Бақытымды таптым мен

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым менӨмір тосын сыйға толы. Күніне қаншама адаммен кездесіп, қаншама адаммен қоштасып жатамыз. Екінші рет көруім мүмкін емес деп ойлаған адаммен екінші, үшінші рет жолығып қалып, уақыт өте келе өмірлік серігіңе айналып кетуі де ғажап емес. Бұрын мен үшін бейтаныс адам бұл күндері мен жақсы көретін, сыйлайтын, құрметтейтін жарыма айналды.

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен
Өз басым оны тағдырлы адам деп санаймын. Сүрінген сәтте қайта тұра білгені үшін, жаситын сәтте жігерлене білгені үшін оны құрметтеймін. Үнемі күлімсіреп жүреді. Мен өзімді сабырлымын деп ойлайтынмын, бірақ оның сабырлығына қарап менің сабырлығым ештеңе еместей болып көрінеді.

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен

Мен үшін оның жанында болу – бақыт. Күнді бірге батыру – бақыт. Таңды бірге атыру – бақыт. Оған еркелеген – бақыт. Онымен ой бөліскен – бақыт. Алдағы өмірімде қуаныш болса бірге бөлісіп, сынақ болса бірге күресіп, бірге жеңу де бақыт.

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен

Мен оның айтқысы келелетінін айтқызбай-ақ ұғуға тырысамын, ол да мені үнсіз түсінеді. Танысқан күннен бері бір-бірімізбен «Сіз» деп сөйлесіп, уақыт өте келе ол мені «ханымым», ал мен оны «Есболым» деп атап кеттім. Бойымызда кейбір ұқсастықтар болғанмен, екеуміз де әр түрліміз. Менде таңнан кешке дейін қосулы тұратын ғаламторда ол бір сағат отыра алмайды. Мен үшін жер бетіндегі барлық адам жақсы болып көрінеді, ал ол үшін жақсы адамдар жоқ, тек жақсы болуға ұмтылушы адамдар бар.

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен

Блог - ademi_alem: Бақытымды таптым мен

Қалаға жол жүрерде анасының басына барып, құран бағыштадық. Ол үшін әлемдегі ең жақсы, өлді деуге қимайтын анасының тірі кезіндегі ақ тілегі орындалып, отбасымызға бақ-береке, ырыс-ынтымақ орнасын деп тілеймін!..
bk
Бөлісу:

