңгім көтеріліп, енді мен де өзгенің жазбасына, пікіріне лайк баса аламын. Арманыма жеттім-ау!
Gastarbaiter
Жақсы тұсы:
1) Баяндауда басқалардан ерекшелеу тәсілді сынап көруің
2) Динамика беруге тырысқаның
3) Саундтректер

Жақсартуға болатын тұсы:
1) Қанша дегенмен, рецензия деген өзінің бір нормалары, ережелері бар жанр. Танысып алған артық болмас еді.
2) Фильм өзіңе жалпы толық ұнағанын бірден айтпауға тырыс. Интрига құриды. Бірақ, әп дегеннен, неге бұл фильмге назар аударғаныңды екшеп отырсаң, оқырманда аз-мұз түсінік пайда болады. Түсінік беру жақсы, картаңның бәрін бірден ашып тастау — жаман.
3) Ақпаратты жалпыдан жалқыға, не жалқыдан жалпыға қарай сатылап беріп көр келесіде. Сонда бір ағымы пайда болады, киноталдауыңның. Яғни, кәдімгі қой сойып жатқандай рет ретімен трепанация жасап көр.
4) Есіңе түскен эпизодтарды ккелтірудің әлбетте қажет кездері болады, бірақ киноның басты, яғни маңызды бөліктерін оқырманға аша беруден аулақ бол. Жұрттың кайфын бұзба. (Спойлер дегенмен танысып ал)
5) Қателерін бір қарап өт.
6) Тым көп аллегория, теңеу, жол жөнекей ойыңа келіп қалған тематикалық әзілдер мен параллель образдарды тақырып басқаларға аз-кем таныс, не тіпті толық таныс болған кезде қолданған дұрыс. Қалған жағдайда, адамның түсінуін одан сайын қиындатады. Мәселен, мұндағылардың барлығы Болливуд актерлерін жатқа білмейді, сондықтан жеке маған, мына рецензияңның толық кайфын, әзілін түсіну үшін фильмді алдымен көріп алу керек, сосын сенің рецензияңды оқуым керек сияқты әсер тудырды. Демек, бұл әдістер, бейтаныс фильмді таныстырғанда өзін өзі ақтамайй, ақпаратты қабылдауды қиындата түседі.

7) Тақырып атын қоюда мен екі критерийге жүгінемін.
Біріншіден, Тақырып аты бәріне түсінікті етуге тырыс. Ең алдымен түсінікті ет. Немесе, намекты бірден түсінетіндей қыл.
Мәселен, фильмнан ең ұнаған бір "үзіндіңді" келтіруге болады, немесе фильмнің басты месседжін фәлсафалық тұжырым ретінде беріп, немесе басты кейіпкерді ойнайтын, не киноны қойған танымал тұлғаның есіміне байланыстырып, бір-екі сипаттама сөзбен келтіруге болады. Қысқасы, жазбаң композиция деп елестетсең болса, тақырып атауы дирижер болуы керек. Дирижерын дұрыс қойып алған соң, сөйлеміңді «дирижерді» назардан шығармай жаз. Сонда абзацтарың оркестр болып тақырыппен үндесе шарықтап сала береді.

Екіншіден, қызық, креатив, әзіл, интрига әрине керек. Бірақ екіншіден. Біріншіден емес. Себебі, тақырып түсініксіз болса, оған берген астарлы әзілің де түсініксіз болады. Сондықтан, маңыздылық бойынша, ең алдымен түсініктілік, сосын барып, астарлы әзіл тұрғаны дұрыс. Кейде бір изюминка қатты ұнап тұрады, бірақ жазбаңмен үйлеспей тұрады. Ондай кезде, әйтеуір қыстыра салудың себебін зорлап қалыптастырғанша, изюминкаңды наққа жіберген дұрыс, не блокнотқа жазып ал. Оған да бір жарқ ететін күн туады. Бірақ өзіңе ұнаған өткір әзілді үйлеспейтін жерге қыстырудан артық рецензияңа да, өткір әзілге асқан қиянат жоқ.