104 пікір

Daniar-Alan
Ооо Әдемі әлем, құттықтаймын. Бақытты бол. Қимаймыз енД… қайтеміз…
ademi_alem
Үлкееен рахмет, Данияр аға! Facebook-те фотолардың біріне «Зарина тұрмысқа шығып кетпесе, келесі жылғы Блогқұрылтайға келеді» деген мазмұндағы пікіріңізді оқып отырып "Қайдағы тұрмысқа шыққан" деп бір күліп алғанмын. «Сандырағыңыз» келді ғой. )))))))
Daniar-Alan
 сандырағы нес, көріпкелдік де онесәй
ademi_alem
)))))))) тырнақша ішінде жазылғандықтан сандырақты көріпкелдік деп қабылдай салыңыз. ))))
Zilola
))) сондаймын де
asaubota
құттықтаймыз! бақытты болыңдар!
aikarakoz
Сонда тым тез арада апыл-ғұпыл шығып кеткен боп тұрсың ғой?  
Жарайсың, ханымы ! Бақытты бол!
ademi_alem
Апыл-ғұпыл деуге келмес. Негізі салт бойынша сырға салу, өлтірі беру, ұзату той болуы керек емес пе. Сырға салғанда той күні белгіленеді. Мен солай жайбарақат жүргенмін «Сырға салғаннан кейін тойды күзге не қысқа белгілейтін шығар» деп. Сөйтсем әпкелері ата-анамнан «Сырға салған күні алып кетейік» деп рұқсат сұрапты. Солай бәрі бір күнде болып кетті.
aikarakoz
Керемет! Енді келін болған қандай екен?) Айтпақшы, қай аймаққа келін болдың?
ademi_alem
Шығыс сол. ))) Әріптестерім «Сен үшін Шығыс Қазақстандағы ең ұнайтын және ең ұнамайтын аудан қайсы?» деп сұрағанда «Ең ұнайтыны — Зайсан, ең ұнамайтыны — Көкпекті ауданы» деп жауап беретінмін. «Болашақ жарың Көкпектіден болса ше?» дегенде "Құдай сақтасын!" деп күлетінмін. Бұл адам Зайсанда туып, Көкпектіде өскен болып шықты. )))
Енді келін болған қандай екен?
Келін болу мен елестеткендей болмады. Үйлену тойы ұзату тойдан бір күн өткеннен кейін болды. Ішімнен «Бір күнді қалай өткізем?» деп уайымдап жүргем. Келін болып түскеннен той болғанға дейін әпкелері «Шаршама, демал, жат, ұйықтай ғой» деп асты-үстіме түсті туған сіңлілеріндей көріп. ))))))))
bazuka
Құттықтаймын! Бақытты болыңыздар!
ademi_alem
Рахмет, Алла разы болсын!
Ispek92
Сатыбалда ағасы қайда екен? Ішіп кетпеді ма екен???
Daniar-Alan
Одмин көңілін сұрауға кетті
ademi_alem
Сатыбалда ағасы қайда екен? Ішіп кетпеді ма екен?
Жоқ, ол енді қайтадан өзіндік болып кетіпті.
Aya
Бірінші фото әдемі екен. Тура кинодағы Қыз Жібек пен Төлегендей
Daniar-Alan
Қыз жібек деп айтпаш, былтырғы Қызылжардағы қойылымнан кейін ассациация басқа оған
Aya
уәқақақа айтам))
omarbirat
Бақытты болыңдар!
omarbirat
Құттықтаймын! Құттықтауды ұмытып кетіппін
ademi_alem
Рахмет!!! Айтқаныңыз келсін!
zholantai
Тамаша, Құтты болсын, бақыт тілеймін, фотосуреттер тамаша, керекке жиі келіп тұрыңыз,
ademi_alem
Рахмет! Тілегіңіз қабыл болсын! Әрине
ademi_alem
Рахмет, тілегіңіз қабыл болсын! Әрине
Ispek92
Күйеуіңіз неге ғаламторға жоламайды дейсіз???
ademi_alem
Қызығушылығы жоқ.
Ispek92
Сіз оятарсыз, немере шөбереңізді ертіп жүзден әрі асыңыз  Немере-шөбереңіздің осы керекке жазған жазбаларын көруге жазсын  Бақытты болыңыздар
ademi_alem
Немере-шөбереңіздің осы керекке жазған жазбаларын көруге жазсын
ооо қандай ерекше тілек! ))))) Үлкеееен рахмет! Маған тілегенді өзіңізге де тілеймін!
Shah
Танымасамда бақыт тілеймін. (мына тақырыпты айналып өтіп кету бір түрлі болды)
ademi_alem
Рахмет! Танымаса да бір-біріне бақыт тілей білетін адамдар қатары көп болғай!
AKA
Шаңырақтарыңыздан бақ-береке, ырыс, қуанышты күндер кетпесін. Көпбалалы отбасы болыңыздар!  
ademi_alem
Рахмет, АКА! Айтқаныңыз келсін!
bizbike
Заринааааааа! Құтты болсын, ұзағынан болсын! Сені реалда көрмесем де, баяғыдан білетін, танитын, көрісіп-араласып жүрген адамдайсың. Бақытыңды табудан артық бақыт жоқ.
ademi_alem
Бақытыңды табудан артық бақыт жоқ.
Рас айтасыз! Тілектес болғаныңыз үшін рахмет!
MERmukhanov
Шағып жаста масалар,
Адамды таптың тасалар!
Жігіт жолдас екеуі,
Болған шығар мас олар  

Талай бөбек жасалар,
Қосағыңмен қоса ағар!
Соңғы түзету:
ademi_alem
Тұрғындары «Керектің»,
Көңілдеріңіз ерек тым.
Әрбір айтқан ақ тілек,
Қабыл болсын демекпін!
MERmukhanov
өлең күлкі секілді, иә? қарымта реакцияны тудырады  дәл солай жауап беруге итермелейді.
ademi_alem
Мүмкін )
MERmukhanov
күлкі, жыр, боғауыз — бәрі дәл сондай қарымтаны сұрайтындай көрінеді маған ...
Соңғы түзету:
Rozatai
Зарина, құттықтаймын шын жүректен! Бақытты болыңыздар! Жігіт тым орнықты, байсалды көрінеді екен, маладес!
Енді бір сұрақ: Қалай таныстыңдар? Мен негізі сені сүйген жарын өлеңді, романтиканы, интернетті жақсы көретін жігіттердің арасынан табатын шығар деп ойлайтынмын
ademi_alem
Қалай таныстыңдар?
Агентте таныстық. )))))))))) Ол сол жердегі көп адамның санын толықтырып тұратыны болмаса, сирек кіретін. Ара-тұра қал-жағдайымды сұрап қоятын. Кейін сирек те болса хабарласып тұратын болды. Арада жарты жылдан астам уақыт өткеннен кейін бір күні «Мен Сіздің үйдің маңынан өтіп бара жатырмын. Амандаса кетейін деп едім» деді. Кездесуге шықтым. Қыс. Қар қалың. Үйде ішім пысым, қармен атысып ойнағым келіп отырған. Оны көргенде бірінші рет көргендей емес, бұрыннан танитын адамдай тіл табысып кеттік. Қармен атысып ойнадық. Кейін театр, кинотеатрға барып, әйтеуір кездесуіміз жиілеп кетті. Ақыры бауыр басып кеттім. Қалайша мен үшін қымбат жанға айналып кеткенін түсінбей қалдым. ))
Мен негізі сені сүйген жарын өлеңді, романтиканы, интернетті жақсы көретін жігіттердің арасынан табатын шығар деп ойлайтынмын
Мен де солай ойлайтынмын кейде. Бірақ біз қалағанның бәрі қайырлы емес, сол үшін Алла тағаладан мен үшін қайырлы адам тілейтінмін. Тілегім орындалған сияқты.
burkitshi
Бақытыңыздан ешқашан айырылмауға жазсын!!!
bake
Алтын тойларыңның куәлері болайық (86 жаста боламын онда, бата беруге барамын)
ademi_alem
Жоғарыдағы кейбір фотосуреттерді түсірген bake , яғни Бақытжан аға. Олай болса сізге ұзақ ғұмыр тілеймін! Алтын тойымызда фотоға түсіру кезінде қалайша бұршақ аралас жауын жауып, ұшып кеткен үкімді иттер алып кеткенін айтып бересіз бұйыртса. )))
Adiletshu
Зарина, Бәкенің тойда түскен суреті болса саласыз ба. Сүйіп оқитын авторымның түрін көргім келеді
ademi_alem
Ойбуй, ол тойда болған жоқ. Түрін әлі көрген жоқсыз ба ғаламтордан? Реті келсе саламын міндетті түрде.
Сүйіп оқитын авторымның
Өз басым бақытжан ағаның жазғандарын бір емес бірнеше рет оқып әрең түсінем, мүлде түсінбей кеткендерім де бар. Бірақ Керекинфода оның жазғандарынан не айтқысы келгенін оңай түсініп қояды, соған қарағанда оның шығармаларын менің түсінуіме әлі өрем жетпейді ме деп ойлап қоям кейде.
Adiletshu
Бақытты болыңдар!
konvict
Күштііі, бақытты болыңдар!

П.С. соңғы кездері жүзі таныстардың көбі үйленіп, тұрмысқа шығып жатыр.
ademi_alem
Рахмет, Сізге де көп ұзамай үйлену болу нәсіп етілсін! )))
araika
Есбол деген батыр осы екен ғой
Бақыт тілеймін!
ademi_alem
))))) Рахмет, Арайка!
Korkem
Әдемі жұп! Бақыт тілеймін, АНА бақытын)))
ademi_alem
 Айтқаныңыз келсін!
Zilola
Барған жеріңде бағың ашылсын! Өркенің кеңге жайылсын, бақытты болыңдар!
Сендердің бақыттарың үшін
mercedes
Құс боп ұшыпсың ғой) Бақытты бол Әдемі әлем
ademi_alem
Иә, рахмет! сізге де бақыт құсыңызды қолыңызға қондыруға тілектеспіз!
seyh
ескерткіштің жанында куйеу жолдас базар жоқ түсіпті суретке  Бақытты болыңдар
Соңғы түзету:
Sultan-begim
Кыз ұзату тойы керемет болды! Ата-баба салты толық орындалды деуге де болады. Ең әсерлісі Заринаның сыңсуы. Мен құрбымды неге екені белгісіз, тұрмысқа қимаймын. Ылғи да қасымда жүргеннен бе екен? Бірақ „Есболының„ бақытты қылатынына сенемін. Бақытты болшы, Зако.
Соңғы түзету:
ademi_alem
Құлыным сол! Сенімің ақталсын! )))) Саған да жалғанның бар жақсылығын тілеймін!!!
Sultan-begim
Аумин! Сен ғана құлыным дейсің ғой мені!)))
bizbike
сыңсудың бейнесі бар ма?
ademi_alem
Бар, бірақ өзім әлі көрген жоқпын. Әендетіп айтатын дауысым жоқ, е сол себепті баяу әуенмен өлең етіп оқығанмын.
Sultan-begim
менде фотолары ғана бар екен, жамаааааааааан жылады адамдар
Sultan-begim
ескерткіштің жанында куйеу жолдас базар жоқ түсіпті суретке