Әлқисса, тамақсыз тұздықтан, тұздықсыз тамақ тәуір екенін есте сақта.
Ал тамағы да тұздығы болса, тіпті базар жоқ.
Фильмның техникалық тұстарына тоқталу дәстүр болып кетті кинорецензияда. Дәстүр емес, тіпті ереже деуге болады. Рецензиядан фильмның сапасы туралы айтуыңды да күтеді оқырман. Актерлер ойыны, спецэфекттер, саған қалай әсер етті.
ПС. ППС -тер фильмге не оны көру барысына қатысты болғаны дұрыс. «Айтыстан ұтсам, шешемді меккеге апарар едім» синдромын шырамытып қалдым, әйтпесе, ең күшті сыйлық, ол алдын-ала уәде етілмеген сюрприз екенін білмейсің дегенге сенбеймін. Назымға дұғай сәлем! (Айтпақшы, аузың ашылған екен, енд ұтсаң да, ұтпасаң да кинотеатр қарызсың, :v
Ал мен болдым.
Соңғы түзету:
qonyrbai
Назым бұл блогты әлі білмейді.
Gastarbaiter
Негізі ақыры қыстырған соң, оны жұртпен таныстырғаның артық болмайды.
qonyrbai
 Жұрт білетін шығар.
Gastarbaiter
Жұрттың бірі жәмән да болса, мен едім. Осылай айтқаныңа ұялып, Тьюринг Сыйлығын алған бір қазақ емес па деп гугілдетіп кеткенімді қайтерсің
qonyrbai
 «Тьюринг сыйлығы» деп мен гүгілдетіп кеттім ғой.
Ottegin
Назгүл-ханум келеді, содан соң барлық рецензентсымақтарға:



qonyrbai
Филологияға қатысым бар еді. Бәлкім, аяушылық танытатын шығар?
Ottegin
Қайдам.....
Соңғы түзету:
qonyrbai
Филолог оқытушыларымның атын айтып, қорғанатын шығармын.
qonyrbai
Осы спойлердің не екенін түсіне алмай жүрмін.
Ottegin
Спойлер деген жырпылдап тұратын «перде», оный астында ма… артында ма картина, не басқа инфо жасырын.ып тұрады сілтемеге шерткенде сырғып шығады
Ottegin
Түсінуге тырыстым-ақ…


Түсінбейді екем)))
Ал Гастарбайтер дөп айтқанға ұқсайды)))



Назгуль ханум постыңды қарамай-ақ диагноз қоя салады))))
qonyrbai
 «Прекрасно» біліп отырмын.
zholantai
рецензияны қойш, тоқтамай төгілген екенсің, ұзағынан көсіліп

P.P.S. Осы сайыстың себебін пайдалана отырып, бапасының қызы болған Әліпмұратова Назымды туған күнімен шын көңілден құттықтаймын! Өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Арман-мақсаттарыңа амандықта жете бер! Жұрттың айтқан ізгі тілектеріне мен де қосыламын. Болашағың берекелі болсын! Осы мен жазған киноның аты айтып тұрғандай, тірі кезіңде өмір сүр, параллельді қиял әлеміне тым алыс самғап кетпе, тіршілігіңді жаса! Осы сайыстың жеңімпазына бұйыратын сыйлық — Samsung HT-H5550K үй кинотеатры. Сонымен қатар HW-H550 саундбары да бар екен. Саундбардың не екенін білмейді екенмін. Осы сыйлықты жеңіп алсам, сенің туған күніңе орай саған сыйға тарту етер едім. Бапаңмен бірге кино көрерсің деген сондай бір қызық ниетпен.
осыбір сөздер үшін саундбарды өзіңе бере салу керек деп отырм,
qonyrbai
Иә, кейін рецензия жазуды үйренем ғой. Түн ортасында апыл-ғұпыл жазған түрім ғой.  Маған берілсе, ертеңіне Атырауға кетеді ғой.  Әліпмұратоваға. Негізі, осы сыйлықты жеңіп алып, Blogiada-ға атқым келген.
zholantai
ого, вот жомарт көңіл,
онда соны жазбадың ба, ұтып алып, блогиадаға ататын едім деп,
qonyrbai
Қызға сыйлаймын дегенім Blogiada-ға қарағанда шынайы сияқты ғой. «Мәссаған, қызға сыйлайын деп отыр екен. Біз тұтынушымыздың көңілін қалдырмайық» деп Samsung айтар деп ойладым. Жеңіп алған соң қыздың мекенжайын сұрап, сыйлығым бар еді жіберетін десем, «кетЧ!» деп ол қыз қабылдамай қоятын еді. Сөйтіп, Blogiada-ға ататын едім.  Менде «Барбаросса» осы.
zholantai
«бастысы — ниет» деген сөзді жұбаныш етуге де болады,
qonyrbai
Ва-банк жасап, ыстабкының бәрін тіктім.
asaubota
алғашқы жеңісің құтты болсын!
zholantai
Құтты болсын! Әдемі алдың
Сонымен ататын болдың ба?
qonyrbai
Қызық болайын деп тұр, жалпы. :) Ол адам алғанын-алмағанын айтып, хабарын жеткізсін, сосын оқиғаның шешімі белгілі болады. :d
Gastarbaiter
Өш, мені облом қылыпты ғой. Құтты болсын, Медет!
Демек, жей береді ағаң :*)) Тілеулеспін, а так.;g