жігіт жолдастың бұдан да „артық„ фотолары бар. )))майысып-сайысып түскен)))
a63a1
Әлемдерің әдемі болсын)))
ademi_alem
Солай болғай! )))
Abilakim
Қосағыңмен қоса ағар. Бала-шағаларыңның ортасында күміс сақалды шал және сары тісті кемпір болуға жазсын
ademi_alem
Амин, айтқаныңыз келсін!
MickThatsMyNick
Хәппинес энд бьюрифул уөолд!
bizbike
өлі-тірісін беру деген ол не дәстүр? түсіндіріп жібермейсің бе білетіндерің?
ademi_alem
Құдаласқаннан кейін өлтірі деп мал (алыста тұратындар малдың орнына сатып алатын ақша алып барады) алып барады. Ол өлі мен тірі арасында адалмыз, құдалығымыз ақиқат деген ұғымды білдіреді. Өзім оны өмірден өтіп кеткен туысқандарға арнап құрбан шалу деп түсіндім. мал сойылғаннан кейін қыз жақтың туыстары мен көршілері құран оқып, дәм татады. Қыз бен күйеу бала, құдалар жақ одан дәм татпайды.
Соңғы түзету:
Sultan-begim
қазақтың салты керемет қой
Sultan-begim
Басында айтқандай, тойда барлық салт-дәстүрлер орындалды. Бірінші рет қыз жолдас болып, бірінші рет мұндай „дүниелерді„ көрдім. Ұзақ уақыт шокта жүрдім, қуаныштан әрине. Дегенмен ырзааааааамын!
Adiletshu
Құр шашылу ғой
ademi_alem
Мұны шашылу деп атамс едім. Керісінше, басқа салт, ырым орындалмаса да өлтірі міндетті түрде болу керек сияқты.
Sultan-begim
шашылғаныңыз не? басқа нәрсеге шашылып жатқандар қаншама? Салтты сақтау шашылу емес!!!
satibaldi
Сен де Мухырлоның фанысың ба?
Sultan-begim
ол немене?
Sultan-begim
Ағайындар, Мухырлоның фаны деген немене?
Adiletshu
Мұхтар Мағауинді өз арамызда солай айтамыз. Дым ренжимейді амиго
VKM
Ол өлі мен тірі арасында адалмыз, құдалығымыз ақиқат деген ұғымды білдіреді. Өзім оны өмірден өтіп кеткен туысқандарға арнап құрбан шалу деп түсіндім.

Осы дұрысы. Менің апайым тұрмысқа шыққанда бір туысқандарымызға берді малды, ал олар құран-шәй берді.
ademi_alem
Иә, жақын туыстың біріне береді.
Aikona
Құттықтаймын!!! Жазбаң қатты ұнады
ademi_alem
Үлкен рахмет, Aikona ! Алла разы болсын!
Aya
«Ана болу ерекше бақыт» деген постты көруге жазсын. Тамаша.
ademi_alem
Амин, амин, Аятай!
Ispek92
«Ана болу ерекше бақыт», «Көп балалы болудың артықшылықтары»,«Батыр ана атандым»,«Күміс тойдан фотошолу»,«Алтын тойдан суреттер» т.б тақырыптарда жазыңыз деу керек еді Aya
Gulistan
Уау, керемет! Зарина, өзіңді танымасам да, қазақтың бір аруы үшін, сіңлім үшін шын қуаныштымын.

Бақытты болыңдар!!!
ademi_alem
Рахмет!!! Танымасаңыз да тілектес болғаныңыз үшін қуаныштымын!
mampasi
бақытты болыңдар, жерлестерім!!!
соңғы сурет беташар ма?
Marco
Бақытты бол! Бұл постты енді көріп отырмын). Сосын, жазып тұр)
ademi_alem
ой, үлкеееен рахмет!!!